Файл: Лекция Жеіл дегей (20 пай) ылымны азіргі оамдаы ролі мен маызын крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 292

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Іргелі зерттеулер жүргізу кезінде идея мен инновациялық жоба пайда болады.

2 лекция

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

  1. Ғылыми зерттеу үдерісі мен оның негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.

Зерттеулер көбіне мұқият, бір желілі үдеріс бола бермейтінін және зерттеушілердің алдында күтпеген жағдайлар мен қиындыктар туу мүмкіншілігі мойындалады. Сонымен қатар, зерттеу үдерісінің табиғатымен және қағидаларымен танысу күтпеген жағдайларды алдын алу аса шешуші маңызға ие болады. Осы тұста зерттеу үдерісі қалай болатыны жайлы алдын ала ойланған жөн. Зерттеу үдерісінің элементтері бұл зерттеулерді жүзеге асыру үшін қажетті құрамдас бӛліктер болып табылады. Зерттеу үдерісінің элементтері көбіне келесілерден тұрады: әдебиетке шолудан, тұжырымдамалар мен теориялар жасаудан, зерттеу мәселелерін анықтаудан; мәліметтер жинаудан; мәліметтерді талдау мен нәтижелерді жазудан.

Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

Кезең

Кезеңді сипаттау

Мысалы, зейнетке шығу

мәселесін зерттеу қажет болса

(Джонс және басқалары. 2010

мақала үлгісі)

Әдебиетке шолу

Қолда бар зерттеулерді

қызығушылық феноменіне қатысты

және соған сәйкес теориялық

идеяларды сыни тұрғыдан

қарастыру.

Зейнетке шығу және зейнет жасы ұғымы түсінігіне қатысты әдебиет қарастыру қажет

Тұжырымдамалар мен

теориялар

Зерттеу үдерісін меңгеретін идеялар

мен алынған нәтижелерді анықтай

түсу. Аталмыш нәтижелер

идеялардың тууына ықпал етеді

Мерзімінен ерте зейнетке шығу;

Жинақтаушы зейнетақы қорлары;

Ғылыми сұрақтар

Зерттеушінің білгісі келетіні туралы

ашық мәлімдейтін сұрақ.

Әлем бойынша ортша зейнетке

шығу жасы қандай? Біздің

мемлекетімізде қандай?

Зейнетке шығу жасы қандай

болған дұрыс?

Нақты оқиғалар

Үлгілерін іріктеу

Зерттеу мәселелеріне қатысты

нақты оқиғалар үлгілерін таңдау

Зейнеттік демалысқа ерте шыққан жиырма адамның үлгісі, Зейнеткерлері зейнетке шықса да, жұмыс істеп жүрген ұйымдардың

мәліметтері

Мәліметтер жинау

Үлгілерден мәліметтерді ғылымизерттеу сұрақтарына жауап бере

алатындай етіп жинау.

Жартылай құрылымдалған сұхбат

Мәліметтерді талдау

Мәліметтерді түсіндіру.

Сауалнама мәліметтерін

тақырыптық талдау

Жазбаша есеп

Ғылыми-зерттеу жұмысын және оның қорытындыларын тарату және жариялау

Зерттеу жұмысы мақала түрінде

жазылған. Мақаланың негізгі

бӛлімдері:

• Кіріспе

• Негізгі бӛлім

• Әдістер

• Нәтижелер

• Талқылау

• Қорытынды



  1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Ғылыми-зерттеу мәселелерінің типтерін көрсетіңіз

Денском зерттеу сауалдары типтерінің пайдалы 6 тізімін ұсынды жәнеоларды Уайт тағы біреуімен толықтырған болатын. Денском және Уайт бойынша ғылыми-зерттеу мәселелерінің типтері келесідей:

1. Қорытындыны болжау (y жағдайы, шын мәнісінде, a және b жағдайларында болуы мүмкін бе?).

2. Белгілі бір құбылыстың себептері мен салдарын түсіндіру (y-ке x байланысты немесе у-тің салдары х пе?).

3. Құбылысты бағалау (шынында да y сендіргеніндей тиімді ме?).

4. Құбылысты сипаттау (y-ке не ұнайды немесе y қандай формаларды топшалайды?)

5. Жақсы тәжірибені дамыту (y-ті қалай жақсарта аламыз?).

6. Құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту (зерттеу нысанасы болып табылатындардың ӛмірін қайтсек, жетілдіре аламыз?).

Жоғарыда айтылған сұрақтардың алты типіне қоса, Уайт ӛз альтернативасын, яғни баламасын ұсынады:

7. Салыстыру (x-пен салыстырғанда, a мен b айрықшалана ма?).

Ғылыми-зерттеу мәселелерінің жіктелуі тиіс екеніне байланысты кӛптеген амал-тәсілдер бар. Сонымен қатар, жеткілікті толық тізім табу қиын болғанымен, аталған жеті типі біздің мүмкіндіктер жайында кӛзқарасымызды қалыптастыра алады және зерттеудің анағұрлым кең мақсаттары жӛніндегі полемикаға назар аудартады. Зерттеу мәселелерін құрастыру - бұл зерттеу ауқымын нақтылау мәселесі және зерттеудің не жайлы болатындығана бағытталған. Зерттеу сұрақтары осылайша маңызды. Ғылыми-зерттеу мәселесінің болмауы, не болмаса, зерттеу мәселесін дұрыс қисындамау зерттеу жұмысының нашар болуына әкеп соғады. Егер сіз зерттеу мәселесін анық кӛрсетпесеңіз, зерттеулеріңіздің қандай мәліметтер жинайтынының жӛн- жосықсыз болу қаупі бар. Сондықтан ӛз зерттеу мәселелеріңізді анық та дәл білу ӛте маңызды.

Ғылыми-зерттеу мәселесін дұрыс анықтаудың маңызы келесідей:

- әдебиет іздеу жұмысына нұсқау береді;

- ғылымның қандай құрылымдарын зерттеу қажеттігі жӛнінде нұсқау болады;

- қандай және қай мәліметтерді кімнен жинау қажет деген сауалға нұсқау береді;

- мәліметтерді талдауға нұсқау жасайды;

- жазбаларды мәліметтеріңіздің жоспарына бағыттайды;

- қате немесе қажет емес бағыттан тоқтатады;

- оқырмандарыңызға ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың нысанын айқынырақ сезінуге кӛмектеседі.

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

  1. Ғылыми жұмыстар мен ғылыми мақалаларға кіретін негізгі бөлімдерді талдаңыз.


Ғылыми жұмысты ұйымдастыру үшін ең қажетті мәселе – база. Ғылыми жұмысты ұйымдастырғанда мына принциптердің басты назарда болатынын ескерту қажет:

- ҒЖ-ның негізгі мақсат-міндеттерін белгілеу.

- ҒЖ-ның негзгі арқауы етіп, аса өзекті мәселені зерттеу нысаны етіп алу.

- Нарық заңына және әлемдік білім беру стандартына сәйкес аталмыш жұмыстың тиімділігін және келтірер пайдасын есептеп шығару.

Кіріспе.

Әдебиетке шолу.

Ғылыми-зерттеу әдістері.

Нәтижелер.

Талқылау.

Қорытынды.

Мақала құрылымының жалпы жоспары:

Мақала атауы Бір ғана фразадан тұрса да, сәтті таңдалған атау уақытты қажет етеді, Атау мақала мазмұнын айқындап тұруы қажет, сонымен бірге көзге түсетіндей көркем болуы қажет. Бұл, әсіресе, қазіргі ақпараттың орасан зор легімен байланысты үлкен

Мақаланың құрамдас бөлімдері Мақала аннотациядан, кіріспеден, негізгі бөлімнен (алынған нәтижелер мен олардың түсініктемелерінің, зерттеулердің әдістемесінен), қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұады.

Аннотация. Аннотация мақаланың кеңейтілген атауы қызметін атқарады және жұмыс мазмұнын баяндайды.

Кіріспе. Кейінгі кездері мақала авторлары бұл бӛлімге атүсті қарайды да бірден алынған нәтижелерді баяндауға бірден кӛшеді. Бұл атүсті қарайтын жайт емес. Оқырман үшін жұмыс қойылу қажеттігін білу қажет және ол жұмыстың отандық және шетелдік тұжырымдар арасында қаншалықты орын алатындығын білу маңызды.

Негізгі бөлім Жеке зерттеушіге төмендегідей біліктілік керек:

1. Зерттеудің міндеттерін анықтау.

2. Зерттеу жүргізудің қолда бар құралдарын пайдалану немесе жаңа құралдарды құрастыру.

3. Алынған нәтижелерді саралау және зерттеудің қандай жаңа және пайдалы нәрсе бергендігін түсіну.

Қорытынды

Қорытындыны аннотациямен шатастыруға болмайды, олардың қызметі әр түрлі. Қорытынды не алынғандығын көрсетуі қажет, ал аннотация не істелінгендігін түсіндіреді. Қорытынды тезис сипатында келеді.

Әдебиеттер тізімі

Әдебиет тізіміндегі түпнұсқаға сілтемені дұрыс жасау керек. Түрлі баспалар оның безендірілуіне әр түрлі талап қояды. Бірақ кез келген жағдайда авторлар фамилиясын, журналды, басылым жылын, томын (шығарылуын), нӛмірін, беттерін көрсеткен жөн.

Күрделі деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)


3.Әдеби көздердің негізгі түрлерін көрсетіңіз және бағалаңыз.

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты зерттеуші бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

1.Библиографиялық тізімде ӛзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек. Мәселелердің жаңашыл мен кӛкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жӛні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны кӛрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нӛмірі кӛрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

Зерттеу тақырыбына әдеби шолу - бұл әр ғылыми жұмыстың маңызды және ажырамас бөлігі. Әдебиетке шолу зерттеудің теориялық негізін құруға, тақырыптың өңделуін бағалауға, зерттеу бағытын таңдауды негіздеуге көмектеседі. Әдебиеттерге шолу кіріспеге енгізілуі немесе ғалымның ғылыми жұмысының жеке тарауына айналуы мүмкін.

Әдебиеттерге шолу жасау кезінде материалдардың түрлерін ажырата білген жөн. Әдебиеттерге басқа зерттеушілер бірдей немесе ұқсас мәселелерді қарастыратын шығармалар кіреді. Мұрағаттық материалдар, ресми құжаттар, фотосуреттер, карталар, бейнелер және көркем репродукциялар кіретін әдебиеттер мен «дереккөздер» санатын шатастырмаңыз.

Әдеби көздердің негізгі көздері:

Бір автордың кітабы

Екі автордың кітабы

Үш автордың кітабы

Жалпы тақырыппен берілген бір, үш авторлардың жинағы

Автордың атындағы әр түрлі басылымдар

Ресми материалдар

Конфереция, кеңес, семинар материалдары

Оқу құралы, хрестоматия,сөздік,анықтама және библиографиялық көрсеткіш

Стандарт

Нұсқау

Диссертация, автореферат

3 лекция

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

  1. Ғылымдағы теорияның рөлі мен маңызын көрсетіңіз.