Файл: дістемелік кабинет) емтихан тапсырмаларыны жинаЫ (Кмекшірал).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 682
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9-сынып емтихан тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Арнайы ұйымдарға, арнайы сыныптар мен топтарға А бөлімі
Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Н.Айтұлының поэмасының атын табыңыз.
-
«Құлагер» -
«Бәйтерек» -
«Шұғаның белгісі» -
«Сағыныш» -
«Ұлпан»
-
Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі 2 кейіпкерді көрсетіңіз.
-
Назира -
Есен -
Жаңыл -
Ұлпан -
Оразымбет -
Шұға
-
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).
Тұжырымдар
√
1) Арқа елінде Сағынай деген бай той өткізеді.
2) Бәйгеде мың үш жүз ат бақ сынайды.
3) Құлагер бас бәйгені жеңіп алады.
4)Күреңбай сыншы Құлагерге сын айтып, баға береді.
5)Сағынайдың асына Ақан арнайы шақыртумен келеді.
6)Даңқынан сескеніп, қызғаныш оты кернеген Батыраш Құлагерді қапияда
мерт қылады.
-
Билер мен олардың айтқан сөздерін өзара сәйкестендіріңіз.
Билер | Шешендік сөздері | Сәйкестендіру жауабы |
1.Төле би Әлібекұлы | А) Адал болса, досың жақын, Еркелейтін немерең жақын. Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын. | 1 |
2. Мөңке би Тілеуұлы | В) Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не? | 2 |
3. Қазыбек би Келдібекұлы | С) Түрлі-түрлі халық болады, Күндіз-түні жарық болады... Адам ақысыз жұмыс істемейді, Дүниені түрлеп кестелейді. | 3 |
4. Әнет би Кішікұлы | Д) Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағың. Әйелің жақсы болса: Бірінші-иманың, Екінші-жиғаның, Үшінші- ырысыңның тұрағы. | 4 |
5. Әйтеке би Байбекұлы | Е) Үш күшті бар: ақыл күшті, жүрек күшті,тіл күшті. | 5 |
6. Бала би Есенәліұлы | F) Суалмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ, Құйрығы суда тұрса да, Қурамайтын құрақ жоқ. | 6 |
26
9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан үзінді
Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... Ол да бір дәурен... иә... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де «Шұғаның белгісі» атанды, бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су... Ол уақытта жердің берекесі қандай! Өзіміздің ел қаншама, оның үстіне түу Сырдан келіп жаппастар да қонады... Кейінгі кезде ғана жаппас келуін қойды ғой.
Біздің Беркімбай дейтін жақын ағаларымыз болады. Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып алды. Осы күні кедей. Сол Беркімбайдың әкесінің нағашысы - жаппас Есімбек дейтін болды. Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол «Өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді.Өзі де жомарт, қонақпаз еді. Елге жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды - шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап ескен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе, Шұға. Шұға, өй шіркіннің, өзі де келбетті-ақ еді... аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда?! Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма білмейсің, ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой...
Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда, құдай сана берсін десейші...
(241сөз)
Тапсырма:
-
Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз, оқиға орнын, уақытын және кейіпкерлерін анықтаңыз.
-
«Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда?! Ажары тәуірлеу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің...» деген автор пікіріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Осы пікірмен келісесіз бе, жоқ па? Ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.
-
Үзіндіде берілген портреттік суреттеулерді тауып, Шұға және оның замандас қыздары мен жаңа дәуір қыздарының іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.
-
Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романындағы негізгі идеяны баршаға ортақ мәселе тұрғысынан қарастырып, «Жаңалық пен даналықтың үлгісі» деген тақырыпта 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
27
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
(орыс тілінде оқытылатын сыныптарға)
Жалпы білім беретін мектептерге. І нұсқа 1-тапсырма . Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы
«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,-дейді қазақ халқы. Өз еңбегімен танылған азаматтар мен кәсіпорындар да көп. Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын – «Абзал және К» ТС-і (Толықсеріктестігі). Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.
«Абзал және К» ТС-і 2017 жылдың қорытындысымен «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан үздік сапа белгісін алса, 2019 жылы желтоқсанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шарада компания басшысы Мағжан Ералиевке «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының Алтын жүлдесін табыс етті.
Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді. Компания жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Россия, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Монғолия т.б. елдерге экспортқа шығарылады. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды.
Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания
туған жері- Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді. Мұнан өзге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания 54 жаңа еңбек орнын ашып, жалпы 400-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңа күріш зауытын, «Мүсірәлі» мешіті мен медресесін, Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында стадион, ауылдық округ әкімдігі ғимаратын салып, ауылдағы мұражайға күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізді. Ауылды толықтай көгалдандырды. Ауылдағы тұрмысы төмен, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың үйлеріне қайта жөндеу жүргізіп берді. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.
«Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ»,- дейді халық даналығы. Жас болса да бас болып компанияны басқарып отырған Мағжан Ералиев:«Біздің мекеме – Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Сондықтан Германиялық PETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш рет егістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау, қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирма ретінде бізді қызықтырады. Біз бұл фирмамен серіктестікке дайынбыз. Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз. Жаңа технологиялармен еңбек ету, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты маңызды салаларға да қызметкерлерді дайындау алдағы мақсатымыз», -дейді. Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза.
(343 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Ғұмыр – Ісімен – Қамтамасыз етіп отыр- Түгел – Еңбексіз –
28
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
-
тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз
Мысалы:«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,- дейді қазақ халқы. Қазақ халқы
Жауабы:Қазақхалқыөмірдіңнегізіжерекенін,адамныңнесібесіеңбекекенін айтқан.
-
Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын - «Абзал және К» ТС-і.
«Абзал және К» ТС-і _
-
Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.
Жас кәсіпкер Мағжан
-
Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді.
Нағи Ілиясов ауылындағы
-
Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды. Қазіргі таңда
-
Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания туған жері – Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді.
Компания
-
Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.
Ауыл
-
«Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ», – дейді халық даналығы. Халық даналығы
-
Біздің мекеме – Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Қазақстандағы
-
Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз.