Файл: Жоба лтты ндылытар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 332

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жоба  мақсаты: Бірлесіп жұмыс жасау мақсатында  ұлттық тағам –құрт жайлы ұғымдарымызды кеңейту.Шығармашылық ойларымызды дамыту.Тәжірибе жинақтау үшін жан-жақты ізднеуге ұмтылу.Таңдап алған жұмыстарымызды  үлкен нәтижеге жеткізуге жауапкершілікпен қарауға баулу. Жұмысты талдай білуге үйрену. Ұлтымыздың тағамдарының құндылығын біле отыра,қастерлеп пайдалануға үйрену.

Мазмұны

Кіріспе

I.Теориялық бөлім   

«Қазақтың ұлттық тағамы-құрт» жайлы ұғым

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

II. Практикалық бөлім

Құрттың дайындалу тәсілдері:

а) бұрынғы заманғы жасалу жолы

б)қазіргі кездегі дайындалу тәсілі

1.Құртты кептірудегі пішін түрлері:

а) күлше

ә) сықпа

б)шүйірмек

в)жарма

2. Құрттың түрлері:

а)ақ құрт  

ә)қара құрт

3.Құрттан жасалатын ұлттық тағам түрлері

а)малта және құрткөже

4.Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы

III.Қосымша

а) Тәрбиешімен кеңес

ә) Ата-анамен кеңес

б) конспект

IV.Қорытынды.

Кіріспе

Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады. Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі – құрт. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады.Құрт - малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.Әр елдің өзіне ғана тиесілі ұлттық тағамдары болады. Әдетте ол тағамдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, географиялық орналасуына сәйкес пайда болып, жасалады. Дәл сондай тағамдардың бірі - құрт пен ірімшік.Құрт пен ірімшік - саяхатшыларға, аңшыларға, балықшыларға, геологтар мен әскер адамдарына таптырмас өнім. Олар қант пен шоколадтан әлдеқайда жақсы. Көп адам сүттен жасалған тағамдарды жақсы көреді. Олар тойымды, дәмді, әрі ағзаға жылдам сіңеді. Бір өкініштісі, тоңазытқышсыз көпке дейін сақталмайды. Ал ірімшік пен құрттың жайы басқа. Ол жаугершілік заманда өмір сүрген, төрт түлік мал баққан, әр мезгіл сайын жайлауға, күзеуге, қыстауға, көктеуге көшіп отырған көшпенділерге тиесілі. Бұл тағамдарды Жібек Жолы бойымен сауда-саттық жасау кезінде алып жүретін болған. Олар - әр түрлі технологияның көмегімен бір ғана сүттен жасалған өнімдер. Алуан түрлі дәмі бар құрт пен ірімшіктің ең басты қасиеті - жоғары температурада ашымауы. Жасалу тәсіліне орай бірнеше айға дейін сақталады. Қазақ қалқы- қонақжай.Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелде ерте заманнан –ақ аңыз болып тараған.Атам қазақ кімді болса да «Астан  үлкен емессің» деп дастарханға шақырған.Жалпы дастарханымыздың мәдениетінде дастархан тәлім – тәрбиелік қызмет атқарған .Ендеше, ұлтымыздың мақтанышына лайық,дастарханымызға қойылатын тағам атауларын ,әрі осы тағамдарды жасайтын өнімдерді неден алатынымызды және сол тағамдарды сақтауға қолданған ыдыс атауларын келер ұрпақ білуіміз шарт.Қазақтың ұлттық тағамдары өте қуатты және құнды. Ата- бабаларымыз мал шаруашылығымен айналысқандықтан тағамдарымыз да мал өнімдерінен алынады. Бірақ оны қалай жасауын және оған сай ыдыстарды мал терісінен алу , оны қалай сақтаудың сырларын ашқан.Қазіргі кезде қарап отырсаң осының барлығын ойлап, оны іске асыра білген шебер апа-әжелеріміз бен ата- бабаларымызға таң қаламыз.Неткен  тапқырлық! Ұлттық тағамдарымыздың көбі сүттен жасалынған. Апаларымыз бір тамшы сүтті жерге төкпей «ырыздық кетеді.малдың желіні кетеді» деп қастерлеген.Сүт өнімінен жасалынған әр тағамның өзінің құндылық орны бар. Соның ішіндегі бүгінгі зерттеу жұмысым сиыр сүтінен алынатын қазақтың ұлттық тағамы –құрт жайлы.


Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар  адам қажеттіліктерінің  ішінде тағамды  жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.  Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген.  Ал сүттен  көптеген астар дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы астардың барлығын даярлауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Олар сүттен жасалатын қаймақ, ірімшік, сары май,  шұбат, қымыз, құрт секілді тағамдарды шебер дайындаған. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Ол ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады.  Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті де бар екен. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады. Ал, жылқының сүтінен әзірленетін қымыздыңемдік қасиеті ертеден белгілі. Онда жүректің жұмыс істеуін жақсартатын дәрумендербар. Сонымен бірге,шұбат та денсаулыққа өте пайдалы екен. Осы астардың пайдасын медицина пайда болмай тұрып- ақ білген ата-бабамыз нағыз данышпан болған десек, артық айтқандық емес.Бұрын қымыз, шұбатын ішіп, құрт-ірімшігін жеп-ақ халқымыз дерттің алдын алған.  Ата-бабамыздың алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да әбден мүмкін. 

 Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің  қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда  таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана 

ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның  қалай және неден әзірленетіні  маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын.  Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мен өзімнің тобымдағы 5-6 жасар балалармен осы құрттың жасалу жолдарын зерттеп,адам денсаулығына пайдасы бар екенін жәнеде құрттың түрлерімен таныстырамыз.Жобамда теориялық бөлімнен

Зерттеу бөлімдерінен тұрады.

Мақсаты:

Балаларды қазақтың ұлттық тағамы мен таныстырып,оның қайдан алынатынын,қалай жасалатынын түсіндіре отырып,дәмінің қандай тіл үйретінін көрсетіп,мәңгілік жадында сақтап жүруіне көңіл бөлу.

Балалар көрсе қызар не алғысы келсе соны ұстап көріп,не жегісі келсе дәмін татып көріп,өз ойына келгенді істейді.Сондықтан баланың өз ойын білу керек.Сонда ғана бала есте сақтай алады.
Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.
Теориялық бөлім


Қазақтың ұлттық тағамы –құрт.Құрт- малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.Ата- әжелеріміз құрттың қуаты талай аштықтан сақтаған деген.Құртты сиыр,қой, ешкі сүтінен алуға болады.Ал біздің бүгінгі жұмысымыз әрине сиыр сүтінен құрт өнімін дайындау тәсілдерін  айтып ,жеткізу.Бүгінгі күнге дейін сүт өнімінен жасалатын құртты әркім әр түрлі әдіспен дайындайды.

Осы әдісті мен балабақшада ересек топтарда көз жеткіздік.Бірінші балаларға ол сүт бізге қайдан келетіні жайлы тексеріп,мақта қыз ертегісін пайдаландық.Балалар өздерінің көзі жеткенсін ары қарай зерттеуді жалғастырды.Сүттен іркіттің пайда болатынын білді.Оны ары ірітіп құртқа айналдырды.Дәмін келтіру үшін дәмдеуіш қосты.Оны доңгелек тәріздес жасады.Содан кептіріп таза болу үшін арнайы орағышқа салды. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей,қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.


1-тәсіл:Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі.Сүт іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады.Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да,іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады.Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін,ернеуін қырып,әлсін- әлсін араластырып отырады.Құрт кайнап әбден қойылған соң қапқа құйып,керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады.Құрт қапта бір тәулік тұрған соң суы  әбден сарқылып құрғайды.Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап өреге жайып кептіреді.

2-тәсіл:Сауылған сиыр сүтін  қақпағы жақсы жабылатын ыдысқа, не ағаштан жасалынған бөшке болуы мүмкін, не үлкен 40-50 литрлік ыдысқа құяды. Күннің астына немесе жылы жерге құйылып қойылған сүт ашып, қоюы іркітке, ал сұйығы сарысуға айналады.Әбден ашыған сүттің қою іркіті ыдыстың бетіне көтеріледі.Астында одан бөлінген сарысу қалады.Сондықтан ағаш бөшкеге жиналған іркіт болған жағдайда бөшкенің төменгі жағынан сарысу ағызатын арнайы шүмек тесіп қояды.Сол шүмекті ашып – жабу әдісімен сарысу ағызылып алынып ,ал қою іркітті қазанға салып,отқа қойып бабымен қайнатады. Ал ыдысқа ашытқан іркіттің қоюын екінші ыдысқа сүлгімен сүзіп алып,сарысуынан ажыратамыз.Қазанға іркітті құймас бұрын қазан түбіне және ернеуіне кез- келген жеуге жарамды майдан жағып қойса қазан  түбі жабыспайды және майланған ернеуінен асып төгілмейді.Қазан астына жағылған оттың бабы тәтті және біркелкі құрттың пісуіне әсер етеді.Сарысуынан әбден айырылған және ашуы жеткен іркіттің қоймалжыңы құртқа тез айналады,Дайын құртты қазаннан таза қапқа немесе сүлгіге аударып алып 10 сағаттай  ашаға іліп немесе үстіне ауыр зат бастыру  арқылы суын әбден сарқылтамыз.Одан соң дайын құртты өзіңізге ұнаған пішінмен кептіріп аласыз.Оны кептіру үщін жылы жел, ыстық күн керек.Біз құрт жасау жолдарын балабақшада н бастадық .Алдымен балаларға түсінікті болу үшін Мақта қыз ертегісін алдық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 2016ж 12 тамыз №499.

2.Бастауыш мектеп. «Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысының  жазылу  реті»а.Аңсабаева 7, 2009 жыл

3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар,  «Ұлттық тағам- ұлт мақтанышы»Г.Мұрынова.  4. 2003 жыл

4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.

«Қазағымның дәстүрлері -ай»С.Хуатай.-11, 2010 жыл

5.Сен білесің бе энциклопедиясы  «Ыдыс- аяқ жасау өнері»Алматы  :

«Аруна баспасы»

6.Хрестоматия. «Қарлығаш оқу – әдістемелік кешені»-Астана:«Арман -ПВ»баспасы,2011 жыл.

7.Ана тілі . Алматыкітап баспасы -2012 . Малта. 133 бет.
Практикалық бөлімі

Құртты кептірудегі пішін түрлері:

Құртты кептіру үшін әр түрлі пішінге келтіреді.Оның негізгі түрлері –күлше, сықпа, шүйірмек, жарма.

Құрт жасауда біз өзіміздің « Ақ тиін» тобында өткіздік.Балалар қолдарынан келгенше дөңгелек,сопақша түрінде жасады.

Күлше-күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп(уысқа сиярлықтай) домалақтайды.Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөңгелек пішінге келтіреді. Күлше ұзақ сақтау үшін жасалады.Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп,керегенің басына, өренің ашасына іліп кептіреді.Оны ауыстырып отыру әдісімен  әбден кептіру керек, әйтпесе көгеріп кетеді.

Сықпа-сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып, төрт саусақтың бүгіуіне салып сығып жасайды.

Шүйірмек-шүйірмек құртты жасағанда  құртты екі саусақтың бүгіуіне салып,екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Шүйірмектің  мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Бұл құрттың пішіні тез кебеді

Жарма- құрттың тағы бір түрі .Жарма құртты негізі үлкендеу етіп алып оны түзу жерге қойып, қатты жіп немесе кендір жіптің көмегімен бөліп жарып, төрт бұрышты пішінге салады..Ол ұзақ кепкенімен дастарханның көркі.

Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.

Қ ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.