Файл: Httpsoky m rublogorta gasyrdagy qazaqstan tarikhy zhajly derekter2016122564.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 262

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


б) топтық және қоғамдық-саяси позицияларына қарай: ұлттық газет және журналдар, продетариаттық-марксистік, әртектілік-демократиялық, либериалдық-буржуазиялық, консервативтік және реакциялық, бейсаясатты бульварлық-көшелік пресса т.б.

Қазан төңкерісіне дейін Ресейде көптеген партиялық, қоғамдық-саяси басылымдар шығып тұрды. Олар қоғамдағы әр түрлі топтардың, әлеуметтік таптардың, саяси ағымдардың ой-пікірлерін әртүрлі партиялардың: октябоистер, кадеттер, меньшевиктер, эсерлер және т.б. газет-журналдары шығып тұрады. 1905 жылдың өзінде большевиктердің жүзге жуық органдары жарық органдары жарық көрген. Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» сияқты ресми газеттер, «Айқап» , «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» саяси ұлттық бағыттағы бейресми басылымдар, «Тіршілік» сияқты топты-таптық позициядағы газет қазақ тілінде жарық көрген.

Сонымен, мерзімді басылымды әртүрлі белгілеріне қарай немесе қоғамдық-саяси бағыттарына қарай сыныптау, зерттеушіні өз жұмысында дұрыс бағдар алуына көмектеметін факторлардың бірі. Алғашқы орыс мерзімдік басылымдар: «Азия жарғысы», «Әскери саяси жинақ», «Орыс мүгедегі».

Мерзімдік баспасөз материалдарына деректанулық талдау жасау.

Деректанулық талдау жасаудың мынандай түрлері белгілі; 1) контекст-талдау; 2) газет немесе журналдың жалпы идеялық-саяси бағытын анықтау; 3) газетті қаржыландырушы көзді анықтау; 4) редакциялық коллегияның құрамын анықтау; 5) оқушының қандай бөлігіне арналған анықтау; 6) ақпарат көздерін анықтау; 7) жекелеген мақалалар мен материалдың авторын анықтау; 8) авторлардың редакция бағытына қатынасын анықтау; 11) газет материалдарының ішкі логикасын талдау.

Осындай талдаулар жасалғаннан кейін газет-журнал материалдарын басқа дерек көздерімен салыстыра талдау жасау қажет. Шынайы ақиқаттылығына көз жеткізілген материал ғана тарих ғылымының айналысына жіберілуі тиіс.

Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Естеліктер, күнделіктер, хаттар Қазіргі деректану ғылымында жазба деректерді сыныптауда «жеке аламдық деректер» сияқты ерекше деректер түрін бөліп көрсету және зерттеу кеңінен қалыптасқан. Оған: күнделіктер, естеліктер, жеке жазбалар, өмірбаяндық жазбалар, хаттар, заманхаттар (мемуарлар) жатады. Бұларды қайталанбайтын немесе эпистолярлық (лат. Epistola-хат) ескерткіштер деп те атайды (сан алуан хат түрінде жазылған шығарма).


Өзінің шығу тегі бойынша бір-біне жақы. Еске алу, күнделіктер, хаттар жеке адамның жеректерін құрайды. Өз табиғаты бойынша, сенім сипатында болады. (Алилуева С.И. 20 писем к другу: О.И.В.Сталине и его семье. – М., 1990. – 174 с.; Дхержинский Ф.Э., Ворошилов К.Е. Рассказы о жизни (Воспоминания). – М., 1971; Горбачев М.С. Избранные речи и статьи. Таңдамалы сөздер мен мақалалр). Мемуардың маңыздылығын және ғажайыптылығын алғашқы рет айтып Чечулин И.Д. өткен ғасырда айтып кеткен: «Мемуары, их значение и место в ряду исторических источников. – С. – Петербург, 1891; Ключевский В.О. Характеристики и воспоминания. – М., 1912; Черноморский М.Н.Мемуары как исторический источник. – М., 1959.

Күделіктер – оқиға барысына орай автордың байқағына мен ойы. Ол тек көргені мен ғана шектеледі келешек ұрпаққа автордың өзі туралы мәлімет жеткізу мақсатында жазылады. (Ғ.Мүсрепов күнделігі; Қасымбаев Ж. 1916 жылғы көтеріліс – А.Н. Куропаткиннің күнделіктерінде // Ақиқат. – 1993. - №2.

Естеліктер (еске түсіру) – ол оқиға сол қатысушының қалай есінде қалғанына байланысты. Ол белгілі мерзім өткен соң жазылады.

Еске түсіру – тарихи шығарма, бірақ деректануға ол тарихи дерек бола алмайды (Дзержинский Ф.Э., Ворошилов К.Е. Өмір туралы әңгімелер: Естеліктер. – М., 1971).

Хаттар (хат-хабар) – адамдардың араласу құралы, ол жеке адамға немесе көпшілікке арналуы мүмкін. Хат-хабар өз жанры түрі бойынша күнделікке қарағанда күрделі және әртүрлі (Ә.Әділбаевтың И.Сталинге хаты/ Дайындаған Такенов А.С. // Ақиқат. – 1994. - №4; Тынышпаев М. Министрлер Кабинетінің төрағасы жоғары мәртебелі мырзаға хат// Қазақ тарихы. – 1994. - №3.

3.Заманхаттар (мемуарлар) тарихи дерек көзі ретінде «Мемуар» сөзі французга – «memoires», латыншада - «memoria» - ес деген мағына береді. Мемуар – өмірде болған тарихи оқиғалар, яғни жеке адамдар жайында өзі көрген, не сол кезде өмір сүрген адамның естелігі түрінде жазылған әдеби шығарма. Күнделіктер мен естеліктер, өмірбаяндық жазбалар да мемуарға жатады. Мемуар жазуға автордың өзі көрген білгендері мен тарихи құжаттар, хат, баспасөзде жарияланған материалдар т.б. нақты мағлұмат пайдаланады.

Мемуар тәріздес шығармалар көне дәуірде-ақ мәлім болған. Ксенофонттың «Анабассис» мемуарлық жазбасы жатады немесе Рим императорының Гай Юлий Цезарь (б.д.д. 100-44 жж.) шығармаларында субъективті еңбектері бар («Ғали соғысы туралы жазбалар»).

Мемуар Ресейде алғаш рет ХҮІІ ғасырда туып («Протопоп Аввакумның өмір тіршілігі» т.б.), ХҮІІІ ғасырда әдеби жанр ретінде дамыды.



Қазақ әдебиетінде С,Мұқановтың «Өмір мектебі», Б.Момышұлының «Біздің семьямыз», Ғ.Мустафиннің «Көз көрген», С.Бегалиннің «Замана белестері» т.б. мемуарлық шығармаға жатады.

Мемуардың (заманхаттардың) түрлік ерекшеліктері:

1. Мемуарды (заманхаттың) ұйымдастырушы-құрылымдық принципі ретінде жеке-субъективтілік бастамасы (аса субъективтілігі) – автордың индивидуалдық қабылдау қабілетіне негізделген, өткенді суреттеу шеңбері автордың дүниеге жеке көзқарасымен шектеледі.

2.  Ретроспективтілі заманзаттар барлық уақытта онда айтылған уақиғадан кейін пайда болады. Уақыт айырмашылығы, яғни ретроспективтілі көлемі бірнеше аптадан ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.

3. Жад – заманхаттарда болған уақиғаларды қалпына келтірудің ерекше құралы.

Заманхаттардың тарихи дерек көздері ретіндегі құндылығы:

1. Олардың едәуір фактілік деректер және атор өмірбаянынан кейбір мәліметтер беретіндігінде.

2. Автор куә болған дәуірінің әдет-ғұрып, тұрмыс-салт дәстүрінің психологиясының бейнеленуі.

3. Заманхаттарды, оларды жеке адамдың сипатына қарамастан, объективті әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың тұтас бір қоғамдық топтардың, жіктердің, таптардың мақсат-мүддесу, ой-санасы және іс-әрекеттерінің көрініс табындығында.

Мемуарға деректанулық талдау жасаудың маңызды бөлігі, оның жасалған мерзімді мен жағдайын анықтау. Мемуаршылар өткен уақыттағы өздерін және өзінің көзқарастарын қазіргі кездегі деңгейіндей етіп суреттеуі мүмкін. Оқиған болған мерзімі мен оны автордың жазған мерзімі арасындағы алшақтық мемуарының өткеннің, фактысына баға беруіне өзгерістер енгізуі мүмкін себебі уақыт өтекеле автордың көзқарасы эволюциялық өзгерістерге ұшырауы, немесе түбірлі мен басқа болуы мүмкін. Бұл жағдайда оның куәлігінің құны төмендейді, алайда автордың өзінің деңгейінің қалай өскендігін бағалай үшін қызықты.

Содай-ақ, мемуарының қолында белгілі бір құжаттардың болған-болмағандығын, құжат болса онда қалай пайдаланғаны, яғни құжаттағы материалдарды дұрыс цитаталап отырма, дұрыс түсіндіріп отыр ма. Осыларды анықтау керек. Егер мемуарға келтіріп отырған құжат зерттеушісі – тарихының қолына түссе, өзара салыстыру міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс.

 

6. Кеңестік кезендегі Қазақстан тарихының дерек көздері

 

Кеңес Орталық Коммунистік парияның құжаттары (КОКП). 
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы деректері кешеніндегі (комплекс) типологиялық өзгерістер пайда болды, олар: 1) Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттар; 2) Кеңес мемлекеті заңды және атқару органдарының актілері; 3) мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдардың іс жүргізу құжаттар (мәдени-ағарту, баспасөз ғылым және ғылыми мекемелер, зауыт, фабрика, одақтар – Қазақстан Лениншіл Коммунистік жастар одағы, түрлі творчестволық одақтар); 5) халық шаруашылығының жоспарлау материалдары; 5) саяси құғын-сүргін құжаттары; 6) кеңестік статистика; 7) кеңестік мерзімді баспасөз (публицистика, листовкалар, үндеулер (обращения)); 8) жеке адамдық құжаттар; 9) халықаралық келісімдер, дипломатиялық хат-хабар. Бұрын тәжірбиеде кездеспеген деректер пайда болды: декрет, конституция, социалистік жарыс туралы келісім, социалистік міндеттеме , коммунистік еңбек бригадасының күнделіктері т.б.

Кеңес кезеңінде Коммунистік партия басқарушы партия болды. Оның жоғарғы органдары – съезд, конференция, пленум шешімдері директивті сипатта болып, кеңес үкіметінің заңдылық негізінде орын алды.

Съезд, Пленум – партияның қоғамдық ұйымның сайданып қойылған басшы органы мүшелерінің толық құрамдағы жиналысы.

Қазақстан Компартиясы съездерінің өткен уақыты: 1 съезд – 1937, маусым; 2 съезд – 1938, шілде; 3 съезд – 1940, наурыз; 4 съезд – 1949, ақпан-наурыз; 5 съезд – 1951, желтоқсан; 6 съезд – 1952 қыркүйек; 7 съезд – 1954ғ ақпан; 8 съезд – 1856; 9 съезд – 1959; 10 съезд – 1960; 11 съезд – 1961; 12 съезд – 1966; 13 съезд – 1971; 14 съезд – 1971; 14 съезд – 1976; 15 съезд – 1981; 16 съезд – 1986.

Партия құжаттары өздерінің шығуы, арнаулы, мазмұны, маңызы түрлері жағынан әр қилы. Партия құжаттарының жіктелуі жағынан:

1. Коммунистік партияның Уставы мен бағдарламасы (негізгі ереже, мақсат мазмұндамасы – жұмыс желісі). Партия Уставы партия ұйымдарының ішкі өмірін реттейтін құжат.

2. Партия съезі мен конференциясының материалдары (конференция – белгілі бір мемлекеттердің, ұйымдық өкілдерінің мәжілісі).

3. Орталық партия органдарының құжаттары.

4. Жергілікті партия ұйымдарының құжаттары.

5. Партиядан тыс мекемелер мен ұйымдардың партия топтарының құжаттары.

6. Орталық партия комитетінің Пленумының стенографиялық есептері (стенография – ерекше шартты белгілермен ауызекі стенография тәсілімен жазып алушы маман).

7. Кеңес Орталық Коммунистік партияның кесемдерінің еңбектері: Ленин шығармалары. 55 томдық (1957 ж. 5 басылым).


2.Заңдар көпқоры мемлекет қызметін зерттейтін басты деректерге жатады.

Заңдылық актілер мемлекет пен кеңес қоғамының құқықтық негізін құрайды.

Заңдар ереже (мөлшерлер) орнатып мемлекеттің мекемелері мен ұжымдары, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген адамдардың соңы орындауын талап етеді.

Кеңестік заң актілер. РСФСР, КСРО және Қазақстан конституцияларыЗаңдылық актілердің негізгі түрлері – 1) Декрет; 2) Қаулы; 3) резолюция (қарар); 4) Заңдар, Кодекстер; 4) Конституция, 6) Декларация – бұлардың бәрі Кеңес қоғамның әр өркендеу кезеңіне тән. Олардың арнауы мен түрлері бұрынғысынша қалып, ал мазмұнында аздаған өзгеріс болады. Заңдылық актілер 1930 жылдың ортасын шейін әр түрлі болып аталып келді.

1. Декрет (лат.-постановление, қаулы, шешім) – Кеңес үкіметінің алғашқы заңдылық актілері болды. Мысалы: «Қызыл Армияны ұйымдастыру туралы декрет» (15.01.1918), «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Авторномиялық Республикасының ұйымдастыру туралы Декрет» (20.08.1920), «Көп әйел алу және қалың малды тоқтату туралы декрет» (1920 ж.).

2. Қаулы – мемлекеттің, өкіметтің жоғары органдарының (елдің парламентінің) актілері.

3. Кодекс (лат.кітап) – адамдардың мінез-құлық ережелері мен қағидаларының жиынтығы. Бірінші кеңес Кодекстері 1918 жылы күзде жасалды: РСФСР ВЦИК заңдар заңдар туралы кодекстер қабылдады, азаматтық ахуалдар жөнінде, неке туралы, семьялық, еңбек туралы заңдар Кодексі (КЗОТ) «Қазақстанда қылмыстық кодексі» (1959), «Жер кодексі» (1969) т.б.

Кеңестік Қазақстан тарихында заңдылық қызметті іске асыратын органдар:

1. Халық комиссариатының Кеңесі (СНК).

2. КСРО Орталық атқару комитеті (ЦИК СССР).

3. Бүкілодақтық атқару комитеттінің президиумы (президиум ВЦИК).

4. Кеңестер съезі.

Конституция латын. – устройство, құрылым) – «мемлекеттік өкімет органдарының, әкімшілік пен соттың ұйымдастыру принциптерін және әрекетін, азаматтардың негізгі құқығын, еркіндігін және міндеттерін белгілейтін, ең жоғары заң күші бар елдің негізгі заңды». «Адам құқығы туралы алғашқы заң» (1776 ж.). Америка штаты Вирджиния Конституциясында кейін 1791 ж. Адам құқығы туралы Билледе қабылданда. Кейінгісі 1781 жылғы Америка Конституциясына он қосымша болып табылады.

1. Кеңес Конституция – РСФСР Конституциясы. Қабылданған Кеңестердің Ү Бүкілресейлік съезінде 1918 жылы 10 шілде.