Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 204

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф. 7.11-19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Биология кафедрасы
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ» пәнінен практикалық сабақтарды орындауға арналған

Әдістемелік нұсқау
педагогикалық бағыттағы мамандықтарға арналған

Шымкент, 2020ж

Ф. 7.11-19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Биология кафедрасы

Қалқабаева С.А. Пирназарова Г.А.

«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәнінен
Практикалық сабақтарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Шымкент 2020
ӘОЖ 612. 66/.68

КБЖ
Құрастырушы: м.ғ.д., профессор Қалқабаева С.А.

«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәнінен 5В011300 - «Биология» және 5В010000 - «Білім» педагогикалық бағыттағы мамандықтары бойынша оқитын студенттер үшін практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент М.Ауезов атындағы ОҚМУ, 2016.
Әдістемелік нұсқау оқу жоспарының және «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пән бағдарламасының талаптарына сай құрастырылған және курстың практикалық сабақтарын орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
\

© М.Ауезов атындағы Оңтүстік Казахстан мемлекеттік университеті, 2020ж.

К І Р І С П Е
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні физиологияның жеке саласы болып есептеледі. Ол онтогенездік дамудың әртүрлі кезеңінде адам ағзасының қызметтік ерекшеліктерін, яғни мүшелер мен мүшелер жүйесінің және тұтас ағзаның өсуін, дамуын, қалыптасуын оқытып білдіреді.

Оқушылардың физиологиялық дамуы психология мен педагогика үшін маңызы зор.

Даму кезеңіндегі түрлі факторлардың әсерін қабылдаудың өте жоғары болуы және де бұл кезеңнің аса сезімталдығы мен ағзаның сол әсерлерге қарсы тұру мүмкіндігінің төмендігі тән, балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін басты назарға алатын тәрбиелеу мен оқытудың педагогикалық тиімділігі олармен тығыз байланыста болады.

Бала ағзасының физиологиясын білу, дене тәрбие сабақтарындағы қолданылатын қимыл-қозғалыстық тәсілдердің тиімділігін, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру әдістерін, қозғалыс сапаларының дамуын және мектепте жүргізілетін сауықтыру жаттығуларының маңыздылығын анықтау үшін өте маңызы зор.


Жас физиологиясы бала психологиясының жасқа сай ерекшеліктерін түсінуге үлкен септігін тигізеді. Әртүрлі жастағы бала миының функциясын оқып білу, түрлі жас кезеңдерінде бала ағзасының арнайы психикалық және психифизиологиялық қызметтердің жүзеге асырылуын, ақпаратты қабылдау, зейін салу, затқа танымдық құштарлықты дамытуға бағытталған педагогикалық үрдістер әсерлеріне ең сезімтал шақтарды нақтылап анықтауға мүмкіндік жасайды.

Мектеп гигиенасы – балалар мен жеткіншектер ағзасының қоршаған ортамен қарым-қатынасын, соның негізінде олардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, үйлесімді дамуы мен функционалдік мүмкіншіліктерін жетілдіруге бағытталған гигиеналық нормативтер мен талаптарды жасап өңдеуге мақсатталған

Балалар мен жеткіншектер гигиенасы, оқу-тәрбие үрдістері, оқушылардың күн тәртібі мен тынығуы, балалардың тамақтануы, балабақшалар мен мектептердің құрылысын жобалау және олардың жан-жақты дұрыстығы бойынша педагогиканы ғылыми негізделген гигиеналық ұсыныстармен толық жабдықтайды. Мектеп гигиенасының басты талаптары – жылу жүргізу, су, канализация, желдету және жарықтандыру сияқты санитарлы-техникалық жабдықтауда қолданылады.

Оқушылар денесінің үйлесімді дамуын және денсаулығын нығайту міндеттерін орындау, олардың тек анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін еске ала отыра қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өсу мен дамуға, жұмыскерлік қабілетін және ағзаның функционалдік мүмкіншілігін жоғарылатуға, оның бейімделіс мүмкіндігінің аясын кеңейтуге бағытталған әсерлерді белсендіру болып табылады.

Оқушылардың физиологиялық дамуы негіздері болып бірлескен бұл курстың басты міндеті, болашақ мұғалім-тәрбиеші студенттерді, өсіп, дамып келе жатқан ағзаның жасқа сай ерекшіліктері жөнінде заманауи мәліметтермен, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту, түрлі оқу және еңбек жұмыстарын атқаруда жоғары жұмыскерлік қабілетін көрсете алу негізінде жатқан біліммен қаруландыру.

Оқушылардың физиологиялық дамуы маңызы – еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сымбатты, еңбекқор, яғни жанжақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту. Сондықтан да мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін ғана емес, болашақ ата-аналар үшін де маңызы зор ілім.


  1. Практикалық сабақтың тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына өмір сүру жағдайларының әсері.

  2. Практикалық сабақтың тақырыбы: Оқушылардың қимыл белсенділігі және гиподинамияның зиянын талдау.

  3. Практикалық сабақтың тақырыбы: ОНЖ әр түрлі бөлімдерінің функционалды маңызы

  4. Практикалық сабақтың тақырыбы: Баланың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.

  5. Практикалық сабақтың тақырыбы: Оқушыларда көру қызметінің бұзылуларының алдын алу.

  6. Практикалық сабақтың тақырыбы: Оқушыларда есту қызметтерінің бұзылуларының алдын алу.

  7. Практикалық сабақтың тақырыбы: Мектеп жасында ішкі секреция бездері қызметінің бұзылыстары және алдын алу.

  8. Практикалық сабақтың тақырыбы: Медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеудің қағидалары

  9. Практикалық сабақтың тақырыбы: Мектеп жасында жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары, алдын алу.

  10. Практикалық сабақтың тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының қызметтерінің бұзылуы, себептері және алдын алу.

  11. Практикалық сабақтың тақырыбы: Асқорыту ағзаларының ауруларымен күресу және алдын алу.

  12. Практикалық сабақтың тақырыбы: Мектеп жасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру. Балалар мен жасөспірімдерде семіздік пен қант диабетінің алдын алу.

  13. Практикалық сабақтың тақырыбы: Сыртқа шығару жүйесінің мүшелері, олардың маңызы.Терінің контраст құбылысы.

  14. Практикалық сабақтың тақырыбы: Бейімделу механизмдерінің жас ерекшеліктері.

  15. Практикалық сабақтың тақырыбы: Оқушылар арасындағы жаман әдеттердің алдын алу мен күресу.






1 –Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына өмір сүру жағдайларының әсері.

Қажет жабдықтар: ростомер, спирометр, сантиметрлік лента, таразы.

І. Сабақтың мақсаты:

- физиологиялық зерттеу әдістерінің жүргізілуін оқыту және назар аударту;

- зерттеу тәсілдерінің айырмашылығын байқауға баулу және физиологиялық нақты тұжырым жасауға бағыттау.

ІІ. Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер.

ІІІ. Тақырып бойынша жалпы түсініктеме:

Жас физиологиясының зерттеу әдістері бірнеше бөлімнен тұрады: бақылау, табиғи, лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия. т.б.






Сурет 2. Ростомермен бойды өлшеу.
Мысалы бақылау әдісі – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды». Табиғи тәжірибе – байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайындағы тәжірибеден айырмашылығы, мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Функционалдық жүктеме әдісі бойынша бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функционалдық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Телеметриялық зерттеу әдісі – радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Антропометрия – баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене салмағын таңертең, ұйқысынан тұрған соң, тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.


Сурет 2 Бас (а); иық (б); кеуде (в); балтыр (г); сан (д) ауқымдарын өлшеу.
1.1 Сыртқы бақылау (соматоскопия)

Жұмыс барысы


1. Тірек-қимыл аппаратының (ТҚА) жалпы сыртқы жағдайы бейне бойынша бағаланады: массивтілігі, иық белдеуінің кеңдігі, сымбат және т.б.


Омыртқа жотасы – негізгі тірек қызметін атқарады. Зерттеу жұмыстары сагитальді және фронтальді жазықтықтарда өткізіледі.

Түзу сызық пішінін келесі көрсеткіштер бойынша анықтайды:

а) иық деңгейі;

б) жауырындардың бір деңгейде орналасуы.

Көрсеткіштерді жазып алу қажет.

Сымбат – қалыпты жағдайда тұрған адамның үйреншікті қалпы. Ол омыртқа жотасының пішініне, дене бұлшық етінің дамуы мен тонусына байланысты.

Сымбат түрлері:

а) дұрыс

б) бүкірейген

в) кифотикалық

г) лордотикалық

д) түзетілген

Қалыпты сымбат келесі белгілермен сипатталады:

  1. Омыртқа жотасының сызығы шүйде сүйегі төмпешігінен бөксе

қатпарларына дейін созылған;

  1. Тоқпан жіліктің бір деңгейде орналасуы;

  2. Жауырындардың бір деңгейде орналасуы;

  3. Дене және еркін бос төмен түскен қолдар қалыптастыратын бірдей

үшбұрыштармен (оң және сол жақтан).

Өз көрсеткіштерін жазып алу қажет.

2. Аяқ пішінін анықтау. Зерттелуші табандарын бірге қосып, түзу тік тұрады.

N – тізе буындары жанасады,

Аяқтың О-тәрізді пішінінде – тізе буындары жанаспайды,

Аяқтың Х-тәрізді пішінінде – бір тізе буыны екіншісін жауып тұрады.

Көрсеткіштерді жазу қажет.

3. Дене тұрқы – дене бөлімдерінің мөлшерімен, пішінімен, пропорциясымен және бір-біріне қатысты орналасуымен анықталады. Дене тұрқына спорт түрі, қоршаған орта және басқа да факторлар әсер етеді.

Конституция – адамның ерекше дене тұрқы. М.В. Черноруцкий конституцияның үш типін айырады:

  1. гиперстениялық,

  2. астениялық,

  3. нормостениялық.

Гиперстениялық типте дененің көлденен мөлшерлері басым болады, басы дөңгелек пішінді, беті кең, мойыны қысқа, қол-аяқтары қысқалау.

Астениялық типте дененің ұзына келген мөлшері басым болады, беті ұзындау, ұзын және жіңішке мойын, ұзын әрі жалпақ көкірек клеткасы, жіңішке қол-аяқтар, әлсіз дамыған бұлшық еттер жүйесі.

Нормастениялық типте – дене тұрқының пропорцианалдығы байқалады.

Көрсеткіштерді жазып алу.

1.2 Антропометрия (соматометрия)

Мақсаты: Негізі антропометриялық көрсеткіштермен танысу.

1. Дене тұрқының мықтылық көрсеткіші (Пинье бойынша) тұрған жағдайдағы бойдың айырымымен және дене салмағы мен көкірек клеткасының шеңберінің қосындысына тең болады

Х = Б – (Д + Ш)

мұндағы Х – индекс,

Б – бойы (см);

Д – дене салмағы (кг);

Ш – дем шығарудағы көкірек клеткасының шеңбері (см).

Айырымы неғұрлым кіші болса, соғұрлым көрсеткіш жақсы.

Өз көрсеткіштерін жазып алу.

2. Омыртқа жотасының иілгіштігін (қозғалымын) анықтау.

Омыртқа жотасының белсенді және пасивті иілгіштігін айырады. Зерттелуші орындықтың үстіне шығып, шамасы жеткенші алға және төмен қарай иіледі (max), қол төмен созылған және шкала (линейка) бойынша көрсеткіш анықталады. Бастапқы нүкте ретінде зерттелуші тұрған орындықтың жиегі алынады. Көрсеткіш 0 ден 10 см аралығында болса, онда омыртқа жотасының қалпты иілгіштігі; 0 см дейін – пасивті иілгіштік және 10 см аса – белсенді иілгіштік.

Өз көрсеткіштерін жазып алу.

V. Пысықтау сұрақтары:

1. Жас физиологиясын қалай зерттейді?

2.Жас физиологиясы қандай ғылыми зерттеулерді пайдаланады?

3. Физиологияның жеке саласы болып жас физиологиясы қалай дамыды?

4.Жас физиологиясының зерттелу әдісінің басқа ғылыми зерттеу әдістерінен айырмашылығы?

5.Жас физиологиясының зерттелуіне физиолог ғалымдардың қосқан үлесі қандай?

VІ. Қорытындылау:

1.1 және 1.2 жұмыстарының нәтижесін дәптерге жазып, қорытынды шығарыңыз.


Бойы

Салмағы

Кеуде шеңб

ӨТС

Аяқ пішіні

Дене тұрқы

ДТМК

Сымбат


























2. Тест сұрақтарына жауап беру
1.Жас физиологиясын зерттеу әдістері қанша бөлімнен тұрады?

А) 6
В) 5
С) 7
Д) 10
Е) 4

2. Кімнің айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды»

А) И.П Павлов
В) А.Н Северцев
С) И.М Сеченов
Д) П.К Анохин
Е) И.Н. Маркосян

3.Адам денесін қашық жерде тұрып анықтау аспабы.

А) телеметрия

В) антропометрия
С) эргометрия

Д) лабораториялық
Е) функциялық жүктеме

4. Балалар мен жастардың денесінің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі

А) функциялық жүктеме

В) телеметрия
С) эргометрия

Д) лабораториялық
Е) антропометрия

5. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау әдісі

А) антропометрия

В) телеметрия
С) эргометрия

Д) лабораториялық
Е) функциялық жүктеме