Файл: Алгыев Куан Сяхетгулыевич Химияны аылшын тілінде оытуды ерекшелігі Дстрлі жне жаа технология сабатастыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 320

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы ең маңызды тіл – ағылшын тілі болып саналады, сондықтан да кіріктіріп оқытудың негізгін ағылшын тілі сабақтары алады. Ағылшын  тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу - ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған.

Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды  ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, химиялық элемент терминдерін ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білімін дамуға болады.

Сонымен бұл әдіс оқушылардың тілдік қарым-қатынас қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды және бір мезгілде екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге де аударылуы мүмкін. Сондай-ақ,ағылшын тілін жаратылыстану бағыты пәндерімен  кіріктіріп оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерін атап көрсетер болсақ. Олар:

1.  Оқушылар арысында диктанттар жүргізу;

2. Диалогтік немесе монологтік түрде оқушыларды бір-бірімен  тілдесуін дамыту бойынша жаттығулар орындау.

3.  Жаңа мәтіндер арқылы оқушылармен жұмыстар жасау.

4.  Сөздер мен сөйлемдерді жаздыру арқылы бір-бірімен өзара тексерулер жүргізу.

5.  Қолданылған мәліметтің көлемін арттырып отыру.

6.  Оқушыларды әр түрлі терминдерді жатқа айтуға дағдыландыру. [10]

  

Білім беру саласында пәндерді кіріктіре оқыту тәсілі қазақстан мектептерінде қолданысқа енгізіп жатыр. Бұл оқушының тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді бірдей меңгеруіне көмегін тигізбек. Нақтырақ айтсақ кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына   септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI – ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Қазіргі таңда келешек ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту – білім беру жүйесінің өзекті мәселесі.Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар6 қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.

Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану-математика бағытындағы атап айтқанда, физика, информатика, биология, химия пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдерін қазіргі білім жүйесінде кеңінен ауқымды түрде қарастырып жатқаны мәлім.

Осыған орай жаратылыстану пәндерінің ішінде химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын айта кетер болсақ, ең алдымен оқушылардың химиялық терминдерге байланысты  сөздік қорын кеңейте отырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өмірде болып жатқан әрбір химиялық құбылыстарды ағылшын тілінде жеткізе білуге дағдылануға үлкен мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып, нығайған шақта ағылшын тілін еркін меңгере отырып, кез-келген салада ағылшын тілін қолдана отырып қарым-қатынасты жүргізе алатын жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір педагог ұстаздардың айқын мақсатының бірі. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұзтаздар қауымы қаншама [11].

Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Елбасымыздың осындай қанатты сөздерінің астарында үлкен сенімнің бар екенін аңғарамыз. Бұл сенімді орындау үшін жасөспірімдер мен жас ұрпаққа үлкен жол көрсетуіміз керек, сондықтан біз жаратылысану пәндерін соның ішінде атап айтар болсақ химия сабақтарын  агылшын тілінде байланыстыра оқыту арқылы сабақ барысында қосымша  берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыруға және бәсекеге қабілетті болардай білімін толықтыруға өз көмегімізді тигізе аламыз.



Елбасының дәстүрлі Жолдауынан кейін тіл саясатында біраз тың өзгерістер орын алды. Олай дейтінім ұлттық терминология даму үстінде, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасы әзірленді, ағылшын тілін үйретудің курстары ашылды, мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлер мемлекеттік тілдің тест тапсыру қажеттілігі нақтыланды. Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал, орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» деген болатын. Қазіргі уақытта ғылымның дамуы адамдардың көптілді білу қажеттілігін туындатып отыр. Осы мүддені жүзеге асыруда мектеп мұғалңмдерінің рөлі үлкен. Қай кезде де реформаға тосырқай қарайтын қоғамның алаңдаушылығы жылдарға жалғасты, себебі жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде меңгерту көп тәжірибені қажет етті, сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби білім- біліктілігіне талап қойды. Ағылшын тілін оқыту үдерісіне енгізудің артықшылықтары көп, олай дейтінім, біріншіден үш тілідк саясат жүзеге асады, екіншіден пәнаралық, пәнішілік кіріктірулер болады, үшіншіден кәсіби желілік қауымдастық құрылады; төртіншіден баланың танымдық көкжиегі артады. Білімдегі басты талаптар да осылар. Межелі міндеттерге жету үшін мұғалімдер арнайы ағылшын тілін үйрену курстарынан өтуде. Бұл курстың артықшылығы ; мұғалімдер өз бетінше ізденуге үйретеді, ағылшын тілінде бір-бірімен диалогқа түсуіне бағыт бағдар береді, аудио дискілер арқылы тыңдалымға аса үлкен мән беруінде және терминдермен қалай жұмыс жасау керектігін үйретеді. [12]

Инновацияға негізделген тәжірибе мамандандырылған мектептерде ғана жүзеге асып келген. Енді басқа мектептер де осы жүйемен жұмыс жасамақ. Мұны қалай бастаймыз? Әр нәрсе кішігірім элементтерден құралады. Бастапқы да оқушылар әр пәнге қатысты термин сөздермен жұмыс жүргізеді. Күніне әр бала 5-6 термин сөздерді меңгерсе, кейін сатылап күрделірек жүйеге көшеміз. Алайда жаратылыстану бағытында білім беретін тілдік сауаты жоғары,кәсіби мамандардың аздығы, әдістемелік оқулықтардың жоқтығы , сағат сандарының жеткіліксіздігі тәжірибеге тосқауыл болады. Сондықтан да педагог қауымдарға ағылшын тілінің толық курсынан өтіп ғана қоймай, өз бетінше ізденіп, өзін-өзі дамытуға турf келеді. Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үш тілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шет елдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығы әлемдік пәндер бойынша терминдерді дұрыс қолданумен қатар, ағылшын тілін­дегі оқу үдерісіндегі ақпараттық-ком­­муникациялық технология мүмкіндіктерін қолданудағы дағдыларды қалыптастырды және оқыту үрдісінде оны меңгерудің нақты жетістіктер болатынына сенімдіміз. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірмен ұштастырған сапалы біліммен тәрбие берілуі қажет.

1.3 Ағылшын тілінде химия пәнінен білім берудің ерекшеліктері

Бүгінде Білім және ғылым министрлігі үш тілде оқытудың бағдарламасын жасап, оны кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жобасын дайындағаны баршаға белгілі. Үш тілде оқыту енді сөз жүзінде қалмай, оны мектепте оқудың пәндік негіздері алдағы үш жылда толық жүзеге асатын болады. Мұның тиімділігін министр Ерлан Сағадиев бұған дейін бірнеше рет мінберлерден айтып үлгерді. Бұдан кейін алдағы үш жылда жоғары сыныптың оқушылары кейбір сабақтарды тұтас ағылшын тілінде өтпек.

Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасумен және Қазақстан білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндедегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігін ерекше атап көрсетті. [13]

Елімізде тілдің үштұғырлы саясаты мәселе­сі сөз болғанда оның тиімділігіне баса назар аударылады. Бірінші кезекте бұл халықтың өзара түсінісуі мен ынтымақтастық жағдайында өмір сүруі үшін аса қажет өркениеттің негізгі талабы болмақ. Қазір орта мектептерде үш тілді оқытудың негізін қалыптастыру, әртүрлі оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушының бойына тілге деген қызығушылығын, оны үйренуге деген құштарлығын арттыруды жолға қою үшін кешенді бағдарламалар әзірленуде.
Мұның барлығы оқушының болашақта заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау мен оның шетелдің тілін, мәдениетін танып білуіне ықпал ету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастырудан туындап отыр. Атап өтерлігі, орта мектептерде үш тілді оқытудың тиімділігі және оқыту тек тілдік білім жүйесін оқытумен шектелмейтін болды. Ең бастысы ағылшын тіліндегі сөз әрекетін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырады деп күтілуде.


Бүгінде елімізде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қарым-қатынасы арттыра отырып, үш тілді еркін меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын ұрпақ тәрбиелеу қажет. Қазақстанның білім беру жүйесінде үш тілді оқыту технологиясының әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді, ізденімпаз, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілмекші. Өскелең ұрпақтың есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып еркін сөйлеуге, өз ойын айту дәрежесіне жеткізе алатындай қалыптасуы үшін үш тілде яғни, ағылшын, орыс, қазақ тілінде оқытуда жаңа технологияларын қолданылады.
Әлемнің оқу үрдісінің негізігі тетігі жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір оқыту жүйесінде өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленіп отырғаны әмбеге аян.

Үш тілде оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін мұғалім ізденісі арқылы оқушының қабілетін, қабылдау деңгейіне қарай ерекшеленіп қолданылады. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт беріліп отыр. Бұл жерде әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы аса зор. Бірінші кезекте ағылшын тілінде оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту басты талап етіп қойылады. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мен ынталандыра білгенде ғана нәтиже болады.

XXI ғасыр дамудың жаңа кезеңінің бастауы болып табылады. Білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамуы еліміз үшін маңызды қадамның бірі. Сондықтан, орта мектепте үш тілді оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі болып отыр.

Жалпы алғанда тіл саясаты, оның ішінде үш тілде білім беруде жаңа қадамдарға барудың тиімділігі көп. Бұл арқылы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және әлемдік мәдениет пен көзқарасының қалыптасуына тизігер септігі баршылық. Білім және ғылым министрлігі бұған дейін эксперимент ретінде бірнеше мектепте осындай жүйені қолданып келгені белгілі. Оның нәтижесі әзірше жаман емес. Енді алдағы бес жыл ішінде Қазақстан мектептері үш тілде білім берудің толық жүйесіне көшіп, одан тиімді нәтижесі шығарарына көпшілік күмән келтірмейді.[14]

Елімізді егемендік алған күннен бастап оқушылардың химияға деген қызуғылышығы күннен- күнге артуда. Химиялық өнімдерге сұраныс, сонымен бірге көптеген химия, металлургия және мұнай саласындағы ғылыми-зерттеу институттарына жан-жақты білімді мамандарға деген сұраныс артып, еңбек нарындағы химияның рөлі едәуір арттты деуге болады.