Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 3055

Скачиваний: 102

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогикалық технологиялардың тұжырымдамалық негіздері-не білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, аксиоло-гиялық, жүйелілік, акмеологиялық тұрғыдан оқыту сынды теориялар жатады, себебі аталып отырған теориялардың барлығы білім алушы-лардың қабілеттерін жан-жақты дамытуды, оқу-танымдық үдерісі мен тәрбие үдерісін тығыз ұштастыра отырып жүргізуді көздейді.

Қазіргі таңда аталған өлшемдерге сәйкес келетін педагогикалық технологиялардың көптеген түрлері ғылыми тұрғыдан зерттеліп, практика жүзінде іске асырылып, тиімді нәтижелер көрсетіп келеді.

С.С.Кашлев педагогикалық технологиялардың төмендегідей қызметтерiн топтастырып қарастырады:

1) Педагогикалық технологияның ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк қызметiне:

- педагогтың педагогикалық үдерістің әрбiр бөлiгiнде нақты немен айналысуын анықтайтын ұйымдастырушылық iс-әрекетi;

- оқушының педагогикалық үдерістіңәрбiр кезеңінде не iстеу керектiгiн нақтылайтын педагогтың ұйымдастырушылық iс-әрекетi;

- педагог пен оқушының бiрлескен әрекетiнiң өзара ұйымдас-тырылуы;

- баланың өзiндiк белсендiлiгiн дамытатын өзiнiң iс-әрекеттерi ұйымдастырылуы жатады.

2) Педагогикалық технологияның жобалау (болжау) қызметiне:

- педагогикалық үдерістің шынайы жағдайын диагностикалауы;

- педагогикалық үдеріске қатысушылардан күтілетін нәтижеле-рiн болжай алуы;

- педагогикалық әрекеттестiктi модельдеуі;

- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үдерісінде бала мен педагогтың даму деңгейiн болжау үдерістері жатады.

3) Педагогикалық технологияның коммуникативтік қызметiне:

- мұғалiм мен оқушының қарым-қатынастық мүмкiндiктерiн дамытуы;

- педагогикалық үдеріске қатысушылардың, мұғалiм мен оқушының арасында ақпарат алмастыруы;

- педагог пен тәрбиеленушiнiң өзара түсiнiстік жағдайын жасауы;

- балалар арасындағы интерактивтi қатынас үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі;

- педагогтар мен ата-аналардың коммуникативтік iс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруы жатады .

4) Педагогикалық технологияның рефлексиялық қызметiне:

- педагог пен баланың өзiндік тұлғалық өсулерiн жете түсiнулерi;

- педагогикалық әрекеттестiк нәтижесiн объективтi бағалау мүмкіндігі;


- педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекеттестiк тәжiрибесiн саналы түсiнулерi мен меңгерулерi;

- педагог пен оқушылардың iс-әрекеттерiн өзiндiк талдау, өзiндiк бағалау;

- тұлғалық даму себептерi мен жағдайын белгiлеу жатады.

5) Педагогикалық технологияның дамытушылық қызметiне:

- бала мен педагогтың дамуына қажеттi жағдай жасауы;

- оқушы мен мұғалiмнiң өзiн-өзi дамыту құралдарын қамтамасыз етуі;

- әрбiр баланың әлеуметінің дамуын қамтамасыз ету;

- педагогтың кәсіби шеберлігінің дамытуы жатады.

Білім беру тәжірибесінде педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметтерінің аясына байланысты Г.К.Селевко олардың қолданылуының өзара тәуелді үш деңгейін атап көрсетеді:

  1. Жалпы педагогикалық(жалпыдидактикалық) деңгей: бұл деңгейдегі технология бір өңірдегі, оқу орнындағы, нақты бір оқыту сатысындағы тұтас білім беру үрдісімен сипатталады. Бұл жерде педагогикалық технология педагогикалық жүйе ретінде қарастыры-лады.

  2. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл деңгейдегі техно-логия «жеке пәндер әдістемесі» немесе бір пән, сынып көлеміндегі оқыту мазмұнын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қолданылады.

  3. Локальды (модульдік) деңгейдегі технология оқу-тәрбие үдерісінің жеке бөліктерінің дидактикалық немесе тәрбиелік міндет-терін (өздік жұмысты ұйымдастыру технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру технологиясы, білімнің меңгерілуін тексеру технологиясы, т.с.с.) шешуімен сипатталады.

Жалпы алғанда, педагогикалық технологиялардың негiзгi қыз-метi педагогикалық үрдіске қатысушылардың iс-әрекеттерiн белсен-дендіру мен жетілдірудің жүйелi құралы ретiнде тұлғаның даму мiндеттерiн нәтижелi шешу, оқыту мен тәрбие үрдістерінің сапасын жоғарлату болып табылады.

Оқушылардың субъектілік белсенділігін арттыру қазiргi еңбек нарығының негізгі талабы, себебі ақпараттық қоғам жастардың ерекше бағыныштылық әрекеттерiне қанағаттана алмайды. Оқушылардың болашақта жауапкершiлiктері жоғары, өз әлеуеттерін өздері iске асыра алатын, бәсекеге қабiлеттi, әлеуметтік белсендiлiктері жоғары тұлға ретінде тәрбиеленіп шығулары бүгінгі уақыт талабы.



Оқушы 11-12 жыл бойы мектеп қабырғасында өзін-өзі дамытуға дағдылану үшін мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты, ұйымдас-тыру формалары, субъектілердің қарым-қатынас стильдері, бағалау формалары дұрыс таңдалуы керек.

Сонымен педагогикалық технологияның негізгі ерекшелігі білім алудағы оқушы тұлғасының ерекше сипатқа ие болуында. Егер дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушы іс-әрекеті репродуктивті сипатта болса (қайта жаңғыртып айтып беру, алгоритм бойынша тапсырмаларды орындау), педагогикалық технологияларды қолдануда оның іс-әрекеті продуктивті (өнімді) болуы керек, яғни шығармашылық белсенділігі талап етіледі.
14.3. Тұтас педагогикалық үрдіс теориясы - педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі.Педагогикалық кәсіпте мұғалімдерге білім беру міндетімен қатар тәрбиелеушілік міндеті те жүктелген. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші бол-ғанымен, кез келген педагог бұл міндеттерді кез келген жағдайда толық атқара алады деп айту қиын, себебі педагогикалық үрдістің құрамдас жүйе-лерінің көптігі, олардың қызметтерінің әртүрлі факторлардың әсерінен әртүрлі бағытта өзгеру ықтималдығы осы үрдістің теориясының және жүзеге асыру технологиясының ерекшеліктерімен таныс болуды қажет етеді.

Педагогикалық үрдістің тұтастығын ажыратпай біртұтас құбылыс ретінде қарастыруды талап еткен ғалымдар педагогика тарихында аз емес. Оқыту мен тәрбиенің бірлігінде тәрбиенің маңыздырақ екенін атап көрсеткен әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген сөздері тәрбиенің адам өмірінің рухани негізі мен оның бүкіл тағдырына әсер ететінін фактор екенін көрсетеді.

Сол сияқты XIX ғ. педагогтары да ғылыми тұрғыда оқыту мен тәрбиенің бірлестігінің ұтымдылығын дәлелдеуге тырысқан. Ғылыми педагогиканың негізін қалаушылардың бірі, неміс педагогы И.Ф. Гербарт алғашқылардың бірі болып «тәрбиелейтін оқыту үрдісі» деген ұғымды ғылыми айналымға енгізеді. Оның «Мен тәрбиені оқыту үрді-сінсіз көз алдыма елестете алмаймын, және керісінше, тәрбиелік ық-палы жоқ оқытуды да оқыту деп мойындамаймын» - деп айтқан сөз-дерінің астарында адамның әр іс-әрекетінің адамгершілік қағидала-рына негізделу қажеттілігі өзектендіріледі.

Оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың ара қатынасының ерекшелігін зерттеуде Ресей ғалымдары К.Д.Ушинскийдің, П.Ф. Каптеревтің, С.Т.Шацкийдің, П.П.Блонскийдің, М.М. Рубинштейннің, А.С. Макаренконың үлестері зор болды.


Белгілі педагог П.Ф.Каптерев («Педагогикалық үрдіс», 1905ж.) педагогикалық үрдісті тұлғаны жетілдіру үрдісі ретінде сипаттай келе оның шығармашылық мәніне баса назар аударуды талап етеді. Осы идеяға негізделе отырып, ғалым педагогты оқушының өзін-өзі дамыту үрдісінде көмек көрсететін қызметшісі болуы керек деп тұжырым-дайды. Осыдан педагогикалық үрдісте оқушының өзіндік дамуына, оның санасының табиғи еркін жетілуіне кедергі келтірмей, қысым жа-самай, тек дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп отыратындай ізгілік қатынас-тың орнатылуының маңызы түсіндіреді.

1970 жылдардан бастап Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов, В.С.Ильин, В.М.Коротов, В.В.Краевский, Б.Т.Лихачев сынды ғалымдар педагогикалық үдерістің тұтастығын қамтамасыз ететін білім беру тетіктерін іздестіру, оның құрамдас бөліктерінің өзара үйлесімді қызметтерін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізді. 1980ж. Ю.К.Бабанский жоғары оқу орындарын-да оқытылатын оқулықтар мазмұнына осы тұтас педагогикалық үдерістің ұғымын енгізеді. Ал кеңес одағынан кейінгі кезеңде осы мәселенің зерттелуі В.А.Сластениннің ғылым мектебінде жалғасын тапты.

Қазақстандық педагог Н.Д.Хмель тұтас педагогикалық үрдістің заңдарын, заңдылықтарын, принциптерін жүйелей келе, үдерістіңоның құрамдас компоненттерінің өзара байланыстылығын мұғалім мен оқушының қарым-қатынас жүйесі арқылы модельдейді.

Мұғалiмдердiң педагогикалық технологияны тиiмдi қолдана алуы олардың кәсiби iс-әрекет объектiсi болып табылатын тұтас педагогикалық үдерістің заңдары мен заңдылықтарын, қозғаушы күшi мен тетіктерін терең бiлу және меңгеру деңгейлеріне тiкелей байланысты.

Педагогикалық үдерістегі«педагогтар-оқушылар», «оқушылар-оқушылар»,«пән мұғалiмi – оқушылар» және т.б. ішкі жүйелердің тығыз өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың өзін-өздері таныта алулары және басқаларды тани алулары жүзеге асырылмақ.

Мұғалiм тұтас педагогикалық үдерістің теориясын жүзеге асыру технологиясын меңгеру арқылы оқушылардың ғана емес, сонымен қатар бүкіл сыныптың iс-әрекет пен қарым-қатынастарын, өзара әре-кеттестiктерін ұйымдастыра алатын болады. Ал басқа педагогикалық технологиялардың мұғалiмдер осы негізгі технология арқы-лы тиімді құрастыра алатыны анық, өйткені тұтас педагогикалық үдерістіңкомпоненттерін, олардың арасындағы кездесетін қарама-қай-шылықтар жүйесін, қосымша жүйелерінің өзара тәуелділігін жақсылап меңгеріп алу арқылы басқа оқыту технологияларын қолдану жеңілірек болады.


Сонымен, тұтас педагогикалық үдерістіңтеориясын жүзеге асы-ру технологиясы мегатехнология санатында қарастырылуы керек. Н.Д.Хмель бұл технологияның мәнін төмендегідей логикалық тізбек-теме арқылы негіздейді:

  1. Тұтас педагогикалықүдерісініңтеориясын білу (мұғалім іс-әрекетінің объектісінің идеалды моделін);

  2. Нақты оқу-тәрбие ұйымдарындағы педагогикалық үдерістің нақты жағдайын диагностикалау әдістемесін меңгеру;

  3. Педагогикалық үрдістің нақты жағдайын өзгертуді модель-деу, (болжау) үшін тұтас педагогикалық үдерістеориясын қолдану;

  4. Кәсіби міндеттерді шешу үшін педагогтар мен оқушылардың іс-әрекеттерінің ретін, алгоритмін анықтау.

Осы талаптардың барлығы оқушының білімді меңгерудегі өз бетінше оқу әрекетімен айналысып, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
14.4. Қазіргі педагогикалық технологиялардың әр түрлі тұр-ғыдан жіктелуі.Педагогика ғылымы мен практикасында педагоги-калық технологиялардың алуан түрлi нұсқалары кездеседі. Техноло-гиялардың көптүрлілігі және көлемдiлiгi оны жүйелеуді және топтас-тыруды қажет етедi. Бұл мәселемен А.Я. Савельев, В.Безрукова, Г.Ю.Ксензова, Г.К.Селевко, В.В. Юдин, Ғ.М.Құсайынов және басқа ғалымдар айналысқан. Қазiргi уақыттағы технологиялар екi үлкен түр-ге жiктеледi: өзiнiң мақсаттық бағдарына қарай өнеркәсiптiк (өндiрiс-тiк) және әлеуметтiк-тұлғалық технологиялар. Өнеркәсiптiк тех-нологиялар алдын ала берiлген параметрлер бойынша материалдарды өңдеумен және өндiрiспен байланысты. Ал әлеуметтiк-тұлғалық техно-логияның объектiсi адам болып табылады.

Технологиялардың жіктелуін нақтылауда қазiргi уақытта макро-технология мен микротехнологияларды бөлiп қарастырады. Макротех-нологияға көптеген авторлар педагогикалық үдеріс стратегиясы мен даумын анықтайтын, ұжымдық шығармашылық iс-әрекет, ынтымақ-тастық, дамыта оқыту, тұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологияларын жатқызады. Микротехнологияға педагогикалық әрекеттестiк тактикасы, нақты тәсiлдерi ретiнде қарастырылатын ойын технологиясын, пресс-конференция, диспут т.б. жатқызады. Сонымен қатар кейбiр ғылымдар (Д.Г. Левитес және т.б.) педагогикалық технологияны пәндiк-бағдарлық жәнетұлғалық-бағдарлық деп жiктеудi ұсынады.