Файл: Білім беру жйесін сапалы дамыту мселесі азастан Республикасыны Білім туралы заында 1, Елбасы Н..doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 240
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дұрыс/ дұрыс емес тәсілі бойынша
Бұл тәсілді орындау барысында оқушылар айтылған пікірді мұқият қарастырады да, дұрыс не дұрыс емес деп шешім қабылдайды. Бұл бұрын меңгерген ұғымдарын бекітудің, оқушыларды қажетті жауапты іздеуге бағыттаудың және олардың түсінігін тексерудің жақсы тәсілі. Нәтижесінде біраз пікірталас туындайды.
Дұрыс немесе өзгерту қажет. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар айтылған пікірді талдай отырып, дұрыс не қате екендігін шешеді. Егер қате болса, онда пікірді дұрыс жауабы боларлықтай жазу қажет.
Кесте 6
№ | Пікір | Дұрыс/Дұрыс емес |
1. 2. 3. | А.Құнанбаев – қазақтың ұлы ақын. Абайға әжесі Зере ертегілер оқып беретін еді. Ертегі – бұл ойдан шығарылған әңгіме | |
Кез келген жағдайда теориялық және практикалық материал оқыту үрдісі үшін түсінікті, ыңғайлы сипатталуы тиіс.
Материалдарды құрастыру, оны білім беру бағдарламасы ретінде ұсыну идеясы бағдарламалап оқыту (60-жылдары) және компьютерлік оқыту (80-90 жылдары) жүйесінде айқын көрініс тапты 50,219б.
Бағдарламалап оқыту әдісі өзіне көрнекілік, әрі практикалық әдісті енгізеді. Сондай-ақ бағдарламалап оқыту өзіндік нақты ерекшелігі бар оқыту түрі, технология ретінде қарастырылады. Бағдарламалап оқыту әдісінің де өзіндік ерекшелігі бар, бірақ оның негізінде мәтінмен жұмыс, практикалық жұмыстың қандай да бір түрі, оқытудың сұрақ-жауап әдісі жатыр.
Бағдарламаланған оқытудың көздеген үш талабы бар:
а) ұсынылатын материалдың айқын, дәл құрылымы;
ә) материалды оқушыға аздаған мөлшермен беру: әр мөлшер – білімді меңгеру «қадамы»;
б) кері байланыс, яғни әр қадамнан кейінгі өзіндік бақылау.
Материал оқушыға жеке беріледі, әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Өзіндік бақылау мұғалімнің не компьютердің берген сұрақтарымен алмастырылады 50,220б.
Өкінішке орай, бағдарламаланған оқыту бастауыш мектепте кеңінен қолданылмады. Шетел тәжірибесінде эксперименттік оқу құралдары шыға-рылып, қолданыс табуда. Отандық тәжірибеде бағдарламаланған оқыту әдіс-темесін құру өзекті мәселелер қатарынан өз шешімін табуы тиіс.
Ал компьютерлік бағдарламалар соңғы онжылдықта қарқынды дами бастады. Десек те, қазақ тілі әдістемесіне қатысты компьютерлік бағдарламалар бүгінгі тәжірибемізде сұранысқа айналып отыр.
Қазіргі уақытта мектепте не үйде компьютерді қолдану келесі жағдайлармен шектеледі:
- компьютер оқушының сұрағын қабылдайды және экранда мәтін, сызба,
модельдер түрінде жауап береді;
- оқушы компьютер бағдарламасына енгізілген тапсырмаларды орындайды, ал компьютер жауаптарды жинақтай отырып, олардың дұрыстығын бағалайды 50,220б.
Әйтседе, осы салада, оның ішінде теория саласында оқытудың компьютерлік әдістемесін құру қажеттігі туындайды.
Технологияның дамуына орай интерактивтік тақтаны қолдану туралы әдістемелік нұсқаулар дайындалып ұсынылуда. Бұл бастауыш сыныптарға да қажетті құрал, өйткені интерактивті тақта оқушылардың оқуға деген қыызығушылығын туғызады, әрі мектепте оқытылатын білімді тиімді меңгертуге ықпал етеді. Бастауыш мектепте келесі факторларды ескерген жөн: балалардың балабақшадан соң мектеп табалдырығын аттап, сабақтарда өзін-өзі ұйымдастыра білуі және орасан зор ақпараттарды меңгеруі өте қиын. Бұл жағдайда, бастауыш мектептегі сабақтарда интерактивтік тақтаны қолдану педагог үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы ажырамас көмекшісіне айналады.
Білім беруде интерактивтік тақтаны қолданудың үш басты бағытын қарастырайық:
-
Презентациялар, яғни тұсаукесер, демонстрация және моделдеу.Сабақта оқу материалын түсінуді жақсарту үшін интерактивтік тақтамен бірге талапқа сай бағдарламалық қамсыздандыру және басқа да ресурстар қолданылады. -
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады. -
Интерактвтік тақтаны қолдану барысында сабақ қарқынын (темп) арттыру. Интерактвтік тақтаны қолдану сабақты жоспарлауды жақсарта түседі және оның қарқынын арттырады.
-
Презентациялар, демонстрация және моделдеу
Интерактивтік тақта – тұтас сыныпты оқытуға арналған құнды құрал. Бұл – сабақты оқушылар үшін жанды, әрі қызықты ұйымдастыруда мұғалімге көмек боларлық визуалды ресурс. Интерактивтік тақта визуалды құралдардың кең диапазонын (карталар, кестелер, сызбалар, диаграммалар, фотосуреттер және басқалары) қолдана отырып, оқушыларға ақпарат беруге мүмкіндік береді.
-
Сабақта оқушылар белсенділігін арттыру.
Көптеген мұғалімдер интерактивті тақтаны қолданған сабақтарда оқушылар сабаққа деген қызығушылық танытып, белсенділік көрсетеді деген пікір білдіреді. Оқушыларға берілген ақпарат қолжетімді, әрі түсінікті, бұл сыныптың түсіністік атмосферасын жақсартады.
3.Сабақ қарқынын ұлғайту. Егер сіздің сабағыңызда интерактивті тақта болса, онда оқушы тақтаға тапсырманы қашан жазып болады деп күтудің қажеті жоқ және ол уақыт алар еді. Мұғалім экранға алдын-ала дайындалған материалды шығарып қоя алады, сабақтың уақыты да үнемделеді. Қалған уақытыңыз берілген тапсырманы орындуға ғана жұмсалады
Интерактивті тақтадағы барлық жазбаларды компьютерде сақтап қоюға болады, оны келесі сабақта өтілген материалды қайталау барысында қайта ашуға болады.
Толықтай функциялайтын интерактивтік тақта әдетте 4 компоненттен тұрады:
-
компьютер -
мультимедиялық проектор -
талапқа сай бағдарламалық қамсыздандыру -
интерактивтік тақта.
Мультимедиялық проектор және интерактивтік тақта компьютерге қосылады. Компьютердің мониторындағы бейнелер проектор арқылы интерактивтік тақтаға түсіріледі.
Интерактивтік тақталар тура және кері проецияланған болуы мүмкін. Интерактивті тақтаның қымбат моделдері проекторды қолданбайды, оның сенсорлық плазмалы панельдері болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
Интерактивтік тақтаның негізгі артықшылығы мен кемшілігі, білім беруде интерактивтік тақтаны қолдануды көздегенде туындайтын кедергілер 7-кестеде салыстырмалы талданып берілген.
7-кесте
Интерактивтік тақтаның артықшылығы мен кемшілігі
Кемшілігі | Артықшылығы |
Интерактивтік тақта стандартты тақталарға немесе экранды проекторларға қарағанда әлдеқайда қымбат тұрады | Интерактивтік тақталар әдеттегі тақталарға ұқсайды, сонымен қатар ол мұғалімге сыныппен үнемі байланыста бола отырып, оқыту құралдарын оңай және еркін қолдануға көмектеседі. |
Интерактивтік тақтаның беткі қабаты зақымдануы мүмкін, зақымдалған беткі қабатты ауыстыру өте қымбат (оны жөндеу жаңа тақтаның бағасына тең болуы мүмкін). | Интерактивтік тақта электронды оқыту құралдарын кеңінен қолдануға көмектеседі, өйткені олар стандартты құралдарға қарағанда тыңдармандарға ақпаратты тез жеткізеді. |
Интерактивті тақтаның беткі қабатында берілетін бейнелерді тақтаның қасында тұрған адам денесімен жауып тұруы мүмкін. | Интерактивті тақта мұғалімге сабақтағы иллюстративті материалдың (интернеттен алынған сурет немесе ірі масштабты кесте, мәтіндік файл немесе географиялық карта) көлемін ұлғайту есебінен материалды қабылдауын да арттырады. Интерактивті тақта мұғалімнің сабақтағы оның сөзін толықтыратын таптырмас серігі болып табылады. |
Көшірілмелі интерактивтік тақталар (проекторлар) ұрлықтан, бүлдіру, яғни зиян келтіруден т.б. сақтандырылуы қажет. | Интерактивті тақталарды нақты аудиторияларға бейімдей отырып, материалды түсіндіру барысында әдістемелік материалдардағы қандай да бір кемшіліктерді тура сабақ үстінде түзетуге мүмкіндік береді. |
Көшірілмелі тақталарды қолдану барысында жаңа орынға көшірген сайын тақтаны (тепе-теңдігін сақтап) орнатып отыру қажет. | Интерактивті тақталар оқушыларға қызықты да, қызу талқылаулар жасап, топтық дискуссияларға, пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді. |
Интерактивті тақтаның кеңейтілген функцияларын сауатсыз қолдану экрандағы ақпараттың дұрыс көрініс таппауына әсер етеді. | Интерактивті тақталар оқушыларға ортақ жұмысты орындауға, мұғалімнің ұсынған тапсырмаларына орай ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақталар оқушыларға ақпаратты тез қабылдауға көмектеседі |
Аталған кемшіліктердің басым көпшілігі маңызды емес, яғни білім беру үрдісінде интерактивті тақтаны қолданудан бас тарту туралы ой туғызбайды.
Бастауыш мектепте дыбыстың және бейнеәсердің көмегімен интерактивті тақтамен жұмыс жасау ойынның жалғасы іспеттес. Өйткені саналуан магнит қаламды, лазерлік таяқшаны, «ғажайып» таяқшаны қолдану логиканы, шығармашылық ойлауды, моториканы дамытып қана қоймай, өз жұмысына қайта оралып, жіберілген қателіктерді талдауға мүмкіндік береді.
Интерактивті әдістермен өткізілген сабақтардан кейін оқушылардың ойлау қабілеті артады және келесі бағытқа қарай дамиды:
1. Жекеден жалпыға
2. Тәуелділіктен тәуелсіздікке
3. АКТ қолдану дағдыларына
4. Интиуциядани логикаға
5. Ортақ ойдан баламаға
6. Шығармашылық пен визуальды әсерге
7. Тәуелсіз зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларының эволюциясына
8. Талдау, зерттеу, меңгеру және ой қорыту қабілеттері артады
9. Бізді қоршаған кез-келген объектіні сипаттау қабілеті қалыптасады
11. Оқушылар компьютерлік бағдарламалармен танысады
12. Жеке зерттеулерін презентация, яғни тұсаукесер формасында ұсыну қабілеті қалыптасады
13. Көпшілік немесе аудитория алдында еркін сөз сөйлеу қабілеті қалыптасады.
Бүгінгі білім сапасы үшін басты бағыт - ақпараттарды тек білу ғана емес, оны дұрыс қолдана білу. Электрондық ақпарат туралы жаңа технологиялардың түрін, қолданылуын оқушыларға іс жүзінде пайдалану үшін, әр мұғалім өз уақытында ізденіп, білімін жетілдіріп отыру қажет. Осы тұста ерекше атап тоқталатын құрал – интерактивті тақта.
Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал.
Интерактивті тақта 1991 жылы SMART Technologiesins фирмасында ойлап табылды. Тақтаға аса жоғары баға берген тек мұғалімдер ғана болды.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.