Файл: Лекция Жеіл дегей (20 пай) ылымны азіргі оамдаы ролі мен маызын крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 291

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

2. Авторлық құқық объектілерін сипаттап кӛрсетіңіз және ерекшеліктерін

талдаңыз.

Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындыларға келесілер жатады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарий туындылары;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;

7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу ӛнерiнiң басқа да туындылары;

8) қолданбалы ӛнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ ӛнерi туындылары;

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш ӛлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) ӛзге де туындылар.

Сонымен қатар авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:

1) туынды шығармалар (аудармалар, ӛңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық ӛңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен ӛнер шығармаларын ӛңдеулер);

2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.

Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:

1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы ӛзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және ӛзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);

3) халық шығармашылығы туындылары;

4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)

3. Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналу маңыздылығын бағалаңыз

Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы

1. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуi олардың


қоғамдық игiлiкке айналғандығын бiлдiредi.

2. Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды кез-келген адам авторлық

сыйақы тӛлемей еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор

есiмiнiң құқығы мен оның беделiн қорғау құқығы сақталуға тиiс.

3. Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды пайдаланушылар

авторлардың шығармашылық қызметiне ықпал ету, олардың материалдықтұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында авторлардың кәсiби қорына

немесе авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын

ұйымдарға қаржы аударуға ерікті.