Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 316
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бақылау сұрақтары:
1. Зат алмасу дегеніміз не?
2. Зат алмасу процесіне қатысатын ферменттердің қызметі?
3. Ферменттердің адам ағзасындағы қызметі қандай?
4. Май мен көмірсулардың алмасуы?
5. Белоктың ыдырауы және құрамындағы негіздері қандай?
№ 13. Практикалық жұмыс. Сыртқа шығару жүйесінің мүшелері, олардың маңызы.Терінің контраст құбылысы.
Мақсаты:
- сыртқа шығару мүшелерінің қызметтері және адам организміндегі маңыздылығын ұғындыру;
- бүйректің құрылысы, ондағы несеп түзілу үрдісінің жүру механизмін білу.
Теріге температурамен әсер ете отырып, бейімделу және контраст құбылысын бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Плакаттар, муляждар, әрбіреуі 100, 250, 400 жылы су құйылған үш ыдыс.
Тақырып бойынша жалпы түсініктеме:
Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.
Белок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар және сырттан келіп түскен әр түрлі заттар негізінен,аздап тер бездері арқылы, ал су мен көмір қышқылды газ, эфир өкпе арқылы сыртқа шығады.
Ас қорыту түтігімен кілегей қабығы арқылы,ет пигменттерінің өзгерісінен пайда болған заттар, кейбір ауыр металдардың (қорғасын, кадмий т.б)аласталады. Тоқ ішек,сілекей бездері арқылы кальций тұздары шығарылады.
Бүйректің негізгі қызметі
1.Несеп түзу.
2.Қан тамырларының тонусымен түтік кендігін реттеу.
3.Қан ұюына қатысады.
4.Белок,көмірсу,майлардың алмасуына қатысады.
Бүйректің жасқа байланысты қызмет ерекшеліктері
Адамда бүйрек өз қызметін туа орындай бастайды.Жас балаларда бүйрек қызметі төмен,екі жасқа толғанда ересек адаммен теңеседі.Осыған байланысты бөбектерде ересек адаммен салыстырғанда несеп жасау 2-3 есе артық.Бала өмірінің алғашқы айында 300-350мл,1-2жас шамасында 700-750мл,4-5жаста 1л, 10жаста 1,5л несеп жасалады.Жаңа туылған бала несебінің құрамында белок,сүт қанты болады. Жас ұлғайған кезде бүйрек қызметі төмендейді (30%).
Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару диурез (несеп шығару) деп аталады. Несеп қаннан түзіледі. Ол-гипертониялық(қаныққан) сұйық зат.Түсі уробилин, урохром бояуларына байланысты сарғылт. Қату температурасы 1,5-2,2°,тығыздығы 1,012-1,025.Оның құрамында 2-4%құрғақ зат бар.Ол шумақтағы сүзілу,түтікшелерге қайта сіңу,сөліс (секреция) үрдістерінен тұрады.
Қан мен несеп құрамында кездесетін заттар
Зат аттары | Көлемі% алғашқы | Плазмада соңғы | Несеп құрамының қан құрамы нан айырма шылығы |
Мочевина Калий Натрий Белок Фосфаттар Сульфаттар Глюкоза Несеп қышқылы Креатинин | 0,03% 0,02% 0,32% 7-8% 0,009% 0,002% 0,1-1,15% 0,004 % 0,001 % | 2-3% 0,15% 0,35% 0,15% 0,18% 0,05 % 0,075 % | 70 есе көп 7есе көп 7есе көп Болмайды 16есе көп 90есе көп Болмайды 12есе көп 75есе көп |
Гломерулалық сүзіліс. Шумақтық сүзіліс – қысым тудыратын жүректің энергиясын пайдалану.Алғашқы несеп пен соңғы несептің салыстырылуы:
Алғашқы несептің көлемі 150-180л,соңғы 1,5-2л,орта есеппен 1-1,5л.
Соңғы несепте қант,амин қышқылы болмайды.
Алғашқы несепте 150-180л су 1,5л-ге (1%)сыртқа шығады,99%-ы қайта сіңеді.
Түтікшелердегі қайта сіңу. Қайта сіңу үрдісі бүйрек түтікшелеріне байланысты.Нефронда қайта сіңу тұрақты келеді.Ол реабсорбция деп аталады.Нефронда 7/8 ультра сүзгінің бөлігі қайта сіңеді.
Несеп шығару. Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үздіксіз жасалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2-3 рет, балаларда жас ерекшеліктеріне қарай шығарылады. Несеп шығаратын мүшелерге: несепағар,қуық,несеп шығаратын түтік жатады.Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтікшелерден өтіп,тостағаншаларға,бүйрек түбегі арқылы несепағарға ауысады.Несепқағардың толқынды жиырылуынан аз көлемде несеп 2-3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.Қуық уақытша несеп жиналатын, іші қуыс, көлемді мүше.Несеп қуықта еш өзгермейді,кері қайтпайды, қоюланбайды. Несеп шығару уақытында жапқыш рефлекстік жолмен босаңсып, қуық босатылады.
Тері. Тері адаммен жануарлардың сыртқы жабыны.Ересек адамда оның көлемі 1,5-2м²дене салмағының 4-5%немесе 4-5кг. Теріде қабылдағыштар (қысым, жанасу,ауру,суық,жылу)орналасқан. Тері өте күрделі рецептикалық алаң.Одан шыққан серпіністер ішкі ағзаға әсер етеді
Терінің қызметі. 1.Қорғаныс – организмнің ішкі ортасын сыртқы әсерлерден сақтау;
2.Тыныс алу,сіңіру (абсорбация) шығару;
3.Энергия алмасуын реттеу;
4.Тері тер бездерінің арқасында шығару мүшенің бірі.
Тер бездері. Тер бездері тер бөлуде көлемі 5м².Термен бірге артық су,тұз шығарылады.Тәулігіне 500 мл тер бөлінеді.Тер-түссіз, сұйық зат, құрамында: 98-99%су, 0,3% NaCI,несеп қықылы,май қышқылы болады.
Тердің бөлінуі. Тердің бөлінуі рефлекс арқылы реттеледі.Сыртқы,ішкі қабылдағыштардан көбіне жылу,симпатикалық жүйке арқылы тер бөліну күшейеді.Тер бөлу жылдамдығын иод-крахмал мен минор сынамасын қолдану арқылы және адам салмағының өзгеруімен анықталады.
2.Контраст құбылысы.
Жұмысты орындау: Бейімделу реакциясын бақылау үшін адам бір қолын ыстық суға (400) малады. Бастапқы кезде су ып-ыстық болып сезіледі де, біртіндеп ет үйренгеннен кейін жылу сезімі біртіндеп бәсеңдейді.: бұл бейімделу реакциясы контраст құбылысын бақылау үшін адам екі қолын жылы бөлме температурасындағы суға (250) салады да, жылу сезімі екі қолға бірдей екендігіне көз жеткен соң, бір қолын ыстық суға (400), ал екінші қолын салқын суға (100) салады да, бірнеше минөттен кейін екі қолын суырып алып, жылы суға (250) салады. Сонда суық суға салынған қолда контраст құбылысына байланысты жылу сезімі, ыстық суға салынған қолда, керісінше салқындау сезімі пайда болады.
Жұмыс нәтижесін қорытындылау: Үш түрлі ыдыстың суретін салу және тәжірибе нәтижесін жазып алу, қорытынды жасау.
Тест сұрақтарына жауап беру:
1. Бүйрек сырты қандай ұлпамен қоршалған
А) дәнекер
В) эпителий
С) бұлшық ет
Д) жүйке
Е) жабын
2. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде негізгі қызмет атқаратын мүше
А) бүйрек
В) өкпе
С) ішек
Д) қуық
Е) несеп ағар
3.Тәулігіне бүйректен қанша литр қан айналады?
А) 2000
В) 3000
С) 5000
Д) 1000
Е) 500
4. Несептің қанша пайызын су құрайды?
А) 98-99%
В) 100%
С) 50%
Д) 89-90%
Е) 95%
5. Қандай гормондар бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңіру) реттейді.
А) альдостерон
В) тестостерон
С) инсулин
Д) эндроген
Е) эстроген
6. Адамның несебінде қандай заттар кездеспеуі қажет:
А) белок және глюкоза
В) май
С) мочевина
Бақылау сұрақтары:
1. Бүйректің құрылысы мен қызметін анықтаңыз?
2. Сыртқа шығару жүйесінің бөлімдерін атаңыз?
3. Сыртқа шығару жүйесінің қызметінің маңызы қандай?
4. Бүйректің зәр шығаруға қатысуы қандай
№14 Практикалық жұмыс: Бейімделу механизмдерінің жас ерекшеліктері.
Мақсаты: биологиялық жасты анықтау және оның мәнін бағалау.
Қажет жабдықтар: тонометр, секундомер, калькулятор.
Жұмыс барысы
Биологиялық жас (БЖ) зат алмасу, құрылымдық, функционалдық, басқару ерекшеліктері мен бейімдеушілік қабілеті сияқты жиынтықпен анықталатын адамның биологиялық күйі деп түсінуге болады. Неғұрлым биологиялық жас күнтізбелік жаспен сай келіп отырса, соғұрлым индивидуум жасы жағынан ересек, және керсінше.
Биологиялық жас – ағзаның қартаю барысындағы жүйелі дезинтеграциялау шамасы. Ер және әйел адамдардың БЖ анықтауда жеке формулалар қолданылады:
Ер адамдарға: БЖ = 26,985 + (0,215 х АҚС) – (0,149 х ТТС) –
– (0,151 ∙ СБ) + (0,723 ∙ ДСБ)
Әйел адамдарға: БЖ = -1,463 + (0,415 х АҚП) – (0,140 ∙х СБ) + + (0,248 х ДС) + (0,694 х ДСБ)
мұндағы АҚС – артериялық қысым систолалық;
АҚП – артериялық қысым пульсті.
Бұл көрсеткіштер Рива-Роччи аппаратының көмегімен оң қолда, отырып аралығы 5 минут сайын үш рет өлшенеді. Осы жағдайда ең төменгі шама есепке алынады.
СБ – статистикалық баланстау – зерттелуші аяқ киімсіз сол аяқта тұрып, оң аяғы бүгілген жағдайында анықталады. Көзі жабық, қолдары төмен түскен (алдын ала дайындықсыз). СБ ұзақтылығы үш рет өлшенеді, әр өлшеу арасы 5 минутты құрауы қажет. Ең үздік нәтиже алынады.
ТТС – терең тыныс алғаннан кейін тынысты ұстау ұзақтылығы секундпен өлшенеді – аралығы 5 минут сайын үш рет өлшейді. Ең жоғары нәтиже алынады.
ДС – дене салмағы (нақты шама), кг.
ДСБ – денсаулықтың субъективті бағасы – 29 сұрақтан тұратын сауалнама көмегімен анықталады
Сұрақтар
1. Басыңыз ауыра ма?
2. Сіз кез келген шудан оңай оянасыз ба?
3. Жүрек айналасындағы ауырсынулар бола ма?
4. Сіз кейінгі кезде көруіңіз нашарланған деп санайсыз ба?
5. Сіз кейінгі кезде естуіңіз нашарланған деп санайсыз ба?
6. Сіз тек қана қайнаған су ішуге тырысасыз ба?
7. Сізге ұзақ уақыт көлікте тұрып жүру қиын ба?