Файл: Дрістер жинаы kkkzhN 3307 Клік рылыстары мен рылыларын жобалау негіздері пні 5В090100 Клікті пайдалану жне жк озалысы мен тасымалдауды йымдастыру .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 303
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, (2.18)
; (2.19)
-
бірігу ұзындығы есептеледі
. (2.20)
Бірігу ұзындығының мәні бойынша осы жолдардың ығысуы салынады.
2.5 Бұрмалы бағыттамалардың өзара орналасуы
Сұлбаның масштабты салынуы және координаталарды есептеу үшін бір жолда жатқан жапсарлас бұрмалы бағыттамалардың арасындағы арақашықтықты білу қажет. Бір жолға қатар салынатын бұрмалы бағыттамалардың түрлі өзара орналасуы болуы мүмкін. Бұрмалы бағыттамаларды өзара төсеудің бес сұлбасы бар (1.10-сурет): қарама-қарсы (1.10-сурет, а, б), бағыттас (1.10-сурет, в), параллель (1.10-сурет, г, д). Қашықтықты анықтау кезінде пойыздардың бағыты мен жылдамдығына байланысты бұрмалы бағыттамалар (В қосымшасы, 4-кесте) арасындағы тік вставкалардың шамаларын білу қажет. 1.10-суреттегі а, б, в сұлбалары үшін арақашықтықты В қосымшасы, 5, 6-кесте бойынша есептеуге немесе қабылдауға болады, 1.10-суреттегі г, д сұлбалар үшін келесі формула бойынша есептеу жүргізіледі
, (2.21)
мұндағы – жол осьтері арасындағы ең аз рұқсатты қашықтық, м;
– бұрмалы бағыттаманың айқастырма бұрышы
а, б – қарама-қарсы; в – бағыттас; г, д – параллель
-
– cурет – Жапсарлас бұрмалы бағыттамалардың өзара төсеу сұлбалары
2.6 Шекті қадамалар мен сигналдарды орналастыру
Шекті қадамалар әрбір бұрмалы бағыттаманың артына орнатылады. Олар жол шегінде жылжымалы құрамды орналастыру шекарасын көрсетеді. Жылжымалы құрамды осы шекараларда орналастыру кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі және станция жұмыскерлерінің алқым жағынан жол аралығына өту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Станциялық жолдарға арналған шекті қадамалар (рельстік тізбектермен жабдықталған қабылдап-жөнелту жолдарынан басқа) жолдың бұрмалы бағыттамасының центрінен бөлінетін осьтер арасындағы қашықтық 4,1 м тең болатын жерде жол аралығының ортасында орнатылады. Электрлік рельстік тізбектермен жабдықталған қабылдап-жөнелту жолдарында шекті қадамалардың артында 3,5 м қашықтықта оқшаулаушы жіктер орналасуы тиіс. Бұрманың центрінен оқшаулағыш жікке дейінгі жол учаскесінде стандартты вставкаларды (12,5 және 6,25 м) қолдану үшін, габариттік шарттар бойынша есептеумен салыстырғанда, бұрманың центрінен шекті қадамаға дейінгі арақашықтықты біршама ұлғайту ұсынылады.
(2.22)
мұндағы α – бұрмалы бағыттаманың айқастырма бұрышы.
Тармақталғаннан кейін жолдар көбінесе бір-біріне параллель жүреді (2.12-сурет) Бұл жағдайда шекті қадамаға дейінгі қашықтық тек бұрмалы бағыттаманың айқастырмасының маркасына ғана емес, жол аралығының еніне және қисық радиусына да байланысты болады.
| | |
Сурет 2.11 – Шекті қадаманы орнатудың негізгі сұлбасы
Бұрмалы бағыттаманың центрінен түрлі бағытта бөлінетін екі түзу жолдың арасында орнатылған шекті қадамаға дейінгі қашықтық:
, (2.23)
мұндағы p = 2,05 – тік жол осіне дейінгі қашықтық, м.
Егер бұрмалы бағыттаманың артында қисық болса, есептеулер күрделірек болады, өйткені жолдың қисық бөліктеріндегі жалпы қашықтықтардың ығысуын ескеру қажет, бұл ретте , мұнда – қисықтағы құрылыстарға дейінгі габариттік қашықтықтың ұлғаюы.
Шекті қадамаларды орнатудың негізгі жағдайлары 1.12-суретте көрсетілген. Олар үшін бұрмалы бағыттаманың маркасына, жолдар осьтері арасындағы қашықтыққа және айқаспалы қисықтың радиусына байланысты қашықтықтардың дайын кестелері бар (В қосымшасы, 7, 8-кесте).
а б в | | |
Сурет 2.12 – Шекті қадамаларды орнатудың негізгі жағдайлары
Сигналдар пойыздардың қозғалыс бағыты бойынша жолдың оң жағынан орнатылады. Кіру бағдаршамдары пойызға станция жолын алуға тыйым салады немесе рұқсат етеді. Олар станцияға жанасатын әрбір темір жол желісінен тепловозды тарту кезінде кемінде 50 м және электровозды бұруға қарсы бұрмалы бағыттаманың үшкілдерінен (2.13,а – сурет) немесе бағыттас бұрмалы бағыттаманың шекті қадамасынан кемінде 300 м қашықтықта орнатылады (2.13,б - сурет). Басты жол осінен кіру сигналына дейінгі қашықтық құрылыстардың жақындау габариті бойынша қабылданады және 3,10 м құрайды.
Шығу бағдаршамдары пойыздың станциядан шығуына тыйым салады немесе рұқсат береді. Олар әрбір қабылдап-жөнелту жолына және әрбір бағыт үшін басты жолға орнатылады. Баспалдақтары бар темір-бетон немесе металл мачталарға шығу және маршруттық бағдаршамдарды орнату үшін жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық кемінде
= 5,20 м болуы тиіс.
а б | | |
2.13 – cурет – Кіру бағдаршамдарын орналастыру жағдайлары
| | |
2.14 – cурет – Шығу бағдаршамдарын орнату жағдайлары
Шығу және айлалық бағдаршамдарды орнатудың үш жағдайы бар (2.14-сурет):
• біріншісі - берілген жолдың ұзындығын шектейтін шекті қадама осы жолдан шығу сигналымен бір жолда орналасқан. Бұрманың центрінен сигналға дейінгі қашықтық шекті қадамаға дейінгі сол әдіспен анықталады, бірақ мәнін сигналды орнатуға мүмкіндік беретін ең аз жол аралығының жартысына тең етіп қабылдау керек. Осы жағдайға сәйкес келетін сигналдарды орнатуға арналған қашықтықты В қосымшасы, 9-кесте бойынша қабылдауға болады;
• екіншісі - осы жол үшін шекті қадамасы бар әр-түрлі жол аралықтарында орналасқан сигнал оқшаулағыш түйіспесі бар тұстамада, яғни шекті қадамадан кейін 3,5 м қашықтықта орнатылады;
• үшінші - шығу сигналы, оның артында қарсы (қарсы), бұрмалы бағыттама салынған, рамалық рельстің түйісуі бар тұстамада, яғни бұрманың центрінен қашықтығында орнатылуы мүмкін.
2.7 Станциялық жолдардың толық, пайдалы және құрылыстық ұзындығы туралы түсінік
Станцияларды жобалау кезінде жолдардың толық, пайдалы және құрылыс ұзындығын ажыратады.
Өтпелі жолдың толық ұзындығы оған апаратын шеткі бұрмалы бағыттамалардың үшкілдері арасындағы қашықтық, ал тұйық жол – үшкілден тірекке дейінгі арақашықтық деп аталады.
Пайдалы - бұл жолдың толық ұзындығының бөлігі, оның шегінде көрші жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзбай жылжымалы құрамды орнатуға болады. Шекті қадамалар, шығу, маршруттық немесе айлалық бағдаршамдар, оқшаулағыш жіктер, бұрмалы бағыттамалардың үшкілдері және тұйық жолдардың тіреулері пайдалы ұзындықтың шекаралары болуы мүмкін. Жолдардың толық және пайдалы ұзындығын анықтаудың негізгі сұлбалары 2.1-кестеде келтірілген. Пайдалы ұзындықтарды практикалық анықтау үшін бұрмалы бағыттамалардың центрінен шектік қадамаларға, сигналдарға және оқшаулағыш жіктерге дейінгі арақашықтықты білу қажет. Жолдың пайдалы ұзындығы станцияларды жобалаудағы маңызды параметрлердің бірі болып табылады. Темір жолдарда 850, 1050, 1250, 1700 және 2100 м жолдардың стандартты пайдалы ұзындығы белгіленген.
Өнеркәсіптік және жүк станцияларының станциялық жолдарының пайдалы ұзындығы көрсетілген ұзындықтан аз, бірақ беріліс ұзындығынан кем болмауы мүмкін. Жолаушылар пойыздары үшін қабылдап-жөнелту және тұру жолдарының пайдалы ұзындығы перспективада ұлғаю мүмкіндігін ескере отырып, осы пойыздар құрамының ұзындығына сәйкес келуі тиіс.
Жолдың құрылыс ұзындығы осы жолда орналасқан бұрмалы бағыттамалардың жалпы ұзындығын шегергендегі толық ұзындықтың бөлігі деп аталады:
, (2.24)
мұндағы –1/9 және 1/11 маркалы бұрмалы бағыттамалардың саны;
– 1/9 және 1/11 маркалы бұрмалы бағыттамалардың ұзындығы;
– жолдың толық ұзындығы.
Құрылыс ұзындығы станциялық жолдарды салу үшін рельстер мен шпалдарға қажеттілікті анықтау кезінде қажет.
Кесте 2.1
Жолдардың толық және пайдалы ұзындығын анықтауға арналған негізгі сұлбалар
Қарастырылатын жағдайлар | Сұлбалар | Жол ұзындығы | |
толық | пайдалы | ||
1-ші Өтпе жолдары: а) шығу сигналдары жоқ болған жағдайда; б) шығу сигналдары бар болған жағдайда | | Бұрма үшкілдерінің арасында Сондай | Шекті қадамалар арасында Шекті қадама және шығу сигналының арасында |
2-ші Тұйық жолдар: а) қарсы бағытты бағыттама б) бағыттас бағыттама | | Тіреуден бастап бұрма үшкілдерінің басына дейін Сондай | Тіреуден бастап бұрма үшкілдерінің басына дейін Тіреуден бастап шекті қадамаға дейін |
3-ші Өтпелі және тұйық жолдар | | 1, 2-ші жағдайларды қараңыз | № 1 жол үшін оқшауланған жіктер (ОЖ) арасында, басқалары үшін 1, 2-жағдайларды қар. |
2.8 Бағыттамалы көшелер, жол парктері және станция алқымдары туралы қысқаша мәліметтер
Бағыттамалық көше деп параллель жолдар тобын біріктіретін бұрмалы бағыттамалар тізбектеліп салынған жол учаскесі аталады.
Бұрмалы бағыттамалардың орналасу сұлбасына және негізгі жолға еңіс бұрышына байланысты бағыттамалы көшелердің бірнеше түрі ажыратылады. Олардың кез-келгенін есептеу кезінде белгілі мәндер – жол аралық қашықтықтары e; айқастырма қисықтарының радиусы R; бұрмалы бағыттамалар туралы деректер: бұрыш , бұрмалы бағыттаманың параметрлері а және b; жапсарлас бұрмалы бағыттамалардың арасындағы тікелей вставкалардың ең аз мәндері dболып табылады.
Қарапайым бағыттамалы көшелердің үш түрін ажыратады: айқастырма бұрышымен (2.15,а-сурет), негізгі жолда орналасқан (2.15,б-сурет) және веерлі (2.15,в-сурет). Көшелердің соңғы екі түрінде 2,3 және т. б. жанасу жолдарының қисықтары қисықтардың радиусы бірдей болған кезде центрлік емес болуы мүмкін, ал әрбір келесі қисық сызықтағы қисықтың радиусы жол аралығының е шамасына ұлғайған кезде концентрлік болуы мүмкін.
Қарапайым бұрмалы бағыттамаларды есептеу кезінде с, с1 және Т мәндерін анықтау қажет.
Қарапайым бағыттама көшелерінің артықшылығы - жақсы көріну және қызмет көрсету ыңғайлылығы, ал кемшілігі - жолдардың саны көп болған кезде олардың ұзындығының едәуір артуы болып табылады. Сондықтан мұндай көшелер төрт-бес жолдың санында қолданылады.
а б в | | |
а – айқастырма бұрышында; б – негізгі жолда орналасқан; в – веерлік
2.15 – сурет – Қарапайым бағыттамалық көшелер
Жолдардың үлкен саны кезінде бағыттама көшелерінің ұзындығын азайту үшін парктерде қысқартылған бағыттама көшелерін (2.16-сурет), айқастырманың қос бұрышындағы бағыттамалы көшелерді (2.17-сурет) және аралас бағыттамалы көшелерді (2.18-сурет) пайдаланады.