Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 426

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ

  • Түркі тілдері тіл туыстығына қарай 6 топқа бөлінеді:

1

Қыпшақ бұтағы

қазақ, құмық, қарақалпақ, қарашай, мақар, қарайым, ұрым, қырышақ

2

Оғыз бұтағы

әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, балқан түріктері, түрік

3

Қарлұқ бұтағы

өзбек, ұйғыр

4

Аралық бұтақ

қырғыз, алтайық, хақас, тува, салар, сары ұйғыр, шор, тофа, шұлым

5

Чуваш




6

Саха







  • Көне түркі тілдері мыналар: хазар, бұлғар, ғұн, көк түрік, сақ, авар.

  • Түркі тілдері орналасу аймағына қарай 6 топқа бөлінеді:

1

Оңтүстік тобы

түрік, гагауыз, әзербайжан, түркімен

2

Батыс тобы

қарайым, қарашай, құмық, татар, башқұрт

3

Орталық топ

қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз

4

Шығыс тобы

өзбек, ұйғыр, сары, салар

5

Солтүстік тобы

алтай, шор, хақас, тува, тофа, саха

6

Чуваш тобы






  • Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын (Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастырады.

  • Түркі халықтарының жазба тілі V-VIII ғасырларда дүниеге келген. Тіл ғылымында бұл жазба ескеркіштері "Орхон-Енисей ескерткіштері" деп аталады. Олар: "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған" т.б. Бұл жазуларды көпке дейін ғылыми түрде оқуға мүмкіндік болмады. Сондықтан оларды рун (құпия) жазулары деп атады.

  • X-XV ғ.ғ. түркі халықтарының жазбаша тілі ерекше дамыды. Осы кезеңде дүниеге келген шығармалар: Махмұт Қашқари "Диуани лұғат ит-түрк" (1073-1074, Жүсіп Баласағұни "Құдатғу білік" (1067-1070), Ахмет Яссауи "Диуани хикмет" (XII ғ.), "Кодекус Куманикус " (1003) т.б.

  • Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды:


Араб жазуы (1929 жылға дейін);

Латын жазуы (1929 – 1940 ж.ж. арасы);

Кириллица (орыс) жазуы (1940 жылдан бастап);

  • Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және шетелдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Қытай, Монғолия т.б.) өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.


ҚАЗАҚ ТІЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

  • 1989 жыл, 22 қыркүйек: Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесі (статусы) берілді.

  • 1993 жыл, 28 қаңтар: Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.

  • 1995 жыл, 30 тамыз: республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабыл-данды. Конституцияның 7-бабында былай делінеді:

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

  2. Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

  3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

  • 1997 жыл, 7 шілде: жаңа Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентте қайтадан талқыланып, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

  • Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы Заңның 4-бабы:

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

    Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

    Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

    • Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

    • Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

    • Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

    ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ

    Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар, олар: фонетика, лексика

    және грамматика. Бұлардың зерттейтін тақырыптарын төмендегі кестеден көруге болады:

    ФОНЕТИКА

    1. Дыбыс

    1. дауысты дыбыс

    2. дауыссыз дыбыс

    2. Буын

    1. ашық буын

    2. тұйық буын

    3. бітеу буын

    3. Үндестік заңы

    1. буын үндестігі

    2. дыбыс үндестігі

    4. Тасымал

    5. Екпін

    6. Орфоэпия




    7. Орфография

    1. фонетикалық принцип

    2. морфологиялық принцип

    3. дәстүрлі принцип




    ЛЕКСИКА

    1. Сөз мағыналары

    1. тура мағына

    2. ауыспалы мағына

    3. көп мағыналы сөз

    4. синоним

    5. омоним

    6. антоним

    2. Жалпы қолда-ныстағы сөздер




    3. Қолдану аясы шектеулі сөздер

    1. кәсіби сөз 6. табу сөз

    2. термин сөз 7. кірме сөз

    3. көнерген сөз 8. неологизм

    4. диалект сөз 9. нақыл сөз

    5.тұрақты тіркес 10. мақал

    ГРАММАТИКА

    Морфология

    1. Сөз құрамы (оның 2 түрі бар):

    1. Дара сөз

    2. Күрделі сөз

    а. түбір сөз

    ә. туынды сөз



    а. қос сөз

    ә. біріккен сөз

    б. қысқарған сөз

    в. тіркескен сөз

    2. Қосымша (оның 2 түрі бар):

    1. Жалғау

    2. Жұрнақ

    а. көптік

    ә. септік

    б. жіктік

    в. тәуелдік

    а. сөз тудырушы

    ә. сөз түрлендіруші



    3. Сөз табы(оның 9 түрі бар):

    1. зат есім

    2. сын есім

    3. сан есім

    4. есімдік

    5. етістік

    6. үстеу

    7. шылау

    8. еліктеу сөз

    9. одағай





    Синтаксис

    1. Сөз тіркесі

    а. есімді

    ә. етістікті

    2. Жай сөйлем

    а. жақты – жақсыз

    ә. жалаң – жайылма

    б. толымды – толымсыз

    в. атаулы

    3. Құрмалас сөйлем

    а. салалас

    ә. сабақтас

    б. аралас

    4. Сөйлем мүшелері

    тұрлаулы – тұрлаусыз

    5. Пунктуация

    6. Стилистика



    Ескерту:

    1. Сөз құрамы туралы оқулықтарда мынадай пікірлер бар:

    • сөз құрамының 2 түрі бар деп берілген: : түбір және қосымша;

    • сөз құрамының 3 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз;

    • сөз құрамының 5 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз;

    • сөз құрамының 6 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз;

    1. Сөз тіркесі мен тіркескен сөздің (тіркесті сөз) айырмасы:

    • Сөз тіркесі ең кемі екі сөзден тұрады және әрқайсысы өз алдына жеке мағынаны білдіреді. Мысалы,

    қара (қандай?) көйлек (не?)

    жиырма (қанша?) бала (кім?)

    машина (не?) келе жатыр (не істеп жатыр?) т.б.

    • Тіркескен сөз ең кемі екі сөзден тұрады, бірақ екеуі бір мағынаны білдіреді және бір сұраққа жауап береді. Мысалы,

    қара ала (қандай?),

    жиырма бір (қанша?),

    келе жатыр (не істеп жатыр?) т.б.

    Қазақ тіл біліміне шет тілдерінен енген термин сөздер

    1. Грек тілінен енген сөздер:

    Алфавит (альфа, ветта (грек әліпбиінің алғашқы екі әрпі) – әріптердің жүйелі тізбегі.

    Антоним ("қарсы" және "атау") – мағыналары қарама-қарсы сөздер.

    Архаизм (ежелгі, ертегі) – ертеректе күнделікті өмірде жиі қолданылғанмен, қазіргі кезде басқа сөзбен алмастырылғандар.

    Диалог ("екі", "сөз") – екі не бірнеше адамның сөйлесуі.

    Грамматика (жазу, жазу өнері) – тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Диалект (сөйлеу) – белгілі бір аймақта қолданылатын тіл ерекшеліктері.

    Дифтонг – қосарлы дыбыс.

    Идиома – бір ұғым ретінде қалыптасқан сөз тіркестері. (Мысалы: түйе үстінде сирақ ұйту)

    Лексика (сөздік қор) – тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы.

    Лексикология – (лексика, логос) – тілдің сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Лексикография (сөздік ілімі) – тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.

    Мақал (араб сөзі) – түйінді ойды білдіретін тура мағынасына орай астарлы мағына да бере алатын ықшамды нақыл сөз.

    Монолог ("бір" және "сөз") – кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі.

    Метафора (ауысу, ауыстыру) – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы.


    Метонимия (атын өзгертіп атау) – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай–ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу)

    Морфема (форма) – сөздің ең қысқа мағыналы бөлшегі.

    Морфология (түр) – тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.

    Неологизм (жаңа сөз) – тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.

    Омоним ("біркелкі" және "атау") – бірдей дыбысталғанмен, мағыналары әр түрлі болып келетін сөздер.

    Орфография (дұрыс жазамын) – сөздің дұрыс жазылу ережелері.

    Орфоэпия (дұрыс сөйлеу) – сөздің дұрыс айтылу ережелері.

    Полисемия (көп мағына) – сөздің көп мағыналығын зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Семасиология (белгі, ілім) – сөздің мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Сингармонизм (бірге үндесу) – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі.

    Синекдоха (бірге жобалап, шамалап түсіну) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. (Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнына төрт-бес тұяғымыз бар деу)

    Синоним – айтылуы әр түрлі болғанмен, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.

    Синтаксис (құрастыру) – сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Фонема (дыбыс) – сөздің дыбыстық бірлігі.

    Фонетика (дыбыс) – тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Фонология (дыбыс, ілім) – фонеманы зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Фразеология ("сөйлемше", "ілім") – тілдегі тұрақты тіркестер-ді зерттейтін тіл білімінің саласы.

    Эвфемизм (сыпайылап айту) – бір затты не құбылысты, я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы.

    1. Латын тілінен енген сөздер:

    Ассимилияция (үндесу) – сөз құрамындағы немесе сөздер аралығындағы қатар келген дауыссыз дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі.

    Аффикс (қосылған) – қосымшаның терминдік атауы.

    Диссимиляция (өзгеру) – дыбыстың өзгеруінің бір түрі

    Интонация (қатты айту) – дауыс толқыны, сөйлегенде сөз мағынасын әсерлі жеткізу үшін дауыстың құбылып, жоғарылап, төмендеп өзгеріп отыруы, сөйлемде синтаксистік мағына білдіруші және сөйлемге эмоционалды-экспрессивті реңк беруші құралдың бірі.