Файл: Дрістер жинаы kkkzhN 3307 Клік рылыстары мен рылыларын жобалау негіздері пні 5В090100 Клікті пайдалану жне жк озалысы мен тасымалдауды йымдастыру .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 304
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | |
2.16 – сурет – Қысқартылған бағыттамалық көшелер
| | |
| | |
2.17 - сурет - Айқастырманың қос бұрышындағы бағыттамалы көше
| | |
2.18 – сурет – Аралас бағыттамалы көше
Жолдар паркі деп ортақ алқымдармен біріктірілген бірдей тағайындалымдағы жолдар тобы аталады. Тағайындалуына байланысты қабылдау, жөнелту, қабылдап-жөнелту, сұрыптау, жолаушылар құрамының тұрақтануы және басқа парктерін ажыратады.
Бағыттамалы көшелердің геометриялық пішіні мен құрылымы бойынша парктер трапеция (2.19,а-сурет), параллелограмма (2.19,б-сурет), трапецоид (2.19,в-сурет) және «балық» (2.19,г-сурет) формаларына ие.
Трапеция формасы бар парктің ыңғайлылығы 1-ші негізгі жолда тек екі бұрмалы бағыттама бар, барлық жолдар түзу, бұл локомотив кабинасынан құрамдарды жақсы шолуды қамтамасыз етеді, бірақ негізгі жолға жақындаған сайын жолдардың ұзындығы едәуір артады. Бұл жолдардың бір бөлігінің пайдалы ұзындығының артық болуына әкеледі. Сондықтан трапеция түріндегі жол парктері жолдардың аз саны үшін қолданылады (үш-төртке дейін).
Парк-параллелограмм барлық жолдардың бірдей ұзындығын қамтамасыз етеді, шеткі жолдардан басқа, олар eN мәніне қарағанда ұзынырақ, бірақ негізгі жол түзу болып табылмайды.
а б в г | | |
а – трапеция; б – параллелограмм; в – трапецоид; г – «балық»
2.19 - сурет– Жол парктерінің негізгі формалары
Парк-трапецоид, бір жағынан айқастырма бұрышындағы бағыттама көшесіне ие болса, екінші жағынан негізгі жолда орналасқан, жолдар ұзындығы бойынша парк-параллелограммға сәйкес келеді, бірақ негізгі жол түзу болып табылады, алайда парк-трапециямен салыстырғанда оған бірнеше бұрмалы бағыттамалар салынған.
Парк-«рыбка» бұл басты жолдың екі жағында орналасқан екі трапецияның үйлесімі болып табылады.
Станцияның алқымы деп жолдар мен парктерді бір-бірімен, сондай-ақ негізгі, тартым және жүріс жолдарымен байланыстыратын бұрмалы бағыттамалар салынған аймақ аталады(2.20-сурет).
Алқымдардың құрылымы қозғалыс қауіпсіздігін және қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз етуі тиіс, ол үшін жобалау кезінде бір мезгілде (парқатар) операциялар жасау мүмкіндігі көзделеді. Алқымдар жолдар мен парктердің қажетті технологиялық байланыстарын қамтамасыз етуге, басты жолдардағы бұрмалы бағыттамалардың ең аз санымен жинақы болуға тиіс.
|
2.20 - сурет – Станциялық алқым сұлбасының мысалы
2.9 Станциялық алаң түсінігі. Профиль және жоспардағы станция жолдарының орналасуына қойылатын талаптар
Станция алаңы деп станцияны орналастыруға арналған бойлық профильдің учаскесі аталады.
Профильде станция алаңының орналасуының үш нұсқасы болуы мүмкін: дөңесте (2.21,а-сурет), шұңқырда (2.21,б-сурет) және кемерде (2.21,в-сурет).
а б в | | |
а – дөңесте; б – шұңқырда; в – кемерде
2.21 – сурет – Станциялық алаңдарды профильде орналастыру нұсқалары
Станциялық алаңның дөңесте орналасуы бөлек пунктке жақындаған кезде пойыздарды тежеу үшін және тоқтағаннан кейін олардың екпіні үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ алаңнан судың ағуын жеңілдетеді. Алайда, бұл ретте кіру сигналында кідіртілген пойыздардың қозғалу жағдайлары нашарлайды және жылжымалы құрамның аралыққа кетуінің алдын алуды тұрақты бақылау талап етіледі. Алаң шұңқырда орналасқан кезде пойыздарды жылдамдату және баяулату, сондай-ақ Станциялық алаңнан суды бұру жағдайлары нашарлайды, алайда кіру сигналдары кідірген кезде пойыздардың жүруі жеңілдетіледі және вагондардың аралыққа кету қаупі азаяды. Алаңның кемерде орналасуы оның сапасы бойынша алғашқы екі нұсқа арасындағы орташа жағдайды алады.
Станциялық алаңның қажетті ұзындығы жекелеген пункттің типіне, даму перспективасын, сондай-ақ осы жолдардың орналасу сұлбасын ескере отырып, қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығының нормасына байланысты белгіленеді.
Станциялық алаң профильдің бірнеше элементтерінде орналасқан кезде әрбір элементтің ұзындығы, әдетте, перспективаға қабылданған қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығының жартысынан кем болмауы тиіс.
Профильде өздігінен жүріп кетуді болдырмау үшін станциялық жолдарды, әдетте, көлденең алаңда орналастыру керек. Кейбір жағдайларда жер жұмыстарының көлемін азайту үшін оларды еңісте 1,5 ‰, ал қиын жағдайоарда 2,5 ‰ дейін орналастыруға болады. Ғимараттардағы жолдар тек көлденең алаңдарда ғана орналастырылады.
Айлалар өндірісі немесе локомотивтерді құрамдардан ағыту көзделетін жекелеген пункттерде жылжымалы құрамның аралыққа өздігінен жүріп кету мүмкіндігін болдырмау үшін қабылдап-жөнелту жолдарының бойлық профилін олардың пайдалы ұзындығы шегінде пайдалы ұзындықтың ұштары бойынша бірдей белгілері бар үш элементті иілген кескінімен жобалау ұсынылады (2.22-сурет).
| | |
2.22 - сурет - Пайдалы ұзындық шегінде қабылдап-жөнелту жолдарының ұсынылған үш элементті бойлық профилі
Белгіленуі 2.22-суретте:
i– қарсы еңістің тіктігі;
iг – алқым еңісінің тіктігі;
li– қарсы еңіс ұзындығы;
lрп – бөлу алаңының ұзындығы;
lпо – қабылдап-жөнелту жолының пайдалы ұзындығы;
lг – алқым ұзындығы;
L – Станциялық алаң ұзындығы;
hпо – профильдің төмендеу тереңдігі, м;
i= 1,5 ÷ 2,0 0/00 при lпо = 1050 м, li = 200 ÷ 300 м,lрп = 280 ÷ 650 м.
Жоспарда жекелеген пункттер, сондай-ақ жол парктері, тартым жолдары, әдетте, тікелей учаскелерде орналасуы керек. Бұл ретте қозғалысқа қарсылық азаяды, демек, отын немесе электр энергиясын тұтыну, жол мен жылжымалы құрамның бүйірден тозуы да, көріну жақсарады, яғни қозғалыс қауіпсіздігі шарттары. Қиын жағдайларда көлденең типтегі станцияларды бір жаққа қараған қисықтарға, ал бойлық және жартылай бойлық типтерді - кері қисықтарға орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте олардың пайдалы ұзындығы шегіндегі қозғалыс бағыттарының әрқайсысының жолдарын бір жаққа қараған қисықтарға орналастыру керек. Қисықтардың радиусы кем болмауы тиіс: жылдамдықты желілерде – 2000 м, I және II категорялы желілерде – 1500 м, ерекше жүктелген желілерде және III және IV категориялы желілерде – 1200 м. Локомотивтер үшін жалғау және жүріс жолдарының ең аз радиусы 200 м болып қабылданады.
2.10 Жекелеген пунктілердегі жер жабыны және жолдың жоғарғы құрылысы
Станциялардағы жер төсемі жергілікті жердің топографиялық түсірілімі, басты жолдардың бойлық профилі, құрылыс ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін ескере отырып инженерлік-геологиялық ізденістер негізінде олардың жоспарларын әзірлеумен бір мезгілде жобаланады. Станция жер төсемін жобалаудың негізі СТНЦ-01-95 талаптарына сәйкес іздестіру материалдарының деректері бойынша әзірленетін көлденең профильдерді жобалау болып табылады.
Станциялардағы жер төсемінің ені жобаланатын жол дамуымен белгіленеді. Шеткі станциялық жолдардың осьтерінен жер төсемінің жиегіне дейінгі қашықтық желінің категориясына байланысты қабылданады: жартасты, ірі-кесек және құмды құрғатқыш топырақтар кезінде –
3,10 бастап 3,30 м дейін, ал басқа топырақтар кезінде – 3,55 бастап 3,80 м дейін.
Қарлы басқындарынан қорғау үшін станцияларды үйінділерде жобалау ұсынылады. Жартас және жай топырақтардан биіктігі 6 м дейінгі үйінділер еңістерінің тіктігі 1:1,5 қабылданады. Үйінділердің биіктігі 6-дан 12 м-ге дейін болғанда биіктігі 6 м жоғарғы бөлігінде еңіс 1:1,5, ал төменгі бөлігінде - 1:1,75 болады. Жартасты топырақтардағы ойықтардың еңістерінің тіктігі 1:0,2-ден 1:1,5-ке дейін, ал ірі-кесекті, құмды және сазды топырақтарда - 1:1,5 құрайды.
Жобалау кезінде барлық жекелеген пункттерде жер үсті суларының сенімді бұрылуы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жер төсемі мен балласттың бетіне су бұру құрылыстарына қарай көлденең еңіс беру арқылы жүзеге асырылады. Көлбеу мөлшері және бір беткейдегі жолдардың рұқсат етілген саны жер төсемі топырағының тұқымына, балласт түріне және климаттық аймаққа байланысты. Көлденең еңіс қабылданады: 0 – жақсы құрғатылатын топырақ кезінде, басқа жағдайларда – 10 ‰ және 20 ‰, ал бір беткейдегі жолдар саны – 8–10 дейін.
Станциядағы жолдардың санына байланысты жер төсемінің жоғарғы жағының көлденең сызбасы: бір беткейлі, екі беткейлі немесе ара тәріздес етіп жобаланады (2.23-сурет).
Бір беткейлі көлденең профильдер көбінесе құрғататын топырақтар және аралық жолаушылар платформасы болмаған кезде жолдар саны аз дара жолды желілердің разъездері мен аралық станцияларында қолданылады. Екі беткейлік көлденең профильдер қос жолды желілердің жекелеген пункттерінде және ірі станциялардың жеке орналасқан парктерінде жобаланады. Көлденең еңістер басты жолдардың аралығынан орналасады. Ара тәрізді көлденең профиль, әдетте, сұрыптау парктерінде көптеген жолдары бар алаңның едәуір енінде қолданылады. Бұл ретте төменгі белгілері бар жол аралықтарында науаның түбі бойынша кемінде 2 ‰ еңістері бар және жер төсемінен тыс көлденең шығулары бар жабық бойлық су бұрғыш науалар салынады. Бұдан басқа, станция алқымындағы орталықтандырылған бұрмалы бағыттамалардан және жолаушылар платформаларынан су бұрғыштар жобаланады.
Су бұрғыш жыралар станция үйіндіге орналасқан кезде таулы жағынан, ал кюветтер – ойықтың екі жағынан орнатылады. Түбі бойынша арықтар мен кюветтердің ені тиісінше – 0,6 және 0,4 м, ал тереңдігі – 0,6-дан 1,5 м-ге дейін. 1,5 м-ге жақын тереңдікке жеткен кезде климаттық жағдайларға және су жинау ауданына байланысты 0,75; 1,0; 1,5; және 2,0 м тесікпен көлденең су өткізу құбырларын қарастыру қажет.