Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 310

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2 Практикалық жұмыс. Оқушылардың қимыл белсенділігі және гиподинамияның зиянын талдау.

1.1 Салмақ және бой ұзындығы арақатысының бағасы (соматикалық компонент)

Мақсаты: Жеке тұлғалық салмақ-бой ұзындығы арақатысы ерекшелігін анықтау.

Қажет жабдықтар: таразы, бой өлшегіш, дененің максимальды салмағын есептеуге арналған кесте.

Жұмыс барысы


1. Кесте №1 пайдалана отырып, дененің қажетті максимальды салмағын анықтау (ДҚМС).

Өз көрсеткіштерін жазып алу:

а) жасы


б) бой ұзындығы

в) жынысы

ДҚМС = [ ] кг


2. Төмендегі формула арқылы дененің қалыпты салмағын анықтау:

N салмақ (кг) = бой ұзындығы (см) – 100
= [ ] кг
3. Формула бойынша қажетті дене салмағын анықтау (ҚДС) (Брок индексі):
Ер адамдарға [Бой ұзындығы (см)*4/2,54 - 128]* 0,453
Әйел адамдарға [Бой ұзындығы (см)*3,5/2,54 - 108]* 0,453

ҚДС = [ ] кг



4. ҚДС-нің орташа мәнін есептеу және нақты дене салмағымен салыстыру. Егер нақты дене салмағы қажетті салмақтан артса, онда артық салмақ денсаулыққа қатерлі фактор болып саналады.

Нақты дене салмағының қажетті салмақтан ауытқу шамасына қарай семірудің төрт дәрежесін ажыратады.

15-29% артса - I дәрежелі семіру;

30-49% артса – II дәрежелі семіру;

50-100% артса – III дәрежелі семіру;

100% аса артса – IV дәпежелі семіру.

1.2 Денсаулық жағдайын қалыпты және жүктеме кезінде бағалау (физиологиялық көзқарас)

Мақсаты: Жеке тұлғалық физикалық денсаулықтын қалыпты және жүктеме кезінде анықтау.

Қажет жабдықтар: секундомер.

Жұмыс барысы

1. Тыныштық жағдайында 15 секунд ішінде жүрек соғысы жиілігін есептеп, оны төртке көбейту қажет. Бұл 1 минут ішіндегі жүрек соғысының жиілігі (ЖСЖ).

ЖСЖ (қалып) = [ ] соғысы/мин



2. Жүктемелік жағдайды Мартине сынамасы арқылы өткізеді. Ол үшін 30 секунд ішінде 20 рет отырып тұру қажет. Сынама аяқталғаннан кейін дереу жүрек соғысын есептеп, көрсеткішін жазып алу қажет:

ЖСЖ (жүктеме) = [ ] соғысы/мин
3. Сынама нәтижесі физикалық жұмыскерлікті бағалауға мүмкіндік береді және жүктемеге деген жүрек-тамыр жүйесінің жауапты реакция типін анықтайды. Физикалық жұмыскерлік жүктемеден кейінгі жүрек соғысының өсуімен анықталады және бастапқы көрсеткіштен пайыздық арақатынаста көрсетіледі.

ЖСЖ 25% өссе - өте жақсы физикалық жұмыскерлік;

ЖСЖ 25-50% артса – жақсы физикалық жұмыскерлік;

ЖСЖ 50-75% артса – қанағаттанарлық физикалық жұмыскерлік;

ЖСЖ 75% артық болса – нашар физикалық жұмыскерлік.

4. 1.1 және 1.2 жұмыстарының нәтижесін дәптерге жазып, қорытынды шығар.

Кесте 1.1 – Максимальді дене салмағын есептеу.

Бойы

Жынысы - ер.

Бойы

Жынысы - әйел.

16-18 жас

19-21 жас

16-20 жас

19-21 жас

152

51,3

53,1

152

48,9

51,0

154

53,4

55,3

154

51,6

53,0

156

56,7

58,5

156

53,2

55,8

158

59,5

61,2

158

56,1

58,1

160

60,4

62,9

160

58,7

59,8

162

63,2

64,6

162

60,8

61,6

164

64,9

67,3

164

62,3

63,6

166

66,5

68,8

166

64,4

65,2

168

69,8

70,8

168

65,8

68,5

170

71,3

72,7

170

67,3

69,2

172

73,4

74,2

172

68,8

72,8

174

77,8

77,5

174

70,9

74,3

176

78,9

80,8

176

72,4

76,8

178

79,2

83,0

178

74,7

78,2

180

82,1

85,1

180

76,6

80,9

182

84,3

87,2

182

78,9

83,3

184

86,5

89,1

184

81,4

85,5

186

88,8

93,1

186

83,5

89,2

188

90,2

95,8

188

86,8

91,8

190

92,7

97,1

190

89,2

92,3

192

94,6

98,6

192

91,4

93,6

194

96,3

99,4

194

93,3

94,8


Бақылау сұрақтары:

  1. Өсу мен дамудың акселерациясы дегеніміз не?

  2. Организмнің дамуы неше кезеңнен тұрады?

  3. Өсу мен даму акселерациясының қандай кезеңдерін білесіңдер?

  4. Жас кезеңдері дегеніміз не?

  5. Физикалық даму және функциялық даму дегеніміз не?


Практикалық жұмыс №3 ОНЖ әр түрлі бөлімдерінің функционалды маңызы
Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы

Жүйке – жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке, нерв (латынша nervus, ал грекше neuron – сіңір, желі) — ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады. Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Түйіндердегі жүйке талшықтары өзара бір-бірімен ғана байланысып қоймай, тиісті рецепторлар және орындаушы органдармен (бұлшық ет, бездер) де байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, ол сезім органдарымен байланыста болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене түседі. Омыртқалы жануарлардың жүйке клеткалары, негізінен, орталық жүйке жүйесінен (жұлын мен мидан) тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы – эктодермадан (алғашқыда жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, одан әрі бір-бірімен жақындаса келіп түтікке айналады. Жүйке түтігінің бас жағы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Жүйке жүйесінің қалған бөлігінен жұлын жетіледі. Балықтардың алдыңғы миы жіктелмеген, бірақ артқы, ортаңғы миы және мишығы жақсы жетілген. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларда алдыңғы ми көпіршіктерінен аралық ми және екі ми жартышарының алғашқы қабы дамыған. Құстарда орталық, аралық ми және мишық айқын дамыған, ал ми қыртысы нашар жіктелген. Жоғары сатыдағы жануарлардың жүйке жүйесі дами келе жіктеліп, орталық жүйке жүйесі және перифериялық (шеткі) жүйке жүйесіне бөлінеді. Шеткі жүйке жүйесі – соматикалық жүйке жүйесінен және вегетативтік жүйке жүйесінен тұрады. Жүйке жүйесінің ең жоғары сатыдағы дамыған түрі адамдарда болады. Эмбриогенез кезінде жүйке түтігінің бас жағы 5 көпіршікке бөлінеді. Бұлардың алдыңғысынан үлкен ми сыңарлары мен аралық ми, ортаңғысынан ортаңғы ми, артқысынан варолий көпірі мен мишық және сопақша ми дамиды. Үлкен ми сыңарлары қыртысында көптеген жүлгелер мен иірімдер бар. Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады. Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы – жүйке жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз) жатады. Жүйке жүйесінің белгілі бір жеріндегі рефлекс процесіне қатысты организмнің белгілі бір тіршілік әрекетін реттейтін нейрондар тобы – жүйке орталығы болады. Жүйке орталығын құратын нейрондар қозу және тежелу синапстері арқылы өзара байланысып, нейрон торлары деп аталатын күрделі жүйе құрайды.


Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:

- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;

- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;

- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;

- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;

- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

Нейронның құрылысы мен қасиеттері

Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі -нерв клеткасы немесе н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар -глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.

Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін. Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон - тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш үштар -рецепторлар және қозғаушы ұштар - эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне - қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.

Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.

Дендриттер - тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл - нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен-саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар - шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түседі.


Нерв талшығы құрылысы мен қсиеттері

Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ы деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.

Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.

Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: І мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.

Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе а фференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Жүйкенің көпшілігі аралас нервтерден тұрады. Оның құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады