Файл: Геометриялы пішіндер лемінде факультативтік курс бадарламасы орал, 2019.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 299
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ә) Үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты – үш топқа бөлінеді.
1. Үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш,
2. Бір бұрышы доғал болатын доғал бұрышты үшбұрыш,
3. Бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы- үшбұрыштың периметрі деп аталады.
Егер екі кесіндінің ұзындықтары тең болса тең кесінділер, екі бұрыштың градустық шамалары тең болса тең бұрыштар деп аталатынын білеміз ал егер екі үшбұрыштың сәйкес қабырғалары мен сәйкес бұрыштары тең болса онда мұндай үшбұрыштар тең үшбұрыштар деп аталады.
№21-22сабақтың тақырыбы: Аудан өлшем бірліктері
Мақсаты:Оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыра отырып,ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы қатынас туралы түсінікқалыптастыру, есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларынжетілдіру, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу білу және өзін - өзібағалай білуге тәрбиелеу.
I кезең «Иә-Жоқ»
● Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне көбейту керек.
● Қабырғасы 3 см болатын шаршының ауданы 12 см-ге тең.
● Қабырғалары 5 см және 6 см болатын тіктөртбұрыштың ауданы 30 см2
● Шаршының периметрін табу үшін қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту керек.
● Егер шаршының ауданы 25 см2 болса,онда оның қабырғаларының ұзындығы
5 см.
II.кезең
- Аудан өлшем бірліктерін атаңдар(см2,дм2,м2).Ауданды өлшеудің осы бірлікте-рін барлық уақытта пайдалану тиімді ме?(Жоқ,мұндай бірліктермен үлкен жа-зықтықты,мысалы,егіс даласының ауданын,қаланың ауданын,теңіздің ауданын, елдің ауданын өлшеу қолайсыз).Мұндай жағдайда не істеу керек?(Неғұрлым ірі өлшем бірліктерін пайдалану керек).Аудан бірліктерінің кестесін қараңдар. Сен-дерге белгілі немесе белгісіз бірліктерді атаңдар.Аудан бірліктерінің қатынасын естеріңе сақтаңдар.
Фигураның ауданын квадрат миллиметр,квадрат сантиметр,квадрат дециметр, квадрат метр,квадрат километрмен өлшейді.Ауыл шаруашылығында ауданды өлшеудің тағы да екі бірлігі-гектар және ар пайдаланылады.Квадрат сантиметр (кв.дециметр,кв.метр және т.б)-бұл қабырғалары 1см-ге (1дм-ге,1м-ге) тең
шаршы.
- Сендер ауданның қандай бірліктерін білдіңдер?Ар деген не?Қысқаша қалай жазуға болады?1ар нешеге тең?Гектар деген не?1га нешеге тең?1га-да неше ар бар?
III.кезең
№1
Салыстыр.
5 м2>50 см
2 10 000 м2<5 га 5га = 50 000 м2
5 дм2<505 см2 10 м2>50 050 см2
№2
3 га=30 000 м2 12 дм2=1200 см2
12м2=120 000 м2 45 га=4500 а=450 000 м2
8 000 000 мм2=80 000 см2 4 дм2=400 см2=40 000 м2
№5
А) Бақтың ұзындығы-25 м
Бақтың ені-20 м
Жартысына алма ағашы егілген-?
Алмұрт 4-тен 1-і
Жидек-?
Шешуі:25х20=500 м2 барлық жер телімінің ауданы
500:2=250 м2 алма ағаштары алып жатқан аудан
500:4=125 м2 алмұрт ағаштары алып жатқан аудан
250+125=375 м2 алма және алмұрт ағаштары алып жатқан аудан.
500-375=125 м2- жидек ағашы алып жатқан аудан.
ә) Жұптық жұмыс
1)128х3=384 ( алма ағашы)
2)384-128=256 (артық)
№23-24 сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі
Мақсаты: Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табуға есептер шығару
Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі деп, оның ішіне сыятын қабырғасы 1см текшелердің санын айтамыз.
Көлем латын алфавитінің бас әрпімен (V)
Куб сантиметр – бұл қабырғасы 1см-ге тең текшенің көлемі.
Былай белгіле: 1 см3.
Y- көлем
Y-a*b*c
a,b,c -өлшем бірліктері
№25- сабақтың тақырыбы: Куб
Мақсаты: Оқушыларды кубпен оның қыры және жағымен таныстыру.
Кубтың көлемін өлшегеннен кейін оқушылар келесі сабаққа кубты салумен танысады. Бұл былайша жүзеге асады: Бұл – куб. Оның 8 төбесі бар. Оның екі төбесін қосатын кесінді қабырғасы деп аталады. Кубта неше қабырға бар? Санаймыз. Барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей. Кубтың 6 жағы бар (алдыңғы, артқы, төменгі, жоғарғы, оң және сол жағы). Кубтың жақтары қандай фигура болып табылады.
Куб – саған өте таныс фигуралардың бірі. Кубикпен сен өмір бойы ойнайсың. Бірақ сонымен бірге куб өте маңызды геометриялық денелердің бірі, ұзындығын кесінділермен, ауданның квадраттарымен, ал көлемі мына сыйымдылығын кубпен өлшейді. Куб дегеніміз не?
Куб – бұл үш өлшемі: ені, ұзындығы, биіктігі өзара тең болатын төртбұрышты параллелепипед. Бұл кубтың алты жағы бар және олар жайғана тіктөртбұрыштар емес, шаршылар екені көрсетіледі. Оның он екі қабырғасы бар және олар өзара тең. Сонымен бірге кубтың сегіз қыры болады.
№26- сабақтың тақырыбы: Палеткамен жұмыс
Мақсаты: Шеңбер, дөңгелек сызу тәсілдерімен оқушыларды таныстыру
Палетка – тең шаршыларға бөлінген мөлдір пластина (немесе қағаз). Палеткамен өлшенген аудан квадрат бірліктермен (кв. бірл.) есептеледі.
№1 есеп
Берілген суреттен боялған пішіндері сана.
Шеңбер бойымен берілген жарты
шаршылар санын анықта.
№2 есеп
Суретте не берілген. Ондағы толық
шаршыларды сана.
Екіншілерінің санын екіге бөл де, алдыңғыларға қос.
S = 6+16: 2 = 14см²
Тапсырма: Фигураның ауданын тап.
№27-сабақтың тақырыбы: Сөзжұмбақ шешу
Мақсаты: есептер шығару, ойлау қабілетін дамыту
Квадраттардағы әріптерден сөз шығару
№28-сабақтың тақырыбы: Жұмбақ фигуралар
Мақсаты: есептер шығару, ойлау қабілетін дамыту.Геометриялық фигуралардың атуын табуға үйрету.
-
Тік төртбұрыш берілген. Бос орынды толтыр:
А)
а қабырғасы | b қабырғасы | Периметр, Р | Аудан, S |
3 | 2 | | |
5 | | 24 | |
| 9 | | 72 |
3
2
1
Ә)
4
5
6
7
Теріп жаз:
-
Төртұрыштар: -
Тік төртбұрыштар -
Шаршылар:
№29-сабақтың тақырыбы: Логикалық тапсырмалар
Мақсаты: логикалық есептер шығару, ойлау қабілетін дамыту
Логикалық есеп дегеніміз -арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше талдау жасаулы кажетсінетін есептерді айтады. Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіріп, математикалық инициативасын арттыратындай, түсіндірілуі жеңіл, тұжырымдалуы қыска болғаны жен. Логикалық есептер сан алуан болғанымен, төмендегідей ортак қасиеттері бар:
1. Логикалық есептердің шешу жолы белгісіз. Олардың шешіміне жету
«Ойдың броундық қозғалысы » тәрізді, яғни байқап көру, қателесу әдісімен
іске асады. Байқап көру арқылы іздену жеке жағдайларда негізгі шешімге
бастайтын тізгінді қолға ұстатады.
2. Логикалық есептер оқушының пәнге қызығуына, белсенділігіне негіз
болады.Есептің сюжетінің шешілу жолының әдеттен тыс болуы бала
көңіліне әсер етіп , қайткенде де оны шығаруға итермелейді.
3. Логикалық есептер ойлау заңдылықтарын білуге негізделіп жасалады.
Міне, осындай есеп түрлерін жүйелі түрде қолдану аталған ойлау операцияларын дамытуға, балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруга жагдай жасайды. Логикалық есептерді шығару көбінесе байқап көріп іздену процесімен жүреді. Ойша болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады.
Тапкырлық -шығармашылықтың ерекше көрінісі, ол талдау, салыстыру, жалпылау, байланыстарды анықтау, ұқсастыру, тұжырымдау ой корыту нәтижесінде байқалады. Ал аңғарымпаздыктың белгісі нақты жағдайды ой елегінен өткізіп, өзара байланыстарды анықтай білу, соның негізінде есеп шығарушыбір тұжырымға келіп, ойын топтайды.
1.Бір ананың үш қызы болады. Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойланып көр.
Жауабы Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.
2.Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
Жауабы 12 құс(тордан ұша алмайды.)
2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?
Жауабы 2 сағат.
Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
Жауабы
34+х=2(11+х)
34+x=22+2x
-2x+x=22-34
-1x=-12
x=12/1
x=12
№ 30- сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Мақсаты: Есептер шығару, ойлау қабілетін дамыту
№ 1.
Үш шеңбердің өлшемі бірдей.
Шеңбердің диаметрі-? см 6 см
Шеңбердің радиусы-? см
18 см
№ 2
Түрлі түсті қағаздан (екі немесе төрт түсті) диаметрі 6 см болатын 4 дөңгелек жаса.Олардың диаметрін сыз.Осы сызық бойымен дөңгелекті 2 бөлікке бөл.Өрнек құрастыр.Аппликация жаса.
№ 3
АС=5 см,СВ=3 см болатын осындай шеңберлер сыз.
В
А
С
СС
№ 4
Сиқырлы шаршыны толтыр.
26 | | 32 |
| | |
18 | 33 | 24 |
№ 5
15 дөңгелек суреттегідей орналастырылды. Әр дөңгелектің диаметрі-12 см.