ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1769
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кесте 1. Орта компоненттері және олардың бала дамуына
әсері
№ | Орта компоненттері | Олардың бала дамуына әсері. |
1. | Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары) | Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады. |
2. | Әлеуметтік орта (макро-орта) а) өндіріс күштерінің деңгейі; б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі; в) өмір сүрудің материалдық жағдайы; г) мәдени даму дәрежесі; д) көпшілік ақпарат құралдары; е) техникалық құралдар. | Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, бежілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді. |
3. | Микро -орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері. | Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды. |
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
44
Жеккетұлғанын қалыптасұынын философиялық- әдістемелік негіздері. Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді. Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша - қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағым төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар
мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларьш жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға "көздері, тістері және саусақтары" сияқты дүниеге келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берілетін және
жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын "гендердің жинағы немесе батареясы" ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше - прагма дегеніміз - іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы - Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуынын шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктің белгілі бір пайымдауы
45
бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tаЬиІа rаsа) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мең тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушьшық пен ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар
ХІХ ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт "педология", яғни тура аударғанда "балалар туралы ғьшым", "балатану" деген атқа ие болды. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады. Социалистік құрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері баланың дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П "сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын" "жалған ғылыми антимарксистік ережелерге" сүйенген деп айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы - балалардың тағдырының биологиялық және әлеумеггік факторлармен, тұқым қуалаушылықтың бір тұрақты ортаның ықпалының фаталистік түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.
Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде сауалнама және тест жүргізу сияқты әдістер ерекше сенімсіздік туғызған. Шынында да тәжірибесіз практик-педологтар қодданған бұл әдістер сол уақыттарда көп зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі шектеу қате болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл туралы өз кезінде К. Д. Ушинский: "Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек", - деген болатын.
46
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және онын бір бағытында - материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның даму процесіне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік иесі, сондықтан ол бойына біткен нышандар ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқым қуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтің "әлеуметтік тұқым қуалаушылығы" туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік тұқым қуалаушылық тек адамға ғана тән.
Материалистік философия орта мен биологиялық нышандар қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі - материалистік түсінікте жеке түлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта қүру қызмет-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
Тәрбие - жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда
47
тұқым қуалаушылыққа(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды пісіп жетілуі мен қалыптасу процесін сипаттайды, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық пісіп жетілуі мен өзгеру процесі оның дамуы мен мінез-құлығының жас кезеңдерінде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамьпуда ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелік- білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде
сауаттьи диагностика беру болып табылады. Қазіргі уақытта баланың іс-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет,
оның нышандары мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
"Жеке тұлға" деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К.Маркстің айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен,
кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.
48
Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами қоғам, әлеуметгік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.
"Әлеуметтік орта" деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік
жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар,
мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді әлеуметтік іс-әрекетке араластыру қажеттілігі туындайтынын ескеру керек. Тұқым қуалаушьшықпен, ортамен қатар тәрбие үшінші шешуші фактор болып табылады, тәрбие - педагогтардың
49
басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекеті. Тәрбиенің зор күшін көптеген өткен кезеңнің прогрессивті педагогтары мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге мүмкіндік береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгілі педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде "қиын", тіпті "тәрбиесі қиын" балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.