Файл: Оулыты тарауларына арналан сабатарды ысамерзімді жоспарлары саба.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 334
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | – Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын жайып, сосын түсіреді). | | |
Ортасы | Мұғалім: – Халықта «Отансыз адам – армансыз бұлбұл» деген сөз бар. Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз сабақта не туралы айтатын боламыз? («Болжам» әдісі) Мұғалім: – «Отан» сөзі әр тілде түрліше айтылады: орыс тілінде – Родина, ағылшынша – Motherland. Біз өмір сүріп жатқан ел қалай аталады? Қазақстан Республикасы – біздің үлкен Отанымыз. Біз осында туып-өсіп, өмір сүрудеміз. Біздің еліміз өте әсем және бай. Қазақстанның аумағы батысында – Каспий теңізінен, шығыста – Алтай тауларына дейін созылып жатыр (картадан көрсету). Үлкен Отаннан өзге әр адамның туған өлкесінің не екенін білетін боласыңдар. Бүгін сабақта не туралы сөз болады? Ұ. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады:
| Отанымыз – Қазақстан Республикасы бойынша саяхатты бастайды. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөліседі. | | |
| Біздің Республикамыздың аумағында астық өсіріп, малшаруашылығымен айналысатын, кен өндіретін көптеген облыстар мен ауылдар, қалалар бар. – Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер? Ал бұл қалалар несімен бай? Мұны қазір «Тауып көр» ойынын ойнағанда білетін боламыз. Мына суреттерде не бейнеленген және олар қай қалалармен байланысты? Алматы – алма; Қарағанды – көмір; Қызылорда – күріш; Шымкент – мақта; Петропавл – бидай; Атырау – мұнай. Мұғалім: – Балалар! Біздің Отанымыздың қаншалықты қуатты және әсем екендігіне көз жеткіздіңдер. Саяхатымызды карта бойынша жалғастырамыз. Қазақстанның картасынан өздерің тұратын қаланы, ауылды табыңдар. Бұл елді мекен Қазақстанның қай облысында орналасқан? «Оқушы дәптерін» ашыңдар. Ж. Оқушылар А. тапсырмасын «Оқушы дәптерінде» орындайды. Олар мұғалімнің көмегімен өздері тұратын елді мекеннің Қазақстанның қай бөлігінде (батысында, шығысында, | Оқушылар: Шымкент, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Атырау қалаларын атайды. Алматы – алма; Қарағанды – көмір; Қызылорда – күріш; Шымкент – мақта; Петропавл – бидай; Атырау – мұнай. Қазақстанның картасынан өздері тұратын қаланы, ауылды табады. А. тапсырмасын «Оқушы дәптерінде» орындайды. | | Тақтада Қазақстанның физикалық картасы Алма, көмір, күріш, мақта, бидай, мұнай бейнеленген суреттер. Оқушы дәптері |
| солтүстігінде, оңтүстігінде немесе орталығында) орналасқанын анықтайды. «Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырмасын орындаңдар. Сөйлемді аяқта. Мұғалім: – Адам тұрып жатқан қаланы, ауылды туған өлке деп атайды. Тақтаға «Менің туған өлкем» негізгі сөздерін жазады. Осы негізгі сөздерді жұптасып талдаңдар.
Ж. Оқушылар жауаптарының нұсқалары: Менің – бұл жерде менің отбасым, менің достарым, менің үйім, менің көшем, менің мектебім сияқты мағынада қолданылады. Туған өлке – бұл біздің кең-байтақ Отанымыздың шағын бөлшегі. Отан – бұл мен туып-өскен және менің жүрегіме жақын адамдар өмір сүретін жер. Оқулықта шағын Отан туралы не айтылғанын оқиық. Мәтінді оқып, бір- бірлеріңе жұптасып сұрақтар қойыңдар («Өзара сұрақтар» тәсілі). | «Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырмасын орындайды. Сөйлемді аяқтайды. Менің – бұл жерде менің отбасым, менің достарым, менің үйім, менің көшем, менің мектебім сияқты мағынада қолданылады. Туған өлке – бұл біздің кең- байтақ Отанымыздың шағын бөлшегі. Отан – бұл мен туып-өскен және менің жүрегіме жақын адамдар өмір сүретін жер. Оқушылар оқулықтың туған өлке туралы мәтінін оқиды. | | Оқулық |
| Ж. Мұғалім: – «Отан» сөзі – қасиетті сөз. «Отан – отбасынан басталады» деген нақыл сөз бар. Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған- туысқандарымен жақындарымен тұратын атамекені. «Идеялар қоржыны» тәсілі. Жапсырмаға туыстар шеңберіне кімдер жататынын жазып, тақтада суреті салынған кәрзеңкеге жапсырыңдар. Ұ. Сергіту сәті (өлең) Туған өлке – туған жерің, адамның жүрегі мен жанына ең жақын бөлігі. Біз ол туралы не білеміз? – Сендерге басқа бір елден қонақтар келді делік. Олар сендерге қалаларың немесе ауылдарыңдағы ең қызықты әрі тарихи орындарды көрсетулеріңді өтінді. Сендер оларға не көрсетесіңдер? | Оқылған мәтін бойынша оқушылар бір-біріне жұптасып сұрақтар қояды. ФТ. Балалар ата-ана, бауырлар, қарындастар, әжелер, аталар және т.б. сөздерді жазып кәрзеңкеге салады (жапсырады). Сергіту жаттығуын орындайды. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөліседі. | | |
Соңы | Мұғалім: – Көп аузынан түспейтін, Отан деген немене? Оның мән мағынасын, досым білгің келе ме? Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң, Отан – аудан, ауылың. | | ҚБ | |
| Мұғалім: – Сендер үшін Отан неден басталады? «Басқаға бер» ойыны. Мен қазір сендердің біреуіңе доп беремін. Оқушы сұраққа «Отан мен үшін ... басталады» деп жауап беріп, допты ары қарай беріп жібереді. Келесі бала да солай жауап береді, жалғастырады. Мұғалім: – Ал, балалар, сабақтың соңында ұсынылып отырған Бақыт, Қуаныш, Қызықсыз аралдардың қайсысында тұрғыларың келетінін таңдаңдар. («Аралдар» тәсілі). Неліктен осы аралды таңдап алдыңдар? Оқушы дәптеріндегі тапсырманы орындау. | Ф.Т. Оқушылар «Басқаға бер» ойынын пайдалана отырып, «Отан мен үшін неден басталады?» деген сұраққа жауап береді. Өздерінің психологиялық жағдайына оқушылар өз бетінше талдау мен өзіндік баға береді. Оқушы дәптеріндегі тапсырманы орындайды. | Өздерінің психологиялық жағдайына оқушылар өз бетінше талдау жасап, баға береді. | Доп Оқушы дәптері |
- 1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 24
сабақ
Ортақ тақырып: Бөлімше: | Бізді қоршаған әлем 2.2. Климат және ауа райы | |
Педагогтің аты-жөні: | | |
Күні: | | |
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жыл мезгілдері | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 1.2.3.1 – жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
| ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | ФТ. Мұғалім сабақты бастайды.
Қоңырау сыңғырлап, сабаққа шақырды, Сабақта болыңдар зейінді, ақылды.
(әр сабақта біз өзіміз үшін жаңадан бір нәрсе ашуымыз керек).
дамытуымыз керек? (елестете білу, тыңдай білу, бақылай білу, тілімізді дамыту икемділігі).
| Сәлемдеседі. | | Өлең жолдары |
| Табиғат қандай әсем, керемет неткен! Сұлулығын көрген жан елең еткен. Көкжиектен Күн шығады бір сәтте, Сәулесі жарқырап күнде жеткен. Біз бүгін табиғатта болатын өзгерістер туралы, олардың өмірімізге әсері туралы айтатын боламыз. | Сабақтың тақырыбымен танысады. | | |
Ортасы | ФТ. – Балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын, жұмбақтарды шешіңдер. Табиғат атты ананың Төрт бойжеткен қызы бар. Көркі де солар даланың, Ісіне адам қызығар. (Жылдың төрт маусымы) Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. (Күз) Суда мұз бар, Жерде қар бар. Боран борап соғады. Бұл қай мезгіл болады? (Қыс) Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай-салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады. (Көктем) | Жұмбақтарды шешеді. | ҚБ | Жұмбақтар |
| Өрік, алма, жидек, жүзім піседі. Қауын-қарбыз, қияр, сәбіз Дүкендерге түседі. (Жаз) ФТ. Мұғалім әңгіме ұйымдастырады:
ауысқанда табиғатта қандай өзгерістер болады? ФТ. Мұғалім оқулықпен жұмыс ұйымдастырады:
отбасыларыңмен бос уақытты қалай өткізесіңдер? Ж. – Бос уақытты табиғатта өткізудің денсаулық пен көңіл күй үшін маңызы туралы қорытынды жасаңдар. Өз қорытындыларыңды жұппен талдаңдар. ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.
| Сұраққа жауап береді. Балалар мәтінді оқып, суреттерді қарап шығады, сұрақтарға жауап береді. Өз қорытындыларын жұппен талдайды. Сергіту жаттығуын орындайды. | Тапсырма. Критерий А. Жыл маусымы бейнеленген суреттерді оның атауларымен сәйкестендір. Дескриптор
бейнеленген суретті оның атауымен сәйкестендіреді.
бейнеленген суретті оның атауымен біріктіреді. Тапсырма. Критерий В. Ұсынылған суреттердің ішінен қыста серуенге киетін киім мен аяқкиім таңдайды. Өз таңдауын түсіндіреді. Дескриптор
| Оқулық, суреттер |