ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 330
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Үш айлық тақырып: «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра»
Жобаның мазмұны:
1. Кіріспе:
1.1. Таңдауға негіздеме.
1.2. Жұмыстың мақсаты.
1.3. Міндеттері.
1.4. Жұмыстың кезеңдері.
1.5. Қажетті ресурстар.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстанның жеті кереметі
2.3.Домбыра құрылымы
2.4.Домбыра туралы қызықты 5 дерек
2.5. 1 шілде-Ұлттық домбыра күні
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
5. Қосымша.
Домбыра туралы ұғым
Домбыра – қазақтың ішекті, музыкалық халық аспабы. Шанағы көбінесе алмұрт пішіндес болып келеді, мойны өте ұзын, пернелермен бөлінген. Домбыра – қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар - батыстық және шығыстық: Батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемі мен қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар: төкпе күйлерде дыбыс қол білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса, шертпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген. Осылайша домбыра мен күйдің, олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Өткен кезеңде үш шекті домбыра Қазақстанның әртүрлі аймақтарында кездескен.
Домбыраның осыған ұқсас үлгілері қазақстанның шығыс өңірінде кең тараған. Домбыра да орындалатын шығармаға байланысты, ол бірде квинтаға, бірде квартаға бұралып күйге келеді. Домбыра халқымыздың жан серігі, оның тарихын, тағдыры мен тілін, қоғамдық және рухани өнері мен
салт - санасын, тұрмысы мен әдет - ғұрпын айқын көрсететін ұлттық байлығымыз.
1. Кіріспе
1.1. Жобаның тақырыбын таңдауға негіздеме:
«Ойлау таңданудан басталады».
Аристотель
Мен, Жадыра Аликқызы таңданудан жалықпаймын. Таңдану арқылы түрлі ойлар пайда болады, сұрақтар туындайды. Қоршаған ортаны, әсем ғимараттарды,ұлттық аспаптарды тамашалағанды кез-келген бала ұнатады. Балаларға бәрі қызық болып көрінеді. Құпиясы көп, ерекше әдемі заттарды қызықтап, жасалуын, құпия-сырын көрсеткім келіп тұрады. Кітаптардан, теледидардан көріп жүрген керемет ғажайыптарға таңдана отырып, сырын зерттеп, тереңірек бүлдіршіндерге үйреткім келді. Әлемнің әйгілі жеті кереметі бар екенін білемін және қазақтың да жеті кереметі туралы тереңірек зерттеп, болашақ ұрпаққа ұғындырғым келді. Біздің елімізде де тамаша кереметтерге жататын дүниелеріміз бар. Тарих тереңінен бастап, қазіргі монументтерге дейін оқып балаларға таныстырдым. Ең ғажайып музыкалық аспап – домбыра туралы көп сырды ашып, балаға ұғындыру.. Сондықтан «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» деген тақырыпты таңдап, жоба әзірледім. Жобаның негізі – мәдени мұраларымызды аша отырып, жаңа кереметке тоқталу.
1.2. Жұмысымның мақсаты:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған “Домбыра” құпиясын зерттеп, сырына қанығу.
1.3. Жұмысымның міндеттері:
1. Әлемнің жеті кереметі және қазақтың кереметтері туралы әдебиеттермен балаларға таныстыру.
1. Қазақтың жеті кереметі саналатын заттардың тарихын зерттеп, қызығушылығын арттыру.
2. Домбыраның шығу тарихы құрылысы, ішкі және сыртқы көрінісі туралы мағлұмат жинау.
3. «Киелі домбыра» макетін жасау және осы негізде өзімнің арман-жобамды құру.
1.4. Жұмыстың кезеңдері.
1. Әдебиеттермен және ақпаратпен жұмыс жасау.
2. Материалды өңдеу, дайындау.
3. Макет әзірлеу.
4. Жобаны қорғау.
5. «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» тақырыбына презентация дайындау.
1.5. Қажетті ресурстар:
1. Анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар.
2. Ақпараттық-компьютерлік техника.
3. Интернет-ресурстар.
4. Макет жасау үшін материал.
5. Жобаны жинақтау папкасы.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстанның жеті кереметі
Әрбір халық өз жерінде пайда болған адамзат мәдениетінің асыл да бағалы құндылықтарына жататын ескерткіштерді түгендеп, ардақтауы тиіс. Жоғарыда аталған кереметтерден еш кем түспейтін қазақ жерінің де жеті кереметі бар. Олар: Таңбалы тас суреттері, домбыра, киіз үй, «Алтын адам», Маңғыстау жер асты мешіттері, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Астана-Бәйтерек кешені. Енді осыларға қысқаша тоқталып өтсек.
Таңбалы тас суреттері – дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықта қазақ жерін мекендеген қауымдардың барша таным-түсінігінен хабар беретін аса көрнекті археологиялық ескерткіш. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
Алтын адам – әлемге әйгілі сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-ғұрыптары, мәдениетін көрсететін тарихи мұра. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.
Маңғыстау жер асты мешіттері – Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістан қаласында орналасқан шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды.
Астана-Бәйтерек кешені – Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан заманауи монумент.
Киіз үй – қазақ тарихындағы ең бірінші сәулеттік құрылыс
Домбыра – «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» бекер айтылмаса керек. Қазақ өнеріндегі асыл мұраларымыздың бірі және бірегейі.
2.2. Теориялық негіздеме:
Қазақ халқының кейбір ән- күйлері кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен.
-
Домбыраның шығу тарихы.
Домбыра – асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай айлап қақ төріне ілген, ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптарының бірі. Қазақ халқының төл аспабы – домбыра көп уақыттан бері өзінің негізгі құрылысын, түрін сақтап келеді. Домбыра қалай, қайдан пайда болды? Деген сұраққа қазақ аспаптанушылары:
«Ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды» , деп жауап беріп келеді. Біздің көз алдымызға домбыраның мынадай даму кезеңдері келеді:
1. Ұрмалы аспап. 2. Көне ішекті аспап. 3. Шертер. 4. Домбыра.
-
Домбыраның түрлерін талдау.
Домбыраның басқа да түрлері бар. Әр түрлі домбыра үлгілері бар жердің ерекшелігіне қарай:
Іші шекті домбыра – күйші композиторлар мен домбырашылардың ізденісінен туған. Мұндайда құлақ екеу болады. Бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бірдей күйге келеді.
Үш ішекті домбыра - екі шекті домбырадан айырмашылығы шегінің санында. Домбырашылар әр шекті теріп тартып әр қайсысын жеке- жеке шертіп ойнаған.
Шіңкілдек домбыра- дыбысы құлаққа жағымды, балаларға арналған домбыра. Ұстауға жеңіл, ойнауға ықшамды, дауысы сүйкімді шағын домбыра.
Домбыраның формасы екі түрлі болып келеді. Біреуі- Абай, екіншісі- Жамбылдың домбырасы деп аталады. Домбыраның негізгі материалы – ағаш.
2.3.Домбыра құрылымы
Домбыра аспабында да үш құрылым бар: бас, мойын, шанақ болып келеді. Шанақ жер қойнауына ұқсас. Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы. Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы. Музыкалық әуендер мойыннан құралады, шанақтан шығады.
Домбыраның басы - Аспан,
Домбыраның мойны - Бәйтерек,
Домбыраның шанағы - Жер. Үш әлем домбыра бойында да бар екен. Демек
«біз ортада, жер бетінде тұрамыз» деуінде негіз бар. Домбыраның мойны арқылы әуендер шашылады. Бәйтеректің бұтақтары жайылып, өнімін шашады. Жер құнарын беріп тұрады. Шанақ әуенін шашып тұрады. Домбыраның басы ретінде қарап тұрады, аспан да өмір ретін қарап тұрады.
Үш әлемді байланыстырған «Бәйтерек», одан пайда болған «Домбыра», адам қажетіне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен. Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі - домбыра өнері ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенін ұстанбай, ұлттық құндылықтарды сақтап жалғастыру қиын болмақ.
Жерден өскен ағаш адамға пайдасын ( жеміс, жапырақ ) береді. Ал домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп, ықпал етеді. Жерден өнген өнімдер адам қорегіне қажет болса, домбырадан шыққан күй – адамның рухани жан азығы. Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге айналдырып жеткізетін – домбыра аспабы. Егер, қоршаған айналаның дыбыстары түгел жойылатын болса, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген болар еді. Мысалы, қазіргі үлкен қалаларда құстардың табиғи сайрауының жоқтығы үлк1 шілдеде Қазақстан тұңғыш рет Ұлттық домбыра күнін атап өтеді Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін осынау аспап бір сәт тыңдаушысының жүрегіне қуаныш ұялатып, дархан даланы еске салса, енді бір сәтте көзіңе жас үйіртіп, көкірегіңе мұң ұялататын әуен шығара алады. Әр қазақстандық қазақ домбырасының төңірегіндегі аңыз-әңгімелерді естімеуі мүмкін емес
2.4.Домбыра туралы қызықты 5 дерек
1.Домбыраның прототипінің тамыры көне замандарға кетеді. Алматы облысында билеп жүрген адамдардың тасқа қашалып салынған суреті және қазіргі домбыраға ұқсайтын аспаптың суреті табылған. Суреттер неолит дәуіріне жатады. Яғни, домбыраның 4 мыңжылдық тарихы бар!
2.. Белгілі ғалым әл-Фараби музыканың тек қана сауық үшін еместігін, сонымен қоса, музыканың бала жастан бастап, жанды тәрбиелеуге арналған құрал екендігін атап айтады. Әл-Фарабидің өзі де бірнеше аспапта ойнаған, солардың ішінде домбырада да ойнай алған.
3. Биыл белгілі қазақ және совет әншісі, музыкант Әміре Қашаубаев туралы фильм жарыққа шықты. Ол өз даусымен, табиғи дарынымен және де экзотикалық аспап – домбыраның үнімен Еуропаның талғампаз жұртшылығын баурап алды.
4. Қадыр Мырза-Әлидің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөздері домбыраның қазақ халқы үшін маңыздылығын көрсетеді.
5. Домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген. Рекорд қоюға он мыңнан астам адам қатысқан. Олардың бәрі бірге «Кеңес» күйін орындаған. Бұл оқиғаның Қытайда орын алғанын айта кету керек. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі шетелде осылайша сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа таратылып келеді. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін осынау аспап бір сәт тыңдаушысының жүрегіне қуаныш ұялатып, дархан даланы еске салса, енді бір сәтте көзіңе жас үйіртіп, көкірегіңе мұң ұялататын әуен шығара алады.