Файл: Httpsoky m rublogorta gasyrdagy qazaqstan tarikhy zhajly derekter2016122564.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 260

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2. Президенттің жарлықтары – қазіргі көптеген елдерде мемлекет басшысының акті. Жарлық заңдық мазмұны бойынша нормативтік немесе нормативтік емес болуы мүмкін (мысалы, қызметке тағайындау, орденмен марапаттау және т.б.). (БСЭ, 1977. – Т.26.- С.531).

3. Заң – елдің аумағындағы барлық субъектілердің экономикалық және қоғамдық мәнез-құлқының міндетті ережелері мен нормаларының мемлекет белгіленген жиынтығы( Современный экономический словарь. – М.: Инфра, 1996. – С.109.).

4. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары – 1) Есепті әр жылғы бюджеттің орындалуы,министрлерді тағайындау, Жоғары сот мүшелерін сайлау және т.б. туралы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының (елдің парламентінің актелері). 2) Парламенттің заңдары мен жарлықтары негізінде және оны орындау мақсатымен мемлекеттік өкіметтің жоғары атқарушы және жарлық беруші – Министрлер Кеңесінің өз билігі шеңберінде шығаратын басқару актілері.

5. Бұйрық – «Министрліктердің және олардың басқарма бөлімдерінің, мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары шығаратын басқару актілері. Заңдық норма бойынша бұйрық нормативтік акт бола алады (Министрдің, басшының бұйрығы бойынша ереже, нұсқау бекітіледі). Сонымен бірге іске асыру актісі бола алады (қызметке тағайындау, жоспарлы тапсырма белгілеу)» (БСЭ. Т.20. – М., 1975. – С.415.).

6. Нормативтік актілер мен ережелер – «белгілі біртекті қатынастарды реттеуге арналған заңдар нормалар (мысалы, министрліктер туралы ереже, жоғары оқу орындарына қабылдау ережесі және т.б. (БСЭ. Т.1. – М.1969. – С. 363).

7. Білім беруді дамытудың концепциясы – білім беру реформаларын дүзеге асыру кезіндегі іс-әрекеттің стратегиясын анықтайтын негізгі тұжырым.

Қазақстан Республикасының заңдылық актілерінің негізгі басылымдары:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы: 1938 жылғы 20 қарашадан шыға бастады. Шығарушы – ҚР-сы Парламенті Сенатының Аппараты (Аппарат Сената Парламента РК). Астана қаласы. Тираж – таралымы – 1099.

2. Қазақстан  Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы (Собр. актов Президента РК  и Правительства РК 1992 жылғы 1 қаңтардан шыға бастады. Жылына орташа есеппен 50 нөмір шығады. 3-4 нөмер бір айда. Шығарушы – ҚР-сының Премьер-Министр Кеңесінің қаржы-шаруашылық бөлімі. Тираж-2586 дана.

3. «Үкімет бюллеті» - 
«Правительственный бюллетень» - ҚР-ның Президенті мен ҚР-сы Үкіметінің актілер жинағының қосымшасы. Бұл үкіметтік мемлекеттік бағдарламалар, ел президенті мен премьер-министрдің сөйлеген сөздері, басқа ресми материалдар жарияланады. Жылына 6 нөмер шығады.

4. Үкімет жаршысы – Правительственный вестник: ҚР-сы Үкіметінің ақпарат бюллетені, 1996 жылдан бері шығарылады. Тираж – 828. Айына бір рет шығады. Оның  «Қазақстан: ХХІ ғасыр» қосымшасы.

Дипломатиялық – елшілік құжаттары тарихи сынау.

Ішкі дипломатиялық хаттар, сыртқы дипломатиялық хаттар.

2. Дипломатиялыұ құжаттарға жататындар: 1) Мемлекет қайраткерлерінің сөздері; 2) ноталар – бір үкіметтің екінші бір үкіметке дипломатиялық үндеуі (нота, алысу, наразылық нотасы), оның түрлері: а) жеке ноталар, б) жинау, тарту ноталары, в) вербалдық ноталар – (ауызша, сөздей, қол қойылмай, ауызша айтылған нота).

Ең көп тараған дипломатиялық құжат – жинау, тарту ноталары. Ол үшінші адамға (жаққа) құрастырылып, оны қарап, шешім шығару үшін сыртқы істер министлігі мен елшіліктер қолданады. Бұл саяси экономикалық, протоколдық мәселелер бойынша хабарлау сипатында болады. Мысалы, сыртқы істер министрлігі бір елге жаңа дипломатиялық қызметкердің келетіні туралы нотамен хабарлау тиіс. Ол нотаға қол қойылмайды, оған мастикалық мөр басылады.

3) Меморандум – қай бір мәселені мұқият қарап, мазмұнында фактісі, талдауы, айғағы болады.

4) Жеке хат – ресми адам жіберсе де, хат жазу ережесін мұқият сақтау талап етілмейді, ол адресатқа байланысты қайсы бір мәселені шешу жөнінде өтініш болады. Бұл жартылай ресми құжат. Оған мысал ретінде, қабылдаудан, концерттен, сыйлықтан т.б. алған ләззатына рахмет айту болуы мүмкін.

Халықаралық дипломатика тәжірбиесінде күнделікті төмендегідей құжаттар формасы қолданылады:

5) Естелік жазбалар. Олар халықаралық хаттама жағдайына сәйкес жалпы қабылданған мазмұнды болады.

6) Халықаралық шарттар.

7) Тең дәрежеде жасалған келісімдердің бірі – конвенция – экономикалық құқықтың жеке сұрақтары жөніндегі келісімдер. Конвенцияның түрлері: кедендік, тазалық сақтауғ өндірістік т.б.

8) Келісім – белгілі мерзімге жасалған салыстырмалы мағынадағы белгілі сұрақтарды шешуге жасалған шарт.

9) Протокол – жеке сұрақтар бойынша жасалған келісімнің қысқаша жазбасы. Бұл жазба негізінен шартұа бекітіледі.

10) Декларация – бұл мемлекеттің ресми баяндамасы. Онда мемлекетаралық келісім, бірге шешім қабылдауы туралы, мемлекеттің белгілі бір мәселе бойынша көзқарасы көрсетіледі. Барлық халықаралық келісім шарт негізгі үш бөлімнен тұрады:



А) преамбула – кіріспе бөлімі;

Б) бабтардың негізгі бөлімі, қаулы;

В) қорытынды.

Халықаралық келісім шарттарды оқып зерттеу үшін олардың дәлдігін анықтау, келісім мазмұның тиянақты оқып үйрену керек, оның мағынасы мен ерекшелігін мемлекеттер арасындағы келісімдердің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау.

Дипломатиялық құжаттардың негізгі басылымдары:

1. «Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің Ведомосі», «Заңдастыру жинақтары», «Заңдар жинағы», «Декларациялар, ноталар мен келісімдерде жаңа замандағы халықаралық саясат», сериялық құжаттар жинағы: «Халықаралық құқық және халықапалық саясат құжаттарының жинағы».

Үкіметті дипломатиялық басылымдар:

2. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» (жылына 12 нөмер шығады). (Бюл.международных договоров РК) 1993 жылдан бастап шығады. – «ҚР-сының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағының» қосымшасы ай сайын жарық көреді.

3. Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетені (ай сайын шығады).

Ақпарат құжатты деректемелер арасынан маңызды орын алатын кинофильмдер, диафильмдер, диапизивтер, грампластинкалар, магниттік фонограмалар, олар бәрі жиылып кинофоноқұжаттар деп аталады.

«Кинофоноқұжаттар» термині ғылыми айналымға 1980 жылдың басында ендірілді. Киноқұжаттардың қалыптасуы 1870 жылға жатады. 1889 жыл тұңғыш дыбысты фильм пайда болды. Бұл кино-фото-фоно-құжаттар адамдар сезіміне комплексті әсер етеді.

Ақпаратты игеруде бес сезім органы: көру 75 %; есіту 13%; сезіну 6%; иіс білу 3%; дәмін білу 3%.

КФФҚ құжаттардың екінші басымдығы эмоционалдық негізді құруға себеп болады.

Кино-фото-фоно-құжаттарды құжатау жолы бойынша 3 түрге бөлінеді:

А) киноқұжаттар: диа-, кино-, видео;

Б) фотоқұжаттар: диапозивтер (слайдтар), фотосуреттер;

В) фоноқұжаттар: грампластинкалар, магниттік фонограмалар, компакт-дискілер.

Кинофильм (грек kineo – жылжытамын, film – пленка) өз функцоналды арнаулы бойынша бөлінетін түрлері:

А) көркемдік;

Б) құжатты (хроникалды, монтаждық);

В) ғылыми-көпшілік (мылқау);

Г) Оқу фильмдері;

Бейнефильм – киноқұжат түрлерінің бірі видеофильм (лат video – көремін, film – пленка) бұл фильм дыбыс, бейнемен магниттік лентаға жазылады.

Бейнефильм (видеофильм) жанрлары: ғылыми-көпшілік, құжатты-публицистикалық, хроникалды, телевизиялық, көркемдік.


Тұңғыш голографиялық кинотүсіруді американдық өнер-тапқыш М.Леман 1966 жылы іске асырды. Біздің елде 1984 жылы пайда болды.

Фотоқұжат – бұл фотографиялар және диапозитивтер. Ең сенімді фотопленкалар құрамында күмісі бар эмульсия. Олар 1000 жылға дейін сақталады. Ақ-қара фотопленкалар басқа эмульсиялармен 10-140 жылға дейін сақталады. Түрлі-түстілер 5-30 жыл сақталады.

Фотосурет (грек. Photos – жарық, grapho – жазамын). Фотосуретті ойлап тапқан француз суретшісі Л.Дагер (1839). Түсті бейнелеу 1861 жылы пайда болды. Дж. Максвелл 1935 жылы «Кодак» фирмасы түсті фотографияны жасады.

Фоноқұжат (фонограмма) (грек. Phone – дыбыс, gramma-қыры, әріп, жазу) – дыбыс жазылған (сөз, музыка) материалды құжат. Алғаш рет 1889 жылы Копенгагенде пайда болды.

Түрлері: лентадағы магниттік фонограммалар: кассетадағы магниттік бейнефонограмалар, дискідегі оптикалық фонограмалар.

     Ресми басылымдар, тәуелсіз басылымдар.

Жеке адамдық құжаттар: заманхаттар, естеліктер, хаттар. Ш.Мұртаза мен К.Смаиловтың хаттары. Эпистолярлық әдебиеттер: хаттар, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің ресми іскерлік хат-хабар (переписка).

Аудиовизуалды құжаттар – тарихи дерек көзі. Мұрағаттарда шоғарланған құжаттар аудиовизуалды (кинофотодыбыстық) құжаттар айрықша орын алады. Олар ұлттық мұрғат қорының ажырамас бөлігі және Отан тарихы бойынша аса құнды деректер болып табылады.  Дәстүрлі (жазба)  деректер мен  қатар  олар  ретроспективті  ақпаратарды  жеткізеді, осы  тұрғыдан  да  шын  мәніндегі  оқиғаны,  құбылысты тануда  басты  рөл  атқарады. Тарихи дерек  және  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  кинофотодыбыстық  құжаттар  біздің  өткенімізді  нақтылы бағамдауға,  көп  қырлы жағдайларды белгілеуге өте ыңғайлы. Кинофотодыбыстық  құжаттардың  басқа  деректерге  қарағанда адамға  эстетикалық  және  эмоционалдық  тұрғыда  әсер  ете  алатын күшке  ие  өзіндік  ерекшеліктері  бар.

Кинофотоқұжаттар ме дыбыстық жазбалардың Орталық мемлекеттік мұрағатта мол қоры бар. Олар тарихи-деректі, тарихи-өмірбаяндық, фильмдер,  деректі  кинопортрттер  мен  кино  жинақтар,  тарихи  сипаттағы  көркем таспалар.  Мұрағаттың  анағұрлым  көне  деректері  фотоқұжаттар  болып  есептеледі.

Республика  тарихының фотожылнамасы  ХХ  ғасырдың  аяғынан  (қайта  өңдеу  негізінде  ұсынылған  фотоқұжаттар),  киножылнамасы  1925 жылдан (тұңғыш рет «Қызылордадағы республиканың 5 жылдығын  мерекелеу» деректі фильмі) басталды.  Хроникалық  түсілімдер  1928 жылдан  өндіріле  бастады,  ал  1934 жыл  журналдар,  очеректер  деректі  фильмдер  шығаратын  Алматы кинохроника  студиясы  ұйымдастырылды.  1951 жылы  түрлі – түсті «Кеңестік  Қазақстан»  атты  тұңғыш  киножурнал  шығарылды.  Ол  1952 жылы  Сталиндік  сыйлықпен  марапатталды.


Қазақстанның саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени өмірін бейнелейтін кинофотоқұжаттарды шоғырландыру қажеттілігі Қазақ КСР Халық Комиссиялары Кеңесінің 1943 жылғы 27 қаңтардағы  қаулысымен  Алматы қаласында  дыбыстық  және  кинофотоқұжаттардың  Орталық  мемлекеттік  мұрағатын  құруға  алып  келді .

Алайда, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 12 қазандағы шешімімен Қаза төңкерісі мен социалистік құрылым кезеңдеріндегі уақыттарды қамтыған тарихи, дыбыстық және кинофотоқұжаттарды  сақтаушы барлық  орталық  мұрағаттар  «Қазақ  КСР  Орталық  мемлекеттік  мұрағаты» атты  біртұтас  мұрағатқа  біріктіріледі.

Кинофотодыбыстық  құжаттардың  тарихи  деректер  және бұқаралық  ақпараттар  құралдарының бірі  ретіндегі  талассыз  маңыздылығына,  кинофотодыбыстық  құжаттар  көлемінің  өсе  түсуіне,  оның  жұмыс  спецификациясы мен  ерекшелігіне  орай  Қазақ КСР  Министрлер  Кеңесінің  1974 жылғы  7 ақпандағы  қаулысымен  Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне  қарасты  Бас  мұрағат  басқармасы  жүйесінде  қайтадан  кинофотоқұжаттар  мен  дыбыстық жазбалар  Орталық  мемлекеттік  мұрағаты  құрылды.

Оның негізгі қызметі мұрағат құрамының толықтырылуы,  кинофотодыбыстық құжаттар  құндылықтарына  сараптау,  құжаттардың  сақталуын  қамтамассыз  ету мен  тіркеу, ғылыми-анықтамалық  ақпараттың құрылуы  мен дамуы,  кинофотодыбыстық   құжаттардың  қолданылуын  ұйымдастыру, ведомостық  кинофотодыбыстық  мұрағаттар  белсенділігі  үшін  мұрағатқа  бақылау  және басшылық  болған.

Аудиовизуалды құжаттар арасында кең түрде қолданылатын – киноқұжаттар.  Мемлекеттік  қорда  сақталатын  киноқұжаттардың  (мерзімдік  киножурналдар,  арнайы  шығарылымдар,  өзіндік  киносюжеттер)  арасынан киножуналдар  деректік  ақпаратың  сан  қырлығымен  және  қоғам  өмірінің  көптеген  салаларына  қатыстылығымен  ерекшеілнеді. Киножурналдар,  әдетте, түрлі  жағдайлар  туралы  шұғыл  киноақпаратты  құрайтын  мерзімдік  кино шығарылымдарды  ұсынады.

Уақыты  жөнінен  алғаш  құрылған  киноқұжаттар - республикадық  мұрағат қорларында  1944 жылға дейі сақталған «Союзкиножурнал» өндірісінің 1925 жылғы өнімдері. Олар бұрыңғы Кеңестер Одағында болып өткен анағұрлым  маңызды  оқиғаларды  бейнелейтін  бірнеше  дербес  сюжеттерден  тұрады.

Журналдың  бірінші  деректі  кадрлары  сол  кездегі  республика  астанасының (Қызылорда)  құрылыстары  хроникасымен, қазақ  аулының  өмірімен, шикі (қам)  кірпіштердің  жасалуы,  оларды түйемен  тасумен,  ұлттық ат  спорты ойындарымен  таныстырылады