Файл: Httpsoky m rublogorta gasyrdagy qazaqstan tarikhy zhajly derekter2016122564.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 261

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2 Конституция – 1936 жыл 5 желтоқсанда Кеңестердің ҮІІІ Бүкілодақтық съезі КСРО Жаңа Конституцияны бекітті. Ол 146 баптан, 13 тараудан тұрды. Бұл Конституция КСРО-да социализм негізін біржолата бекітті(окончательно). 1937 ж. Қазақстан КСР Конституциясының қабылдануы.

3 Конституция – 1977 жылы 7 қазанда КСРО жоғары Кеңесінің кезектен тыс шақырылған 7 сессия, тоғызыншы шақырылуы Жаңа Конституцияны бекітті, ол 9 бөлім, 21 тарау, 174 баптан тұрды. Жалпы Кеңестік заңдылық материалдарымен Кеңестік Қазақстанның заңдылық актілері де болды.

Қазақ Советтік Социалисттік Республикасының Конституциясы: Негізгі Заңы 1978 жылғы 20 сәуірде қабылданған.

Республика егемендігін бекіту кезеңі – 1989-1993 жж. 1990 жылы 25 қазанында Қаз. ССР Жоғары кеңесі қабылданған «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егендігі туралы Декларация» Декларация – заңды шаралардың түрде мәлімдеу, жариялау, Декларативный – ресми түрде айтылған салтанатты түрде жарияланған.

«ҚР мемлекеттік тәуелсіздегі туралы» Коституциялық заң (16.12.1991 ж. – біртұтас Қазақстан азаматтығы алғаш рет бекітілді.

Ең бірінші егеменді Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 12 сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің 9 сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданды.

1995 ж. 30 тамыз – ҚР Конституциясы. І бөлім. Жалпы Ережелер 9 бабы бар. 2 бөлім Адам және азамат. 29 бабы бар. 3 бөлім. Президент – 8 бап. 4 бөлім – Парламент – 14 бап. Ү бөлім – 6 бап. ҮІ бөлім-Конститциялық Кеңес – 3 бап. ҮІІ бап. Сот – 8 бап. ҮІІІ бөлім. Местное гос. Управление и самоуправление – 4 бап. ІХ бөлім – заключительные и переходный положения – 8 бап. Барлығы – 9 бөілім 98 бап.

Кеңес мемлекетінің заңдары – адамдардың мінез-әрекет, мемлекет органдарының қызметі, лауазымды кісілер, кәсіпорын, мекеме, қоғамдық ұйымдар туралы құқықтық негіз.

Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Заң жүйесі: әкімшілік, финанс, бюджет, азаматтық, еңбек туралы, еке және семья туралы заңдар.

Қазақстан Коммунистік партиясының құжаттары осы тарихи кезеңінің Кеңес қоғамының әдістемелік негізінің қажетті дерегі ретінде болады. Бұл құжаттар партия құжаттарының әр түрлі екендігін көруге мүмкіндік береді. Бұл деректер негізінен партияның әлеуметтік-экономикалық саясаты, Кеңес үкіметі және орган жүйелері өзгеру заңдылық қызметті іске асыруды өскенін байқауға болады.

Жалпы Кеңестік заңдылық материалдарымен қатар, Кеңестік Қазақстанның заңдылық актілері де болды.

Заң актілеріне деректанулық талдау жасаудың өте маңызды ерекшелігі – олардың ресми жасалған және ресми жұмысқа арналған дерек екендігінде. Сондықтан, оның басылымының сипатын айқындап, басылымның өзі ресми ме, жоқ па соны анықтап алу керек. Өйткені, ресми құжаттармен ресми басылымы арқылы танысқан дұрыс. Бұл құжаттық шынайылығын, оның мәтінінің сәйкестігін дәлелдейді, зерттеу жұмысы барысында зерттеушіні осы екі күмәнді жағдайды қайта-қайта тексеруден бастады. Заң актісінің мазмұны дұрыс бағалау үшін сол заңның қаншалықта жүзеге асырылғанын білу де маңызды.


Кеңестік мекемелердің іс қағаздары. Мемлекеттік мекмелер мен ұйымдарын іс жүргізу құжаттары (зауыт, фабрика, колхоз, совхоз, комбинат, институт, ауырханалар, министліктер, аудан іске істер бөлімі, баспасөз, радиохабары, ғылыми-зерттеу институттар, жобалау институттар, жоғары оқу орындар т.б.). Проблемалық жағдаят: осы атап өткен типологиясын және жікемесін игеру.


Іс қағаздарының түрлері:

1. Ұйымдастырушылық құжаттар (ереже, жарғы, кесте, мөлшерлер, міндеттеме, келісімдер, шарттар т.б.).

2. Жарлық құжаттар (шешім-резолюция, бұйрықтар, нұсқаулар, циркулярлар, міндеттемелер (предписания), хаттамалар мен стенограммалар, ағымдағы хат-хабарлар (переписка предприятий, учреждений), стенограммалар.

3. Еңбекшілер хаттары, депутаттық сұрау салу.

Жоспарлау құжаттары – бұл көлемді тарихи деректеме. Жоспарлы құжатар әлеуметтік-экномикалық процестерді басқару әдістемесін елдің белгілі өркендеуінің мәліметтері болады. Олар бірнеше түрлерге бөлінеді:

1) Жоспарлаудың директивті құжаттары.

2) Өтпелі.

3) Болашақ жоспарлау материалдары.

4) ТОқсан, жыл т.б. жоспар орындалуының нәтиже құжаттары.

5) Есептеу құжаттары: анкеталар, есеп кітабы мен журналдар, реестрлер, тізбелер, тариф, баланстар, ревизия материалдары, тексеру, қорытынды, қызмет турады анықтама, тіркеу.

Статистикалық жұмыс түрлері: сынақ, зерттеу, өтпелі есептеу мен есеп беру және жекелеген кезеңдері бойынша бағдарлама құрастыру, бланкаларды толтыру, мәліметтерді өңдеу.

6) Статистикалық құжаттары: Жалпы демографиялық статистика 1920, 1923 (қалалық), 1926, 1936, 1959, 1970, 1979 – кеңес үкіметі жылдарында халық санақтары. Ресей халқының жалпы жазу 1897 ж. өткізілді. 2 санақ – 1905 ж. өтті.

Деректану сыны процесі кезінде деректердің 1) нақтылығы; 2) толықтылығы; 3) келбеттілігі (представительность) салыстырылып анықталады. Мұнда бастапқы статистикалық материалдар талданады (анкета, карточка, ведомстволар, сұрақ беру қағаздары) және өңдеу негізіндегі мақалалар.

Санақ (перепись) – статистикалық бақылаудың кең нақтысы ақпарат алудың жетілген түрі.

Кеңестік мерзімді баспасөзі: «Ақ жол», Еңбекші қазақ!, «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» (1920 ж., 55 мын дана), газеттері, «Қызыл Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Қазақстан коммунисі»

Қазақстан тарихы және кеңестік деректер Кеңес өкіметінің ең саясаттанған сала тарих ғылымы болды. Бұл туралы Л.Троцкий «Сталинская школа фальсификаций» деген кітабында былай деген болатын: «В результате официальная история партии и революции представляет собою сейчас свиток, исписанный во всех направлениях разными писцами, мало заботившимися друг о друге
, отчасти - одним и тем же писцом, мало заботившимся о том, что им написано вчера».

Кеңес дәуірінде ұлттық республикалардағы халықтардың тарихы екінші орынға ысырылған болатын. Ұзақ уақыт  бойы ХХ ғасырдағы Отан тарихының мәселелері жалпыресейлік революциялық қозғалыстармен , большевизм тарихымен бірігіп қарастырылды, сонымен бірге өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, оның халқының революцияшылдығы идеалдандырылды, метрополия деңгейіне жеткізілді.

Қазақ тарихын жазуға үлес қосқан ағаларымыз 1937-нің ойранында опат болғаннан соң, бұл дербес ғылыми пән ретінде өмір сүруден қалды, оқу орындарында, ол Орта Азиямен араласып КСРО тарихының бір тарауынан аспады. КСРО көлемінде бір-ақ тарих – Ресей мемлекетінің тарихы төңкерісіне дейінгі және төңкерістен кейінгі кезең болып зерттеледі. Оқу  орындарында тарих пәні КСРО халықтарының тарихы деп аталса да, кейін КСРО тарихы деп түзілді. Іс жүзінде орыс халқының тарихы зерттелді. Бір тұтас елдің бір тұтас тарихы ғана болу керек деген империялық ұғым орнады. 1920-30 жылдардағы репрессия салдарынан С.Асфендияров,М.Тынышпаев, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгеров, кітаптары ғылыми айналымнан шығарылды. Тек ленинградтық ғалым М.П.Вяткиннің «Очерктері» ғана Қазақстанның ХVIII ғасырға дейінгі тарихын қамтитын еңбек болатын. Сол кездегі көзқарастардан тұңғыш тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алған Халел Әділгереевті атауға болады. Сөйтіп, кітапханалардың катологтарында «Қазақстан тарихы» деген жәшік тек революцияға дейінгі орыс тарихшыларының шығармаларымен толықтырылатын. Ал, 1943 жыоы шыққан «Қазақстан тарихы» осы тұста кеңес тарихнамасының үлкен жетістігі болғаны анық. Мұнда ерте заманнан Кеңес-Герман соғысына дейінгі аралықтағы біртұтас ел тарихы қамтылды. Осы  кітап авторларының арасынан тек Е.Бекмахановты ғана қудалау жергілікті ұлт өкілдеріне қойылған шектеуді білдіру еді.

Бұл туралы белгілі тарихшы М.Қозыбаев былай деді: «Речь идет о научном наследии Бекмаханова, его концепции характера национальных движений в ХХI веке – проблеме, не замыкающейся в узкокраеведческих рамках нашей республики, а имеет, без сомнения, общесоюзное значение, позволяет по-новому взглянуть на ряд проблем истории дореврлюционной России, где пока возвышаются искусственно возведенные утесы догматизма на месте былой россыпи оригинальных идей и суждений, неординараных оценок и научных гипотез. Следовательно, речь пойдет не просто о восстановлении исторической науке, но и повод для размышлений обсуждений актуальных проблем истории народов СССР».


Тарихшы-ғалымдар зерттеу барасында марксистік-лениндік теориялық қағидалар мен методологиялық бұғау бәрінің де басын тұқырып, еркін ой-пікр айтуына бой бермеді. Дегенмен, алдыңғы қатарлы тарихшылар, әсіресе, кеңес дәуіріне дейінгі кезде ғалым болып қалыптасқан мамандар тарихи оқиғаларды, өмір шындығын нақтылы деректерге сүйініп, дәлелді түрде көрсетуге  күш салды.

Идеологиялық қудалау кейінгі кездегі қазақ ғалымдарының іс-әрекеттеріне зардабын тигізді. Қазақ интеллегенциясын коньюнктурашылдық, жасқаншақтық, науқаншылдық іспетті нашар әдеттерге үйір қылып, ұлттық санасын төмендетті. Осыған байланысты тарих ғылымы қасақ длгмадан, партияны жөнсіз  марапаттаудан аса алмады, көз көріп тұрса да, ұлттық мәселелерден айналып өтуге дағдыландырды.

Жан-жақты зерттелу тұрғысынан кеңес тарихнамасы өте ауқымды болып келеді. Көптеген кәсіби тарихшылардың іргелі еңбектері осы уақытта жарыққа шықты, олар өз маңыздылығын, бірегейлігін жоймақ емес. Осы жерде атап етуіміз керек, қазақ тарихы жаңа көзқараспен қарала бастаған тұста алғаш үн қатқандар алдымен кеңес тарихшылары еді. Туған халқы алдында тарих шындығы айтыпатын сәт туғанын түсініп. олар жаңа көзқараста еңбектер жаза бастады. көптеген деректік материалдар да жариялады.

Тарихшылардың екінші бір легі партия тарихынан, марксизмленинизм теориясынан диссертациялар қорғады, том-том кітаптар жазды, олар алдынғы топпен салыстырғанда. тәуелсіздік алғаннан кейін. тарихшынама ретінде әлсіреп қалды. Жасаған еңбектері жазылған күйінде кітапхана бұрыштарында қалды. Бұл да кеңестік үлгіде саясаттанған тарих ғылымының бір көрінісі болатын.

Деректер қай заманда да өзгермек емес  тек қана субъектінің. яғни адамның ойында әр түрлі айтылады, жазылады. Мәселен, бір дерек кеңес идеологиясы бойынша бұрмалануы ықтимал. тіптен, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де екі тарихшы ой туралы өз еңбектерінде әртүрлі пікірлер айтуы мүмкін Бұған. әрине, уақыт төреші. Бұл жерде Мұстафа Шоқайдың тұжырымдарын  тілге тиек етуге  болады: Қазақ, орыс, өзбек тілдеріндегі түркістандық газеттер мен журналдардан, кеңестік сипаттағы, деректерді пайдаланатын боламын. Кеңес Мемлекеттік Баспасының басылымдары және партияның конгрестердің хаттамаларынан цигаталар беремін. Мен кеңес баспасөзінде көрінген, ешкім теріске шығара алмайтын мәліметгер туралы айтатын боламын. Оны тек қана қабылдау немесе мойьндау керек.