Файл: дістемелік кабинет) емтихан тапсырмаларыны жинаЫ (Кмекшірал).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 693
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан үзінді
…Кешкірген бұлыңғыр күн, жапалақтаған қар... Арыз айтуға қыз келер деп кім ойлаған!? Келген бетінде кие сөйлеп, бәрінің көңілін сөзіне аударып әкеткен Ұлпан қыз екендігін аңдатпауға тырысып еді. Солай бола тұрса да, қыздың аты қыз ғой, атақты батыр, атақты әділ би атанған Есенейге қыз көзімен бір қарап қалғанын өзі де сезбеген.
Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған. Қалың, қара шұға жалбағай бет-аузын жауып кеткенімен, атандай қара кер аттың үстіндегі зор денелі адамның Есеней екенін Ұлпан да ішінен таныған. Бес жасар кезінде көргені де, қорқатыны да есіне түскен. Бірақ өзін танытпай кетті.
Есеней тобы аңырып қалды. Не істеу керек? Қара жорғаны қыздың айыбы деп қалай алып қалар? Сұңғыла қыз бұларға бір ұяларлық ұпай салып кетті емес пе!? Ие, «малым — жаным садағасы, жаным — арым садағасы» дейтін елдің нақылын еске алсаң, лайықты жұмыс болмапты.
-
Артықбай батырға тізе көрсеткендей болып келгеніміздің өзі қандай айып! Қызының атын айыпқа алып қалғанымыз - екінші айып. Арыз айта келген қыздың атын айыпқа алып қалғанымыз айып біткеннің ішінде ел естімегені болар! — деп түрікпен Мүсіреп Есенейдің бетіне тура қарады.
Есеней өмірінде айып тартып көрмеген, айып-жазасы болған адамдарға қатал жаза беруді жақтайтын би еді. Болмашыдан айыпты болғанына әрі күлкісі келеді, әрі шешімін таба алмай тұрғаны анық. Артықбай - оны бір рет намыс өлімінен айырып алған, екінші рет өлімнің өзінен айырып алған кәрі жолдасы, батыр адам.
-
Қара жорғаның мойнына ат қосақтап қайтарған дұрыс болар! — деді түрікпен Мүсіреп. -
Айналайын адаcым-ай, таптың, таптың! Менің кәрі бозымды бірге қосақтап жібер! — деді ақ көңіл аңшы.
Есеней «жөнел!» деген бұйрығын Кенжетайға иегімен нұсқады.
(250 сөз)
Тапсырма:
-
Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.
-
Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.
-
Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
-
Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.
«Біржан-Сара» айтысындағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
15
9-сынып емтихан тапсырмалары
Жалпы білім беретін мектептерге. ІІ нұсқа А бөлімі
Қазақ әдебиеті
Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.
-
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында Құлагердің мерт болуы қай бөлімде айтылады? А) Ас
В) Жалғыз қазық
С)«Бай-бай, Құлагерім!..» Д) Құлагер
Е) Егес
-
Бұқар жыраудың толғауларын көрсетіңіз. А) «Тілек»
В) «Ердің бақыты – әйел» С) «Ай, Абылай, Абылай!» Д) «Не қымбат?»
Е) «Айналайын Ақжайық»
F) «Күлдір-күлдір кісінетіп»
-
Ш.Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының күнделігінде» кездесетін 3 тұжырымды белгілеңіз (√).
Тұжырымдар | √ |
1) Үлкен ағам Қожабай көлінің басынан Лебяжі теміржол стансасына алып шықты. | |
2) Біздің қазақтардай киіз үйде не керует, не абдыра-сандық, не кілем жоқ. | |
3) «Қасқыры мен түлкісінің ен-таңбасына дейін білемін.» | |
4) Таспа – Жырғалаң жазығын Түп алқабынан бөліп тұратын тау жотасы. | |
5) Аягөз дегенің – шағын ғана станция. | |
-
Берілген үзінділерді шығарма атауларымен өзара сәйкестендіріңіз.
Жазушылар | Шығармадан үзінділер | Сәйкестендіру жауабы |
1. М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» | A) Бұдан он үш жыл бұрын көрген бала қыз әлдеқашан есінен шығып кеткен. | 1 |
2.Б.Майлин «Шұғаның белгісі» | B) Ғали бір болыста басқа ауылнайға қараған Дүйсебек деген кісінің баласы еді. | 2 |
3.Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» | C) Көкек туа елге оралған Сырым екі-үш апта ешкіммен тілдеспей, үйінде тым- тырыс жатып алып-ақ еді... | 3 |
4. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» | D) Менің бір Базарбай дейтін інім сол Есімбектің қойын бақты. | 4 |
5. Т.Ахтанов «Күй аңызы» | E) Бесікте жатқанда құлағына анасының әлдиі сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. | 5 |
6. Қ.Мұханбетқали ұлы «Тар кезең» | F)Жаңыл нарды үйге жақынырақ әкеліп байлады. | 6 |
16
9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан үзінді
Есімбектің үлкен үйі лық толған адам, қымыз ішіп айдай қызды-қызды болып жатыр екен. Мен тегіс араладым. Бір отауда Шұға кездесті. Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым. Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау!.. Акқудың көгілдіріндей осы аппақ. Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандандырып, құбылдырып тұрды.
Маған қарап Шұға күлді.
-
Мезгілімен келіп көрістіңіз-ау, - деді. Мен не айтарымды білмедім. Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды. -
Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға.
Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім.
-
Әбдірахман ғой, - дедім. -
Әбдірахманың кім? -
Қазақбайдың баласы. -
Ия, әлгі учитель баласы ма? -
Ия. -
Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның бізге сығалап қарап тұрғандығы білінді.
...Әбдірахман мектепті бітіргенде, дыбысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек. Дуандағы нәшәндік «тілмаш» бол деп өтінген екен, болмай елге келді. Нақ сол кезде болыстың песірі өліп, песірсіз тұр еді. Әбдірахманға песір бол деп жабысты, оған да болмады. Жамантік болысындағы бір байдың школына барып, бала оқытты. Содан бері қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы июньнің бас кезінде келіп еді. Содан бері Әбдірахманды көргенім. Маған: «Маған көріспейсің бе?» - деп қалжыңдады.Әзілдесіп үйге кірдік. Төр алдында Қажыбай әңгімені көсілтіп отыр екен, бізді көрген соң жым болды.
(247 сөз)
Тапсырма:
-
Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.
-
Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.
-
Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
-
Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Н. Айтұлының «Бәйтерек» поэмасында жырланған қазақ халқының өткені мен бүгінін салыстыра отырып, құндылығы тұрғысынан талдап,150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
17
9-сынып емтихан тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Жалпы білім беретін мектептерге. ІІІ нұсқа А бөлімі
Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.
-
«Кенесары - Наурызбай» жырында кездесетін кейіпкерді табыңыз. А) Абылай
В) Бұғыбай С) Қабанбай Д) Наурызбай Е) Махамбет
-
«Бала би мен Сырым» шешендік сөзінде «Дүниеде не тәтті?» деген сұраққа Сырым қалай жауап береді?
А) «Аста тұз тәтті» В) «Бала тәтті»
С) «Жан тәтті»
Д) «Адамда дос тәтті» Е) «Мал тәтті»
F) «Ұйқы тәтті»
-
«Біржан – Сара» айтысының сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).
Тұжырымдар
√
1) Біржан сал Сараны өзі іздеп келеді.
2) Сара өзін көлдің сұқсырына, Біржанды қаршығаға балайды.
3) Біржан өзін ақтұйғынға, Сараны қыран құсқа балайды.
4) Сара Найманның жақсыларына мұңын шағады.
5) Айтыста Сара жеңіске жетеді.
-
Берілген үзінділерді шығарма атауларымен өзара сәйкестендіріңіз.
Ақын- жыраулар | Шығармадан үзінділер | Сәйкестенд іру жауабы |
1. Бұқар жырау Қалқаманұлы «Тілек» | A)Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң, Шын інім болсаң, бас ұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған. Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те, Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте. | 1 |
2. Махамбет Өтемісұлы «Мен, мен едім, мен едім» | B) Бір үйде қобыз даусы шымырлаған, Күңіреніп кейде, бірде ыңылдаған. Бір кезде бебеу қағып, күшіктей боп Қыңсылап, сыңсығандай күй жылаған. | 2 |
3. І.Жансүгіров «Құлагер» | C) Оныншы тілек тілеңіз: Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды күнде айналған, Бұлтты күнде толғанған... | 3 |
4. Т.Айбергенов «Сағыныш» | D)Туыңдай қанат керген желді күнгі, Танытты кең әлемге теңдігіңді. Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап, Ұстай біл асқақтатып Елдігіңді! | 4 |
5. Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» | E) Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім... | 5 |
6.Н.Айтұлы «Бәйтерек» | F) Біреудің күлкісін көріп, бақыттының түр-түсін көріп, шаттанып қалған шағымда, жеткендей арман-сағымға, қуаныштан дірілдеп денем, алдыңа күлімдеп келем. | 6 |
18