Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 1668
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Историзм – көнерген, ескірген ұғымды білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Өздері белгілеген заттар мен құбылыстардың қазіргі күнделікті өмірде қолданылудан шығып қалған. Архаизмдерден ерекшелігі – қазіргі тілде синонимі болмайды. Лингвистика – тіл біліміПунктуация (нүкте) – тыныс белгілерін зерттейтін тіл білімінің саласы.Стилистика – тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін саласы.Стиль (латын) – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.Термин (бір нәрсенің шегі, шекарасы, шекаралық белгісі) – тілде ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы атаулар.
Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.
Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.
Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь –жіңішкелік, ъ – жуандық белгілері).
Ескерту: У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз – у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.
Қосымша: Кейбір оқулықтарда 5-бөлімдегі 9 әріпті қазақ тіліне тән дыбыстар деп берген. Алайда біз оларды әріптер деп беруді жөн көрдік. Себебі алфавиттегі 37 дыбыс қазақ тіліне тән оқылады, айтылады. Мысалы, е дыбысы орыс тілінде йэ деп оқылса, қазақ тілінде йе деп оқылады. Сондай-ақ сөз құрамында жуан-жіңішке, еріндік-езулік дауысты дыбыстарының келуіне қарай дауыссыз дыбыстар соларға бейімделіп оқылады. Мысалы, үзу мен азы сөздеріндегі з дыбысы бірінде (үзу) жіңішке әрі еріндік дауыстыға бейімделіп оқылса, бірінде (азы) жуан әрі езулік дауысты дыбысқа бейімделіп оқылады.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС
Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, йа,йу қосарлы дыбыстарынан тұрады. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ
Ескерту: Қосарлы ый дыбыстары сый, тый түбірлерінен жасалған сөздерде ғана жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыймайды, тыйым, тыйылу, тыйылдыр, тыйылмайды т.б.
4. Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:
Себебі, бұл жұп болған дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мысалы, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады.ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ
-
Араб тілінен енген сөздер:
-
Индонезия тілінен енген сөз:
-
Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді. -
Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы. - 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 24
Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.
Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.
Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь –жіңішкелік, ъ – жуандық белгілері).
Ескерту: У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз – у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.
-
Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ. -
Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі. -
Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді.
Қосымша: Кейбір оқулықтарда 5-бөлімдегі 9 әріпті қазақ тіліне тән дыбыстар деп берген. Алайда біз оларды әріптер деп беруді жөн көрдік. Себебі алфавиттегі 37 дыбыс қазақ тіліне тән оқылады, айтылады. Мысалы, е дыбысы орыс тілінде йэ деп оқылса, қазақ тілінде йе деп оқылады. Сондай-ақ сөз құрамында жуан-жіңішке, еріндік-езулік дауысты дыбыстарының келуіне қарай дауыссыз дыбыстар соларға бейімделіп оқылады. Мысалы, үзу мен азы сөздеріндегі з дыбысы бірінде (үзу) жіңішке әрі еріндік дауыстыға бейімделіп оқылса, бірінде (азы) жуан әрі езулік дауысты дыбысқа бейімделіп оқылады.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС
-
Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады. -
Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады. -
Дауысты дыбысқа екпін түседі. -
Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э. -
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.
Тілдің
қатысына қарай
Жуан
тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады
а, о, ұ, ы, у
Жіңішке
тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады
ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
Жақтыңқатысына қарай:
Ашық
жақтың кең ашылуы арқылы жасалады
а, ә, о, ө, е, э
Қысаң
жақтың тар ашылуы арқылы жасалады
ы, і, и, у, ү, ұ
Еріннің
қатысына қарай
Еріндік
еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады
о, ө, ұ, ү, у
Езулік
езудің кейін тартылуы арқылы жасалады
а, ә, е, ы, і, и, э
-
Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).
Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, йа,йу қосарлы дыбыстарынан тұрады. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ
-
А әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, ә болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б. -
А әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат, күнә т.б. -
О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: ор, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б.
-
Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: тыныштық, іс, кісілік. -
Ы, і сөздің барлық буындарында жазыла тұра, төмендегідей жағдайларда сөздің соңғы буынында түсіп қалады:
-
Ы, і дыбыстары сөз басында р, л әріптерінің алдында көмескі естіліп, оны жазбағанда, сөздің лексикалық мағынасы бұзылмаса, ол дыбыстардың әріптері жазылмайды. Рас (ырас емес), рет (ірет емес), рахат (ырахат емес), лай (ылай емес), лезде (ілезде емес), лақтыру (ылақтыру емес) т.б. -
Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанса, ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде жалғыз ғана и әрпі жазылады (ы+й=и, і+й=и). Мысалы: оқы-й+ды=оқиды, есті-й+ды=естиді т.б.
Ескерту: Қосарлы ый дыбыстары сый, тый түбірлерінен жасалған сөздерде ғана жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыймайды, тыйым, тыйылу, тыйылдыр, тыйылмайды т.б.
-
У дыбысы дауыссыздан кейін келсе, дауысты дыбыс (ту) болады, ал мынадай жағдайларда дауыссыз дыбыс болады:
-
И, у дыбыстары сөздің жуан-жіңішкелігіне қарай бірде жуан, бірде жіңішке болады, яғни сөздегі басқа дауыстылар жуан болса, и, у дыбыстары жуан оқылады, сөздегі басқа дауыстылар жіңішке болса, и, у дыбыстары жіңішке оқылады.
-
У дыбысына аяқталған етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, екі у әрпі қатар жазылады. Қуу, жуу, жауу, сауу т.б. -
Тұйық етістіктің -у жұрнағы и дыбысына біткен етістікке жалғанғанда, ю әрпіне өзгеріп жазылады. Мысалы, Ти+у=тию, ки+у=кию, жи+у=жию, қи+у=қию. -
Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілген сөздің бәрінде де олардың орнына и әрпі жазылады. Қияқ, дария, қия, зиян, қию, ақию т.б. -
Ю, я әріптері йу, йа болып оқылғанмен, ю, я ретінде жазылады. (аю, жою, қоян) Ескерту: Дәстүрлі принцип бойынша аздаған сөздерде ю әрпі жазылмай, иу, йу әріптері сақталып жазылады. Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.
-
Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. -
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у). -
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
| 1 | Ұяң | үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым | б, в, г, ғ, д, ж, з, һ |
| 2 | Үнді | салдырдан үні басым | й, л, м, н, ң, р, (у) |
| 3 | Қатаң | тек салдырдан тұрады | к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ |
4. Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:
| п – б | ф – в | к – г | қ – ғ | т – д | с – з | ш – ж |
-
З, қ, к, л, м, н, п, р, с, т, ш дауыссыз дыбыстары сөздің барлық буындарында кездесе береді. Мысалы: қазақ, заң, момын, мол, күрек, наным, рас, мұрап, шам, сот, нан, т.б. 2. Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды (йод сөзінен басқасы), тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар т.б. -
В, ф, ч, ц әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда қолданылады. Мысалы: Автор, дифтонг, диспечер, концерт, цех, матрац т.б. -
Щ әрпі қазақтың ащы, тұщы, кеще деген байырғы сөздерінде ғана жазылады. -
Х әрпі хат, хан, хабар, халық сияқты араб-парсы тілдері мен кейбір орыс тілінен енген жалпы есімдер мен кісі аттарында жазылады (техника, А.Шох). -
Б, в, г, д дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады. Мысалы: актив, отряд, устав, клуб, округ т.б. -
Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, ю болып жазылады. Мысалы: сой+у=сою, жай+у=жаю. -
Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің -а жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп я әрпіне өзгереді. Мысалы: жой+а=жоя, жай+а=жая. -
Орыс тілінен енген нд, мп, кт, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Шрифт+і+ге, штамп+ы+лау, факт+і+ге, киоск+і+лер т.б. -
Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Прогресс–прогрестік, металл–металдар, грамм–грамнан т.б.