Файл: Оулыты тарауларына арналан сабатарды ысамерзімді жоспарлары саба.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 342
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Оқулықтарыңды ашыңдар. Тақырыптың 1-абзацын оқып шығыңдар. Мұғалім: – Ал қазір біз «Логикалық тізбек» ойынын ойнаймыз. Тізбекті бірінші бастайтын бала кез келген бір сөзді айтады, келесі оқушы сөз қосып, оның бірінші айтылған сөзбен байланысын түсіндіреді. Алдымен мен өзім сөзді атайын – ежелгі («Логикалық тізбек» тәсілі). Талқылау барысын жалғастыру үшін мұғалім балалар айтқан сөздерді тақтаға жазады. Оқулықтағы «Ежелгі адамдар» суретін қарап шығыңдар. Ежелгі адамдар қазіргі адамдардан немен ерекшеленген деген сұрақты ойланыңдар. («Суреттерге назар салу» тәсілі). Мұғалім: – Біз «Ежелгі адамдар» суреті бойынша жұмысымызды жалғастырамыз. Ойлап қараңдар, тіпті біз суретте адам немесе маймыл бейнеленгенін айыра алмаймыз. Жануар емес, адамның өзінің бейнеленгенін қалай дәлелдеуге болады («Эвристикалық сұхбат» тәсілі)? | Оқулықтарын ашып, тақырыптың 1-абзацын оқып шығады. «Логикалық тізбек» ойынын ойнайды. Тізбекті бірінші бастайтын бала кез келген бір сөзді айтады, келесі оқушы сөз қосып, оның бірінші айтылған сөзбен байланысын түсіндіреді. ФТ. Оқушылар оқулық мәтінін оқиды. (1-абзац) Оқушылар логикалық тізбек құрастырады (мысалдық нұсқа). Ежелгі – адам – тас – шапқы – жасай алды. Оқушылардың жауаптары. Қажетті жағдайда мұғалім олардың жауаптарын толықтыра алады: – Ежелгі адамдардың бет сүйектері ірі, кең танаулы, бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы тайқы болып келген. Жүрістері аса тік емес, секірмелі болды. | | Оқулық Оқулықтағы сурет |
| Мұғалім: – Алдында шапқылар жатқан адамға назар аударыңдар. Ең ақылды жануарлар оларды жасай алмайды. Еңбек құралдарын жасау – ежелгі адамдардың жануарлардан басты айырмашылығы осы екенін есте сақтаңдар. Ежелгі адамдар тасты ғана емес, ағашты да пайдаланған. Ортада тұрған адамға назар аударыңдар. Ол қолына ағаштан жасалған шоқпар ұстаған. Ағаш шіріп қалатын болғандықтан, қазба жұмыстары кезінде тек тас қарулар табылған. Тақырыптың екінші абзацын оқып шығыңдар. «Тоқтап оқу» тәсілі. Мұғалім әр сөйлемнен кейін тоқтап, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін сұрақтар қойып отырады. Ежелгі адамдар терімшілікпен айналысу арқылы өздеріне қорек тауып жеді. («Терімшілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?) Әйелдер мен балалар ағаштардан жемістерді үзіп алып, жеуге жарамды тамырларды қазып алатын болған (Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, жеуге жарамды | Ж. Оқушылар жұптаса жұмыс істей отырып, суретке қарап ежелгі адамдардың қазіргі адамдардан қандай айырмашылықтары болғанын топшылайды. Оқушылардың жауаптары: – Ежелгі адамдар маймылдарға ұқсас болған. Денелерін толықтай түк жауып тұрды. Бет сүйектері ірі, тайқы маңдай болды. Қолдары тізелеріне дейін түсіп тұратын. ФТ. Оқушылардың жауаптары: – Суретте біреуі еңбек құралын жасап, екіншісі | | Оқушы дәптері |
| тамырларды немен қазып алған?). Сонымен бірге адамдарға ет те қажет болды (Сұрақ: Адамдар неліктен етті қажет етті?). Оны ер адамдар аң аулау арқылы тауып отырған (Сұрақ: Неге тек ер адамдар аңшылықпен айналысты?). А1-2 тапсырмаларын оқушы дәптерінде орындау. Мұғалім: – Терімшілікке көп уақыт пен күш қуат қажет болды. Ежелгі адамдар жеуге жарамды тамырларды, жемістер мен жидектерді, құстардың жұмыртқаларын тауып, солармен де қоректенді. Жиналған жемістер мен өсімдіктердің етке қарағанда қоректік маңызы аздау болды. Ол кезде аң аулау үнемі сәтті бола бермеді. Сол себепті, ежелгі адамдар көп жағдайда ашығуға ұшырады. Ежелгі адамдар жинаған жемістердің суреттерін салыңдар (Оқушы дәптеріндегі В. тапсырма). Мұғалім коммуникативтік дағдыны дамыту үшін оқушыларға В. тапсырмасын орындауды ұсынады. | қолына шоқпар ұстап тұрған адамдар бейнеленген. Олар тек белдемше ғана байлаған. Оқушы дәптеріндегі тапсырманы орындайды. ФТ. Мұғалім оқулық мәтінін бір сөйлемнен оқып (2-абзац), тоқтаған кезде сұрақтарға жауап береді:
жинау.
таяқшалармен қазып алатын болған.
балаларға қарағанда күшті әрі төзімдірек болып келеді.
Ж. Оқушылар «Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырманы орындайды – ежелгі адамдар | | Оқушы дәптері Оқулық |
| Сергіту сәті (үзіліс физкультминутка). Омыртқа сүйектері мен иыққа арналған жаттығу – «Бір орында жүру». Мұғалім: – Адамдар жануарлардан өзгеше, аяқтарымен тік жүрген. Дегенмен ежелгі адам еңкейіп жүрген болса, ал қазіргі адам тік жүретін болды. Саусақтарға арналған «Жеміс жинау» жаттығуы. Мұғалім: – Ежелгі адамдардың ең алғаш айналысқан ісі – терімшілік болды. Жоғары бұтақтардағы жемістерді жинаған кезде адам жоғары созылып, қолымен жемістерді үзіп алып отырды. | жинаған жемістердің суреттерін салады (жабайы алмалар, сәбіз, қызылша және жеуге жарамды тамырлар т.б.). Өз жұмысыңның нәтижелері туралы басқа балаларға айт. Олардың қандай жемістердің суреттерін салғанын біл. Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен бір-бірімен алмасады. Оқушылар орындайтын жаттығулар сабақ тақырыбымен ұштастырылып, шаршауды басып, оқушылардың сабаққа зейінін жақсартуға көмектеседі. ФТ. Оқушылар сыныпта қатарлардың арасына тұрып, бір орында жүруді бастайды. ФТ. Оқушылар бір орындағы жүрістерін еңкейіп және тік қалыптарында жалғастырады. | | |
| Мойын омыртқасына арналған «Аңға шыққан адам» жаттығуы. Мұғалім: – Ежелгі адамдар аңға шыққанда маңайына аса зер сала бақылайтын болған. Сендер аңға шықтыңдар деп ойлайық. Аң аулау кезіндегідей бастарыңда бір жақтан екінші жаққа қарай бұрыңдар. Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, не себепті ежелгі адамдар жеке өмір сүре алмады?(«Эвристикалық сұхбат» тәсілі). Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Ежелгі адамдарға төнген қауіптер көп болды. Орманда көптеген жыртқыш аңдар, мысалы, жолбарыстар, аюлар тіршілік етті. Жеке жүргенде олардан құтылу мүмкін болмады. Сонымен бірге зілді аулауға көп адам қажет болды. Бұлардың бәріне бір адамның шамасы келмейтін болғандықтан, адамдар ежелгі ұжымдарға – адамдар қауымына бірікті. | ФТ. Оқушылар қолдарын жоғары көтере созылып, жеміс жинау ишаратын жасайды. ФТ. Оқушылар бастарын жан- жақтарына кезек-кезек бұрады. ФТ. Оқушылардың жауаптары. Адамдар бірге өмір сүргенде:
| | |
Соңы | «Болжамдар ағашына» қайта оралайық. Сендердің қандай болжамдарың орындалды? «Иә-жоқ» ойыны.
| ФТ. Оқушылар «Болжамдар ағашына» қарап, қандай болжамдар орындалғаны туралы сұрақтарға жауап береді. | ҚБ | «Болжамдар ағашы» |
|
Оқушы дәптеріндегі С. тапсырмасын орындау. Сабақ соңында көңіл күйіңе қатысты суретті белгіле. | Оқушылардың жауаптары: 1. Иә. 2. Жоқ. 3. Иә. 4. Жоқ. 5. Иә. Оқушылар сабақта не ұнады, не ұнамады, не түсініксіз болды соған қатысты белгілейді. | | Оқушы дәптері |
-
сабақ
Ортақ тақырып: Бөлімше: | Саяхат 3.2. бөлімше Қазақстанның тарихи тамыры | |
Педагогтің аты-жөні: | | |
Күні: | | |
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Сақтар деген кімдер? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 1.3.2.1 – көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау. | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
|
| Кейбір оқушылар:
| ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Жұмыс істеуге оң психологиялық көңіл күй қалыптастыру. | Оң психологиялық көңіл күй қалыптастырады. | | | |
| Мұғалім: – Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын! Біз тағы да білімнің сиқырлы әлеміне аттанамыз! Естеріңде болсын: тыңдаған кезде ұмытып қаласыңдар, көрген кезде түсінесіңдер, әрекет жасағанда үйренесіңдер. Бүгін сендер тыңдап, көріп қана қоймай, сонымен бірге талқылап, өздерің әрекет етіп, бір-бірлеріңе көмектесулерің қажет! | | ҚБ «Мадақтама» тәсілінің көмегімен өзара баға қою. | | |
| Ж. Оқушы дәптеріндегі С. тапсырмасын орындау. | Оқушы дәптеріндегі С. тапсырмасын орындау мұғалімнің көмегімен. | | Оқушы дәптері | |
Ортасы | Мақсаттық тұжырымдау Ж.Ұ. Мұғалім: – Екі жарым мың жыл бұрын Қазақстан аумағында керемет халық – сақтар өмір сүрген. Алтай таулары мен Қара теңізге дейінгі жазықта өмір сүрген сақтар тек қазақтардың ғана емес, басқа да түркі тектес халықтардың ежелгі ата- бабалары болып табылады. | ФТ. Оқушылардың жауабы:
| ҚБ | Сақтар бейнеленген сурет |
| «Сақ» түсінігімен жұмыс.
Бүгін сақтар туралы айтылады. «Сақ» түсінігімен жұмыс.
Мұғалім: – Сөздікте сақтар – өте ерте заманда Қазақстанның аумағында өмір сүрген көшпелі тайпалар деп жазылған. Мұғалім сақтар бейнеленген суретті көрсетеді. Ежелгі сақтар туралы ақындар мынандай жолдар жазған: Баяғы замандардан Есік қорған – Сақтарға атамекен бесік болған. Асқарлы Алатаудың саясында Бабалар өмір сүріп, асып толған. Мұғалім: – Бұл жолдарды қалай түсіндіңдер? Мұғалім оқушылардың ойын толықтырады:
жұмыстарын жүргізгеннен кейін тілсіз обалар ержүрек, еңбекқор, тәкаппар халық туралы сыр шертті. Қазба жұмыстары кезінде әдемілікті бағалай білетіндерді таңғалдырған керемет | ФТ. Оқушылардың жауаптары:
жауынгерлер деуі мүмкін. ФТ. Оқушылар:
Уақыт зымырап өтіп кетті, сақтарды бүгін біз тек аңыздардан естиміз. | | Стикерлер Оқулық |
| зергерлік бұйымдар, сонымен бірге қыш ыдыстар, темір семсерлер табылған. Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, сабақта не туралы сөз болады? Мұғалім: – Сабақ соңында өз жұмыстарыңа баға берулерің қажет: өте жақсы (бәрін түсіндім!), жақсы (кейбір түсініксіз нәрселер бар!), нашар (түк түсінген жоқпын!). «Өте жақсы» деген бағаға жұмыс істеулеріңе тілектеспін! Оқулықты ашыңдар: оқулық мәтінімен жұмыс (параграфтың 2-3 абзацтары). «Автобус аялдамасы» тәсілі. Мұғалім сұрақтарды біртіндеп оқиды, оларға мұғалімнің өзі немесе оқушылардың бірі жауап береді. | Оқушылар:
білетін боламыз;
Ж. Оқушылар мәтінді кезектесіп оқиды (бір сөйлемнен). Сабақтың басында оқушылар мұғалімнің үстелінен стикерлерді алып, оған тақырыпты оқып- үйрену барысында пайда болған сұрақтарын ауызша дайындайды. «Автобус аялдамасы» тәсілі. Сұрақтарға оқушылардың бірі жауап береді. Ж. Оқушылар суретке жұптаса отырып сипаттама беріп, сақтардың мал- шаруашылығымен айналысуы туралы қорытынды жасайды. | | Оқулық Оқушы дәптері |