Файл: Геометриялы пішіндер лемінде факультативтік курс бадарламасы орал, 2019.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 297
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осы үшбұрыштың периметрі нешеге тең?
№ 31-сабақтың тақырыбы: Фигуралар көмегімен аппликация жасау.
Мақсаты: Көркем еңбек сабағымен байланыстыра отырып,геометриялық фигуралар арқылы аппликация жасату.
Аппликация – бұл көркем шығарма. Бұл сәндік қолданбалы өнерге жатады. Адам өмірінде апплиацияның алатын орны ерекше, өйткені, әр адам әрқашан үй тұрмысында, киім киюде, түстерге, оның сәйкестігіне ерекше мән берген. Аппликация адамның эстетикалық сезімін оятып, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ерте кезден адамдар қоршаған ғажайып табиғат әлемінен нәр алған.Әр халық өз өнерінде, тұған жеріне байланысты өрнектер жасаған. Мысалы; Солтүстік халқы оз өрнектерінде морж, елік шыршаларды бейнелеген.Қазақ халқы кең даладағы мүйізді қойларды бейнелеп, олаға түрліше атаған, мысалы қошкар мүйіз, арқар мүйіз,азердбайджан халқы геометриялық фигуралар мен өсімдіктер әлемін бейнелеген, әр халықтың ұрпақтары сол өнерді жетілдіріп, күні осы уақытқа дейін жеткізген. Сәнді қолданбалы өнерді қазіргі заманда кілемнен, киімнен, матадан, керамикалық ыдыстан, кітаптарды безендіруде, ақшадан, архитектурадан көруге болады. Мектеп оқушысы, жалпы кез келген бала қоршаған дүниені ерте қабылдайды және оны шындықтан айыра алады. Сондықтан бала бойына көркемдік танымын дұрыс қалыптастыру керек.Аппликацияны жасауда көптеген тәрбиелік және білімділік міндеттерді орындауға болады. Өйткені оқушылар көркемдік-еңбек әрекетін меңгереді.Қарындашпен, сызғыш,бұрыш, циркульмен графикалық дағдыны меңгереді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды талдауға үйренеді, қайшымендұрыс жұмыс жасауға, қылқаламмен желімді дұрыс жасауға, бөлшектерді ұқыпты орналастыруға үйренеді. Балаларда ойлау,ырықсыз зейін, көру арқылы есте сақтау, көргіштік, көлем, кеңістікті қабылдау, әдемілікті көруге және ұқыптылыққа, шыдамдылығы қалыптасады, бастаған істі аяқтацға үйренеді.Қағазбен аппликация жасап үйреген бала келешекте басқа материалмен жасай алады. Мысалы; мата, тері, табиғи материал. Аппликация тақырыбы бастауыш сыныптағы еңбекке оқыту бағдарламасында қарастырылады. Кейін бұл жұмыстар үйірмеде жалғасын табады. Үйірмеде міндетті түрде балалардың қызығушылына және педагогикалық талаптарды орындау керек, мысалы; дара ерекшеліктеріне, жасына, мүмкіндігіне. Бала үшін жақсы көңіл күй бұл- әр түрлі түстен жасалған жұмыстар.
-Аппликация бұл латын тілінен алынған сөз. Қолдану, жапсырмалау деген мағынаны білдіреді. Әр халық қай уақытта болмасын әсемдікке, әдемілікке талпынған. Бұған мынадай материалдар жатады: түрлі түсті қағаз, мата, табиғи материал, кептірілген өсімдіктер т.б.Ал біз бүгінгі сабағымызда түрлі-түсті қағаз бен матадан геометриялық фигуралар жасайтын боламыз.
505>5>
Жұмыс технологиясы:
1) Ең алдымен қажетті құралдар мен материалдарды дайындау.
2) Кез-келген суретті, ою-өрнекті таңдау.
3) Аппликация жобасын салу
4) Қағазды немесе керекті түсті алу.
5) Бейненің бөліктерін салу, қайшымен қию
6) Фон таңдау («фон» француз сөзі «оған орналастырып көреміз») деген мағынаны білдіреді.
7) Енді бөліктерді желімдейміз.
Қауіпсіздік ережесін сақтау:
1.Желіммен жұмыс барысында қолдарынды салфеткаға, немесе орамалға сүртіп отырындар
2.Қайшымен жұмыста қайшыны ашық партаның үстіне тастауға болмайды
3.Өткір емес қайшымен жұмыс жасауға болмайды
4Қайшыны ұсынғанда, асықпай беру керек.
Матадан құрақ көрпе жасау:
№ 32-сабақтың тақырыбы: Қызықты әзіл- есептер
Мақсаты: Шығармашылыққа баулитын есептер шығару, ойлау қабілетін дамыту. Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын арттыратын есептерді қарастыру дұрыс. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар логикалық есептер, ойын есептер, ертегі есептер жатады. Берілген есепті шығарғанда кеткен қатені табу, есепті бірнеше жолмен шығару, өздігінен есеп құрастырту кіреді. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байкампаздыкка, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Логикалық есептерді шығару арқылы оқушы дұрыс ойлауға, сын көзбен қарауға, бақылағыштыққа машықтанады.
-
Қарандаштың ұшын дәптерден алмай,фигураны салу.
№ 1. 2. 3.
№ 2 «Фигураны топтастыру»
Мақсаты: Фигураларды ажырата білуге,оларды бірдей белгілері бойынша топтай алуға үйрету,талдау,салыстыру,топтастыру және ой операцияларын дамыту.
Өткізу әдісі: Мына фигураларды қарап шық.Оларды қандай топтарға біріктіруге болады?
Жауабы: Шаршылар, тіктөртбұрыштар (барлық төртбұрыштарды алуға болады), үшбұрыштар,дөңгелектер деп топтастыруға болады.Немесе үлкен фигуралар,кіші фигуралар деп біріктіруге болады.
№ 3
1.Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады? (Шешуі: 8 аралық)
2. Екінші сыныптың өқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші жұп болды, ал артынан санағанда төртінші жұп болды.Сыныпта қанша оқушы бар? (Шешуі: 20 оқушы)
№ 4
1.Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады.Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға, 5 қадам оңға, қайтадан 4қадам солға, 11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды? (Шешуі: кәрі еменнің түбіне)
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?
3. 10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да ойланды. Егер менің шашым айына 1 см өсетін болса, 20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді? (Шешуі: 120 см)
№33-сабақтың тақырыбы: Геометрия әлеміне саяхат
Мақсаты: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін, анықтамаларын білу. Оқушылар шығармашылығын дамыту, ой өрісін арттыру.
ІІ. Тапқырлық сайысы І топқа
1) 1800-қа тең бұрыш қалай аталады. (жазыңқы)
2) Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? (биссектриса)
3)Тәуліктің ¼ бөлігі? (6 сағат)
4) Кесіндінің бойынан 1 нүкте ал, сонда қанша кесінді болады? (3)
Тапсырма:
1) Бір нүктеден таралған, 2 сәуледен құралған фигура (бұрыш)
2) Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсаң, неше бұрыш қалады?(бес)
3) Екі нүктеден шектелген түзудің бөлігі? (кесінді)
4) Барлық қабырғалары тең тең тіктөртбұрыш (шаршы)
5) «Бастамалар»деп аталатын еңбегі бар ғалым ?(Евклид)
№ 34- сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ. 1 жауапты сұрақтар
1.Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген?
Жауабы: ___________.
Дұрыс жауапты таңдаңыз. Тест тапсырмалары
1.Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігі.
А. Сәуле В. Кесінді.
2.Жазыңқы бұрыштың шамасы.
А. 90 0 В. 180 0 С. 100
3.Тік төртбұрышты параллелепипедтің өлшемдері 10м, 5м және 2 м. Оның көлемін тап.
А) 17 В) 52 С) 100 D) 1000
4. Тік төртбұрыштың ауданы 24 см2 бір қабырғасының ұзындығы 4 см. Екінші қабырғасының ұзындығын тап.
А) 4 см В) 6 см С) 7 см D) 20 см
5.Ауданы 81 см 2 шаршының қабырғасын тап.
А) 90 см В) 80 см С) 8 см D) 9 см
«Серпілген сұрақтар»
6. Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?
7. Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр. ?
8. 2 бала 3 сағат шахмат ойнадлы. Әр бала неше сағат ойнады?
9. 2 қатар полкада 3-тен кітап болды.Тағы кітап сатып алдынды да, әр полкаға бұрынғыдай кітап қойылды. 2 қатар полкіде неше кітап болды?
10 . Бауырсақ қонақ үйге келеді. 1 күнге 1 теңгеден төлеу керек. Бауырсақта 1 теңгелік және 3 теңгелік бар еді. 3 күн тұрса қалай есеп айырысар еді ?
11. Әкесі мен баласына 40 жас. 3 жылдан соң олардың жасы қанша болады?
12. Дана 13 пен 18 жұлдыз аралығында туды. Туған күнін табу үшін неше сұрақ бересіз.
Ойлан тап
- Мына әріптерден математикаға байланысты сөздерді тап.
к ғ а і з в ц а ы ұ к ғ ң
з ф с ы р п у з н ө ө ү һ
у і ғ с ы р е а д қ б қ І
а й ы р м а ң й ы о е о ы
я п б ы в а н ғ ғ с й с Л
а ғ ө а й ы р ы м ы т ы ғ
б ө л і н г і ш г н к л Ы
ә й і й т қ ы ш ә д і ғ ш
н а н а з а й т қ ы ш ы В
Д ө д ө а й ы р ғ қ ғ ш ц
і а і й ю р ь м ы х ы щ қ
Шешуі: ( азайғыш, көбейткіш, қосылғыш, қосынды, бөлінгіш, бөлінді, азайғыш, айырма)
Логика және тапқырлық тапсырмалар
Зейінді байқау.
1. Сағат 12-де Алматыдан Талғарға қарай 80 км-сағ жылдамдықпен жеңіл машина жолға шықты.олар тоқтамастан жүріп отырды.Кездескенде екі машинаның қайсысы Алматыдан қашығырақ болған?
2.Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен.Әрбір аттың жылдамдығы қандай?
3.Арман көшеден көп ақша тауып алды да,күніне 20 теңгеден жаратты.бір айдан соң,одан 60 теңге қалды.дәл бір ай алдында оның шешесі 860 теңге жоғалтқан еді.Арманның тауып алған ақшасы анасінікі ма,жоқ па?
4. Жоғары қатарда неше торкөз бар?
Төменгі қатарда неше торкөз бар?
Қай қатарда торкөз аз?
Жоғары қатардағы торкөздің төменгі қатардағы торкөзден нешеуі артық?
Төменгі қатардағы торкөздің жоғарыдағы торкөзден нешеуі кем?
| | | | | | ||
| | | | | |
-
Бір мектепте үш дос:дәрігер,мұғалім,ақын.Олардың фамилиялары: Саматов,Қадыров,Жалғасов.Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ,ол достарының ішіндегі ең кішісі.Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген.Дәрігердің,мұғалімнің,ақынның фамилиялары қандай?
Сабаққа қолдануға тиімді интербелсенді тәсілдер
Интербелсенді әдістеменің негізгі мәселелері
Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасында әлемдік тәжірибенің бала кезден бастап,ересек жасқа дейін адамның біліміне жасалған инвестийиялардың экономика және қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізеді деп айтылған. «Білім жүйесі» экономикалық артықшылықтарымен қатар әлеуметтік пайда да береді-делінген Мемлекеттік бағдарламада.Егер де біз Қазақстанды 2020 жылы білімді ел,ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші бар мемлекет деп көргіміз келсе,онда білім жүйесін дамытуымыз қажет.Мұндай мақсатта біз бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты әдістемесі мен технологиясы ретінде интербелсенді әдістемені таңдауы қажет. «Неліктен интербелсенді әдіс мектептің негізгі ұстанымына айналу керек?» Әрине,әлем дамуы үшін,үйрене білу,үйренуге ұмтылу үшін.Бүгінде біз ақпараттық қоғамда өмір сүреміз. «Өмір бой үйрену» идеясының қазіргі білім жүйесінің негізгі тұжырымдамаларының біріне айналып отыр.
ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына « Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»,-деп бекер айтпаған болар.Сол мақсатта осы бағдарламаға мұғалімдерге қажетті сабақтарда қолдануға болатын интербелсенді әдіс-тәсілдер ұсынып отырмыз.
«Проблеманы айқындау» кезеңінде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып,байланыстырады.Мұғалімнің бұл кезеңдегі басты мақсаты-оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру.Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып,өз мақсаттарын айқындайды.
Сабақта оқушылар «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
«Атаулар (терминдар) кестесі.» Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынадай кестеге түрлендіруді ұсынамыз:
№ 1 атау | № 2 атау | № 3 атау |
Атау туралы білімдері,мағлұматтары, түсініктері | Атау туралы білімдері,мағлұматтары, түсініктері | Атау туралы білімдері,мағлұматтары, түсініктері |
Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып,талқылап толтырады. (3-6 минут).Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады. Немесе тақтада келтірілген кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып,келтірілген мәліметтердің дұрыс/бұрыстығы анықталады.
«Т-кестесі»- бір-біріне қарама-қарсы («иә/жоқ», «келісемін/келіспеймін», «қарсымын», «жақтаймын», «ішкі/сыртқы» «себебі/салдары») секілді немесе салыстыруға болатын (мәселен,екі обьект) ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.
Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды,содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4-6 адам)кестелерін салыстырып,пікірлеседі,жазғандарын толықтырады.Осыдан кейін тақтада мұғалім бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына болады. Әр жұп/топ бұл кестеге екі-үш пікірін ұсынады.
Тапсырма:
Жазық фигуралар | Кеңістік фигуралар |
Дөңгелек,үшбұрыш,шаршы,жақ,тіктөртбұрыш Жазық фигураның моделін жұмсақ немесе қатты қағаздан жасауға болады.Көлемді фигураның көмегімен жазық фигураны жасауға болады, т.б | Айналамыздағы кеңістік фигураларды көре аламыз Цилиндр,пирамида,текше, Конус,шар Кеңістік фигуралар ғимараттарда болады.т.б |
«Болжау» кестесі.
Тақырып атауы келтірілгеннен кейін оқушыларға «Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады (қандай тақырып маңайында өрбиді,қандай негізгі мәселелер көтеріледі т.с.с.)?» деген сұрақ қойылады.
Мысалы:
Сұрақтар Бөлімдері | Қандай мәселелер көтеріледі? (Не болады?) | Шындығында қандай мәселелер көтеріледі? (Не болады?) | ||
1 бөлім | 2 сөйлемнен кем емес болжау | 2 сөйлемнен кем емес мәлімет | ||
2 бөлім | 3 сөйлемнен кем есем болжау | 3 сөйлемнен кем емес мәлімет |
«Қос шеңбер»-оқушылар екі шеңбер құрап отыруы керек:ішкі және сыртқы.Мұндағы ішкі шеңбер тұрақты болады да,сыртқы шеңбер құрамы мұғалімнің айтуымен ауымып отырады (мәселен,әрбір 1-2 минут өткен соң сағат тілі бойынша бір орынға).Шеңберлердегі оқушылар саны бірдей болған орынды.Осылайша оқушылар талқыланатын мәселе бойынша бірнеше жолдасымен әңгіме құрап,пікірлесіп,тіпті басқаларды өзінің көзқарасына иландыру мүмкіндігіне ие болады.
Қалыптастырушы бағалауға арналған қызықты тапсырмалар.
Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т.б. туралы ғылым. Геометрия ғылымы, бізді қоршаған табиғи заттың сапасын емес, оның түрін зерттеп, өлшемдерінің өзара байланыстарын қарастырады. Геометриялық денелердің сыртқы кескіндерін анықтап, олардың пішіндерінің өлшемдерін табу қажеттілігі тұрмыста жиі кездеседі.Осы жұмысымызда үшбұрыштардың әр алуан түрлерін, олардың қасиеттерін жаңа технологиялар көмегімен оқушыларға қалай және терең түсіндіруге болатындығын айтып өткім келеді. Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып педагогтің оқушылармен өзара қарым-катынас жасауының жеке тұлғаға бағытталған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды калыптастырып және оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмекгесу қажет.Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тындаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықгырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс»,- деп Дистервег айткан болатын.
1-тапсырма
Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз
және фигураларды атаңыз.
Дескриптор:Білім алушы
- жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды;
- кеңістіктік денелерді анықтайды және көк түспен бояйды.
2-тапсырма
Кеңістік фигураларының атауын оқыңыз. Оларды суреттегі ұқсас заттармен
сәйкестендіріп сызыңыз.