Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2247
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.
4. Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.
6. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
13. Каменецкий С.Е. Современные проблемы методики обучения физике. - Н-Новгород, 2001.
14. Мастропас З.П., Синдеев Ю.Т. Методика и практика преподавания. – Ростов н/д.: Феникс, 2002.
1. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 7к– Атамура, Алматы: 2004
3. Алимбекова Г.Б. «Қысқаша физика курсы 11- сынып». А.: «Азия-принт Адвертайзинг» , 2006 .
4. Электронные учебники по физике. 7-11 классы, – А. 2009.
5. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ., орта мектепте физиканы оқыту əдістемесі.-Алматы., 1998
7. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 8к– Атамура, Алматы: 2004
8. Рымкевич А.П., Рымкевич П.А. Сборник задач по физике– М., 2000.
9. Кабардин О.Ф. и др. Физика. Тесты для шк. – М.: Оникс 21-век, 2004.
1. http://www.physic.kz/?p=2485
2. http://zhangozy.wordpress.com/2010/01/29
3. http://physics1.ucoz.net/load/o_ushylardy_fizika_esepterin_shy_aru_a_jretu_di stemesi/1-1-0-4
4. http://lib-kguti.kz/index.php/component/option,com_docman/
5. http://videouroki.net/projects/index.php?id 6. «w w w physicslab.co.uk »
-
мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұның анықтау; -
оқушыларға физикалық білімдер мен дағдылардың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
«Физиканы оқыту әдістемесі» пәнінің міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру формаларын қарастыру және тағы басқалар кіреді.Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу объектісі – физиканы оқыту процессі. Міне, осы тұрғыда орта мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім беру, оларды жан – жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.Білім беру міндеті – барлық басқа пәндер сияқты физиканы оқыту әдістемесінің де негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканы негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.Дамыту міндеті. Бұл міндет оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Сан алуан ақпараттар тасқынында дұрыс бағдарлай білуге, түрлі логикалық операцияларды меңгере алуға, сөйтіп, формальді – логикалық ойлау формасына диалектикалық және шығармашылық ойлау формасына көтерілуге жеткізеді.Тәрбиелеу міндеті. Бұл міндет те, жоғарыдағы міндеттер тәрізді, жалпы оқыту кешенінің мұратына сәйкес – қоғам дамуының талаптарынан туындайды. Өйткені, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері – бәрі, сайып келгенде, өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы. Міне, сондықтан да мектепте мұғалім қызыметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту, негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көз қарасының қалыптасуына, ой – өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі – үлгілі болуға баулиды.Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді:
-
физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру; -
тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру; -
мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру; -
аса тиімді әдістермен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне өндіру.
«Физиканы оқыту әдістемесінің» мазмұны мынадай құраушы бөлімдерден тұрады:
-
физиканы оқыту әдістемесінің теориялық негізі немесе жалпы мәселелері; -
физика оқыту әдістемесінің жеке түрі; -
мектеп физика экспериментінің техникасы; -
мектеп физика есептерінің шешу әдістемесі.
3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, эксперимент, талдау және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау(модельдеу) және тағы басқалар. 4.Бағдарламалық жадыхаттарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық - техникалық базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрекі құралдар және тағы басқаларді анықтау. 5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ( үйірме, экскурсия, олимпиада және тағы басқаларді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау.6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін ғылыми материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, тәлім-тәрбие жұмыстарға бағдар-бағыт беру.7.Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру.Физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеті – физиканы не үшін оқытамыз, физикада не нәрсеге үйретеміз, физиканы қалай оқытамыз деген сұрақтарға жауаптардың ізденісі. Әдіске деген қарым – қатынастың жеке түсінігінің әдістік деталі әдістемелік амал болып табылады. Осыдан байқайтынымыз әдістемелік амал және әдіс деген ұғымды бөліп қарау. Шығармашылықтың кейбір түрлері бір кезде оқыту әдісі ретінде болса, келесі жағдайда амал ретінде қолданылуы мүмкін.Әдістемелік жүйенің құрамына кіреді: оқыту мақсаттары, мазмұны және оқытудың әдістері, формалары, тәсілдері.Физика әдістемесінің ғылыми – теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қарекетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктерін пайдаланылады.1.3 Физиканы оқыту әдістемесінің физика, философия, педагогика, психология ғылымдарымен байланысы.Педагогикалық жоғары оқу орындарында «Физиканы оқыту әдістемесі» курсын жан-жақты терең меңгеру студенттерден оны физика, философия, педагогика, психология ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет етеді. Себебі, сол ғылымдарды меңгермейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы мүмкін емес.
Оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасы, олардың танымдық қарекеті, дара тұлғаның қалыптасуы философия курсымен байланысты түрде жүзеге асырылады. Оқу, тәрбие жұмыстарының тәсілдері мен формаларын жетілдіру педагогикалық принциптер мен заңдылықтарға, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты жүргізіледі. Физиканы оқыту әдістемесі — күн сайын, ай сайын ұдайы жедел дамып отырған ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал ететін қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия, педагогика мен психология, т.б. ғылымдарының жетістіктері; мектепке арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен оқу құралдары; үкіметтің мектеп туралы қаулы - қарарлары; әдістемелік журналдар, физика мұғалімдерінің қоғамдары мен қауымдастықтарының (ассоциацияларының), педагогтардың конференциялар мен симпозиумдар материалдары, озат физика мұғалімдерінің, жаңашыл педагогтардың, авторлық мектептердің іс-тәжірибесі, т.т. Физика пәні мұғалімі мұндай жадыхаттарды күн сайын үзбей қарап, үздіксіз оқып, танысып отыруы қажет. Сонда ғана ол өз мамандығын күнделікті жетілдіріп отырады, мектепте физиканы оқытуды заман талабы дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік алады.Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен, әсіресе физикамен, психологиямен, педагогикамен тығыз байланысты екендігі туралы жоғарыда айтып өттік. Бұл ғылымдармен байланыстар физика курсының мазмұнында, білім берудің тәсілдерінде, әдістерінде және формаларында байқалады. Осылай, физиканың дамуының нәтижесінде физика курсына арнайы теориялар, бөлімлер еңгізілген.Жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физиканың басты орын алатындығы оның терең философиялық және ғылыми техникалық мазмұнымен байланыстылығында.1-кестеБасқа ғылмдармен салыстыра талдап, «Физиканың оқыту әдістемесінің» де ғылым санатына жататындығына айғақты мысалдар
| Ғылымның негізгі белгілері | Ғылыми белгілердің мән мағынасы (мазмұны) | Физика ғылымы бойынша бір мысал | Педагогика ғылымы жайында белгілі мысал | Физиканы оқыту әдістемесі ғылымы туралы нақты мысал |
| 1. | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1.Функциясы | Талдап – зерттеу ушін күрделі құбылысты жеке ұсақ мәселелерге жіктеу | Кристалдарды қасиеттері мен түрлеріне қарай жіктеу | Оқыту әдістерінің әр түрге бөлініп жіктелуі | Көрнекілік әдісінің физиканы оқытуда қолданылу ерекшеліктері |
| 2.Мақсаты | Зерттейтін құбылыстың заңдылық-тарын тағайындау | Кристалдардың түзілу заңдылық-тарын аықтау | Көрнекілік әдістің қандай жағдайда қолданы-луын тиімділігін айқындау | Көрнекілік әдісті физиканы оқытуда тиімді пайдаланылудың әдістемелік жолдарын көрсету |
| 3. Негізгі ұғымдары мен терминдері | Әр ғылымның ерекшелігіне сай негізгі ұғымдары мен терминде-рінің жүйесін құру | Кристалдар жайлы ұғымдар мен терминдерді айқындау | Сөзбен баяндау, көрнекілік, практика-лық әдістер, әдіс, тәсіл, амал, әрекет, операция т.т. | Педагогика ғылымындағы мыңға жуық ұғымдардың 60 проценті әдістемелік негізге құрылып, қалғандары басқа ғылымдардан алынған |
| 4. Зерттеу нысаны | Нені зертеуді көрсету | Кристалдар физикасы | Пәндер жүйесі жеке пән | Көрнекілік тәсіл ді физика сабақ тарында қолданудың әдістемесі |
| 5. Зерттеу пәні | Қалай зертеуді айқындау | Кристалдар-дың құрылу процесін зерттеу. | Сабақ, сабақтар жүйесі, сабақтың нәтиже-лілігі | Жеке тараулар мен сабақтарды өткізгенде көрнекілік әдісті қолдану тәсілдері |
| 6.Зерттеу-дің сипаты | Теориялық,экспери менттік, әдіснама лық болып бөліну ерекшілігін көрсету | Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістері | Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістері | Әдістемелік және эксперименттік зерттеу тәсілдері |
| 7.Практи-калық маңызы | Өмірде, техникада рухани тұрғыда пайдаланы-луы | Кристалдардың тұрмыста,техникада қолданылуы | Мектеп пәндерін оқытуда пайдаланылуы | Физика сабақтарында көрнекілік әдісті пайдаланылу |