Файл: дістемелік кабинет) емтихан тапсырмаларыны жинаЫ (Кмекшірал).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 683
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романынан үзінді
Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да — бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.
Ол-ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау — бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны — күмбез, желі — жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне?
Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда үн- түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса — жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным ашып, жылағым келер.
...Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме
«Бесік жырын» айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын.
(217 сөз)
Тапсырма:
-
Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.
-
Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.
-
Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
-
Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы әйелдер бейнесін заманауи тұрғыда салыстырып,
«Мен қазақ әйеліне қайран қалам» тақырыбында 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
19
9-сынып емтихан тапсырмалары
Инновациялық мектептерге. І нұсқа А бөлімі
Қазақ әдебиеті
Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінің негізгі тақырыбын көрсетіңіз.
-
Отаршылдық туралы -
Оқу-білім туралы -
Нақты соғыс оқиғасы туралы -
Туған жерді аңсау -
Табиғат туралы
-
Т.Айбергеновтің өлеңдеріне жазылған 2 әнін көрсетіңіз. А) «Ақ қайыңдар»
В) «Сағыныш»
С) «Жаңғырған Маңғыстау» Д) «Уақыт»
Е) «Досқа сын»
-
«Қанат»
-
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романында кездесетін 3 мақал-мәтелді белгілеңіз (√).
Мақал-мәтелдер
√
1) Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар.
2)Бала - бауыр еті,көздің нұры.
3) Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.
4) Баласыз әйел – панасыз.
5) Сорлының зары арлыға кездескей.
-
Билер мен жыраулардың айтқан сөздерін өзара сәйкестендіріңіз.
Билер мен жыраулар | Шешендік сөздері | Сәйкестенд іру жауабы |
1.Шалкиіз жырау | A)Біртіндеп садақ асынған, Біртіндеп жауды қашырған, Адырнасын атқа алған, Атар оғын тайға алған, Қорамсаққа қол салған, Қозы жауырын оқ алған. | 1 |
2.Мөңке би Тілеуұлы | В) Қара бас құспен шалдырып, Көк теңіздің үстінде Көтеріп желкен аштырып Жүк тиедің кемеге Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге! | 2 |
3.Әнет би Кішікұлы | C)Жарлауғабіткен жапырақ- Жамылсақ тоңар ма екеміз! Тобылғы сапты қамшы алып, Тұмар мойын ат мініп, Қоныста қарар ма екеміз! | 3_ |
4.Ақтамберді жырау | D)Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі. Жаудан бұққан немені, Ортасына қуса игі! | 4 |
5.Төле би | E) Жазылмаса дерт қиын Іске аспаған серт қиын. Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын, Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас миың. | 5 |
6.Қазыбек би Келдібекұлы | F)Үш арсыз бар: ұйқы арсыз,тамақ арсыз,күлкі арсыз.Үш ғайып бар:ажал ғайып,қонақ ғайып, несібе ғайып.Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез, кәрілік, ажал. Үш қадірсізге: жігіттік,денсаулық,әйел жатады. | 6 |
20
9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романынан үзінді
Бір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір тѳбешікте құпия сѳйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі - мағлұм, Сәрсенбай, екеуі – сол елдегі атқа мініп жүрген, пысықшалау адамдар еді. Әлгі екеуі Сәрсенбайға қарап: «Сәрсеке, бұл заманның ѳзі қорыққанды сыйлайтұғын заман болды, азырақ дәреже біткен кісі - бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті біздің сізге айтқалы келген сѳзіміз - Алла тағала сізге біреуден артық, біреуден кем дәулет беріп, екінші мынау бір жаман немеңіз бар. Бұл заман екі айналып келмес, бір күндерде малың шығын болып, басқа да зар болдыңыз, «қубас» деген сѳзді естіген күніңіз болды. Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Кѳп болса, үш жүзтеңге шығар. Сіз мақұл кѳрсеңіз, біз ѳзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сѳзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойлаймын. Ѳзіміздің Нүрпейіс би ризалығымен берсе, жолын алар, болмаса тәуекел деп тapғa түсерміз,» - деп, неше түрлі тәтті сѳздермен 14 құбылтып, Сәрсенбайды азғыра бастады. Сәрсенбай қанша момын адам болса да, сѳзге бұрылмайтын пенде бола ма, дәулетке қызығып, біраздансоң: «Ѳздерің біліңдер,» - деп жауап қайтарды.
Сәрсенбай бұрын Жамалды жақсы кѳріп, ѳзінің теңіне беремін деп жүруінде еш шүбә жоқ еді. Бұл сапарда, сайлауда кѳлденең кісілердің сѳзі қамшы болып, «не қылса да, Байжанмен құда боламын,» - деп жауап қайтарды. Бір айдан соң батасы қырық жетінің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп, Байжан келіп құда түсті. Сүйіп болған құдасын Сәрсенбай китке разы қылып қайтарды.
(239 сөз)
Тапсырма:
-
Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді? Автор көзқарасына талдау жасаңыз.
-
Автор повестің өн бойынан көрініс тапқан кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінезін, қасиетін қалай көрсете білген? Кейіпкерге қандай баға беріп, талдар едіңіз?
-
Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз.
-
Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінде айтылған ата-баба жолы, ұлттық тәрбие, елдік намыс, Отаншылдық, өнегелік істерін қазақ халқының бүгінімен салыстыра отырып, құндылығы тұрғысынан талдап, 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
21
9-сынып емтихан тапсырмалары
Инновациялық мектептерге. ІІ нұсқа А бөлімі
Қазақ әдебиеті
Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.
-
М. Өтемісұлының дәуір шындығын бейнелеп,асқақ рух пен болашаққа деген сенімінің үлгісі қай жырда берілген?
А) «Еменнің түбі- сары бал» В) «Мен, мен мен едім»
С) «Исатай сөзі» Д) «Жалған дүние»
Е) «Желп-желп еткен ала ту»
-
М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындығы 2 кейіпкерді көрсетіңіз. А) Күлпаш
В) Шолпан С) Қасым Д) Раушан Е) Байжан
F) Ұлпан
-
Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).
Тұжырымдар | √ |
1)Қос салт аттының жол үстіндегі әңгімесі | |
2)Жолаушылар жалғыз нарға кезікті, домбыраға тіл бітіп, жалғыз қараша үйге келді. | |
3) Естемес Оразымбетке күйшілігімен қоса өз өмірін үлгі етуін айтты. | |
4) Шал мен Оразымбет бір-біріне қолқа салды. | |
5)Күйші жолын жас жігітке береді, нар иеді. | |
-
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романында берілген портреттерге қатысты кейіпкерлерді өзара сәйкестендіріңіз.
Кейіпкерлер | Портреттер | Сәйкестендір у жауабы |
1.Есеней | А) Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын сотқарлау,арамадам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап, аңды күндікжерден үркітіп жібереді. | 1 |
2.Айтолқын | В) Қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек.Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі.Аяғында кестелі етігі бар.Көз қиығының құйрығы азғана көтеріңкі. | 2 |
3.Еменалы | С)Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті- басы қол батпайтын білеудей-білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. | 3 |
4.Торсан | Д)Аты әйгілі барымташы, қанішер, баукеспе ұры, жүз жігіт ұрысы бар, қарақшы. | 4 |
5.Қожық | Е)Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. | 5 |
6.Шынар | F)Бойы шарғылау,өзін бәрінен жоғары ұстайды, сон дай-ақ, көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады. | 6 |
22