Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 430
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
A) Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.
B) Мақсат – біреу, сол себепті оны екіге бөлу – ымырашылдық.
C) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
D) Ең сенімді су жер астынікі, – оны іздеу керек.
E) Шытырлап тұрған қурай лап етті, қара түтін бұрқ етті.
-
Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі қайсы?
A) ыңғайлас B) қарсылықты
C) себеп-салдар D) кезектес
E) түсіндірмелі
-
Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы?
A) ыңғайлас B) қарсылықты
C) себеп-салдар D) кезектес
E) талғаулы
-
Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.
Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.
A) Ыңғайлас D) Түсіндірмелі
B) Қарсылықты E) Талғаулы
C) Себеп-салдар
-
Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз, әрдайым ұласпалы интонация арқылы байланысатын салалас түрін табыңыз.
A) Ыңғайлас салалас D) Себеп-салдар салалас
B) Қарсылықты салалас E) Талғаулы салалас
C) Түсіндірмелі салалас
-
Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?
A) бірақ, дегенмен, алайда D) жалғаулығы жоқ
B) өйткені, сол үшін, себебі E) кейде, бірде, біресе
C) және, әрі, да
Салалас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – E 6 – D
2 – E 7 – E
3 – B 8 – A
4 – B 9 – C
5 – D 10 – E
«Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Қайсысы себеп бағыныңқының жасалу жолына жатады?
A) қалау райлы етістік пен "келіп" етістігінің тіркесуі
B) ашық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі
C) шартты райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі
D) бұйрық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі
E) тұйық етістік пен «үшін» шылауының тіркесуі
-
Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A) Аспандағы бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
B) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
C) Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.
D) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған.
E) Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.
-
Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.
B) Еңбексіз ауырса емі табылмайды.
C) Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді.
D) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.
E) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл.
-
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
A) Қайтпейінше? Не етпейінше?
B) Кашаннан бері? Кайтіп?
C) Не етпек болып? Қалай?
D) Қайтсе де? Қайткенмен?
E) Қайтсе? Не еткенде?
-
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A) Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
B) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
C) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
D) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
E) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
-
Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.
Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген.
A) Басыңқы сөйлемнің алдында.
B) Басыңқы сөйлемнен кейін.
C) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
D) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
E) Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.
-
Сабақтастың қай түрі?
Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады.
А) Мақсат бағыныңқы құрмалас
В) Мезгіл бағыныңқы құрмалас
С) Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас
D) Шартты бағыныңқы құрмалас
Е) Себеп бағыныңқы құрмалас
-
Олар келсе, сабақ аяқталыпты. – қандай сөйлем?
A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы
B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы
C) Себеп бағыныңқы
-
Шартты райды жұрнағы қай сөйлемнің жасалу жолына қатыспайды?
A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы
B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы
C) Себеп бағыныңқы
-
Төмендегі құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.
Ол оянса, терезе жабық тұр екен.
A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы
B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы
C) Себеп бағыныңқы
«Сабақтас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B
2 – E
3 – A
4 – D
5 – C
6 – C
7 – E
8 – D
9 – C
10 – D
«Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Көп құрамды салалас құрмаласты табыңыз.
A) Көктем келді, күн жылынды, бірақ егістік басталған жоқ.
B) Қар жауса, боран тұрса, бұл өңірде тұру мүмкін емес.
C) Үйге келіп, қағазын іздеп еді, – табылмады.
D) Сабақ аяқталып, демалыс басталса, олар ауылға кетеді.
E) Қиын болса да, бараға жері болмаған соң, келісті.
-
Қай сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер салаласа байланысады?
A) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас
B) Аралас құрмалас сөйлем
C) Сатылы көп бағыныңқы
D) Әр алуан жарыспалы
E) Көп құрамды салалас құрмалас
-
«Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Жолдан бұрыстау болғанмен,егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін.
В) Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған-ды.
С) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етпетінен түсті.
D) Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да, мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады.
Е) Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді.
-
Көп басыңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
A) Қоңырау соғылса, балалар қақтығысып, далаға шығады.
B) Жаз келгенде, балыққа барамыз, тауға шығамыз.
C) Күн шықты, таң атты, бірақ далада ешкім жоқ.
D) Біреуден қрықты ма, асықты ма, қашып барады.
E) Жел де, жаңбыр да тоқтаған, далаға шықсақ болады.
-
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.
B) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.
C) Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.
D) Қуаты – ақындық, үміті – халық.
E) Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағанбетке, кішкене молдаға және әңгіме тыңдауға жараған балалары: Әбдірахман, Күлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отрамын.
-
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
A) Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.
B) Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?
C) Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай аспанға шығады.
D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.
E) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
-
Қай сөйлемнің бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады?
A) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
B) Аралас құрмалас сөйлем
C) Сатылы көп бағыныңқы сабақтас сөйлем
D) Көп басыңқылы сабақтас сөйлем
E) Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем
-
Төмендегі аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.
Шөптің бойы биік болады да, қашқан қоян мен түлкі болса, шөптер көрсетпейді, аңдар қалай қарай көшкеніне биік шөптің бойынан орғып шапқан иттің жобасынан ғана байқаймыз.
A) басыңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
В) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
С) бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
D) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
Е) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
-
Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң, Айбала шай қоюға кірісті.
B) Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса.
C) Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып тұр.
D) Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.
E) Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге аспады.
-
Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.
Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.
A) Сатылы көп бағыныңқы D) Бірыңғай жарыспалы
B) Әр алуан жарыспалы E) Шартты бағыныңқы
C) Қарсылықты бағыныңқы
«Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A
2 – E
3 – C
4 – B
5 – B
6 – A
7 – A
8 – E
9 – E
10 – B
«Тыныс белгілері-1» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Жақша ішінде нүкте қойылу себебін анықтаңыз.
A) Жай сөйлемнен кейін.
B) Автор түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін.
С) Хабарлы сөйлемнен кейін.
D) Драмалық шығармада кейіпкер атынан соң.
Е) Бұйрықты сөйлем соңында.
-
Жалпылауыш сөзге қатысты тыныс белгіні табыңыз.
А) Жанат орын ұсынып еді,- отырған жоқ.
В) Балалар, аманбысың шырақтарым.
С) Ата қоныс – ата мекен.
D) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.
-
Қос нүкте қойылмайтын жерді көрсетіңіз.
А) Салдар мәнді сөйлемнен кейін.
В) Автор сөзінен кейін.
С) Бірыңғай мүшелердің арасына.
D) Жалпылауыш сөзден соң.
Е) Түсіндірмелі салаласта.
-
Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз.
А) хабарлы сөйлемнен кейін.
В) Ойға тосын, өте алшақ нәрсе қосылса.
С) Төл сөзден кейін.
D) Белгілі бір сөздің орынсыз айтылғанына таңырқау мәніндегі сөзден соң.
Е) Сан, уақыт ,кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін сөзаралығында.
-
Көп нүкте қай сөзден кейін қойылатынын анықтаңыз.
Еліңнің анық көшін бастайын жолың даңғыл болсын да.
А) Сөйлем алдынан D)“Еліңнің” сөзінен кейін
В) “Бастайтын” сөзінен кейін Е) сөйлем соңында
С) “Жолың” сөзінен кейін
-
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Сәкен, таң жарқырап атып келе жатқандай, шаттана ұмтылмақ.
A) Бағыныңқы сөйлемнің екі жағына
B) Қаратпа сөзден кейін
C) Бірыңғай мүшелер арасында
D) Оңашаланған айқындауыштың екі жағына
E) Қыстырма сөздің алдына
-
Қай мысалда үтір қойылуы қажет?
А) Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.
В) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды.
С) Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр.
D) Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол – өнімді адал еңбек.
Е) Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды.
-
Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
а) тұрмыс-салт жырлары
ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар
А) Үтір D) Тырнақша
В) Қос нүкте Е) Жақша
С) Нүктелі үтір
-
Қысқартылған түрінде қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын көрсетіңіз.
Ахмет Байтұрсынов (А Байт)
А)тырнақша В)жақша С)үтір D)сызықша Е)нүкте
-
Қай қатарда нүкте қойылмайды?
А) т.б. , т.с.с. D) Ғ.М. , Ғ. Мұст.
В) Б.Ұ.Ұ. , м. , v. Е) “Қ.Ә.”, “П.”
С) ж. , сағ. , мин.
«Тыныс белгілері-1» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B (Нұрлан. (Ойланып тұрып.) Енді не істейміз?)
2 – D
3 – C
4 – B
5 – B (Еліңнің анық көшін бастайын... Жолың даңғыл болсын да.)
6 – A
7 – E (Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.)
8 – C а) тұрмыс-салт жырлары;
ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар;
9 – E (А. Байт.)
10 – B (БҰҰ , м , v)
«Тыныс белгілері-2» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Сызықша қойылатын жерді көрсетіңіз.
А) Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады.
В) Одағайдың екі жағынан қойылады.
С) Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзден кейін қойылады.
D) Сан, уақыт, кеңестік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қойылады.
Е) Кезектес салалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына қойылады.
-
Сұрау, леп белгілері қандай жағдайда жақшаға алынады?
-
Ұранды сөйлемдерден соң. -
Талас, күдікті мәселе екендігін көрсетіп, оқушы назарын аудару үшін. -
Дәйексөздің авторын, шығарманың атын көрсеткен кезде. -
Келтірілген мысалды санамалап көрсеткен жағдайда. -
Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері.
-
Астарлы кекесін мәніндегі сөзге байланысты қойылған тырнақшаны табыңыз.
А) Сұлтанмұрат пен Қадиша кезектесіп айтып,бір кезде “Екі жиренге” қосылып кетті.
В) Арсыздыққа ауыздандыратындар - “абыройлы” ағайлар.
С) “Ынтымақ түбі – береке” деген мақалды білемісің?
D) Ол маған осы “Терек пен қызыл гүлді” айтып берді.
Е) Жұрт елеңдеп, “бұл кім болды екен кешігіп жеткен”, “мықтылардың бірі ғой, тегі” десіп, жігітке қарасты.
-
Қай сөз жақшаға алынатынын анықтаңыз.
Ербол. Қуанып тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз.
A) Ербол B) Жолдастар C) Біз
D) Қуанып тұрып E) Жеңеміз
-
Жақша неліктен қойылғанын анықтаңыз.
Махмұт (әкем) – 1870-1941 жж өмір сүрген.
-
Белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіргендіктен. -
Бірыңғай мүшелер. -
Оңашаланған айындауышқа қатысты. -
Цитатаның авторы кім екендігі көрсетілген. -
Авторлық ремарка болғандықтан.
-
Сұраулы сөйлем көңіл-күйімен байланысты айтылса қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
А) Сұрау, леп белгісі D) Қос нүкте, сызықша
В) Нүкте, көп нүкте Е) Дефис, тырнақша
С) Үтір, сызықша
-
Қай жерге тыныс белгілері қабаттаса қойылады?
А) Сөйлем ортасында D) Автор сөзінен кейін
В) Сөйлем басында Е) Қаратпа сөздің екі жағына
С) Сөйлем соңында
-
Қай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылмайды?
А) Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Зат есім)
В) Бастауыш(3-жақ жіктеу есімдігі)―Баяндауыш(Зат есім)
С) Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Сын есім)
D) Бастауыш(Тұйық етістік)―Баяндауыш(Зат есім)
Е) Бастауыш(Сан есім)―Баяндауыш(Сан есім)
-
Берілген сөйлемде нүктелі үтір не үшін қойылған?
Қазақ тілінің негізі болған көне түркі жазба нұсқаларын мынадай кезеңдерге бөліп қарауға болады:
-
Көне түркі және Орхон-Енесей-Талас кезеңі; -
Қараханид кезеңі; -
Орта ғасырлық кезең;
А) Санамаланып айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына
В) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем болғаны үшін
С) Төл сөз бен автор сөзі болғаны үшін
D) Оңашаланған айқындауыш
Е) Ой аяқталған соң
-
Жақша қашан қойылады?
А) Жақша сөйлем ішіндегі белгілі бір сөздің мағынасын немесе ойға қатысты басқа бір ойды жол-жөнекей түсіндірген жағдайда қойылады.
В) Белгілі бір цитатаның кімнен алынғандығын білдіру үшін, соңына оның аты жақшаға алынып жазылады.
С) Қосарлы айқындауыш жақшаға алынады.
D) Кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, талас, күдікті болса, сол сөзден не сөйлемнен кейін қойылатын сұрау, леп белгілері жақшаға алынады.
Е) Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері жақшаға алынады.
«Тыныс белгілері-2» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – D (Алматы – Астана пойызы)
2 – B (Олар кешеден бері Асанбайдың ырғалын (?) көтеріп келеді.)
3 – B
4 – D ( Ербол. (Қуанып тұрып.) Жолдастар, біз жеңеміз.)
5 – A
6 – A
7 – D
8 – C (Дала жарық.)
9 – A
10 – A
1
2
3 Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Оны сын есімнің заттануы. (субстантивтенуі) дейді. Мысалы: Күштімен(кіммен?) алыспа, үлкенді(кімді?) сыйла. Білімді (кім?) мыңды жығады.
4 Сан есімнің заттануы деп (субстантивтенуі) заттық мағынаға ие болуын және сөйлемде зат есімнің қызметін атқаруын айтады. Мысалы: Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса төбедегі түседі.
5 Да, , әрі, я, яки, немесе, әлде бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай тұрса, үтір қойылмайды.