Файл: Геометриялы пішіндер лемінде факультативтік курс бадарламасы орал, 2019.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 300

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дескриптор:Білім алушы

   - цилиндр пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді;

   - куб пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді;

   - шар пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді.

3 -тапсырма Жұптық жұмыс

Нүкте, сызық және сәулені сызғыштың көмегімен сыз.

Дәптермен жұмыс

Дескриптор: Білім алушы

  1. Нүкте, сызық және сәулені сызғыштың көмегімен сыза алады (3 балл)

4-тапсырма

1.Лентаның көмегімен нүкте, сызық, сәулені көрсет.



Дескриптор: Білім алушы

  1. Лентаның көмегімен геометриялық фигуралар нүкте, сызық, сәулені көрсете алады (3 балл)


4-тапсырма

Ширату тапсырмасы (Белсенді оқу)

(ДЖ)«Диірмен» әдісі арқылы

Әр оқушының алдына тапсырма тараты-лады. Тапсырмада геометриялық фигура-ның бір бөлігі кем. Сіздер қоршаудың ішінде тұрған фигуралардан жетпей тұр-ған бөлікті табасыздар және оны бояй-сыздар. Орындауға 3 минут уақыт беріле-ді.

Дескриптор: Білім алушы

Еш қате болмаса – шеңбер

Бір қате болса – төртбұрыш

Екі қате болса – үшбұрыш

Уақыт аяқталғандажұмысты тоқтатып, назарларын интербелсенді тақтаға ауда-рады. Тақтадан дұрыс жауап шығады, оқушылар соған қарай отырып өз-өздерін геометриялықфигуралар арқылы баға-лайды.

5-тапсырма

«Құмырсқа» тәсілі.


фигуралардыңсуреттері берілген. Оларды қандай 2 топқа бөлуге болады?

(Бұрыштары бар және бұрыштары жоқ фигуралар.)

-Бұрыштары бар фигураларды қандай 3 топқа бөлуге болады?

(Үшбұрыштар,төртбұрыштар,бесбұрыштар.)

- Әр фигураның ортақ қасиеті бар? 

(Бұрыштары мен қабырғаларының саны бірдей.)

-Бұл фигуралардың қанша бұрыштары бар?

(Бесбұрыштың5,төртбұрыштың4,үшбұрыштың 3 бұрышы бар.)
6-тапсырма

Тақтаның бір жағына әр түрлі фигуралар (олардың ішінде фигуралармен қиылысқан сызықтар да бар) бейнеленген. Екінші жағында басқа фигуралармен қиылыспаған жеке фигуралар бейнеленген. Балалардан фигуралардың атауы сұралады.




а) Балалар, мына фигура қалай аталады (ирек сызық, ал бұл қисық сызық екеуі не істейді)

- Бірікті, қосылады.

- Балалар, бұны фигуралардың «қиылысуы» деп атайды.





ә) Балалар мына фигуралар қалай аталады.

- Бұлар қиылысама?

- Бұны «қиылыспайтын» фигуралар деп атайды.

Қорытынды

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі болып саналады.Бұл кезеңде балаға психологтардың зерттеуі бойынша «адамның зейіні 6 минуттан кейін сенйіле бастап,15 минуттан кейін екі есе кемиді»дейді.Бұдан шығатын қорытынды қажеті жоқ қайталау сабақтарында оқушылардың білімін ұзақ уақыт тексерудің қажеті жоқ!Сол себепті қандай да болмасын тақырып пен мазмұн тек сабақ аумағында қарастырылмай жалпы мәселелер (рухани,адамгершілік,әлеуметтік,кәсіби) аумағында талқылауды дұрыс көреміз.Себебі кең контекст оқушылардың ой-өрісін дамытумен қатар,олардың дүниетанымы мен көзқарасын кеңейтеді.Бұған қоса оқу материалы өмірмен байланыстырылады,ол тек игерілуді қажет ететін ақпарат деңгейінде қалмай,жалпы дүниетанымдық сипат алады.

Ал,біз тек сабақ тақырыбы негізінде қарасақ,тақырып пен мазмұн тек сабақ тақырыбы аумағында ғана қаралатын болады.Сабағымызды кең контекст ішінде қарайтын болсақ,нәтижесінде логикалық тапсырмаларды белсенді орындайтын,жауап кілтін табуға ширақ келетін,білуге деген ұмтылысы айқын,бағдарлманы жетік меңгерген шәкірт тәрбиелейтін боламыз.Осы мақсаттың орындалып келе жатырғанын төмендегі жетістіктерден айқын көруге болады. Қала көлемінде ұйымдастырылған «Intel-logik» интелектуалды марафонда Нұрболатов Саят II-орын, БҚО басқармасының «Дарын» қосымша білім беру орталығының «Пони» байқауы Уалиулла Рамиль I орын, Халықаралық Ұлттық интернет олимпадасынан жақсылықов Эльнур II-орын,Республикалық «Юный эрудит» олимпадасы Биғали Санжар II-орын,Республикалық дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты математика пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиада Тасболат Қайрат I-орын дипломымен марапатталды.Бұл көрсеткіш математика пәні бойынша жинақталған.

«Адам-қоғам мүшесі,ол қоғамнан тыс қала алмайды»

қағидасын ұстана отырып,оқушыларымызға үнемі мотивация беріп отырамыз. Оқушыларымызға мотивация бере отырып оларды шығармашылыққа, көшбасшылыққа, махаббатқа, марапатқа, мадақ алуға, абырой-даңқ пен жетістікке ұмтылуға тырысады және нәтижеге жетеді. Рухани даму мен кемелдену, оның жаңа жолдарын іздеу, ізгілікке ұмтылу, басқаларға жақсылық жасау, өзін-өзі және әлемді жақсартудың күнделікті қажеттілігі. Адам үнемі кемелдену жолдарын іздейді.

Мұғалімнің шығармашлық ізденісінің ең бастысы-оқушының ойлау қабілетін дамыту,алған білім-білік дағдыларын өмірде қолдана алу және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.Сонда ғана мұғалім еңбегінің нәтижесіне жете алады.Шәкірттерім бүгінгі таңда жақсы жетістіктерге жетуде.

Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз,еліміздегі білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп,алға қадам басып келеді.Біліктілік пен шеберлікті ұштастырып,жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру бізідің міндетіміз болып табылады.оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек.Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Мен өз тәжірибемде матемтаика сабақтарында геометриялық фигураларға қатысты бірнеше тапсырма түрлерін ұсынамын. Жұмысты жұп немесе топ құрамында орындау үйренушілердің барлығын дерлік белсендіреді!



Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатындағы іс-әрекеттер әліде жалғасын табатын болады.
Қолданылған әдебиеттер:


    1. Есептер мен жаттығулыр жинағы.Ақпаева Ә.Б,Лебедева Л.А,Буровова В.В 2015 жыл.

    2. Жафяров А.Ж. «Геометриядан элективті курс» // Сибирское университетское издательство, 2005.

    3. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2013 жылғы 3-сәуірдегі №115 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулармен)

    4. Математика және информатика журналы 2003,№ 5

    5. Сухин И.Г. «Веселая математика» 1500 головаломок для математических олимпиад,уроков,досуга 1-7 класс-М:ТЦ Сфера 2003-192 с

    6. «Математикалық дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар» Ш.Х.Құрманалина,С.Ш.сәрсенбаева,Р.Қ.Өміртаева «Атамұра» 1997 ж

    7. Миракова Т.Н. Развивающие задачи на уроках математики-Львов.Журнал «квантор» 1991-95 с

    8. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Педагогикалық шеберлік кітапханасы «Назарбае Зияткерлік мектептері» ДББҰ Әлімов А.Қ.

    9. Ұлттық дүниетаным. А.Құралұлы 2002 ж