Файл: Сауат ашу негіздері дістемелік нсау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 369

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

– Әрине, ауыз. Қараңдаршы, ауыз қуысында нелер бар?

– Тіл, тіс, ерін.

– Бұлар дыбысты айтуға көмектеседі.
– Мен сендерге дыбыс айтамын, ал сендер дыбысты айнаға қарап қайталайсыңдар. Педагог "е" дыбысын айтады.
– "Е" дыбысы ауыз қуысында кедергіге ұшырады ма?

– "Е" дыбысын әндетіп айтсақ болады.

– Е-е-е. Өйткені "е" дыбысы дауысты, оны қызыл текшемен белгілейміз.

"Е" дыбысы ешкі, елік, ерін, етік, есек, ел сөздерінің басында кездеседі.

Кесе, күрек, бел сөздерінің қай жерінде кездеседі?
Бие, шие, түйе сөздерінің қай жерінде кездеседі?Билингвалды компонент: түйе – верблюд, елік – олень.
Сергіту сәті:

Мен өркешті түйемін,
Басымды жерге иемін.
42

Маң-маң басып далада

Жантақ жеуді сүйемін.
Дидактикалық ойын: Бастаушы допты бір балаға лақтырып, бір жануардың атын айтады, бала допты кері лақтырып, оның төлін айтады.
Мысалы: сиыр – бұзау, бие – құлын, түйе – бота, есек – қодық, мысық – марғау.

Педагог артынан қайталайды:
Е-е-е – ат үсінде ер,

Ең-ең-ең – ең үлкені мен,

Ең-ең-ең – екі жағы тең.
– Балалар, енді біз "тең" сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

– Бірінші дыбысты қаттырақ оқимын, т-т-тең.

– Сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс?
– Дауыссыз дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз? Бәріміз көк текшені қоямыз.
Педагог екінші дыбысты қаттырақ созып айтып, екпін қандай дыбысқа түсіп тұрғанын

сұрайды. Те-е-ең.

"Е" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

– Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

– Енді тағы бір дыбыс қалды, тең-ң-ң."Ң" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

– Оны қандай белгімен белгілейміз?

– "Тең" сөзінде барлығы қанша дыбыс бар?

– Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?

"Ер" сөзіне өз беттерімен дыбыстық талдау жасатады.

Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 25 тапсырма орындалады.

Көмек керек балаларға педагог көмектесіп, қатесін түзейді, үйретеді.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Сабақ қызықты болды ма?

26 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «Е» дыбысы .

Мақсаты: "Е" дыбысын қайталау.
Міндеттері: Е дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды: дыбыстық талдау жасайды;
Түсінеді: ойын шартын;
Қолданады: сөздерді буынға бөле білу дағдыларын.

Қолданылатын көрнекі құралдар:
жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: зер, зергер.

Билингвалды компонент: зергер – ювелир
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберіне балаларды тұрғызу.
Ортақ мекен жер шары,
43

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы –

Достығымыз жарасқан.
– Балалар, өткен тақырыбызда біз «Е» дыбысымен танысқанбыз. Бүгін «Е» дыбысын қайталап дидактикалық ойындар ойнаймыз.
2. Негізгі кезең

– «Е» дыбысты есімізге түсірейік, дыбысын әндетіп созып айтып көрейік.

– Е-е-е-е-е-е.
– Әндетіп, созылып, ауыз қуысынан еш кедергісіз шығатын дыбыстарды қандай дыбыстар дейміз?
– Дауысты дыбыстарды, дыбыстық талдауда қандай түспен белгіледік?

– Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгіледік?
– Қазір мен мақал-мәтел айтамын, сендер «Е» дыбысы бар сөздерді естеріңде сақтап қалуға тырысыңдар.
Мақал-мәтел.

1.Ер дәулеті – еңбек.
2.Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.
3.Ер қадірін ел біледі,

Зер қадірін – зергер біледі.

Сөздік жұмыс «Зер» ою өрнек салу.

Зергер – алтын, күміс және асыл тастардан бұйым жасайтын адам.

Билингвалды компонент: зергер – ювелир

Тіл ұстарту.

Ер-ер-ер

Қасиетті жер

Төгілді талай тер.

Жемістерді тер.

Аға соңынан ер.

Сұрағанын бер.
Ел-ел-ел

Соқты самал жел.

Аман болсын ел!

Уақытында кел!

Гүденіпті бұл ел!

Ес-ес-ес алдым кілең бес

Өзіңде болсын сес.
Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап алайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Қолымызды жаяйық,

Құсша қанат қағайық,

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,
44

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.
Дидактикалық ойын: «Жалпы атауын ата»

Ойын шарты: педагог бір топқа жататын сөздерді айтады да, допты балаларға лақтырады.

Допты қағып алған бала жалпы атауын айтуы керек.

Мысалы: Сиыр, қой, жылқы – мал.

Алма, жүзім, өрік – ...

Пияз, сәбіз, картоп – ...

Айгүл, Маржан, Марал – ...

Маса, шыбын, көбелек – ...

Сауысқан, қарға, кептер – ...
Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу.
Көбелек боп ұшамыз,
Көгершін боп ұшамыз.

Ұшып, ұшып аламыз,

Қолға қалам аламыз.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №26 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.



27 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: "І" дыбысы

Мақсаты: "І" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Сөзге дыбыстық талдау жасату, жазуға жаттықтыру, сөздік қорын, тілін дамыту. Түрлі сызықтар, штрихтар жүргізуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды: "Ілмек", "іні" сөздеріне дыбыстық талдау жасайды;
Түсінеді: "І" дыбысының жіңішке дауысты екенін;

Қолданады: сөздерді буынға бөлуді.

Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем суреттер, жұмыс дәптері, қолайна.

Билингвалды компонент: есім – имя, ұзын – длинный, қысқа – короткий.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі


– Балалар, барлықтарыңның аттарың, яғни есімдерің бар. Олар қалай естіледі екен, айтып көрейікші. Шаттық шеңберінде тұрып өз аттарыңды дауыстап айтуларыңды сұраймын. Сендер дайынсыңдар ма? Есімдеріңді өлшеңдер. Кімнің есімі ұзын, ол қол шапалақтайды. Ал кімнің есімі қысқа, ол айналады.
– Жарайсыңдар! Сендердің есімдерің – мағыналы да, мәнді есімдер. Билингвалды компонент:есім – имя, ұзын – длинный, қысқа – короткий.

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9


Негізгі кезең


Педагог анықтаманы қайталайды. Барлық сөздер дыбыстардан тұрады, дыбыстарды естиміз. Егер сөзде дыбыс көп болса, ұзын сөз болады, ал дыбыс саны аз болса, қысқа сөзді құрайды.
45

– Біз өткен тақырыптардан кейбір дыбыстарды созып немесе әндетіп айтуға болатынын білеміз. Ол дыбыстарды айтқанда ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамайды. Олар – дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстарды, дауысты дыбыс таңбасымен белгілейміз. Біз бүгін дауысты дыбыстың бірі – «І» дыбысымен танысамыз.
Жалғыз таяқ боп тұр,

Төбесінде доп тұр.

Бұл не?

Бұл – «і» дыбысы.
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан жіңішке болып бөлінеді. "І" дыбысы – жіңішке дауысты дыбыс, "ы" дыбысы – жуан дауысты дыбыс. Мысалы: "ы-і", "ұ-ү", "а-ә", "о-ө".
Дидактикалық ойын: «Буынға бөлу»
Ойын шарты: тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Тақтаға шыққан бала балғаны үстелге ұру арқылы суреттегі заттың атын буынға бөледі.
– Балалар, қазір біз "ілмек" сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз. Бірінші тұрған дыбыс қандай дыбыс? І-і-ілмек?
– "І" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

– Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

– Іл-л-лмек, екінші қандай дыбыс естіліп тұр?

– "Л" дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?

– Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

Педагог үшінші дыбысқа ерекше тоқталып оқиды.

– Ілм-м-мек. Үшінші дыбыс қандай дыбыс?
– "М" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Ендеше оны қандай түспен белгілейтін едік? Педагог төртінші дыбысты созып оқиды.
– Ілме-е-ек.

– Төртінші дыбыс қандай дыбыс екен?

– "Е дауысты ма әлде дауыссыз ба?

– Қандай түспен белгілейміз?

– Енді соңғы дыбыс қалды, ілмек-к-к.

– Соңғы дыбыс қалай аталады?

– "К" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

– Қандай түспен белгілейміз?
Ілмек сөзінде барлығы неше дыбыс бар? Нешеуі дауысты дыбыс, нешеуі дауыссыз дыбыс?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үлкен болып өседі.
– Балалар, енді сендер өздерің орындарыңда "іні" сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Педагог көмек керек балаларға көмектеседі. Қателерін түзеп тексереді, үйретеді. Дұрыс
талдаған бірінші бала тақтада талдау құқығына ие болады. Қалған балалар тақтаға қарап, қателері болса түзейді.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 27 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.



  1. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
46

28 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: "І" дыбысы

Мақсаты: "І" дыбысын қайталау.
Міндеттері: Сөзге дыбыстық талдау жасату, жазуға жаттықтыру, сөздік қорын, тілін дамыту. Түрлі сызықтар, штрихтар жүргізуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды: сөзге дыбыстық талдау;
Түсінеді: "І" дыбысының дауысты екенін;

Қолданады: Оқу қызметінде алған білімдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті хатқалталар, әр мезгілге сай киім түрлері, жұмбақтар, қуыршақ, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларға қонақ келгенін айтады, қуыршақты көрсетеді.
– Балалар, қуыршақтың есімі – Іңкәр. Іңкәрмен амандасайық. Іңкәр бізге көптеген жұмбақтар, ойындар алып келіпті. Бірінші жұмбақтарын шешіп көрейік.
Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.


  1. Негізгі кезең

Педагог Іңкәр әкелген сөмкеден жұмбақтар алып оқиды.
Жұмбақтар:


  1. Киім киген инеден, Қорқып ешкім тимеген.




  1. Өзі суда өседі, Суға қайнап піседі.




  1. Көрмедім еш үйіңді, Қолданбас бұл бұйымды. Жазып қыртыс-тыртысын Жаңалайды киімді.




  1. Ауызы жоқ, тілі жоқ, Естілетін үні жоқ. Қарап тұрсаң бетіне Сөйлемейтін күні жоқ.


– Балалар, сендер жұмбақтардың бәрін дұрыс шештіңдер. Іңкәр сендерге риза болып отыр. Іңкәр бұл жұмбақтарды бізге бекер әкелмепті, жұмбақтардың жауабының бәрінде "і" дыбысы бар. Іңкәрдің аты да "і" дыбысынан басталып тұр.
– Балалар, "І" дыбысын сендер білесіңдер ме? "І" қандай дыбыс?

Қандай түспен белгілейміз?
– Іңкәрға "і" дыбысынан басталатынын сөздерді айтып берейік. "І" дыбысы қазақтың төл дыбысы, сондықтан да дұрыс айтуға тырысайық. Іңкәр бізге ойын әкеліпті, сол ойынды ойнайық. Ол киімдерге байланысты, киім сөзінде "І" дыбысы бар ма? Киім сөзін буынға бөлейік.
Дидактикалық ойын: "Бұл киімдерді қай мезгілге киеді?"
47

Ойын шарты: тақтаға төрт хатқалта ілінеді. Көк – қыс мезгілі, жасыл – көктем мезгілі, қызыл – жаз мезгілі, сары – күз мезгілі екенін айтып түсіндіреді.