Файл: Дрістер жинаы kkkzhN 3307 Клік рылыстары мен рылыларын жобалау негіздері пні 5В090100 Клікті пайдалану жне жк озалысы мен тасымалдауды йымдастыру .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 305
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Теміржол торабы көлік торабының бір бөлігі болып табылады. Көлік торабына, оның басты құраушысы болып табылатын теміржол құрылғыларынан басқа автомобиль жолдарының торабы, аэропорттар, теңіз және өзен порттары, құбыр өткізу көлігінің желісі, қала көлігі желісі енеді.
Теміржол торабында жолаушыларды ауыстырып отырғызу және жүктерді көліктің бір түрінен екіншісіне тиеу жүреді. Теміржол торабында көліктің барлық түрлерінің кешенді дамуы үлкен мәнге ие болады. Мысалы, жаңа портты салу кезінде жүкті порттан алып шығу және (портқа) әкелу үшін сәйкес теміржол құрылғылары және автомобиль көлігінің құрылғылары да салынуы тиіс.
Теміржол тораптары теміржол көлігінің дамуы процесінде біртіндеп құралды. Олардың сұлбасына географиялық кескіндер де, жұмыс ерекшеліктері де, жергілікті жер топографиялары да, қаланың өнеркәсіптік және тұрғын аудандарына орналастыру, торапқа жақындау саны, басқа көлік түрлерінің болуы және орналасуы, ірі өзендердің болуы және т.б. әсер етті.
Теміржол тораптарын келесі негізгі белгілері бойынша:
- пайдалану жұмысының сипаты;
- экономикалық-географиялық орналасуы бойынша;
- конструкциясы бойынша бөлуге болады.
Тораптар пайдалану жұмысының сипаты бойынша:
- шағын сұрыптау жұмысымен транзиттік жүк және жолаушылар қозғалысына қызмет көрсететін транзиттік тораптар;
- үлкен қалалар маңында орналасқан үлкен жергілікті жұмысы бар тораптар; бұл тораптар транзиттік жолаушылар және жүк ағындарына қызмет көрсетеді, сондай-ақ жергілікті жүк тасу жұмыстары мен жергілікті және қала маңындағы жолаушылар тасымалын жүргізеді;
- транзиттік операциялар болмайтын немесе шағын өлшемді құрайтын соңғы тораптар;
- теңіз және өзен порттары аймағында порт тораптары, олардың негізгі жұмыстары жүктерді теміржолдан суға және кері аударумен шектеледі;
- ірі өнеркәсіптік аудандарға қызмет көрсететін өнеркәсіп тораптары; өнеркәсіп тораптары жергілікті, ірі өндірістік және өңдеуші өнеркәсібі бар аудандарға қызмет ете алады.
Экономикалық-географиялық орналасуы бойынша халқы 100 мың адамға дейін шағын және орташа қалаларда орналасқан тораптарға; ірі өндірістік немесе өңдеуші өнеркәсібі бар аудандардағы тораптарға; теңіздер мен ірі өзендер жағасындағы тораптарға; халқы 1 млн адамнан асатын ірі қалалар тораптарына бөлінеді.
Негізгі құрылғылардың орналасу сұлбасына байланысты теміржол тораптары негізгі типтерге бөлінеді: бір станциялы тораптар;
- айқаспа тораптар;
- үш бұрышты;
- негізгі станциялардың параллель орналасуы;
- негізгі станциялардың рет-ретімен орналасуы;
- радиалды;
- тұйық;
- айналмалы;
- радиалды-айналмалы;
- радиалды-жартылай айналмалы.
Станцияның торапта орналасуы қаланы жоспарлауға және өнеркәсіптік аудандардың орналасуына байланысты. Жолаушылар станциясы, вокзал маңындағы алаң негізгі қала магистарльдарымен ыңғайлы байланысқан болуы үшін қаланың негізгі тұрғын аудандарына жақын орналасады. Торап шектерінде жолаушылар құрылғылары тораптың басқа станцияларында да болуы мүмкін, қала теміржол бойымен айтарлықтай созылған болса, аялдама бекеттері де болуы мүмкін. Жергілікті жұмыс көлеміне байланысты торапта бір немесе екі жүк станциясы болуы мүмкін.
Станциялары рет-ретімен орналасқан тораптар жолаушылар және транзиттік жүк поездарын өткізуге қолайлы. Торапта жоғары өткізу қабілеті қамтамасыз етіледі. Бірақ жақындау саны көп болса, басты торап ішілік жолға артық жүк түседі және айналманы немесе қосымша басты жолдарды жабдықтау қажеттігі пайда болуы мүмкін.
Тораптарда, ережеге сай, алыс және қала маңы қозғалысын жүргізетін барлық бағыттар үшін бір біріккен жолаушылар станциясы жабдықталады. Жолаушылар станциясын, вокзалды және вокзал маңы алаңын орнату қаланың жоспарлануымен байланысты болуы керек. Жолаушыларды вокзалдарға жылдам және ыңғайлы жеткізу мақсатында жолаушылар станцияларын қаланың орталық бөлігіне орналастырған жөн. Ірі тораптарда екі жолаушылар станциясы болуы мүмкін. Жолаушылар техникалық станциясы, құрамдардың жүрген жолдары жолаушылар станциясынан техникалық жолаушылар станциясына және кері жеткізу кезінде шағын болуы үшін жолаушылар станциясымен қатар орналасады. Тораптарда әдетте бір жолаушылар техникалық станциясын орнатады және тек ең ірі қалаларға қызмет көрсететін тораптарда ғана екі немесе одан көп жолушылар техникалық станциясы болуы мүмкін. Жолаушыларға жақсы қызмет көрсету үшін қала ішінде аялбама бекеттерін орнатады.
Ірі қалаларға қызмет жасайтын тораптардан басқа, тораптардағы сұрыптау жұмысы, бір сұрыптау сатнциясында орындалуы керек . Ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтарға қызмет көрсетін тораптарда сұрыптау станцияларының саны және орналасуы техника-экономикалық есептеулермен анықталады. Осыған орай сұрыптау жұмысы жақсы жабдықталған станциялардың аз санында шоғырлануы тиіс.
Торапта бір сұрыптау станциясы болған кезде, оның орналасуын, жүрген жолы өте аз және торапта вагондарды өте аз қайтадан істейтін, жасап шығарылған транзиттік және жергілікті вагон ағынының ең көп санын ағыммен өткізу қамтамасыз етілетіндей етіп таңдайды.
Жүк станцияларын орналастыруды жүк түрін ескере отырып, жүргізген жөн. Жаппай және ақтарма жүктер үшін арнайы жасалған жүк станцияларын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен базаларға, жүктерді негізгі алушыларға жақын орналастырған жөн.
Сұйық отынды, қауіпті және ерекше шаңдататын жүктерді тиеу және түсіру қала аумағынан тыс салынған арнайы бекеттерде жүргізілуі тиіс. Осыған орай атмосфераға зиянды шығарындыларды қысқарту жөнінде іс-шаралар қарастырылуы тиіс.
Көлік шығындарын қысқарту үшін ірі теміржол тораптарында жүктердің қайта өңделуін жүк аудандарының аз санына шоғырландырады.
Торапта локомотивтік жөндеу кәсіпорнының құрылғыларын, поездар мен локомотивтердің ең аз тұруын жол сапарын қамтамасыз ету есебінен орналастырады. Жөндеу локомотивтік кәсіпорындарын торапта бір бекетте шоғырландыруға тырысады. Поезд локомотивтері үшін торапта жабдықтау құрылғыларын тораптың сұрыптау станцияларында, транзиттік поездарға қызмет көрсететін станцияларда, ал қажет болған жағдайда, сонымен қатар маршруттық поездарды құрастыратын және тарататын ірі жүк станцияларында орналастырады.
Вагон жөндеу кәсіпорнының құрылғыларын торапта, оның технологиялық жұмыс процестеріне сәйкес орналастырады. Локомотивтік және вагон кәсіпорындарын, оларды ең үлкен кооперацияға тартуды ескере отырып, орналастырады.
Қала маңындағы электрпоездарының құрамдары мен дизель-поездарға қызмет көрсетуге арналған моторвагонды жөндеу кәсіпорындарын жолаушылар немесе жолаушылар техникалық станциясымен қатар орналастыруға тырысады.
Торап станцияларына жете берісте және олардың алқымдарында поездардың жүру маршруттарының өзара қиылысуы болуы мүмкін. Қиылысудың үш түрі болады: шлюз құрылғысыз бір деңгейде, пост-шлюздар құрылғысымен бір деңгейде, өткізу жолдары құрылғысымен түрлі деңгейде.
2. СТАНЦИЯЛАРДЫ ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Теміржол габариттері. Станциялық жолдардың осьтері арасындағы арақашықтық.
Теміржол жолдары бойынша поездар қозғалысы қамтамасыз етіледі. Жолдармен қатар түрлі құрылыстар мен құрылғылар орналасуы, адамдар жұмыс істеуі мүмкін. Поездардың қауіпсіз қозғалысы және станциялар мен аралықтарда жұмыс істейтін адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылжымалы құрам: локомотивтер мен жүктері бар вагондар қатаң анықталған өлшемдерге сәйкес келуі тиіс. Жолдармен қатар орналасқан құрылыстар мен құрылғылар белгілі бір кескіндермен – габариттермен орнатылғаннан жақын да, жоғары да, төменде емес жерде болуы керек.
Құрылыстың және жылжымалы құрамның жақындау габаритін бөледі. Теміржолдар құрылысының жақындау габариті деп, кескін жолдарының шектік, көлденең, перпендикуляр осьтерін атаймыз, жылжымалы құрамнан басқа, жылжымалы құраммен (байланыс сымдары, жұмыс күйіндегі вагон баяулатқыштары және басқалары) тікелей өзара әрекеттесетін құрылғылар бөліктерін қоспағанда, құрылыстар мен құрылғылардың ешқандай бөліктері енбеуі тиіс. Мемлекеттік стандарт С және Сп құрылыстарының жақындау габариттерін бекітті.
Жылжымалы құрамның габариті деп, кескін жолдарының шектік, көлденең перпендикуляр осьтерін атайды, оларда сыртына шықпастан, бос күйінде де, сонымен қатар тиелген күйінде де, тік горизонталь жолда орнатылған жылжымалы құрам орналасуы тиіс.
С габариті (2.1-сурет) теміржолдардың, сонымен қатар түйісу станциясынан бастап өнеркәсіптік және көлік кәсіпорындары аумағына дейін жете беріс жолдардың жалпы желісінің құрылыстары мен құрылғыларына таралады.
Сп габаритінің талаптары зауыттар, фабрикалар, шеберханалар, депо, өзен және теңіз порттары, жүк аудандарының, қоймалар, электрстанциялар мен басқа өнеркәсіптік және көлік кәсіпорындары аумақтарында және аумақтары арасында болатын құрылыстар мен құрылғыларды қанағаттандыруы керек.
С және Сп габариттері теміржолдарды, жете беріс жолдарды, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалау, салу, қайта құру, электрлендіру және екінші жолдарды салу кезінде сақталуы тиіс.
Габариттер өлшемдерін миллиметрмен өрнектейді және рельс басынан бастап, жол осінен бастап есептейді. С құрылысының жақындау габаритінің төменгі бөлігі жолтабан ішінде жол осінен бастап 670 (672) мм дейін рельстердің бастарының деңгейінен 50 мм жоғары орналасқан. Бұл үстінен өтетін төсемдер, жолтабандар ішінде жолға төсеуге жататын жаңа рельстерді уақытша орналастыру үшін және т.б. қажет. Жолтабандар сыртында жол осінен 1745 мм қашықтықта рельстердің бастарының деңгейінен ештеңе шығып тұрмауы керек. Рельс басынан бастап көпірлер конструкциясы мен жолөткелдердің төменіне дейінгі қашықтық станцияларда - 6900--6750 мм, аралықтарда 6400—6250 мм құрайды. Бұл, пантографты қауіпсіз тексеру үшін станцияда байланыс сымын 6250-6800 мм биіктікте ілген жөн, аралықтарды тексеру қажеттігі сирек болады, бұл оны 5750 мм дейін төмендетуге болатындығынан туады.
2.1 - сурет – С құрылысының жақындау габариті