Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 599

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.

3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б. 51

4. Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.

5. Г.Б.Алимбекова. Болашақ мұғалімдердің теориялық жəне əдістемелік даярлық деңгейін жетілдіруге арналған оқу құралы. – Алматы, ҚазҰПУ, 2008. – 206 б.

6. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

9. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

10. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.

11. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика жəне астрономия. Оқыту əдістемесі. 7-сынып. мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Атамұра, 2007. – 80 б.

12. Нұрқасымова С.Н., Желдібаева Б.С. Физика жəне астрономия. 7-8 сынып мұғалімдеріне арналған оқу əдістемелік құрал. – Семей, 2006. – 170 б.

13. Каменецкий С.Е. Современные проблемы методики обучения физике. - Н-Новгород, 2001.

14. Мастропас З.П., Синдеев Ю.Т. Методика и практика преподавания. – Ростов н/д.: Феникс, 2002.

Қосымша

1. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 7к– Атамура, Алматы: 2004

3. Алимбекова Г.Б. «Қысқаша физика курсы 11- сынып». А.: «Азия-принт Адвертайзинг» , 2006 .

4. Электронные учебники по физике. 7-11 классы, – А. 2009.

5. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ., орта мектепте физиканы оқыту əдістемесі.-Алматы., 1998

6. Г.Б.Алимбекова. Физика. Кредиттік жəне сырттай оқитын студенттерге арналған оқу құралы, - Алматы, ҚазҰПУ. 2006. 228 б.

7. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 8к– Атамура, Алматы: 2004

8. Рымкевич А.П., Рымкевич П.А. Сборник задач по физике– М., 2000.

9. Кабардин О.Ф. и др. Физика. Тесты для шк. – М.: Оникс 21-век, 2004.

Интернет ресурстар

1. http://www.physic.kz/?p=2485

2. http://zhangozy.wordpress.com/2010/01/29

3. http://physics1.ucoz.net/load/o_ushylardy_fizika_esepterin_shy_aru_a_jretu_di stemesi/1-1-0-4

4. http://lib-kguti.kz/index.php/component/option,com_docman/

5. http://videouroki.net/projects/index.php?id 6. «w w w physicslab.co.uk »

7. http://elibraru.ru

8. http://www.fizika. Ru

9. http://www. College.ru

10. http://physics.nad.ru/physics.htm

Энергияның сақталу заңы – энергия жоқтан бар болмайды бардан жоқ болмайды тек бір түрден екіншісіне түрленіп тұрады.

10.2.5. Мектеп курсындағы “Электродинамика” және оған ғылыми әдістемелік талдау жасау.Мектеп физика курсындағы Электродинамика” бөлімі.“Электродинамика” мектеп физика курсындағы күрделі бөлімдердің бірі болып мұнда электр және магниттік құбылыстарды, электромагниттік тербелістер мен толқындар олардың түрі және таралу жылдамдықтары ( радиобайланыс, телефондар ) және олардың қасиеттері туралы ұғымға ие болады. Бұл таруды оқып үйренгенде оқушылар Ленц, А.С.Попов, П.Н.Лебедев, Д.М.Мандельштам, А.Ф.Иоффе,Фарадей, Ампер, Лоренц, Кулон және т.с.с. ғалымдардың еңбектеріне үлкен көңіл беруі керек.Тарау бойынша есептер шешуді оның мәндерін талдауды біле отырып өздерінің шығармашылық қабілеттерін асырулары шарт.Мектеп электродинамика курсы өзінің абстрактігі және оқу материалының күрделілігімен айырылып тұрады, оны оқытуда көрнекіліктерге көңіл бөлу керек: физикалық эксперимент, модельдік келтірулер және аналогия, ЭЕМ-дағы модельдерді қоса, экрандық қолданба, схемалар, кестелер және т.бТоктар, кернеулер, электр тізбектері т.б. туындылар олардың негізінде электр заряды жатады. Олар оң және теріс болып оң таңбалысы –протон, позитрон, ал теріс таңбалыларға электрон жатады. Зарядтың сандық анықтамасы денелермен өзара әсер күшімен белгіленеді. Электр заряды абсалют (инвариант) ол санақ жүйесінің таңдауымен байланысты емес, атом ядросындағы электрондардың қозғалыс жылдамдығына тәуелді емес, соның үшін түрлі химиялық реакцияларда электр заряды пайда болмайды. Мұнда негізгі ролді электрон белгілейді.Электр зарядтың дискреттілігін Иоффе-Милликен тәжірибесі көрсетті. Электродинамиканы макроскопиялық, микроскопиялық және квантты электродинамикаға ажыратады. Орта мектепте оның 1-ші бөлімі үйреніледі. Максвелл электродинамикасы болып механикадағы Ньютон заңдары, термодинамикадағы термодинамика заңдары сияқты ролді атқарады. Бұл теңдеулер электр өрісі векторымен анықталатын электр өрісі теңдеуі және магнит өрісі кернеулігінің индукциясы . Максвелл теориясында орта қасиеттері 3 шамамен сипатталады: диэлектрлік өтімділігімен ε, магниттік өтімділігімен μ және меншікті электр өткізгіштігімен γ.Электродинамиканың негізгі ұғымдарын қалыптастыру.Базалық және жоғарғы сыныптарда электромагниттік өріс ұғымын және электромагниттік құбылыстар ұғымын қайталай отырып электродинамиканың ерекшеліктерін Ньютон механикасымен салыстыра отырып талдайды. Күштердің өзара әсерлесу кезіндегі берілу жылдамдығы шекаралы екендігін заряд А нүктеден А1 өткенде В нүктедегі зарядқа әсер етуші күш лезде болмай белгілі бір уақыт өткеннен соң болуын көреміз. А1 А В Себебі, электр зарядтары арсындағы өзара әсер артады да кеңістікте де шекаралық жылдамдыққа ие болады. Электромагниттік өрістің негізгі сипаттамалары:- электр өрісінің кернеулік векторы- магнит өрісі индукциясының кернеулік векторыОлар бір-бірімен перпендикуляр орналасқан. Электр заряды деп- атомның немесе олардан тұратын өткізгіш дененің басқа электрленетін денелерге әсер ету қабілетіне ие болуына айтылады.Электромагниттік өрістің түрлі көріністерін (пайда болуын) үйрену әдістемесі.Электростатиканы үйренуде басты ұғым болып, электр заряды және электр өрісі болып саналады, бірақ оларды үйрену үшін Кулон заңымен суперпозиция принципін білу қажет. Электростатикалық өріс -тыныштықта тұрушы зарядтар өрісі болып ол потенциалды, яғни құйынды емес бұл кулон күшімен нүктелік заряд үшін оның кез-келген нүктесіндегі потенциалы формуласын шығару мүмкін: Жұмыс зарядтың орын ауыстыруындағы траекториясына байланысты емес тек орын ауыстыруына немесе потенциалдар айырмасына және заряд мөлшеріне байланысты болады.Суперпозиция принципі деп- әрбір зарядтар әсерін берілген зарядқа топтау мүмкіндігіне айтылады. Тогы бар өткізгіштің электр өрісін стационарлы электр өрісі деп атайды , ол өткізгішті электр көзіне қосқанда пайда болады, біріншіден ондағы Е екі түрлі бағытта болады. 1-шісі өткізгіштің бетіне перпендикуляр, екіншісі өткізгіш бойымен болып электрондарды өткізгіш бойымен тәртіпті қозғалтып электр тогын туғызады. Бұл ток тұрақты болады себебі электрондар қозғалысы бірқалыпты, электромагниттік өрістерде ерекшелесе болады. 10.2.10. Арнайы салыстырмалы теория элементтерін үйрену әдістемесі. 1. Орта мектеп программасында АСТ 1972 ж енгізілді. Оның себебі, қазіргі күннің талабы еді. Соңғы 10 жылдарда АСТ қорытындылары кеңінен қолданылуда. Олар Эйнштейннің үш постулатына негізделген: - барлық ИСЖ-лер теңдікке ие; барлық ИСЖ-лардағы механикалық және басқада барлық табиғат құбылыстары бірдей өтеді.ИСЖ-да өткізілетін ешқандай физикалық тәжірибелермен бұл жүйенің қозғалыстағысын немесе тыныштықтағысын дәлелдей алмайсың.- Барлық ИСЖ-дағы барлық физикалық заңдар бірдей. Барлық осы керілулері эквивалентті болғанымен үшіншісі ең керекті болып саналады, себебі құбылыстың мазмұнын көрсетеді. 2-ші постулатты ең дұрысы- жарық жылдамдығы ИСЖ және ИЕСЖ –да да бірдей, жарық көзінің жылдамдығынада, күзетушінің жылдамдығынада тәуелді емес.2. АСТ кинематикасы : жылдамдықтарды қосумен Ū= Ū1+υ = = Cнемесе . масштабтың қысқаруы кеңістік бойынша ажыратылған уақиғалардың бірмезеттегі ( ИТ)=Тәлемдік Тжерлік уақыттың баяулануы . АСТ динамикасы шексіз уақытта әсер етуші күш және жылдамдық қалаған шамасын алуы мүмкін. v=v0+at. a=F/m; v=v+F/m t. - дене жылдамдығы артқан сайын артып барады. υ

Жазбаша жұмыстар тақырыптары

10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары



Кинетикалық энергия егер Күш жұмысы A > 0 онда Ек > 0 артады, ал A < 0, соған сәйкес Ек < 0 болып азаяды.

Потенциалдық энергия – денелер жүйесіне тән болып кемінде екі дененің өзара әсерлесуінен пайда болады.



Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергияның өзгерісі



Энергияның сақталу заңы – энергия жоқтан бар болмайды бардан жоқ болмайды тек бір түрден екіншісіне түрленіп тұрады.


10.2.1.5. Механикалық тербелістер мен толқындарды үйрену әдістемесі

1. Механикалық тербелістер мен толқындарды үйренумен «Механика» бөлімі аяқталады. Бұл әдістеме бойынша ақталған.

Тербелістерді үйрену тербелмелі қозғалыстар туралы ұғым кіріспесінен басталады. Мысалдарды көре отырып бұл қозғалыстың негізгі физикалық сипаттамаларын келтіріп шығарады (периодты, жиілігі, амплитудасы) және олар арасындағы өзара байланыстарды үйренеді.

Тербеліс тепе – теңдік қалпынан шығарылған және өзінше қойылған жүйедегі тербеліске айтылады. Егер жүйеде үйкеліс болмаса онда еркін тербелістерге өзіндік деп атайды, себебі, олар тек жүйедегі параметрлерге тәуелді болған өз жиілігімен пайда болады.

Гармониялық тербеліс тербелістегі дененің координатасы косинус заңымен өзгеретін тербеліске айтылады. немесе механикалық гармониялық тербеліс деп әсер етуші күш ығысумен сыбайлас және бағыты тепе – теңдікке бағытталған тербеліске айтылады.

Тербеліс көздері: 1) дененің шеңбер бойынша бірқалыпты қозғалысы, математикалық маятник ( ) , серіппелі маятник ( ), тербелістің динамикалық теңдеуінен үдеудің ОХ осіндегі проекциясы және . Мұндағы , тұрақты шама болып серіппенің деформациясы мен жіптің вертикальдан ығысу бұрышына тәуелді болады, амплитуда , жылдамдық , бұдан .

Энергияның сақталу заңын пайдалана отырып ,

екендігін табамыз. ге алдын жүреді.

2. Еріксіз (мәжбүрлеуші) механикалық тербеліс деп – тербелмелі жүйенің тербелісі периодты түрде өзгеріп тұратын сыртқы күштер әсерінде болатын тербеліске айтылады. Бұл тербелісте резонанс құбылысы пайда болуы мүмкін. Резонанс болмауы үшін системаға делепфер – сөндіргіштер орнатылады,

3. Механикалық толқындар деп тербелмелі қозғалыс күйі бір тербеліп жатқан денеден екіншісіне өтуіне айтылады. Бұл құбылыс денелер арасында байланыс бар болса ғана болады, байланыс табиғаты түрліше болуы мүмкін. Қатты денелердің, сұйықтықтағы, газдағы элементар бөлшектері арасындағы серпімділік күші.

Қума толқындар – толқынның таралу бағытымен ортаның сығылу – созылу немесе жиналу, жойылу арқылы болатын таралушы серпімді толқындарға айтылады.

Көлденең толқындар деп – толқынның таралу бағытына перпендикуляр таралушы серпімділік толқындарға айтылады.

Толқындарды сипаттаушы физикалық шамалар:

  • толқын ұзындығы

  • толқын фазасы

10.2.2. Мектеп курсындағы «Молекулалық физика» тарауы және оны оқып - ұйрену әдістемесі.

1. Бұл тарауда оқушылар сапасы жағынан жаңа болған материальдық обьекті үйренеді. Жүйе, өте көп болған бөлшектерден (атом және молекулалардан), жаңа пішіндегі қозғалыстан (жылулық) және оған сәйкес энергиядан (ішкі энергиядан). Көп болған бөлшектердің өздерін қалай тұтыларын статистикалық заңдамаларды, жылулық процесінің қайтымсыз екендігімен танысады. Қайтымсыз процестегі жылулық тепе – теңдігі, температура, жылу машиналарының істеу принциптерін үйренеді.

Бөлімде энергетикалық көзқарастың жаңа түрлері энергияның сақталу заңдары жылулық процестер арқылы түсіндіріледі.

Молекула және атомдар материаның заттың пішіні болып әлемде нақты барлық олар массаға, импульске, энергияға ие. Олардың қозғалысы жылулық қозғалысы болып оны статистикалық заңдармен түсіндіріледі. «Молекулалық физика» оқушыларда әлемге ғылыми көзқарасты оятады. Үлкен тәрбиелік политехникалық мәнге ие т.с.с.


2. «Молекулалық физика» тарауы газ заңдарын үйренуде екі құрамға ие: индуктив және дедуктив;

Газ заңдарын индуктив үйренуден бастап молекуляр – кинетикалық теориясының негізгі күйлерін сбағалы деңгейде қаралады, соң термодинамикалық кейбір мәселелері мен газ заңдарын эмпирикалық жолмен енгізеді және молекуляр – кинетикалық көріністерді термодинамикалық әдіспен түсіндіреді.

Бұл жағдайда бөлім мынадай құрамға ие.

  • молекуляр – кинетикалық теорияның негізгі орны;

  • термодинамика негізі (жылулық тепе – теңдік, күй параметрлері, температура, газ заңдары, абсолют температура, термодинамиканың бірінші заңы);

  • идеал газдың молекуляр – кинетикалық теориясы (молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өлшемі);

  • газ, сұйық, қатты дене қасиеттері және олардың бір – біріне түрленді.

Оқушыларға газ заңдарын үйренуде эмпирикалық жандасу өте қолайлы, себебі ол абстракт пікірлеудің жоғарғы деңгейін талап етпейді, оны қолдану ұғымдарымен көріністерді сезімтал – конкрет негізде үйретеді, физиканың өркендеу жолдары мен газ заңдарының ашылу теорияларын таныстырады. Индуктив жандасудың кемшілігі идеал газ қасиеттерін түсіндіруде молекуляр – кинетикалық теорияның мүмкіншіліктерін толық пайдалануға болмастығында.

Дедуктив жандасуда – бастап идеал газдың молекуляр – кинетикалық теориясын үйренеді: оның негізгі теңдеуін ( ) шығарады, пастулат арқылы немесе пікірді эксперименттер арқылы ( ) молекуланың орташа кинетикалық ән – сынық температурамен тәуелдігін табады, идеал газдың күй теңдеуін келтіреді немесе . Соң термодинамика заңдарына және бірінші заңының изопроцестерге қолдануына өтеді.

Бұл жағдайдағы бөлім мынадай құрамға ие:

  • молекуляр – кинетикалық теория негізі

  • температура

  • газ заңдары, идеал газдың күй теңдеуі

  • термодинамиканың бірінші заңы, газ, сұйық, қатты дене қасиеттері. Бұл жанасу индуктивтікке қарағанда көптеген мәселелерді шешеді.

Жылулық құбылыстардың статистикалық және термодинамикалық әдістерін үйрену.


Құбылысты статистикалық әдіспен үйренудің маңызды жағы керекті мен кездейсоқ уақиғалардың қатынасы туралы диалектикалық материализм көзқарасымен сәйкес келуінде. Әрбір молекуланың қозғалысы классикалық механика заңдарына бойсынады, бірақ оның әрбір уақыт мезетіндегі өзіні тұтуы, көптеген себептерге тәуелді болып оларды есепке алу мүмкін емес. Кездейсоқ уақиға берілген жағдайларда бұл уақиға болуы да, болмауы да мүмкін. Олар мынадай белгілерімен сипатталады: а) кездейсоқ уақиғаны нақты болжай алмастығымен, б) кездейсоқ уақиғаны келтіруші, көптеген себептердің барлығымен, в) оларды жинақталған ұжымда ғана процесстің жүруін болжау мүмкіндігімен. Г) кездейсоқтағы процессті болжауға математикалық өрнектерді қолдай алу ықтималдығымен.

Ықтималдық – түрлі жағдайдағы өзгерістердің пайда болу мүмкіндігін санды сипаттаушы. Ықтималдық қанша көп болса берілген өзгерістер де сонша көп болып тұрады. Егер N – барлық өткізілген сынаулар саны болса ∆N – берілген өзгерістің болу ықтималдығы теңдеуімен анықталады.

N – системадағы барлық бөлшектер саны, ∆N – берілген күйде тұрушы бөлшектер саны.

Молекулалардың жылдамдықтарының орташа квадраттық мәнін табу теңдеуі:

Бірақ , ал , , болып және үш ось бойынша молекула қозғалысының бағыттары тең ықтималдығы болғандығы үшін болады да

келіп шығады. Классикалық статистика ХІХ ғасырда келіп шыққан.

2.Термодинамика – феноменологиялық теория болып макроскопиялық денелердің ішкі түзілісні ескермеген түрде макроскопиялық денелердің қасиеттері мен құбылыстарын үйренеді. Термодинамиканы ғылым ретінде 1827ж С. Карно өзінің «Размышления о движущей силе огня и о машинах