ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1761
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
"Педагогика "ұғымына ерте ежелгі және анықтама, түсініктеме беріңіз.
қазіргі мағынада
17
2. Бастапқы кезде педагогика қандай ғылымның саласында дамығанын айтыңыз.
3. Ғылыми білімдер саласы, сонымен бірге педагогика немен айқындалады?
4. Педагогика категорияларының ғылым мен практика үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
5. Ғылымның әдіснамасы деген не?
6. Педагогика әдіснамасының іс - әрекеттің теориясы мен пракгикасын дамытудағы маңызы қандай?
7. Педагогиканы ғылым және өнер деп айтады. Бұл ұғымдар кандай мағына береді?
8. Тәрбие туралы ғылымның мәнін келтірілген ұғымдардың қайсысы дел және толық көрсетеді. Антропология, педагогика, андрогогика, педология?
9. Педагогиканың ғыльгм ретіндегі ілгері дамуын (прогресін) не анықтайды?
Әдебиеттер
1. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективноси педагогичесиких исследований. М., 1982.
2. Введение в научное исследование по педагогике. /под. ред. В. И. Журавлева.М., 1988.
3. Журавлев Я.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики. М., 1988.
4. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990.
5. Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. Минск, 1986.
6. Кузьмина Н.В. Методы системного педагогического исследования. Л., 1980.
7. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований.М., 1986.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Жоғары оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы "тәрбие" туралы ұғымды түсіңдірудің кестесін (таблицасьш) құрастырыңыз.
18
2. "Адамзат педагогикалық ойларының дамуы" атты кестесін (таблица) дайындаңыз, (есімдер, күндер, жылдар, негізгі жұмыстар, алға ұсынылған идеялар).
3. Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісін жасаңыз.
4. Педагогикалық ойлардын дамуына әсер ететін әртүрлі факторлардың өзара байланысын көрсететін үлгіні (схеманы) құрастырыңыз (адамның қоғамдағы өмірге дайындығының объективтік мұқтаждығы, қоғамдық өмірдегі тәрбиенің ролінің артуы текті сақтаудың биологиялық заңдылығы, ғылым мен техниканың (прогресс) ілгерленуі, ата — аналардың тәрбиеге қамқорлығы, ұстаздардың микро және кәсіби тәжірибелік іс -әрекеті).
Реферат тақырыптары.
1. Педагогика ғылыми пен ретінде.
2. Педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы.
3. Әдіснама педагогика ғылымының дамуына әсері.
4. Мұғалімдердің педагогикалық теориялары мен көсіби іс -әрекетінің өзара байланыстылығы.
5. Философияның педагогика ғылымынының дамундағы ролі.
19
1.2. Теория мен тәжірибенің дамуындағы ғылыми-
педагогикалық зерттеу әдістері
Мақсаты: болмысты ғылыми тану тәсілдері туралы түсінікті қалыптастыру, ғылыми-педагогикалық ойлауды дамыту.
Міндеттері:
а) «Ғылыми зерттеу әдісі» ұғымының мәнін ашу.
е) Болмысты ғылыми таңудың әр түрлі әдістерін көрсету.
б) Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгейлері әдістерінің мәні мен мазмұнын ашу.
в) Ғылыми зерттеу әдістерінің таным объектісінің ерекшелігіне тәуелділігін сипаттау.
Жоспар
1. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде.
2. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.
3. Теориялық деңгей әдістері.
Негізгі үтымдар: ғылыми зерттеу әдісі, ғылыми дәлел, заңдылық, ғьшыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.
Басқа пәндермен байланысы: философия, психология, психофизиология, мәдениеттану, әлеуметтану.
Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы Философиялық ілім ретінде. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория - таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл - осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді
20
философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологкялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және онын ең басты құрылымдары болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әр түрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудьщ да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қортындылар мен
21
нақтыландырулардын негізін құрастыру қажет. «Теориялық білім» дегеніміз сөздің, жалпы мағынасында, белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал, тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалык іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол - осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялык-әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі - болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда, теориялық болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеевтін химиясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердін ашылуын болжаған. Осылайша Нептун ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны коре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады.
22
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оньщ танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалык философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудін анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе больш отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға , оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдык және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудьщ басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.