Файл: Білім беру жйесін сапалы дамыту мселесі азастан Республикасыны Білім туралы заында 1, Елбасы Н..doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 237

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бастауыш мектептің білім саласындағы комьютеризация мәселесі біріншіден, комьютерлік оқудың тиісті материалдық базасын, яғни техникалық күрделіліктерден хабары жоқ пайдаланушыға қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін сенімді, кеңінен таралған комьютерлерді жасау, екіншіден, оқушыларды информатика мен есептеу техникалары негіздерімен таныстыру, үшіншіден, компьютерді оқу процесінде қолданудың бағдарламалық, оқу-әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз етілуін әзірлеу және пайдалану болып табылады.

Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау үшін интерактивті тақтаны пайдалану бақылаудың дәстүрлі әдістері мен құралдарында табылатын көптеген кемшіліктерді жояды. Бұл компьютердің бақылаулық дәстүрлі құралдарының алдында келесі артықшылықтары негізінде мүмкін болып табылады:

  1. Ол оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді.

Түстерді, графикаларды, мультипликацияларды, дыбысты,бейнетехниканың барлық заманалы құралдарын қолдану қызметтің іс жүзіндегі жағдаятын жасауға мүмкіндік береді.

  1. Компьютер оқу мотивациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Дұрыс

шешімдерін кеңейтіп, сонымен қатар педагогтардың оқушыға жиі қолданатын насихаты мен сөгіс жариялауын қолданбай отырып, оқу есептерінің ұсыныстарын реттеуге мүмкіндік береді.

  1. Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп қана қоймай,

оқушылардың жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі;

  1. Жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалатын қателерге

диагностика жүргізу мүмкіндігімен кері байланыстың болуы- оқытудың дәстүрлі түрлерінің негізгі кемшіліктерінің бірі мұғалімнің оқу қызметінің аса маңызды сәттерін бақылауға алуына мүмкіндіктерінің жоқтығынан болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңында «Жастардың жалпы орта білімін одан әрі жетілдіру және жалпы білім беретін мектептің жұмыс жағдайын жақсарту туралы» қаулысында «Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп, мәнерлеп оқудың, есептей білудің, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ол оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке адал көзқараспен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге тиіс» делінген.

Олардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына аса күшті назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері көп.


Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Ұлы Абай: «Адам баласы.... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұштасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин шәкірттердің барлық сезім мүшелері- көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттығулар арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді.

Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.

Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

  1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы жөн.

  2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.

  3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы қажет.

  4. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы қажет.

Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады.

Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты болады.



Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:

  1. оқушы өзі танып – білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан айқын ажыратып алады;

  2. оқушы өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілермен саналы түрде танысады;

  3. оқушы нақты қандай заңдылықты «ашу» қажеттігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады.

Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.

Оқушыға орындайтын грамматикалық-тілдік жаттығулардан кейбір үлгілер көрсетейік.

1-жаттығу. Бірінші бағанға кім? деген сұраққа, екінші бағанға не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жаз.

Үлгі: дәрігер қалам

........... .........

............. ............

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

1. Алдияр далаға шықты. 2. Күн бұлттанды.

3. Ағаштың жапырақтары сарғайды. 4. Айсұлу сабаққа дайындалды. 5. Темірлан мектепке ерте барды.
3-жаттығу. Бірінші бағанға у дауысты болатындай, екінші бағанға дауыссыз болатындай сөздер жаз.

Үлгі: қурай тауық

.......... ..........

.......... ..........

.......... .........

Буындар тақырыбын өткен кезде мынадай тапсырмалар беруге болады.
4-жаттығу. Берілген буындардан сөз құрастырып жаз.

Ар -…, өк -…, қа -…, жа -…, ү -…, … - кі, … -рек, … - лат.
5-жаттығу. У – ұ әріптерінің тиістісін қойып, 3 сөйлем құра.

Б…ын, қ…лақ, жа…ын, ш…ақ, сә…ір, …ршық.
6-жаттығу. Жұмбақтарды шеш. Көп нүктенің орнына й,и әріптерінің тиістісін қойып жаз.

1) Ти десем, тимейді,

Тиме десем тиеді.

2) Аттан биік,

Қойдан аласа.

7-жаттығу. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастырып жаз.


  1. атама, тақия, мен, сыйладым.

  2. қияр, тұздады, Мадина.

  3. түнде, болады, бүгін, аяз.

  4. бұзуға, құстардың, болмайды, ұясын.


8-жаттығу.

Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып жаз.

Тақырыбы: «Су - тіршілік көзі».

Тірек сөздер: Сусыз – тіршілік жоқ, судың пайдасы, суды үнемдеу.
9-жаттығу. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сыз. Неліктен бас әріппен жазылғанын түсіндір.

Әсем – үздік оқушы. Ол қаладан ауылға қонаққа келді.

  • Алыс жолдан жол жүріп келдің,

  • Үлкендерге сәлем беріп, амандас,-деді апасы Әсемге. Қонақ қыз Бәтен, Патша апаларға, Бақтыгерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті.


Осы көрсетілген грамматикалық - тілдік, сөйлеу, рефлексиялық жаттығуларды орындату барысында мұғалім мынадай дидактикалық- әдістемелік міндеттерді шешеді.

-сөз құрамының сөйлем және мәтін құру қызметін біледі;

-сөз мағыналары меңгереді;

-шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында түрлі шығармашылық жаттығулар орындайды.


2.3 Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында қолданылатын интерактивті әдістердің тиімділігін айқындау жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік зерттеу

Зерттеу жұмысында ұсынылған теориялық деректерді негіздеу мақсатында эксперименттік тәжірибе жұмысы жүргізілді, онда бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында қолданылатын интерактивті әдістердің тиімділігін дәлелдеу көзделді

Эксперименттің мақсаты алға ұсынылған болжамды тексеру және бағыттау, бекіту болып табылады, яғни, егер оқыту әдістерінің мәнін сипатайтын түсініктер мен деректерді меңгеру қамтамасыз етілсе; бір әдістілік пен біржақты асыра сілтеушіліктен арылуды көздейтін тәжірибелер пайдаланылса; оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру жолдары қолдау тапса, оқыту әдістерін мақсатты, жүйелі және жоспарлы ұйымдастырып зерттеуге болады, бұл бастауыш сынып оқушыларын оқытудың тиімді, интерактивті әдістерді таңдауға, жетілдіруге және қолдануға сәйкес келеді. Болжам нақты интерактивті әдістерді таңдай отырып, жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігін анықтаудан тұрады 56.

Педагогикалық эксперименттің маңызы, мақсаты мен мазмұны, ішкі құрылымы мен олардың жүргізілу тәртібі және нәтижелері талданып, сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуда интерактивті оқыту әдістерінің сапалылығы мен нәтижелілігі практика жүзінде сыннан өткізілді. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістерін таңдап алуда эксперименттен өткізілу жолы анықтау кезеңі, қалыптастыру және бақылау кезеңдерінен тұрады. Олардың әрқайсысының өткізілу жүйесі сақталып, мазмұны нақтыланды.

Педагогикалық эксперимент тірек ретінде алынған Атырау қаласындағы №3 мектепте жүргізілді.

Экспериментті жүзеге асыру барысында қолданылды:

  • Сабақты өткізудің интерактивті әдістері;

  • Интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар жүйесі;

  • Оқушылардың сөздік қорын белсендендіруге бағытталған тапсырмалар.

Жүргізілген педагогикалық эксперимент барысындағы бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқыту үрдісін ұйымдастыру шеберлігі мен оқушылардың білім деңгейін талдау көрсеткіші оқыту әдістерін тиімді таңдау және қолдана білу білім сапасын көтеретіндігіне дәлел болды.

Жинақталған материалдарды қорытып, талдай отырып, келесі тенденцияларды байқадық.

Эксперименттің бірінші кезеңі - анықтау кезеңі