Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Геометрия 8сынып рметті малім!.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 167
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-ТОҚСАН
Бөлім: «Аудан» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
1-тапсырма Ұзындықтары 2 м, 3 м және олардың арасындағы бұрышы 300 болатын параллелограмм пішінді тақтайды бояу керек. Егер 1 м2 тақтайға 100 г бояу кетсе, берілген параллелограмм пішінді тақтайды бояу үшін қанша грамм бояу керек? Дескриптор: Білім алушы - параллелограмм ауданын есептеу үшін формуланы қолданады; - есептеулерді орындайды; - тақтайдың ауданын табады; - бояу мөлшерін табады. 2-тапсырма Бір қабырғасы 150 м болатын ромб тәріздес спорт алаңының қарама-қарсы қабырғаларының арақашықтығы 60 м тең. Осы спорт алаңының бір айлық төлеу салығы 1 м2 –ге1200 теңгені құрайды. Бір айда салыққа кететін шығынның көлемін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - ромб биіктігін табады; - ромб ауданын есептеу үшін формуланы қолданады; - есептеулерді орындайды; - алаңның ауданын табады; - салық шығынын табады. 3-тапсырма Параллелограммның сүйір бұрышы 300-қа тең, бір қабырғасы екінші қабырғасынан 4см артық. Параллелограммның периметрі 92 см-ге тең екені белгілі болса, параллелограммның ауданын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Аудан» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
1-тапсырма Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 750-қа тең. Бүйір қабырғасы 24 см. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма Айжан қабырғаларының ұзындықтары 5см, 12см, 13см болатын үшбұрыштардан құралған құрақ тікті. Егер құрақ тігуге 0,3м2 мата кеткені белгілі болса, Айжанның құрағы неше үшбұрышты бөліктен құралған? Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Аудан» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
1-тапсырма Егер АСD үшбұрышының ауданы 192-ге тең болса, онда сызбадағы АВСD трапециясының ауданын табыңыз,. Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма Трапецияның табандары 28см және 11 см, бүйір қабырғалары 25 см және 26см. Трапецияның ауданын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
|
4-ТОҚСАН
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Тапсырма ОАВС трапециясының ауданын табыңыз, егер О-координата басы, А(2;5), В(11;5), С(3; 0) болса. Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Тапсырма АВ кесіндісіндегі А нүктесінің координатасы (5;-3), АВ кесіндісінің ортасы О нүктесінің координатасы (-1; 3). В нүктесінің координатасын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу | ||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| ||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану | ||||||||||||||||
1-тапсырма Суретте кескінделген шеңберлердің теңдеуін жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма Шеңбердің центрі мен радиусын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
3-тапсырма Егер A(-4;0) және B(2;0) нүктелері шеңбер диаметрінің ұштары болса, онда оның центрінің координаталары, радиусының ұзындығын табыңыз және шеңбердің теңдеуін жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Тапсырма Берілген теңдеулер бойынша шеңбер салыңыз: a) (х+2)2+(у-1)2=9; b) х2+(у-2)2=4; c) Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Тапсырма АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары берілген: А(4;6), В(-4;0), С(-1;-4). АВ қабырғасын қамтитын түзудің теңдеуін және СМ медианасын қамтитын түзудің теңдеуін жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
1-тапсырма А(-4;0), В(-1;-2), С(3;-2), D(0;0) нүктелері берілген. АВСD параллелограмм екенін дәлелдеңіз. Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма M(-2;3), N(3;5) және K(3;-5) нүктелері үшбұрыштың қабырғаларының орталары болып табылады. Үшбұрыш төбелерінің координаталарын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
|