Файл: Жоба лтты ндылытар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 336

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әр қазақстандық қазақ домбырасының төңірегіндегі аңыз-әңгімелерді естімеуі мүмкін емес.
2.5. 1 шілде-Ұлттық домбыра күні
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жаңа мереке, яғни Ұлттық домбыра күні енгізілгенін жариялаған болатын.

2018 жылдың 1 шілде кұні Қазақстан тұңғыш рет Ұлттық домбыра күнін атап өттті

Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантты. Менде менің отбасымда ерекше қуандық. Домбыра күнінің мерекеге айналуы - көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға деп білемін

Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін елордадағы Астанадағы Қазақ елі монументі алдында 3 мың күйші бірнеше күйді бір уақытта орындағанын теледидардан қуана да қызыға да тамашаладым.

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыраны биыл бүкіл ел болып тойлады. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені айтпаса да белгілі. Құрманғазы, Тәттәмбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін де жандандыруда да бұл күннің алар орны ерек болмақ.

Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек  күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады.

Қазақ жерінен жеті ғана емес, жетпіс керемет табылатына сенемін.

Тек оны кейінгі ұрпаққа жеткізу, жастар, біздің еншімізде.

3. Практикалық бөлім 
Домбыраға қатысты кез келген ақпаратты жинадым. Кітаптарды оқып, теледидардан сан рет тамашаладым. Қолына қалам-қарындаш ала бастағаннан-ақ домбыра суретін салмаған бала жоқ шығар.

Балалар суретін салады, ермексаздан немесе сымнан макетін жасап шығарады. Балалармен «Домбыраның» макетін жасап шығардық.

Бұл бала қиялымдағы кішкентай домбыра болып шықты.
«Ұлттық аспаптар»

Мақсаты: Ұлттық аспаптарымыздың атауларын білуге, оларды айыра білу, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін көтеру.

Көрнекілік: ұлттық аспаптардың түрлері (аса таяқ, сыбызғы, шаң қобыз, домбыра, қобыз, жетіген)

Ойын шарты: балаларға аспаптардың аттарын атай білу, оларды айырып топтастыру. Ол сөздерге қатыстырып, сөйлем құрайды.


Шанқобыз- ауызбен, үрлеп ойнайды








Сыбызғы- үрмелі аспап

Жетіген- жеті ішектен тұрады, саусақ басымен ойнайды





Аса таяқ- жерге соғып немесе қолда сермеп ойнайды

Қобыз- ішекті аспап, арнайы таяғымен сызып ойнайды





Шың – ертеден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Бұл аспап даңғара, дауылпаз сияқты ұрмалы аспаптардың қатарына жатады.





Домбыраны әшекейлеу


Тақырыбы: «Домбыраны әшекейлеу»
Ересектер тобы
Мақсаты:
Балаларды қазақтың ұлттық аспабы домбырамен таныстыру.
Ою - өрнектерді еске түсіре отырып, алған әсерлерін, өз ойларымен баяндай білуге үйрету. Өнер туралы ойларын тиянақтау. Ауыз әдебиеті үлгісі - мақал - мәтелдерді қолдана отырып байланыстырып шебер сөйлеу, білімділігін шыңдау. Күйді тыңдай отырып, ұлтттық танымын көтеру.
Балалардың қол моторикасын жетілдіру және эстетикалық талғамын арттыру. Безендіру арқылы әдемілікті сезіне білу қабілетін дамыту. Берілген тапсырма бойынша өз ойларын жүйелі жеткізе білу қабілетін қалыптастыру.
Ұлттық рухты сезіне білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортада әдемілікті, сұлулықты көре білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, қол еңбегі, ән сабағы.
Әдіс - тәсілі: әуен тыңдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, балалар жұмысы, сергіту сәті, ән қорытынды.
Көрнекіліктер: Түрлі - түсті жіптер, қайшы, желім, үнтаспа, домбыра, өнер бөлмесіне қажетті бұйымдар.
Сөздік жұмыс: перне, тиек, дыбыс ойығы, шанағы, басы, құлағы, мойыны, ішегі.

1. Күй тыңдалады
- Балалар, біздер қандай әуен тыңдадық?
- Күй тыңдадық.
- Ол қандай аспапта орындалады деп ойлайсыңдар?
- Домбырада орындалған.
- Ендеше, домбыра туралы не білеміз, кім айтады? Және сіздердің отбасыларыңызда ұлттық аспапта ойнайтын адамдар бар ма?
- Домбыра ұлттық аспап.
- Біздің үйдің төрінде екі домбыра бар.
- Менің ағам домбырамен ән айтады.
- Менің де папам домбырамен ән айтып береді.
- «Нағыз қазақ қазақ емес,
- Нағыз қазақ - домбыра» деген.
- Мен домбыра тартқанды жақсы көремін. Өскесін күйші болғым келеді.
- Өте жақсы. Бәріміздің төрімізде домбыра ілулі тұрады. Өйткені домбыра қазақтың қазақ екенін білдіретін киелі музыкалық аспап екен, яғни тұнып тұрған өнер. Біздер бүгін өнер бөлмесіндеміз.
- Ал, балалар, есімізге түсіріп жіберейікші. Өткен сабақта алған әерлерің бұл жерден табыла ма? Кім айтады.
Азамат:
- Апай, мұражайдың ішінен текемет, домбыра көрдік.
Азаткүл:
- Ою - өрнектермен таныстық.
Уалихан:
- Қошқар мүйіз, тышқан ізі оюларын салдық.
Жансая:
- Шеберханада зергерлік бұйымдарды көрдік.
Әсия:
- Қазақтың ұлттық киімін, ыдыс - аяқ бұйымдарын көрдік. Олар өрнектермен әшекейленген.
- Бәрекелді! Бәрің де өнерден хабардар екенсіңдер. Енді өнер туралы білетін мақал - мәтелдеріңіз бар ма?
Ғани:
- Оюмен ой айтқан - еліміз.
Берекет:
- Өнерлінің қолы - алтын.
Нұржан:
- Шебердің қолы - ортақ.

Манзура
- Ою ойғанның ойы ұшқыр.
Айдана
- Мал жұтаса да, өнер жұтамайды.
- Жарайсыңдар. Енді мен сендерге домбыраның құрылысын айтып өтейін. Домбыраның құрылысы көптеген бөліктерден тұрады. Мынау домбыраның басы, құлағы, тиегі - кәне қайталайық. Ал мынау сызықпен көрсетілген пернелері. Басынан кейінгісі мойыны, ал мынау домбыраның беті, кеудесі, шанағы, тиегі, ал мына кішкене дөңгелек дыбыс ойығы деп аталады.

- Ендеше домбыра үнін құлағымызбен тыңдай отырып, жан дүниемізбен сезініп, әдемі саусақтарымызбен жасай отырып, алдымыздағы домбыраны сәндеп безендірсек.
- Алдымыздағы домбыра үлгілері қандай түспен боялған?
- Сары.
- Осы сары түске қандай түс үйлесім табады деп ойлайсыңдар?
- Қызыл, жасыл, көк, сұры.
- Ендеше, алдымыздағы жіптерден өрнектеп қиып, жапсырып безендірейік. Біз жұмысты бастамас бұрын бір сәт теледидарға назар аударсақ. ( сақтандыру ережелері)
- Кәне, балалар, біздің шебер қолдарымыз қандай қызмет атқарады екен?

Бәрі орнынан тұрып:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Шебер екен он саусақ
Шапалақты соққанда
Ғажап екен он саусақ
Шебер қолдар керемет
Салған ісін қараса
Домбыраны қолға алып
Бір серпіліп ән салса
- Ал, балалар, жұмысымызды аяқтасақ тақтаға ілейік. Біздің бүгінгі жұмысымыз кімге қалай әсер етті екен? Соны білейік. (Балалар біртіндеп тақтаға шығып, өз ойларын айтады)
- Ал, енді өздерің айтқандай домбыраны қолға алып, бір серпіліп ән салса дегендей ән айтайық.
Ән: «Домбырасыз сән қайда»
- Сонымен балалар, біз қай жерде отырмыз?
- Өнер бөлмесінде
- Қандай өнер түрін жасадық?
- Домбыраны безендірдік
- Немен безендірдік?
- Түрлі - түсті жіптерден ою - өрнектер арқылы безендірдік
- Ән арқылы, күй арқылы өздеріңді қалай сезіндіңдер?
- Жақсы көңіл - күймен демалдық
- Ендеше бүгінгі сабағымызды өздеріңнің бір - бір ауыз домбыра туралы көркем сөздеріңмен аяқтасақ.
Дәулет:
- Ұлтымыздың ұраны
Жансая:
- Көңіліміздің жыр әні – Домбыра!
Уалихан:
- Тарихымен үндескен
Манзура:
- Айтылатын жыр десем – Домбыра!
Азамат:
- Сенде сыр бар айтылар
Азаткүл:
- Сенде нұр бар шашылар – Домбыра!

Бұл аспап ата көзі, баба мұра
Қазақ үшін теңі бар ма бағалы да.
Тербеліп кетсе ішектер теріп перне
Теңіз күйлер төгіледі шанағында,- дей отырып сабағымызды күймен аяқтасақ.
3. Қорытынды. 
Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата- бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшаң- теңіз. Ата- баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп білу, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал- сері, тігінші, өрімші, балгер- бақсы өтті. Зерттеу жұмысы барысында келесі қорытындыға келдім:


  1. Әдет- ғұрыптар, ұлттық құндылықтар, ана мен бала арасындағы мейірімділік қасиет адам бойына домбыра арқылы сіңіріледі.

  2. Домбыра жасау технологиясын қазіргі заманға сай жетілдіру.

  3. Қазақтың ұлттық бұйымдарын безендіруде эстетикалық маңызы зор.










Қазақ дәстүрі тек ата-ананы еммес жалпы адамды сыйлауға баулиды.

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын және жасалу технологиясын зерттеуге арналған. Мені қазақ құртының  жасалу әдістері  қызықтырды. Тағамның  өте көне  әрі  пайдалы түрі – сиыр сүтінен жасалған құрт  жайында мәлімет жинағым келді. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрттың дәмі ащы болғанмен жеуге сүйкімді тағам. Қазақ құртты тамақ есебінде, әрі шөл басуға да қолданады. Ол көбінесе қысқы азық есебінде ерте әзірленеді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.

Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңіл ас қатарына жатады.
Мен зерттеу барысында кітаптардан, ғаламтордан құрт түрі мен құрамы туралы  деректер жинадым. Сонымен қатар балабақшадағы балалармен зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде өз тобымның арқасында құрттың пайдасы мен жасау әдістерін қаншалықты деңгейде білетіндіктерін анықтадым. Құрт туралы балабақша балаларына толығырақ  мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен  осы жобаны ұсынып  отырмын.