Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 319
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8. Буындарыңыз ауыра ма?
9. Жағажайда жиі боласыз ба?
10. Сіздің өзінізді сезінуде ауа-райының өзгеруі әсер ете ме?
11. Аландаудан ұйқыңыз болмайтын кезеңдер бола ма?
12. Үлкен тәреткі бармау Сізді аландата ма?
13. Сіз тез әрі жиі шаршайсыз ба?
14. Бауыр айналасындағы ауырсыну сезімдері Сізді аландата ма?
15. Бас айналу жағдайлары бола ма?
16. Бұрынғымен салыстырғанда қазір бір ойға шоғырлану қиын ба?
17. Ұмытшақтық, есте сақтаудың әлсіреуі Сізді аландата ма?
18. Дененің бір бөліктерінде шаңшуды, мұздауды сезінесіз бе?
19. Сіз өзіңізді бақытты, көңілді, қозулы болатын кезеңдер бола ма?
20. Құлағыныздағы шулар аландата ма?
21. Үйдегі медициналық қобдишада өзіңіз үшін төмендегі медикаменттерді ұстайсыз ба: валидол, жүрек тамшылары, андипал немесе цитрамон.
22. Аяқтың ісінуі бола ма?
23. Кейбір тағамдардан бас тартасыз ба?
24 Тез жүрген уақытта демікпе пайда бола ма?
25. Белдеме аумағында ауырсыну сезімі бола ма?
26. Емдік мақсатында қандай да бір минералды су ішесіз бе?
27. Ауыздағы жағымсыз дәмдер аландата ма?
28. Сіздің тез көңіл-күйініз бұзылама немесе көзге жас аласыз ба?
29. Өзіңіздің денсаулығынызды қалай бағалайсыз?
Сауалнамадан кейін теріс жауаптардың жалпы санын санау керек, бұл ДСБ шамасы болып табылады.
Тапсырма: Жоғарыдағы формулаларды пайдаланып БЖ анықтау, қорытынды шығарып, жұмысты дәптерде орындау.
№15 Практикалық жұмыс : Оқушылар арасындағы жаман әдеттердің алдын алу мен күресу.
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салтының мотивациясын анықтау
Қажет жабдықтар: кестелер
І. Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.
Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.
Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:
-
- Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн; -
- Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек; -
- Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау; -
- Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру; -
- Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс; -
- Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру; -
- Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді. -
- Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.
Оқушылар арасындағы жаман әдеттердің (темекі тарту, спиртті ішімдіктер ішу, токсикомания, есірткі пайдалану) алдын алу мен күресу.
Тақырыбы: Зиянды әдеттер және олардың алдын алу
Мақсаты: Зиянды заттардың адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ жүруге, олардың қандай зиян екеніне тәрбиелеу.
Темекі-біздің қоғамда темекі шегу өлімнің бірден-бір себепкері болып табылады. Шылым шегушілер шекпейтіндерге карағанда жүрек ауруларына жиі шалдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 170 000 адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық қатерлі ісігі, панкреатит және бүйрек қатерлі ісігі темекі шегушілер арасында жоғары көрсеткіште. Қатерлі ісіктен өлгендердің 30 пайызы (жыл сайын 130 000) темекі шегуге байланысты. Эмфизема, созылмалы бронхит сияқты өкпенің созылмалы ауруы темекі шегушілер арасында темекі шекпейтіндерге қарағанда 10 есе көп.
Темекі жапырағында никотин1-1,5% кей сорттарында 6-6,8%-ға дейін болады. Салмағы 1 гр сигаретте 10-15 млгр никотин болады. Темекінің түтінінде өте улы зат никотин бар. Шылым шеккенда адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ , шаң, және күйе болады. Шылымның күнде 20 тартқан адамның 90 мл грамм шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартқанда адам уланады. Егер темекіні үй ішіне тартса оның зардабын үй ішіндегілер көреді. Бөлмедегі, ауадағы темекі түтіні иммунитетті төмендетеді. Осылайша адам өз өміріне зиян келтіреді.
"Шөпті" біртіндеп шегу тұрақты кәсіпке айналады, жасөспірім одан аздап ләззат ала бастайды.
Ал "шөптің" болмай қалуы қанағаттанбаушылыққа, көңіл-хошының болмауына, тітіркенуге соқтырады. Нақты бір калыптасқан топтарға бойы үйренген жасөспірім алғаш рет героиннің немесе апиындар қатарындағы басқа да есірткілердің дәмін татып көреді.
Темекі шегудің жақын арада тигізтін кері әсері:
-
қан тамырлары мен бастағы ми тамырларыныц қысылып қалуы; -
қан қысымының жоғарылауы; -
жүрек соғуының жиілігі; -
темекі түтінімен мұрын-тамақ қуысының тітіркенуі; -
қанға улы газдың қосылуы; -
өкпеде темекі қойырпағының шегуі; -
ауаның улануы.
Алкоголь - бұл қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масандататын элементтен тұрады. Алкоголь - күллі әлемге таралған ертеден келе жаткан есірткі. Біздің коғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Бірақ ол қалыпты ма?
Алкоголь әдетте қанға араласады, одан ары миға шабады. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Ол уды тазартқанда адам бауырына зор күш түседі. Бір стакан спиртті тазартқанға шамамен жарым сағат уақыт кетеді. Алкоголь адам өмірінде туындаған проблеманы уақытша ғана шешеді. Адам қаншалықты көп ішсе, соншалықты болып жатканды бағалауы және өз әрекетін бақылауы төмен болады. Адам сақтықты ұмытып және "күшейе" бастайды. Спиртті ішімдік адамның бақытсыздыққа ұшырау мүмкіндігін жоғарылатып, мас болуға әкеліп соқтырады. Алкоголь адамның қабылдауы мен айналасына әсеріне кедергі келтіреді. Осындай себептермен адам мас күйінде көлік жүргізуі төтенше қауіпті.
Адам спирттік ішімдікті шамадан тыс ішкен кезде гастрит, жүрек аурулары, витамин жетіспеушілік және бауыр циррозы күрт асқынуы мүмкін. Алкоголь сонымен қатар ми клеткаларын, ойлау қабілетін бұзады. Алкоголь белсіздікке ұрындырады.
Арақтың зияны туралы мағлұмат. Алкоголь-зтил спирт наркотиктер құрамына жататын және барлық ішімдіктер құрамында болады. Оны ішкен кезде аз уақыттың ішінде адамның көңіл-күйі көтеріліп, бір-екі рет ішкеннен соң сылтаулатып тағы да ішкісі келіп тұрады. Алкогол әсіресе жас балалардың жүйке жасушаларына өте зиянды.Арақ- адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді арамдыққа және қылмысқа итермелейді.Арақ ішетін адамның балалары дүниге келгеннен кейін ақыл есі кем, ұмытшақ ауруға тап болады.
Алкоголъге тәуелді болу мына жайларға соқтырады:
-
спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішетін адамдар жасынын ұзақтығы халықтың орташа жас мөлшерінен 15-20 жасқа төмен; -
алкогольді шамадан тыс ішу - қылмысты әрекетке барудың жиі себебі; -
тері ауруларын жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйдегі жағдайда болады;
балалар ақыл-ойы кемістігінің 40-60 пайызы ата-аналарының ішімдікке бой ұруының салдары; -
алкоголь орталық жүйке жүйесіне қатты қысымшылық көрсетеді, адам миының жұмысын бәсеңдетеді және есте сақтау үдерісін тежейді; -
алкоголь қозғалыс үйлесімін бұзады және тез реакцияны төмендетеді; -
алкогольді көп мөлшерде немесе бір рет қана ішудің өзі адам миын қайталанбас күйге душар етеді.
Нашақорлық-қоғам дерті. Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ.
Нашаның зияны туралы. Нашақорға түскен адам өзінің азаматтық, адамгершілік қасиетін жоғалтып, имандылықтан біртіндеп айырылады, психикалық жағынан күйзеліске ұшырайды, достьарын отбасын жоғалтады. Есірткі сананы улайды, есірткіге тәуелділік пайда болған кезде, нашақор қандай жолмен болса да табуға әрекет жасайды. Осылайша қылмыстық ортаға қалай тап болғанын білмей қалайды.
Есірткі заттарды қолданудың кейбір белгілері:
-
ашу-ызаның шапшуы, көңіл-күйінің өзгеруі, тұрақтап бір жерде отыра алмау, тітіркену;
-
өз-өзіне немқұрайлы болу; -
қалыптан тыс шаршап-шалдығу және түнде ұйықтамау; -
ақша немесе зат ұрлау; -
ақшаны шамадан тыс жарату, қарызға алу; -
дәмге тәбеттің болмауы; -
шамадан тыс сөйлеу, әсерлену, көтеріңкі қалып; -
жалған айтудың артуы немесе тұйықталу, жасырыну; -
кенеттен жаңа достардың пайда болуы; -
нашақорлар ортасында айтылатын сөздерді қолдану; -
көз қарашығының ұлғаюы және тарылуы.
Енді сендер 3 топқа бөлінесіңдер. Әрбір топқа бір жағдай беріледі. Сендер топтармен бәрін талқылап, шешімдеріңді айтасыңдар.
1 топ-Бір күні досының қолында инеден қалған іздерді көріп қалдың.Сенің әрекетің?
2 топ-Дене шынықтыру сабағында баскетбол ойнап жатырсыңдар. Бір студенттің өкпесі шыдамай, жүгіре алмайды. Киімінде темекі түтінінің иісі бар.Топтың мүшесін жоғалтпау үшін не істейсіңдер?
3 топ- унверситет алдыңда мас болған курыстасыңды көріп қаласың. Сенің әрекетің?
Жасөспірімдер зиянды заттардаң аулақ жүріңдер. Себебі бір кішкентай ғана қателік бүкіл өміріңді құртуы мүмкін.
Жасөспірімдердің жаман әдеттерді бастау себептері:
а) топқа еліктеу