Файл: Білім беру жйесін сапалы дамыту мселесі азастан Республикасыны Білім туралы заында 1, Елбасы Н..doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 236

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ACTIVwand указкасы

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. “Оң қол” сонмен бірге “сол қолмен” жұмыс жасауға қолайлы құрал.

Интерактивті тақта арқылы сабақты түрлендіріп, қызықты, көркем қылуға болады. Экранға қаламмен қол тигізіп қана, жұмысты жүргізуге болады. Мұнда бор, сүрткіштің қажеті жоқ.

Интерактивті тақта – мектептегі жай тақтаның көлеміндей үлкейтілген компьютер. Енгізілген мәлімет төңірегіне қарай көптеген дайын, әсем, тартымды бейнеленген көрнекілік пен оқытудың барлық жағдайын қолдануға болады.Интерактивтік тақта мультимедиялық компьютер бола алады, өйткені ол тек мәтін жазып қана қоймай, қозғалмалы әртүрлі көрнекілік, жануар, құстардың дыбыстауын, теңіз толқынының дүбірін, таза табиғат көрінісін т.с.с мүмкіндіктің бәрін ұсынады.

Интерактивті тақта шет елде пайда болғандықтан Қазақстан Республикасының менталитетіне сай көрнекілік жоқ. Сондықтан сабақтың тақырыбына сай көрнекіліктерді сканер арқылы дискіге енгізіп, интерактивті тақтаның кітапхана ресурсына қосып енгізуге болады.

Кез-келген сабақтың екі субьектісі болады, ол – мұғалім және оқушылар. Тақта үшінші субъекті бола алмайды. Тақта емес, мұғалім оқытады. Сыныпта интерактивтік тақтаның болуы сабаққа дамытушы сипат бермейді, оны айқын мақсаты бар, тиімді әдістерді қолданатын мұғалім ғана дамытушы сипатқа айналдыра алады. Ал тақта – бұл мұғалімнің қолындағы пайдалы құрал. Ең алдымен, материалды іріктеу, оны әдістемелік және техникалық өңдеу қажет.

Қазір бірінші сынып оқушыларының көпшілігінде ұялы телефон, сынып оқушыларының 75%-да арнаулы компьютер бар. Балалар телефонның,компьютердің пернетақталарының тетігін еркін меңгерген, сондықтан тақтаға үйрету үшін арнайы білім талап етілмейді, балалар мұғалімді жай бақылай отырып, жұмыс тәсілдерін тез меңгереді.

Бүгінде оқушылардың визуалды ақпаратқа деген қажеттілігі артып отыр. Интерактивтік тақта сабақтың қандай мақсатына, қай кезеңінде қолданылатынына қарамастан деректерді визуалды ұсыну құралы (кіші мектеп жасында көрнекі-әрекеттік және көрнекі-образды ойлау басым келетініні ұмытпаған жөн) болып табылады. Бұл тақта ақпаратты әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсінеді және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, сызбаларды беруде өте ыңғайлы.


Бүгінгі таңда көптеген мектептерде мұғалімдер компьютерлік файлдарды көрсететін ақ экранды электрондық проектормен жұмыс жасауда. Интерактиті, яғни экранды тақтаның әдеттегі тақтадан айырмашылығы ол компьютерге қосылған, оны экраннан алыстамай басқаруға болады.

Оқыту үрдісінде ИТ қолданылады:

  • күнделікті сынып жұмысына арналған әдеттегі тақта ретінде (тек бор электронды қарындашпен алмастырылған);

  • оқу ақпаратын визуализациялау үшін демонстрациялық экран ретінде (слайд, көрнекі материал, фильм көрсету);

  • интерактивтік құрал ретінде - цифрлық түрде дайындалған арнайы бағдарламалық материалдарды қолдану жұмысы;

Тұтас сабақ барысында тақтаны қолдану міндетті емес, сабақтың нақты бір кезеңінде қолдануға болады.





Сурет 4.
Кіші мектеп оқушылары интерактивтік тақтамен қызыға жұмыс жасайды. Олар тақтаға шығуға қорықпайды. Егер қате жіберілген болса, онда маркердің көмегімен қателескен бөлігін кетіре алады, сондықтан балалар өздерін интерактивтік тақта алдында еркін, сенімді сезінеді. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдамайды. Оның үстіне бұл оларға қызықты, сондай-ақ сабақ барысында мотивациясы артады.

Сабақ барысында жүргізілген барлық жұмыстарды, барлығы тақтаға орындаған, жазылған жазбалар мен белгілерді компьютерде келесі сабаққа дейін сақтауға болады.

Интерактивті тақта жұмыстың фронтальды формасын түрлендіруге және дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде жеке үйлестіруге мүмкіндік береді

Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Осы визуальды ресурс жаңа материалды өте жанды, әрі қызықты баяндауға көмектеседі.

Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз.

Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.



Осылайша, интерактивті тақтаны пайдалану мүмкіндігін қолдана отырып, мақсатқа жетуге болады.

Қай сабақта қандай әдістер таңдалса да, балалардың танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге негізделеді 54.

Қазақ тілін, ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.

Ю.Б. Зотов өзінің «Организация современного урока» атты еңбегінде де осы мәселе төңірегінде өз пікірін білдіре отырып, қазіргі сабақ жүйесінде оқыту әдістерін таңдау мұғалімнің шеберлігіне байланысты екендігін атап өткен 55.

Демек, мұғалім әрқашанда өзінің білімі мен біліктілігін, шеберлігін жетілдіруі тиіс. Сонда ғана оңтайлы оқыту мәселесіне қатысты тиімді әдістерді таңдау және қолдану аралығында қарама-қайшылықтың болуына жол бермейді.

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.

Біз қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерді таңдай отырып, оны қолдану арқылы оң нәтижеге жетуге болатынына көз жеткіздік.
2.2 Интерактивті тақтамен жұмыс істеуде пайдаланылатын жаттығулар жүйесі

Бастауыш сыныпта практикалық әдістер тобының жиі пайдаланылатыны - әр түрлі жаттығулар. Өйткені бастауыш сыныптарда тілден берілетін білім негізінен практикалық тұрғыда болып келеді, яғни жаттығулар негізгі қызмет атқарады. Сондықтан грамматикалық орфографиялық ережелерді оқушыға түсіндіру үшін әдетте, жаттығу материалдарын жетекшілікке аламыз.

Жаттығулар – білімді бекітудің, іскерлік пен дағдыны игерудің және оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі әдісі. Бұл әдісті жаттығу жұмысында тиімді қолдану үшін біріншіден, жаңа материалды (әсіресе, ережелерді, анықтамаларды) саналылықпен меңгеру, есте сақтау, екіншіден, алған білімдеріне сүйеніп, тапсырмаларды орындау, жаңа мысалдар іздестіру, дәлелдеу қажет. Сондықтан грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалдарды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да кездескен құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуі тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез, әрі дәл қолдана алу дағдысына ие болады.


Қазақ тілінен жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, сол берілген білімді оқушының санасына бекіту үшін жаттығудың бірнеше түрін: ауызша, жазбаша, сондай-ақ тақтаға шығарып, кітаппен жұмыс істеу, сурет, карточкалар, техникалық құралдарды пайдалану т.б. бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жаттықтырудың тиімді әдісін іздестіру қажет.

Білімді бекіту үшін жүргізілетін жаттығудың бірнеше түрі дұрыс та, қызықты ұйымдастырылса, оқушы білімі солғұрлым берік және есте қалып нығая береді. Осылайша түрлендіріп оқытудың әдістері оқушыларға сапалы білім беруге қол жеткізеді 53, 40б.

Ауызша жаттығу қазақ тілі материалдарын тікелей көрсету негізінде орындалады. Сондықтан дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын түсіндіруде мына секілді көрсету аппаратына назар аударылады:

- дыбыстың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы көрсету;

- дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін эксперименттік фонетиканың материал-дары негізінде тәжірибелеу.

Сабақты осы әдіспен өткізуде оған қойылатын мына сияқты талаптарды ескерген жөн: қазақ тілі материалдарының мақсаты, тақырып айқындылығы, көрнекі құралдардың күні бұрын дайын болуы, материалды қалай түсіндірудің жұмыс барысы және керекті сөйлемдер мен мәтіндердің тақтаға жазылуы. Сондықтан да тәжірибе әдісінде оқушы мен мұғалімнің белсенді қарым-қатынасы тікелей сезіледі. Мәселен, а – о дыбыстарының айтылу ерекшелігін түсіндіргенде, о дыбысы еріннің алға қарай сүйірленіп, созылуынан пайда болатынын айтады т.б. Мұнан кейін мұғалім осы дыбыстардың жасалуын оқушылардың өздеріне айтқызып, тәжірибе жасатады. Оқушылардың көздерін жеткізіп, саналы меңгерту мақсатында бұл дыбыстардың сөз ішінде буынға бөліп талдау арқылы сөйлеу мүшелерінің әрекетін ұқтырады.

Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағды көп уақыт өтпей-ақ ұмтылады.

Жаттығу тек оқулықта берілген жаттығу түрімен шектелмейді. Сонымен бірге жаттығу мына сияқты жұмыс түрлері бойынша да жүзеге асады:

  1. мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша;

  2. мұғалімнің арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде;

  3. картинка және сурет негізінде;

  4. сызбалар мен кестелер бойынша;

  5. арнайы дайындалған мәтіндер бойынша;

  6. дидактикалық материалдар негізінде.


Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С.Рахметова былай деді: «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс»53.

Интерактивті тақтамен жаттығулар орындау барысында оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау қажет.

Оқушылардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс.

«Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» деген кітапта: «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады» деп көрсетіледі.

Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек.

Жаңа тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады.Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады.Оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады; әрі өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы керек.

Қазіргі таңда электрондық - есептеу техникаларын кеңінен пайдалану сол немесе өзге елдердің экономикасы мен технологиясын дамыту көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Компьютерлік техниканың үдемелі, қарқынды дамуына байланысты қоғамның ақпараттану процесі дамудың материалдық, энергетикалық қөздеріне қарағанда маңызды факторға айналуда. Сондықтан, мектеп алдына оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің қайта қаралуын талап ететін жаңа міндеттер қойылады: ол өсер ұрпақты қоғамның толық комьютеризациялау шартындағы жұмысқа, өмірге дайындау.