Файл: дістемелік кабинет) емтихан тапсырмаларыны жинаЫ (Кмекшірал).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 681

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Қазақ әдебиеті

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен үзінді

Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануар болмысы жайлы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын... Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы шынайы сезіммен азаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; ненің жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең алдымен, ата-ана, ағайын-туған еді. Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін ұға бермейтінмін және үлкендердің талай-талай өнегесін орындай бермейтінмін... Ол кезде мені қызықтыратыны ертегі- аңыздардың ғажайып оқиғалары еді... Енді, міне, есейіп ер ағасы болғанымда ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой.

Менің ұстаздарым әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қаламмен өрнек жазуға дейін үйретті. Келе-келе жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол жетті... Ал өмірдің өзі ше? Осынша ғұмырымның ішінде түрлі-түрлі күрделі жағдайда: толқымалы тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған, табақтас болған адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға көшіріп, көбік шашқан өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының бәрі де менің тірлігімдегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген, қорған көрсеткен ұстаздарым деп білем. Осындай уақыт талқысы ғана. өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана менің әжемнен үйренген «жақсы», «жаман», «мақұл» деген сөздердің байыбына терең бойлата алды.

Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты...

(245 сөз)

Тапсырма:

  1. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.




  1. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.




  1. Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.




  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Ф.Оңғарсынованың «Өлең,мен сені аялап өтем» атты өлеңінің идеясын талдап, құбылту мен айшықтаудың түрлерін пайдаланып, 150-170 сөзден тұратын әдеби эссе жаз. Эсседе сөз өнеріне қазіргі жастардың көзқарасы мен құрметі тұрғысынан саралауға назар аудар.

23


9-сынып емтихан тапсырмалары

Қазақ әдебиеті



Инновациялық мектептерге. ІІІ нұсқа А бөлімі

Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпан образына тән қатарды белгілеңіз.

  1. кербез, ұшқалақ

  2. шайпау, бірбеткей

  3. момын, аңқау

  4. ақылды, өжет Е) көкірек, сараң



  1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы 2 кейіпкерді көрсетіңіз.

  1. Хас Хажыб

  2. Айтолды

  3. Сухайл

  4. Өгдүлміш

  5. Артықбай

  6. Қанат



  1. Төле бидің «Ердің бақыты - әйел» шешендік сөзінің сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).

Тұжырымдар



1) Данагүл- Артықбайдың қызы.




2) Данагүл жастайынан өте ақылды, ізетті болып өседі.




3)Төле би Данагүлдің ізеттілігін, ақылдылығын байқап, қолына келін қып

түсіреді.




4) Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 түйе атан, 20

жылқы, 50 қойды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер.»




5) Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені - 40 мықты жігіт, 20 бура дегені - 20 палуан, 8 ақбас атан дегені - 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі - баласы және

келіні мына мен ғой».




6) Төле би мен оның серігін қарақшылардан босата алмайды.






  1. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан алынған үзінділерге тән кейіпкерлер бейнесін өзара сәйкестендіріңіз.

Кейіпкерлер

Шығармадан үзінді

Сәйкестендіру жауабы

1.Шұға

А) Сіз білмейсіз ғой...бізбен ағайын, жасы менімен түйедейқұрдас.Жасында болыстың

үйінде бұзау бағып өсіпті.

1

2. Есімбек

В) Бай балаларының ішіндегі момыны. Үн жоқ, түн жоқ, ертеңді-кеш мал соңында

жүреді де қояды.

2

3. Әбдірахман

С) Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. Өзі де жомарт, қонақпаз еді. Елге

жағымды болып тұрды.Мал мен басы бірдей, Құдай тілегін берген бір адам.

3

4. Базарбай

Д) Шіркіннің өзі де келбетті- ақ еді...аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы үріп ауызға

салғандай еді.

4

5. Кәрім

Е) Менің інім байдың қойын бақты. Өзі бала

күнінде епті-ақ еді, былтыр қайтты.

5

6. Ыбырай

F) Менімен құрдас. Сол уақытта да өзі

есерсоқтау еді. Біз мазақ қыла беретінбіз.

6

24


9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Қазақ әдебиеті

Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінен үзінді

Естемес аз уақыт үн шығармай іштей ыңылдап, толқып келе жатты. Кенет атының шылбырын Оразымбетке тастай беріп, қолын кейін созып, қызыл қоржындағы домбырасын суырып алды.

Естемес домбыраның құлағын бұрап күйге келтіріп алып, машықты әуенмен қағып- қағып жіберді. Епті ұзын саусақтар пернені жоғарыдан төмен бірнеше қайтара жүгіріп өтті. Аздан кейін күйші қолы күрмеліп қалғандай бір пернені басып, жалғыз ішекті шерте берді. Белгісіз тың әуен дүниесінің табалдырығынан аттап өте алмай, қиналған түрі бар. Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап қалған; жаңа бір күй сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық бар өңінде. Ат жалына еңкейіңкіреп барып, Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей күзгі қуқыл даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып, домбыраның кеудесінен екі-үш ырғалып, әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бейшараны жұмсақ алақанымен маңдайдан сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес береді. Күй шым-шымдап ішке кіріп, көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір кез майда рақат самалымен желпіп сергіткендей болады.

Оразымбет тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісіден дәл осындай жүрек қылын шертетін нәзік күй шығады деп ойламап еді. Ол ұстазының бетіне қарап, оны жаңа көргендей болды. Терең әжімді, ашаң жүзіне жастық балғын нұр жүгіріп, кішілеу өткір көзі дымқыл тартып, Естемес балқып тұр екен. Салалы ұзын саусағы буынсыз болып кеткендей, жібектей майысып, жыпылдап барады. Жаңағы бір сезімтал майда әуенді қайталап келіп, енді көтеріле бергенде, өрге шыға алмағандай тайғанақтап, күй сазы қайта шегінді. Тағы да бір-екі рет талпынып барып, булығып қалды.

(248 сөз)

Тапсырма:

  1. Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз.




  1. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.




  1. Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.




  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Ш. Уәлихановтың мәңгі өшпес жарық жұлдыз екенін дәлелдеп, «Жарқ етіп сөнген жас ғұмыр» деген тақырыпта 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.

25

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11