Файл: Геометриялы пішіндер лемінде факультативтік курс бадарламасы орал, 2019.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 298
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
II.Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы (12 сағат)
2-3 | Геометриялық фигуралар | 2 | Геометриялық фигуралар туралы түсінік.Геометрия пәнінің практикадағы маңызы.Өмірде қолданылатындығы туралы түсінік беру. |
4-5 | Нүкте. Түзу. Жазықтық. | 2 | Кеңістікте нүкте, түзу, жазықтықтың негізгі фигуралар екендігі және олардың орналасуы , кеңістіктегі фигуралардың қасиеттері, түрлері т.б. жайлы білімдерін бекітеді.Қосымша ақпараттармен танысады. |
6 | Кесінді. Кесіндінің ұзындығы | 1 | Кесінді жайлы бастауыш сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып, қызықты тапсырмалар орындайды. |
7 | Сәуле. Бұрыш | 1 | Сәуле. Бұрыш туралы түсініктері кеңейеді. |
8-9 | Бұрыштың түрлері: жазыңқы, тік, сүйір, доғал. | 2 | Бұрыштардың өмірде қолданылуы |
10 | Бұрыштарды өлшеу Транспортир. Үшбұрышты сызғыш. | 1 | Бұрыштарды еркін өлшейді. Сызғыш түрлерін сауатты қолдана алады. |
11 | Бұрыштарды салыстыру. | 1 | Бұрыштарды салыстыру ісін жетік меңгереді. |
12 | Сынық сызық | 1 | Жасалу жолдарымен танысады |
13 | Көпбұрыш | 1 | Көпбұрыштың түрлерімен таныстыру |
III. Фигуралар салу. (3 сағ) | |||
14-15 | Фигураларды салу есептері | 2 | Геометриялық салулар тарихынан. Салу есептерін шешудің негізгі әдістері. Циркульмен орындалатын салу есептеріне жаттықтыру. |
16 | Шеңбер және дөңгелек | 1 | Шеңбер және дөңгелек, олардың бөліктері туралы түсінік беру |
IY-тарау: Жазық және кеңістік фигуралар.Аудан өлшем бірліктері. Куб. (10 сағ) | |||
| |||
17 | Тік төртбұрыш. Тік төртбұрыштың ауданы | 1 | Тік төртбұрыштың ауданын табады.Бірнеше мысалдар келтіру барысында өмірмен байланыстыра біліп үйренеді. |
18 | Шаршы. Шаршының ауданы. | 1 | Шаршы. Шаршының ауданын табады. |
19-20 | Үшбұрыш.Үшбұрыштың элементтері | 2 | Үшбұрыштың элементтерімен танысады. |
21-22 | Аудан өлшем бірліктері | 2 | Аудан ұғымы, тең шамалас фигуралар, тең құрамды фигуралар |
23-24 | Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі | 2 | Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі жайлы түсінік беру |
25 | Куб | 1 | Куб туралы түсінік беру |
26 | Палеткамен жұмыс | 1 | Палеткамен жұмыс істеуді үйрету |
| |||
Y-тарау: Геометриялық пішіндер әлемінде (8 сағ) | |||
27 | Сөз жұмбақ шешу | 1 | Сөз жұмбақ шешуді үйрету |
28 | Жұмбақ фигуралар | 1 | Жұмбақ фигуралар туралы түсінік |
29 | Логикалық тапсырмалар | 1 | Логикалық тапсырмалар шешу |
30 | Есептер шығару | 1 | Есептер шығару |
31 | Фигуралар көмегімен аппликация жасау | 1 | Фигуралар көмегімен аппликация жасауды үйрету. |
32 | Қызықты әзіл- есептер | 1 | Шығармашылық есептер шешу |
33 | Геометрия еліне саяхат | 1 | Тақырыпқа негізделген тапсырмалар орындайды. |
34 | Қорытынды сабақ | 1 | Курс бойынша алған білімдерін бекіту, пысықтау, қайталау. |
| Барлығы | 34 | |
№1-сабақтың тақырыбы: Геометрия тарихы.
Мақсаты: Геометрия тарихы және ежелдегі өлшеу тәсілдері туралы түсінік беру.
Екі мың жылдан астам уақыт бұрын Ежелгі Грецияда геометрия ғылымының негізгі түсініктері мен негіздемелері тұңғыш рет қалыптаса бастады. Санау туралы түсініктер сияқты, алғашқы геометриялық түсініктердің де мыңдаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасты. Олар адамның практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болып және өте баяу дамыды.Сонау өте ерте дәуірде, адамдар өздерінің тапқан-таянғандарымен, жиған-тергендерімен (өсімдіктердің жапырақтары мен тамырлары, саңырауқұлақтар, ұлу, ұсақ жәндіктер т.б.) тамақтанған кезде, оларға үнемі бір қашықтықты көрсету осы күнге дейін сақталды.
Адам қоғамының дамуымен байланысты, қарапайым құрал-жабдықтарды – тас пышақ, балға, садақ, жебе т.б. жасауды үйренген кезде ұзындықты дәлірек өлшеу қажеттігі туды. Адам балға сабының ұзындығын немесе ұңғысының диаметрін өзінің қолымен немесе саусағының жуандығымен салыстыратын болды. Осылайша өлшеу тәсілінің қалдығы да біздің уақытқа дейін сақталып келді: шамамен жүз-екі жүз жыл бұрын кенеп матаны қолдың қарымен, яғни шынтақтан ортан қол ұшына дейінгі ұзындықпен өлшейтін. Ал фут, яғни табан қазірдің өзінде де , ұзындық өлшеуіші ретінде кейбір елдер де мысалы, Англияда қолданылады. Жазғы жаңбырлардан кейін Ніл өзені тасып, аңғар алабына су жайылатын да танап-танап межелерін шайып кететін. Тасқын қайтқаннан кейін осы жойылып кеткен межелерді қайта қалпына келтіру керек болатын, сондықтан танаптарды қайтадан өлшеу қажет болатын. Бұл жұмысты фигуралардың аудандарын өлшей білетін адамдар орындайтын. Сонымен, аудандарды өлшеу әдістерін үйрену қажет болды. Міне осы дәуірде геометрия пайда бола бастады. «Геометрия» сөзі гректің «гео»- жер және «метрио» - өлшеймін деген екі сөзінен құралған.Демек, «геометрия» деген сөз – жер өлшеу деген сөз.Онан әрі өркендеп дами келе геометрия жер өлшеу шеңберінен әлдеқайда алыстап, «математиканың» маңызды да үлкен бір тарауына айналды.
№ 2-3 сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар
Мақсаты: Геометриялық фигуралармен түрлерімен таныстыру және құрылысына қарай ерекшеліктерін анықтауға үйрету.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Нәрселердің физикалық қасиеттеріне назар аудармай, тек қана олардың өлшемдерін, формасы мен орнын зерттей отырып, адам геометриялық дене мен геометриялық фигура жөніндегі дерексіз ұғымдарды: сызық, нүкте, түзу, жазықтық, кесінді т.б. туралы ұғымдарды қорытып шығарды. Геометриялық фигуралар бізге келіп жеткен мынадай ең көне математикалық құжаттарда: Москвалық папируста, Ахмес папирусында және 4000 жылдай уақыт бұрын сына жазумен түсірілген ежелгі вавилондық тексттерде кездеседі. Бұл документтерде кездесетін есептерде ең алдымен жеке фигуралардың аудандарын және көлемдерін есептеп шығару туралы сөз болады. Жазық геометриялық фигураларды мысырлықтар жатқан қалпында, ал кеңістік фигураларды тік тұрған қалпында кескіндеген. Фигуралар Москвалық папируста циркуль мен сызғыш қолданылмай сызылған тәрізді, ал Ахмес папирусында түзулерді жүргізгенде сызғыш қолданылғандығы ап-айқын. Түзулерді, кесінділердің ұштарын,фигуралардың төбелерін әріптермен белгілеуді Ежелгі Греция геометрлері бастаған. Сонау ерте заманның өзінде –ақ геометриялық фигуралар мен ұғымдар үшін кейбір таңбалар мен белгілеулер қолданыла бастаған. Мысалы, ежелгі грек ғалымы Герон (I ғ.) «үшбұрыш» сөзінің орнына таңбасын, «тік төртбұрыш» - орнына таңбасын қолданған. Басқа бір ежелгі грек ғалымы Папп (III ғ.) «шеңбер» сөзінің орнына таңбасын, «төртбұрыш» орнына таңбасын қолданған т.с.с.
Бұрышты белгілеу үшін таңбасын ХVII ғасырда француз математигі П.Эригон енгізген, ол мынадай таңбаларды да қолданған:перпендикуляр ұғымы үшін- , тік бұрыш үшін - ¬, дөңгелек үшін – Ο; шеңбер бөлігі үшін - ᴖ.
Геометриялық фигураларды өмірде қолдану. Құрақ көрпе.
Құрақ құрау – ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі.
Қол өнердің бұл саласы ысырапшылдыққа жол бермейді. Оның маңыздылығы адамдарға қызмет етіп тұрғанында. Осы еңбектің барлығын жисақ берсек жақсы сыйлық, жамылсақ көрпе, төсенсек төсеніш. Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі.
Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5-6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб, жасай отырып біріктірген.
Қазақ халқының қолөнер түрлерінің талай ғасырлық тарихы бар. Күнкөріс тіршілігіне қажетті үй–жай салуды, киім–кешек тігуді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік
барысында орынды пайдаланып, әсем бұйымдар жасап пайдаланып келеді.
Халық шеберлері матаны өз қажетіне жаратып, ал қалған мата қиындыларын шеберлер геометрияны оқымаса да, әр түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп, құрай білген.Құрақ көрпе «құрау» деген сөзден алынған. Көрпе бетіндегі құрақ формалары әсіресе, Сыр елінің халқы алаша, киіз үстіне көрпе төсеп отырады. Оны кез-келген үйден көруге болады. Көрпелерге зер салып қарасақ, оларды 2-ге бөлуге болады екен.
1. Ендей матадан тігілген көрпелер.
2. Мата қалдықтарын біріктіре тіккен құрақ көрпелер.
Құрақ құрау кезінде әжелер матаны әдейілеп қиып, геометриялық фигуралар шығарған.
-Неге көрпелерді ендей матадан тіге бермей, құрап тігеді ?
Тігіншілер киім пішкенде қиындылар көп қалады.Соларды іске асыру мақсатында құрақ құрайды екен. Кедейшілік өмір кешетін халқымыздың бөлігі ескі киімдерді сөгіп, жуып бүтін жерін пайдаға асыру үшін әжелер құрақ көрпелер тіккен.Бүгінгі күні ендей матадан әдейілеп қиып,сәндік бұйымдар жасап пайдаланады. Мысалы: сыйлықтар, панно, ойыншықтар, сүлгілер, әдемі сөмкелер, әмиян, перделер.
Практикалық жұмыс: (Әр түрлі маталар алдыртып,құрақ көрпе жасатуға болады.)
Құрақ сұлулығы мата түсінің үйлесімділігіне қарайды. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек әдемі бола береді, ал ретсіз орналасса тартымсыз болады.
Қорытынды:
Құрақ көрпелердің тұрмыстағы маңызы
1. Киіздің үстіне төсегенде әрі жылы, әрі жұмсақ.
2. Орындықтың бетіне, сәндік үшін, тазалық үшін, денсаулық үшін төсейді.
3. Сәндік бұйымы ретінде пайдаланамыз.
4. Ұлтымыздың мақтанышы.
5. Ұзатылған қызға дүние бергенде міндетті түрде құрақ көрпе беріледі.
6. Ертеде әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз немересіне арналған құрақты – «Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»- деген тілекпен жасаған.
№ 4-5сабақ: Нүкте.Түзу.Жазықтық
Мақсаты: Балалардың нүкте, сызық,түзу туралы түсініктерін қалыптастыру.
Геометриялық пішіндермен таныстырып, алғашқы түсініктер беру.
Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
Көрнекілігі: белсенді тақта,таратпа кесте,суреттер,ши,ермексаз
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,жеке топпен жұмыс,шығармашылық жұмыс
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру ой сергегі: «Сыныптағы заттар» деп аталады.
Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап,бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсасытығын ойластырып,топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек.мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен:менің де көңілім қазір жарқырап тұр!»
1.Қызығушылықты ояту
Жіппен жұмыс :
- Қатты тартсақ - жіп қандай болады? - түзу сызық
- Жіпті бос ұстасақ – жіп не істейді? - қисық сызық
- Екі шетін байласақ жіп неге ұқсайды? - тұйықталған сызық
- Байлағанды шешсек - жіппен не болады? - тұйықталмаған сызық
-Айналаға қара.Қоршаған ортадағы заттардың қайсысы дөңгелекке,үшбұрышқа.шаршыға және тіктөрбұрышқа ұқсайды.Неліктен.Анықта.
2.Мағынаны ажырату
Қоршаған ортаны сызықтар мен нүктелер арқылы бейнелеуге болады. Нүкте мен түзу қарапайым геометриялық фигуралар болып табылады.Дөңгелек,үшбұрыш,шаршы және тіктөртбұрыш-жазық фигуралар.
-Өз бетіңше тік төртбұрыш жасап көр. (ши мен ермексаздан тіктөрбұрыш жаасйды)
-Бес ши мен ермексаздың бес бөлігінен қандай фигура жасауға болады?
Көлемді фигуралардың көмегімен жазық фигураны жасауға болады.
Дөңгелектің моделін салу үшін қандай фигураны айналдыра сызу керетігін анықтау.
3.Ой толғаныс
Белсенді тақтадан нүкте,түзу,жазықтық фигураларды көрсету.Тақтаға қаламмен орындату.
Нүктелерді сызбада көрсету үшін латынның А,В,С... бас әріптерімен белгілейді. Мысалы,
А,В,С нүктелері сызбада түзуді сызып көрсету үшін сызғышты қолданамыз. Олар латынның а, в, с кіші әріптерімен белгіленеді