Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 594

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.

3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б. 51

4. Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.

5. Г.Б.Алимбекова. Болашақ мұғалімдердің теориялық жəне əдістемелік даярлық деңгейін жетілдіруге арналған оқу құралы. – Алматы, ҚазҰПУ, 2008. – 206 б.

6. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

9. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

10. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.

11. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика жəне астрономия. Оқыту əдістемесі. 7-сынып. мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Атамұра, 2007. – 80 б.

12. Нұрқасымова С.Н., Желдібаева Б.С. Физика жəне астрономия. 7-8 сынып мұғалімдеріне арналған оқу əдістемелік құрал. – Семей, 2006. – 170 б.

13. Каменецкий С.Е. Современные проблемы методики обучения физике. - Н-Новгород, 2001.

14. Мастропас З.П., Синдеев Ю.Т. Методика и практика преподавания. – Ростов н/д.: Феникс, 2002.

Қосымша

1. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 7к– Атамура, Алматы: 2004

3. Алимбекова Г.Б. «Қысқаша физика курсы 11- сынып». А.: «Азия-принт Адвертайзинг» , 2006 .

4. Электронные учебники по физике. 7-11 классы, – А. 2009.

5. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ., орта мектепте физиканы оқыту əдістемесі.-Алматы., 1998

6. Г.Б.Алимбекова. Физика. Кредиттік жəне сырттай оқитын студенттерге арналған оқу құралы, - Алматы, ҚазҰПУ. 2006. 228 б.

7. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 8к– Атамура, Алматы: 2004

8. Рымкевич А.П., Рымкевич П.А. Сборник задач по физике– М., 2000.

9. Кабардин О.Ф. и др. Физика. Тесты для шк. – М.: Оникс 21-век, 2004.

Интернет ресурстар

1. http://www.physic.kz/?p=2485

2. http://zhangozy.wordpress.com/2010/01/29

3. http://physics1.ucoz.net/load/o_ushylardy_fizika_esepterin_shy_aru_a_jretu_di stemesi/1-1-0-4

4. http://lib-kguti.kz/index.php/component/option,com_docman/

5. http://videouroki.net/projects/index.php?id 6. «w w w physicslab.co.uk »

7. http://elibraru.ru

8. http://www.fizika. Ru

9. http://www. College.ru

10. http://physics.nad.ru/physics.htm

Энергияның сақталу заңы – энергия жоқтан бар болмайды бардан жоқ болмайды тек бір түрден екіншісіне түрленіп тұрады.

10.2.5. Мектеп курсындағы “Электродинамика” және оған ғылыми әдістемелік талдау жасау.Мектеп физика курсындағы Электродинамика” бөлімі.“Электродинамика” мектеп физика курсындағы күрделі бөлімдердің бірі болып мұнда электр және магниттік құбылыстарды, электромагниттік тербелістер мен толқындар олардың түрі және таралу жылдамдықтары ( радиобайланыс, телефондар ) және олардың қасиеттері туралы ұғымға ие болады. Бұл таруды оқып үйренгенде оқушылар Ленц, А.С.Попов, П.Н.Лебедев, Д.М.Мандельштам, А.Ф.Иоффе,Фарадей, Ампер, Лоренц, Кулон және т.с.с. ғалымдардың еңбектеріне үлкен көңіл беруі керек.Тарау бойынша есептер шешуді оның мәндерін талдауды біле отырып өздерінің шығармашылық қабілеттерін асырулары шарт.Мектеп электродинамика курсы өзінің абстрактігі және оқу материалының күрделілігімен айырылып тұрады, оны оқытуда көрнекіліктерге көңіл бөлу керек: физикалық эксперимент, модельдік келтірулер және аналогия, ЭЕМ-дағы модельдерді қоса, экрандық қолданба, схемалар, кестелер және т.бТоктар, кернеулер, электр тізбектері т.б. туындылар олардың негізінде электр заряды жатады. Олар оң және теріс болып оң таңбалысы –протон, позитрон, ал теріс таңбалыларға электрон жатады. Зарядтың сандық анықтамасы денелермен өзара әсер күшімен белгіленеді. Электр заряды абсалют (инвариант) ол санақ жүйесінің таңдауымен байланысты емес, атом ядросындағы электрондардың қозғалыс жылдамдығына тәуелді емес, соның үшін түрлі химиялық реакцияларда электр заряды пайда болмайды. Мұнда негізгі ролді электрон белгілейді.Электр зарядтың дискреттілігін Иоффе-Милликен тәжірибесі көрсетті. Электродинамиканы макроскопиялық, микроскопиялық және квантты электродинамикаға ажыратады. Орта мектепте оның 1-ші бөлімі үйреніледі. Максвелл электродинамикасы болып механикадағы Ньютон заңдары, термодинамикадағы термодинамика заңдары сияқты ролді атқарады. Бұл теңдеулер электр өрісі векторымен анықталатын электр өрісі теңдеуі және магнит өрісі кернеулігінің индукциясы . Максвелл теориясында орта қасиеттері 3 шамамен сипатталады: диэлектрлік өтімділігімен ε, магниттік өтімділігімен μ және меншікті электр өткізгіштігімен γ.Электродинамиканың негізгі ұғымдарын қалыптастыру.Базалық және жоғарғы сыныптарда электромагниттік өріс ұғымын және электромагниттік құбылыстар ұғымын қайталай отырып электродинамиканың ерекшеліктерін Ньютон механикасымен салыстыра отырып талдайды. Күштердің өзара әсерлесу кезіндегі берілу жылдамдығы шекаралы екендігін заряд А нүктеден А1 өткенде В нүктедегі зарядқа әсер етуші күш лезде болмай белгілі бір уақыт өткеннен соң болуын көреміз. А1 А В Себебі, электр зарядтары арсындағы өзара әсер артады да кеңістікте де шекаралық жылдамдыққа ие болады. Электромагниттік өрістің негізгі сипаттамалары:- электр өрісінің кернеулік векторы- магнит өрісі индукциясының кернеулік векторыОлар бір-бірімен перпендикуляр орналасқан. Электр заряды деп- атомның немесе олардан тұратын өткізгіш дененің басқа электрленетін денелерге әсер ету қабілетіне ие болуына айтылады.Электромагниттік өрістің түрлі көріністерін (пайда болуын) үйрену әдістемесі.Электростатиканы үйренуде басты ұғым болып, электр заряды және электр өрісі болып саналады, бірақ оларды үйрену үшін Кулон заңымен суперпозиция принципін білу қажет. Электростатикалық өріс -тыныштықта тұрушы зарядтар өрісі болып ол потенциалды, яғни құйынды емес бұл кулон күшімен нүктелік заряд үшін оның кез-келген нүктесіндегі потенциалы формуласын шығару мүмкін: Жұмыс зарядтың орын ауыстыруындағы траекториясына байланысты емес тек орын ауыстыруына немесе потенциалдар айырмасына және заряд мөлшеріне байланысты болады.Суперпозиция принципі деп- әрбір зарядтар әсерін берілген зарядқа топтау мүмкіндігіне айтылады. Тогы бар өткізгіштің электр өрісін стационарлы электр өрісі деп атайды , ол өткізгішті электр көзіне қосқанда пайда болады, біріншіден ондағы Е екі түрлі бағытта болады. 1-шісі өткізгіштің бетіне перпендикуляр, екіншісі өткізгіш бойымен болып электрондарды өткізгіш бойымен тәртіпті қозғалтып электр тогын туғызады. Бұл ток тұрақты болады себебі электрондар қозғалысы бірқалыпты, электромагниттік өрістерде ерекшелесе болады. 10.2.10. Арнайы салыстырмалы теория элементтерін үйрену әдістемесі. 1. Орта мектеп программасында АСТ 1972 ж енгізілді. Оның себебі, қазіргі күннің талабы еді. Соңғы 10 жылдарда АСТ қорытындылары кеңінен қолданылуда. Олар Эйнштейннің үш постулатына негізделген: - барлық ИСЖ-лер теңдікке ие; барлық ИСЖ-лардағы механикалық және басқада барлық табиғат құбылыстары бірдей өтеді.ИСЖ-да өткізілетін ешқандай физикалық тәжірибелермен бұл жүйенің қозғалыстағысын немесе тыныштықтағысын дәлелдей алмайсың.- Барлық ИСЖ-дағы барлық физикалық заңдар бірдей. Барлық осы керілулері эквивалентті болғанымен үшіншісі ең керекті болып саналады, себебі құбылыстың мазмұнын көрсетеді. 2-ші постулатты ең дұрысы- жарық жылдамдығы ИСЖ және ИЕСЖ –да да бірдей, жарық көзінің жылдамдығынада, күзетушінің жылдамдығынада тәуелді емес.2. АСТ кинематикасы : жылдамдықтарды қосумен Ū= Ū1+υ = = Cнемесе . масштабтың қысқаруы кеңістік бойынша ажыратылған уақиғалардың бірмезеттегі ( ИТ)=Тәлемдік Тжерлік уақыттың баяулануы . АСТ динамикасы шексіз уақытта әсер етуші күш және жылдамдық қалаған шамасын алуы мүмкін. v=v0+at. a=F/m; v=v+F/m t. - дене жылдамдығы артқан сайын артып барады. υ

Жазбаша жұмыстар тақырыптары

10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары



224. Дублер сабақтың негізгі мақсаты;

  1. Үйге тапсырма беру

  2. Оқушылардың өзін-өзі басқару формасын жетілдіре

  3. Оқушылардың орындаған жаттығуларына түсінік беру

  4. Өзіндік жұмысты көбейту

  5. Қорытынды әңгіме өткізіп жұмыс нәтижесін талдау


225. Молекула-кинетикалық теория негіздері түсіндіреді:

  1. молекулалар туралы ұғым негізінде денелердің құрылысы мен қасиеттерін

  2. энергия алмасу процесін

  3. денелердің жылу өткізгіштігін

  4. энергетикалық деңгейлерді

  5. жылулық құбылыстарды


226. Импульстің сақталу заңы:

    1. Тұйық жүйеге енетін денелер импульстарының векторлық қосындысы

тұрақты

  1. Газ молекулаларының жылдамдықтары бойынша таралуы

  2. Біртекті зарядталған денелер тебіледі

  3. Жүйеге берілген жылу мөлшері ішкі энергияның өзгерісіне тең

  4. Жылу процестері жоғары температурадағы жүйеден, температурасы

төменге бағытталады
227. Парамагнетик зат:

  1. Шыны

  2. Су

  3. Никель

  4. Алюминий

  5. Темір


228. Сәулелік оптика заңы:

  1. Энштейн заңы

  2. Стефан-Больцман

  3. Кирхгоф заңы

  4. Жарықтың түзу сызықтық таралу заңы

  5. Комптон эффектісі


229. Дене 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған. Дененің жерге қайту жылдамдығы (ауамен үйкелесін ескермеңіз):

    1. 54км/сағ

  1. 35м/с

  2. 7,5м/с

  3. 5м/с

  4. 1,5км/сағ


230. Үзындығы 240 м пойыз бір қалыпты қозғала отырып, ұзындығы 360 м көпірді 2 минутта жүріп өтті. Пойыздың жылдамдығы:

  1. 8км/сағ

  2. 6м/с

  3. 3 м/с

  4. 18км/сағ

  5. 2 м/с


231. Мектеп физика курсы сай болуы керек ғылыми-логикалық талаптар:

  1. Ғылыми фактілер және негізгі физикалық теорияларға

  2. Эвристикалық және графиктік есептерге

  3. Идеализацияға

  4. Шығармашылыққа

  5. Эпипроекцияга және диапроекцияға


232. «Әр түрлі ортадағы электр тогы» бөлімін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. Металдардағы, электролиттердегі, газдардағы, вакуум мен жартылай

өткізгіштердегі электр тогының табиғатын түсіндіру

  1. Тек жартылай өткізгіштердегі электр тогының табиғатын түсіндіру

  2. Тек электролиттердегі электр тогының табиғатын түсіндіру

  3. Тек металдардағы электр тогының табиғатын түсіндіру

  4. Тек газдардағы электр тогының табиғатын түсіндіру



233. Физикалық диктанттың негізгі мақсаты:

  1. Ауызша жауап беру

  2. Оқушылар білімін болжау

  3. Тест сұрақтары бойынша жұмыс істеу

  4. Теорияның көбірек болуы

  5. Анықтамаларды жатқа айту


234. Классикалық электрондық теория басшылыққа алатын қағидалар:

  1. электрондардың қозғалысы классикалық механика заңдарына бағынады

  2. электрондар кристалдық тордагы иондармен әрекеттеспейді

  3. электрондар еркін күйден қозған күйге ауысады

  4. электрондар бір-бірімен әсерлеседі

  5. электрондардың қозғалысы классикалық механика заңдарына бағынбайды


235. Френель бипризмасымен жасалатын тәжірибеде мынадай мәселелерді ескеру қажет:

    1. оқушылар көздерінің қараңғыға үйренуі міндетті, кабинет жақсы қараңғыланған болуы тиіс, өте күшті жарық көзін пайдалануға тырысу керек

  1. әлсіз жарық көзін пайдаланған жөн

  2. экран барынша ақ болғаны жөн

  3. экранды сәуле шоғына тура орналастыру

  4. кабинет жарық болуы тиіс


236. Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды бөлуге болады:

  1. 4

  2. 3-тен кем

  3. 4-тен артық

  4. 3-тен артық

  5. 5

237. Кез келген зертханалық жұмысты жүргізу негізгі міндетті үш кезеңнен тұрады:

  1. Талдау

  2. Сызба сызу

  3. 3-тен кем

  4. Теориясын дәптерге жазу

  5. Есептеу

238. Экранды техникалык оқыту құралының түрлері:

  1. Магнитофон, кинопроектор

  2. Эпидиаскоп, кодоскоп, диапроектор

  3. Телевизор, радио

  4. Радио, магнитофон

  5. Видеомагнитофон

239. Физиканы оқыту кұралдары бөлінеді:

  1. 3

  2. 6-дан кем емес

  3. 4

  4. 7-ден кем емес

  5. 5

240. Есептеу есептерінің түрі:

  1. Алгебралық, геометриялык, арифметикалық

  2. Сапалық

  3. Эксперименттік

  4. Шығармашылық

  5. Графиктік

241. Физикадан оқушылардың білімін тексерудің жазбаша әдістері:

  1. Жабық тест

  2. Бакылау жұмысы, физикалық диктант, мәнжазба

  3. Ашық тест

  4. Жеке лабораториялық жұмыс

  5. Физикалық практикум

242. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс:

  1. Соңғы жылдамдықтың жол мен үдеуге тәуелділігі

  2. Соңғы жылдамдықтың жол мен үдеуге тәуелділігі

  3. Жылдамдығы модулі және бағыты тұракты болатын қозғалыс

  4. Жолдың теңдеуін сипаттайтын қозғалыс

  5. Бірлік уақыт аралығында жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығы

243. Өрісті энергетикалық тұрғыдан сипаттайтын шама:

  1. заряд

  2. ток күші

  3. кернеулік

  4. электростатикалық күш

  5. өріс потенциалы


244. Мектепте оқушыларға физиканы оқыту кезеңінде атқарылатын міндеттер:

  1. Тәрбиелеу міндеті, білім беру міндеті, дамыту міндеті

  2. Арнайы міндет, салыстырмалы міндет

  3. Шығармашылық міндет, жүйелі міндет

  4. Өзіндік міндет , арнайы міндет

  5. Салыстырмалы міндет, жүйелі міндет

245. Эксперимент орындау барысында жіберілетін қателіктер:

  1. Салыстырмалы, орташа абсолюттік

  2. Мүлт кету, жүйелі, кездейсоқ

  3. Абсолют, орташа абсолюттік

  4. Аспаптық, салыстырмалы

  5. Техникалық, орташа абсолюттік

246. Білім берудің дидактикалық принциптері:

  1. Ғылымилылық пен жүйелілік, саналылық пен белсенділік, меңгерген білім беріктігі

  2. Саналылық пен шығармашылық, көрнекіліктік

  3. Білік пен дағдының ғылымилылығы

  4. Шығармашылық белсенділіктің негізділігі

  5. Білім меңгерудің беріктігі,

247. Физиканың биологиялық ғылымдармен байланысы ерекше өріс алу

нәтижесінде пайда болған жаңа ғылымдар:

  1. Агрофизика, бионика

  2. Агрохимия

  3. Ботаника

  4. Зоология

  5. Биохимия

248. Кедергісі 500 Ом тізбек бөлігінде 2 А ток күшін тудыратын тұрақты электр өрісі 30 мин. ішінде мынадай жұмыс атқарады:

  1. 0,36 Мдж

  2. 36 МДж

  3. 36 кДж

  4. 3600 кДж

  5. 3600 Дж

249. Ньютонның бірінші заңын түсіндіретін науамен шарикті домалату тәжірибесінде орындалатын іс-әрекеттер:

  1. Алдымен стол бетіне құм төселеді, өте тегіс бет (мысалы, шыны) алынады, доптың қозғалысы қарастырылады

  2. Шарды ауамен толтырады

  3. Кедір-бұдырлы мата (мысалы, шұға)төселеді

  4. Ауаға доп лақтырылады

  5. Арбашаға жүк ілінеді, жүктердің козғалысы қарастырылады

250. Ньютонның үшінші заңын оқытуда окушылардың назарын аударатын мәселелер:

  1. Денелер өзара әсерлескендегі күштердің тең болуы ол денелердің

тыныштықта не қозғалыста екендігіне байланысты емес

  1. Ньютон заңдарының қолданылу шекарасы айтылады

  2. Масса ұғымын денелердің өзара әсері арқылы енгізу

  3. Күш ұғымы енгізіледі

  4. Күш материалды денемен байланысты емес

251. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаттары:

  1. Қозғалыс сипаттары

  2. Оқылған білімді қайталап бекіту

  3. Келесі кезеңдегі оқу материалын оқуға көшу мүмкіндігін анықтау

  4. Тек қана есепке көңіл бөлу

  5. Өзара әсерлесуі


252. Демонстрациялық эксперимент құндылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді:

  1. Эксперименттің тек өткізіліп отырған тақырыпқа қатысты болмауы

  2. Демонстрациялық экспериментті оқушылардың жүргізуге мүмкіндік беруі

  3. Алгоритмдік тәсілмен компьютерді пайдалана білуі

  4. Компьютерді пайдаланбай есептерді шығаруы

  5. Демоистрациялық эксперименттің айқын мақсатының болуы