Файл: Httpsoky m rublogorta gasyrdagy qazaqstan tarikhy zhajly derekter2016122564.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 263

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Автордың сөзінен көріп тұрғандай, дерек сол күйінде қала бермек Кеңес деректеріне Мұстафа Шоқай мен сол кезең тарихшылары екі түрлі қарады. Сондықтан да, тарихшының өзіндік ойы сараптау негізінде анықталады. Осындай жағдайда деректану ғылымы керек. Себебі құжаттарға білікті түрде баға беру-деректану  ғылымының  үлесінде, Деректанулық әдістер құжаттардан шынайы мәліметтер алып бере алады. Дерек тарихшыға болған оқиға туралы мағлұмат береді, ал алынатын жауап тарихшының шешетін мәселесіне жатады. Сондықтан. артық айтқандық болмас. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы сойқан саясатын ұлтымыздан шыққан, ұлтжанды азамат тарихшылар жандүниесімен түсіне алады деп ойлауымыз.

Халық тарихының қасіретті тұсын түсіну, оны шынайы қабылдау үшін, ұлтының психологиясын түсіне алатын ғалым керек. Ал қазақ тарихын жазғандардың көпшілігі отаршылардың көзқарасын білдіретін, олардың кеңінен шығатын адамдар болғаны ақиқат. Соның әсерінен халқымыздың ұзақта көне тарихы жан-жақты зерттелмей, еуроцентристік бағыттағы ғалымдар қазақтың өткені жоқ болса, шолақ деген жалған пікірлерді күштеп танумен болды .

Бір өкініштісі ұлттық тарих ғылымының теориялық-методопогиялық негізін қалайтын деректану ғылымы Қазақстанда дамымай жатыр. Бұл да отарлаудың бір түрі. "Артта қалған" халықтардың тарихи деректері де екінші орынға қойылды.

Кеңес кезінде деректерді өңдеу жұмыстары да жүргізілді. Мәселен, Сәкен Сейфулиннің "Тар жол, тайғақ кешу" кітабын алайық. Оның 1927 жылғы. 1936 жылғы. 1960 жылғы басылымдарында өзгерістер бар Сонымен қатар, Алаш зиялылары мәселесін көтерген барлық кітаптар мұрағат қойнауларына кетті. Шындыққа келсек, алаштықтар туралы нақты деректер Голощекин кітаптарында берілді. Ол қазақ зиялыларын сынай отырып, олар туралы деректерді жариялады. Қазіргі тарихшылар ол деректерді жаңа көзқараспен тарихты жеткізуде кеңінен пайдалануда. Мысалы 1922 жылы С.Сәдуақасовтың Ә.Байділдинге Москвадан жазған хатына былай дейді. " Менің пікірімше, біздің болашақтағы міндетіміз мынадай бопуға тиіс, біз үкіметті қолымызға алу үшін күреспейміз, бұны бірінші орынға қоймаймыз, қойғанның өзінде қазір бұны істетпейді.

Сондықтан, бар күшті қастар тәрбиесіне бағыттау керек". Сондай-ақ, бұл "пікірді Әлихан Бөкейханов та қолдап. Әділовке мына дай директива береді.  Жастарды тәрбиелеу қазан баспасөзінде қызмет істеу және өз және өз кітаптарыншығарудан басқа. Алғашқы қызмет ету жолы - біз үшін жабылды. Бұл деректің өзінен қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі көрініп тұр.


Ресей тарихшысы В, Кабановтың пікірінше, кеңесі дәуір деректеріне сын көзбен, қарау керек. Ол меселені былай түсіндіреді, әртүрлі жылдарда қеңестік тарихшылар кеңес кезеңі құжаттары толы тай шынтуайтты болды деген пікірде болды, бұған көп жағдайда қордаланғам мұрағат құжаттарына рұқсаттың болмауы әсер етті. Әрине. бұл пікірмен келісуге болады, себебі ұзақ жылдар бойы көптеген ұлы зиялыларының халқы үшін қызмет еткен тустары мұрағат қойнауларында қалып келді  Дегенмен. кеңес тарихи мектебінің көрнекті өкілдерінің көптеген іргелі еңбектерінде аса құнды деректердің көрініс тәпқанын жоққа шығара алмаймыз.

Ғылыми айналымға жаңа деректерді енгізу мақсатында бұл әдістерді енгізу - біздің тарих ғылымын дамытудағы парызымыз болып табылады. Деректану ғылымы дамып отыруы тиіс. Оған қазақстандық ғалымдар тұгелдей атсалысуы керек. Ресей ғалымдарының кеңестігінің құжаттарына жасап отырған әдіс-тәсілдерін бізге де игеру қажет. Сонда ғана деректерге шынайы көзбен қарауға мүмкіндік ала аламыз.

Бұл мәселеде ресейлік ғалымдардың талпыныстары назар аударуға тұрарлық деп ойлаймыз. Олардың кейбір тарихшылары жаңа жағдайда. тарихи деректерді жіктеудің негізінде. деректің жасалу қағидасы ретінде "адам - қоғам - мемлекет" үштігін ұсынуда. Мұндайда тарихымыздың кеңестік кезеңінің барлық құжаттары төмендегідей үш топқа бөлініп жіктеледі: жеке адамдар жасаған құжаттары; саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құжаттары; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құжаттары.

Енді Қазақстанның XX ғасырдағы тарихына көшелік. Бұл жүзжылдықта Қазақстан екі түркі атпен белгілі болған (Ресей , КСРО) империяның құрамында еді. Сондықтан, Ресей халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары бізге де тікелей қатысты болды. Үш революция, екі дүниежүзілік соғыс, азамат соғысы, шетел интервенциясы Қазақстанға да әсер етті. Қазақтар амалсыз Ресейде болып жатқан оқиғаларға араласуға мәжбүр болды. Ал әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: Столыпинның аграрлық саясаты, қоныс аударушылар (переселендер), "әскери коммунизм". 1921- 22 жж. жер - су реформасы, жаңа экономикалық саясат, ірі байларды тәркілеу, ұжымдастыру. отырықшыландыру, ет дайындау науқаны. 1921 және 1932 жж. аштық, индустрияландыру (1928-30 жж, 1940-50 жж.). тың және тыңайған жерлерді игеру, жүгері дайындау, "кемелденген социализм" кезеңі, қайта құру кезеңі. КСРО-ның құлауы. т.с.с. Бір ғасырдың ішінде осылайша қазақ халқы ұлы өзгерістердің кезімде өмір сүрді Әрине, осыдан келіп Отан тарихында ең көлемдеп құжаттар жинақталды. Міне. сондықтан да кеңес кезеңі Қазақстан тарихында қызығушылықтар туғызуда.



Деректерге әлемде болып жатқан техникалық прогрестер әсер етпей қоймады.  Жаңа технологиялық жетістіктер кино, фото, фоно құжаттарын телефон, радис "электроника комльютерлік мәтіндерді әкелді. Әрине бұл үрдіс дамытуға үлкен әсер етті-ғылыми зерттеу мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейтті Шоно құжаттар деректің ерекше түріне айналды, тас баспаларға жазылып, мұрағаттарда сақталды. Арнайы кинофотофоно мұрағаты құрылып, жұмыс жасай бастады. Бұл құжаттар түрінің отандық тарихта маңызы зор. Әйгілі әншілеріміз Әміре Қашаубаевтың, Күләш Байсейітованың дауыстары, белгілі қоғам қайраткерлерінің, асыл азаматтарымыздың сөйлеген сөздері ерекше құнды құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар да деректанулық зерттеу көзі болып табылады. Біздің ойымызша, фотокинофоно құжаттар белгілі бір дәрежеде шынтуайтты болып табылады. Өйткені олар тарихи шындықты дәл сол күйінде көрсетеді. Мәселен. аштық, регрессия мәліметтері фотоқұжаттарда анық көрінеді. Ал деректі фильмдердің дерек ретінде маңызы зор, әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты құрылған кинолар оқиғаның барысын суреттей алады. Олар-тарихи оқиға туралы нақты, кезге көрініп тұрған, дәлелденген құжат. Тіпті, Кеңес өкіметінің саясатын марапаттайтын кинолардың өздері де бізге нақты деректер бере алады. Ал оны сараптап, талдау тікелей тарихшының міндеті. Бірақ, аталған құжаттардың да кемшін тұстары бар. Кеңес кезінде фото құжаттарды саясатқа сай реттеу жұмысы да көрінді.

XX  ғасырдағы  Қазақстан  тарихының  ең көлемді деректерінің бірі - іс жүргізу құжаттары. Іс жүргізу құжаттары басқа құжаттармен салыстырғанда жинақты. Оларды жөндеу, есепке алу, сақтау жолдары стандартты түрде болғандықтан, ыңғайлы. Жасалу жолдары да бүкіл Кеңес өкіметі жылдарында өзгерген жоқ (сонау Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы іс жүргізу құжаттарының құрылымы қазіргімен бірдей). Мәселен, 1920 жылдары А.Байтұрсыновтың жазған хаттамасы мен бүгінгі хаттаманың пішіндері бірдей. Іс жүргізу құжаттарының түрлері де өте керек хаттама, баянхат, бұйрық.,баяндамалар, есептер және т.б. Кеңес дәуірінде аталған құжат түрлері толығып, дамып отырды.

Кеңес дәуірінің тағы бір маңызды құжаты - мерзімді басылым материалдары. Кеңес өкіметінің үгіт-насихат құралы - баспасез болды. Әрбір қазақ ауылында. тіпті мал фермаларына дейін "Правда","Искра","Социалистік Қазақстан","Қазақстан коммунистік журналдары тарап отырды. Аталған басылымдар өте көп тарайтын. өйткені, әрбір кеңес саясаты баспасөзбен танысуға міндетті болды. Осылайша, кеңес саясаты бүкіл халықты бір идеологияға бағыттап отырды. Бір өкінштісі. Кеңес өкіметін қалыптастырған осы үрдіс бүгінгі күні жалғасын таппай қалды. Қазіргі қазақ ауылдарына баспасөз құралдары жетпей жатыр). Дерек ретінде бізге олар көп мелімет бере алды, себебі жинақталған материалдар қоғам өмірін дәл сол күйінде ашып беріп отырды


Сонымен қатар, кеңес дәуіріндегі құжат түрі - сиез, конференция, пленум матеркалдары болып табылады. Олар ерекше құжат түрік құрайды Сол үшін де аталған фактілермен кешенді түрде айналысу керек.

Осылайша. соңғы онжылдықтар тарихшыларға зор мүмкіндіктер ашып берді. Қазіргі заман тарихының тарихи деректері ғылыми айналымға енді, зерттеушілер көбейді. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және сол сияқты жақын шетелдердің мұрағаттарының қаншама материалдары Қазақстан тарихына енгізілді. Сөйтсе де. кеңес тарихы әлі түгелдей ашылған жоқ, өз зерттеушілерін күтіп жатыр.

XX ғасыр тарихы қазақ халқының өміріндеп ала-сапыран, аумалы-төкпелі уақыт болды. Бұл кезеңде әртүрлі деректер өмірге келді. Олардың көпшілігі ғылыми айналымға түспеген. тың деректер қарын құрайдьі Соңғы онжылдықтар тарих ғылымына көп өзгерістер әкелді. Деректер жарияланды, көптеген тың тақырыптар ашылды. 1989 жылдан бастап тарихқа көз жүгіртсек, мынадай үрдісті байқаймыз. Алғашында тарихшылар деректерді дәл сол күйінде жариялай бастады (фактологиялық материал ретінде). Қалың көпшілік, тарихшылар көптеген жаңа деректермен танысып, жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бұл кезеңді отандық тарих ғылымындағы жарылыс (бум) деп атауға болады. Сондықтан да көптеген зерттеу жұмыстары фактологияпық сипатта болды. Бірте-бірте тарихшылар біраз деректерді игерген соң, Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша теориялық тұрғыда ғылыми жұмыстар пайда бола бастады.

1998 жылды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың "Ұлттық тарих жылы" деп жариялауы Отан тарихы ғылымының қоғам өміріндегі орнын одан әрі жоғарылатты. Ұлттық рухтың ұлтжандылықтың күшеюі үрдісінде тарихшы ғалымдарымыз алдыңғы шеттен көріне алды. Тарих ғылымы теориялық-методологиялық терең зерттеулермен жарақтана бастады. Кеңес дәуіріне арналған ғылыми еңбектер көбейді.

Жалпы тарихи білімнің тарих ғылымына айналу үдерісін былай көрсетуге болады: дерек-тарих ғылымы-тарихнама. Тарих ғылымы ешқашан тарихи деректерсіз жасалмайды. Сондықтан да дерек-қайнар көз, тұп қазық. тарих ғылымының негізі. Ал тарих ғылымы өзінің шарықтау шегінде тарихнаманы туындатады. Тарихты саралау, зерделеу, ғылыми баға беру - тарихнамашылар арқылы жүзеге аспақ. Тарихнамашылар ғана тарихшылар еңбегін сараптап лайықты баға бермек. Олар тек қана еңбекті сынаумен ғана айналыспайды. сонымен қатар, тарихи оқиғаларға байланысты көзқарастарға баға береді. пікірлерін білдіреді Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін алып қарайтын болсақ. бұл мәселеде де тарихшылар өз міндеттерін орындап келеді.


Тарих ғылымының қарқындап өсуі қазақстандық тарихшыларға жаңа талаптарды күшейтуде. Әсіресе. жаңадан ғылыми айналымға енген деректермен жұмыс жасау мәселесі өткір қойылуда. Өйткені. қазіргі тарих ғылымында жаңа деректер тасқыны мол болып тұрған жағдайда, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру мәселесі де көп туындайды. Дегенмен. Ресей ғалымдарының арасында кең тарап отырған сандық (математикалық), тарихи-әлеуметтанулық әдістердің біздің отандық тарихта қолданылуы баяу жүргізіліп жатқандығын ескерте кетуіміз керек.

 

7. Қазақстан тарихының дерек көздері (1991-2008жж.)

 

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алды. Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының құрылуы уақыты (ТМД) 1991-1993 жж. саяси тәуелсіздікт нығайту шаралары жүргізілді. 1992-1995 жж. экономикалық реформалар жүргізілді. Әлеуметтік саланы реформалауға қажетті саяси құқықтық шаралар іске асырылды. Соңғы жылдарды респкбликаның сыртқы сауда айналымының өсуі үстінде. 1996 жылдан басталған макроэкономикалық тұрақтандыру байқалады. Республикада рынок механизмдері процесінің қалыптасуы кезеңі.

Саяси жүйедегі өзгерістер. Мемлекетті президенттік билеу түрінің қалыптасуы Қазақстан әлемдік ұйымның тең құқылы мүшесі. Қазақстанның шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастары. Халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы елшіліктері. Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың 2030-шы жылға дейінгі республиканың дамус стратегиясына қатысты жоспарлары. 1997 жылы-саяси қуғын-сүргінді еске түсіру, 1998 ж. – халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы, 1999 ж. ұрпақтар сабақтастығы жылы, 2000 ж. – мәдениетті қорғау жылы, 2003-2005 жж. – ауылды қолдау жылы.

Қазіргі кезде Қазақстан 113 мемлекетпен қарым-қатынаста, соның ішінде 105 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнаған. Астанада 55 елшілік, халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Республика 40-тан аса халықаралық конвенцияларға қосылып 400 жуық жан-жақты және 700-ден аса екі жақты келісімдер мен шарттарға қол қойған.

Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы Парламент болып табылады. Ол екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен тұрады. Атқарушы билік қызметін Республика Үкімет атқарады. Сот билігін сот органдары атқарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, үкіметінің нормативті-құқықтық актілері:

1. Қазақстан Республикасың Конституциясы