Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2317

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сабақтың тақырыбы

«Тұсаукесер» жыры. (2-тоқсан, 3-тарау)

37-сабақ

Дағды

Оқылым

Оқыту мақсаттары

4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша

тілде қолдану

Лексикалық минимум

Жыр, мәдениет, ала жіп, дәстүр, бата

Алдыңғы білім

Отбасылық мереке

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   139





С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Мина» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім ортаға сұрақтар жазылып, умаждалған «миналарды» сыныптың ортасына тастайды. Оқушылар ортаға шығып, бір оқушының көзін байлап, миналардың ортасымен жүргіземіз. Оқушының аяғы қай «минаға» тисе, сол сұраққа жауап береді. Ойынның мақсаты оқушылардың қызығушылықтарын ояту, өткен тақырыптар бойынша шолу жасау, қайталау, білімдерін тексеру .

«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі.

Сөздік жұмысы: жыр, мәдениет, ала жіп, дәстүр, бата.

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

Қарапайым анықтама беру, сөйлем құру әдісі, бата беріп отырған атаның суретін көрсету арқылы, мысалы, «бата» деген сөзді меңгерту керек болса, «үлкен кісілер тілек айтады» деп түсіндіріп, әрі қарай мысалдар арқылы сөйлемде қолданылуын көрсеткен дұрыс.

  1. Дұрыс айтуға дағдыландыру

  2. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру

  3. Сөйлемдер құрастыру.

  4. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!»

3 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер

Оқулық.

«Мина» – сұрақтар жазылған қағаздар

Сөйлемнің шаблондары, қима қағаздар

Негізгі бөлім

  • Балалар, мына суреттерге назар аударайықшы, кімдерді көріп тұрсыңдар.Олар үстеріне қандай киімдер киген?

  • Суреттегі кішкентай бала кім деп ойлайсыңдар?

  • «Тұсау кесу» деген сөзді естігіндерің бар ма?

Олай болса, мына бейнетаспаға назар аударайық, кәне бәріміз бірге қарайық. (Бейнетаспаға көрініс түсірілген) Киіз үйдің іші. Үйдің төрінде әже мен немересі отыр. Осылайша сабақтың тақырыбын оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып ашады.

«Ойланайық» айдарында сөздердің мағынасын келесі бағаннан табады.

10 мин

Жұптық жұмыс

Суреттер Оқулық
Бейнетаспадан үзінді көрсетіледі








«Оқиық» айдарымен ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдіруге арналған. Мұғалім «Тұсаукесер» жыры туралы мәтінді оқитындарын ескертеді. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетеді. Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін мәтін бойынша құрылған төмендегі сұрақтарға назарларын аудартады. Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап іздейді.

Тұсаукесер тойында болдың ба?

Тұсауды неліктен ала жіппен кеседі? Тұсауды кім кеседі?

«Тұсау кесу» жырын кім айтады?

Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді.

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!

4.3.3.1. *Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал,өсиет әңгімелердің), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердіңқолдауымен пайымдау мәтінін анықтау/ 4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініпжәнеқажеттіақпараттытауып/шолып/белгіқойыпоқу

мақсаттарыбірге жүзеге асырылады.

7 мин

Мұғалім-сынып


Оқулық

«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге тәуелдік жалғауларының дұрыс нұсқасын жалғап айтады. Оқушыларды

мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы қосымшаларды дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады. Оқушылар осы тапсырманы орындау арқылы тек сұраққа жауап беріп қана қоймай, жалғауды

дұрыс жалғап айтып үйренеді.

6 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

«Жаттығайық» айдарында ұсынылған тапсырмада сұрақтарды мұқият оқып, сұраққа сәйкес жауап беріп үйренеді.

а) Үлгі:

–Ала жіп кімдікі?

Ала жіп біздікі, маған беріңіз.

ә) Сөйлемді екінші нұсқаға өзгертіп айтады.

Үлгі: Менің жырым. Жыр менікі.

1. Сенің ала жібің. 2. Оның қарындасы. 3. Сәбидің өмірі. 4. Адамның тілегі. 5. Оның тойы. 6. Біздің қонағымыз. 7. Сіздің балаңыз. 8. Біздің камера.

6 мин

Топтық жұмыс




«Ән салайық» айдарында ұсынылған «Тұсаукесер» жырын мұғаліммен бірге мәнерлеп, дауыстап оқиды. Өлеңді оқу арқылы оқушының тілі ширайды, сөздік қоры молаяды, қызығушылығы оянады. Мұғалім алдымен интерактивті тақтадан «Тұсаукесер» әнін әншілердің орындауында тыңдатады. Содан кейін оқушыларға осы әннің сөздері жазылған парақшалар таратады. Оқушылар мұғаліммен

бірге ән салады.

5 мин

Жеке жұмыс











Мұғалім оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл күйлерін анықтау мақсатында «Ай»әдісі арқылы (жаңа ай, жарты ай, толық ай) кері

байланыс жасайды.
Толық ай – сабақты толық түсіндім; Жарты ай – мен жартылай түсіндім;

Жаңа ай менің түсінбегенім басымдау болды.

3 мин

Сынып-мұғалім

Айлар суреті

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

(мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

  2. Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші

сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

  1. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

  • Сұрақтарды түсініп, жауабын мәтіннен таба алады.

  • Оқыған мәтіннің жанрын ажырата алады.

  • Тәуелдік жалғауды ауызша және жазбаша қолданады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?







Сабақтың тақырыбы

Кәдесый. (2-тоқсан, 3-тарау) 38-сабақ

Дағды

Оқылым, айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

Лексикалық минимум

Текемет, ою-өрнек, қымбат, кәдесый, мұра, сәнді

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, музыка

Алдыңғы білім

«Тұсау кесу» жыры

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   139