Файл: Алгыев Куан Сяхетгулыевич Химияны аылшын тілінде оытуды ерекшелігі Дстрлі жне жаа технология сабатастыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 325

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Модульдік оқыту іс- әрекет принципіне негізделген: оқушының кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылауын және бақылау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті процесін қамтамасыз етеді.

  2. Модульдік технология дамыта оқыту технологиясына неізделген: егер оқушы тапсыоманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса (дем беру, бағыт көрсету), онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне сетігін тигізеді, өйткені ол ертеңгі күні басқалардың көмегімен орындаған тапсырманы өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да оқушы актуальді даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.

Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетін әр түрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда) ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

  1. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған. Бағдарламалы оқытудыңиыгадай белгілері: іс-әрекеттегі нақтылық, логика, белсенділік пен оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды), өзін-өзі бақылау модульдік оқытуға тән.

  2. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландырады, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.

Модульдік технологияның принциптері:

  • Модульділігі;

  • Ерекшеленген элементтерді мазмұннан бөлу;

  • Динамикалығы;

  • Білімнің ұтымдылығы және шапшаңдығы, олардың жүйелігі;

  • Икемділігі;

  • Болашақты ұғынуы;

  • Жан-жақты методикалық кеңес беру;

  • Паритеттілігі.

Осы принциптерге жеке-жеке тоқталайық.

Модульдік принцип.Нақты дидактикалық мақсатқа жету үшін бұл принцип бойынша оқытудың функционалдық түйіні модуль түрінде құрылады. Оқытудың мазмұнын, формасын және әдістерін айқындайды.

Ерекшеленген элементтердің мазмұннан бөлу принципі. Кіріктілген дидактикалық мақсатқа жету үшін бұл принцип оқу материалының әрбір модулінің ауқымын біртұтас жүйе деп қарастырады. Әрбір элементтің алдына дидактикалық мақсатты іс- әрекет қойылады.


Динамикалық принцип: Бұл принцип әлеуметтік тапсырысты ескере отырып, модульдің мазмұнын еркін өзгертуге болатындығын қамтамасыз етеді, яғни оқу материалының нақты бөлімін өзгертуге, толықтыруға және дамытуға болады. Білімнің ұтымдылық , шапшаңдық және олардың жүйелік принципі сақталуы тиіс. Бұл принцип оқытудың мақсатты түрде жүруін, моның нәтижесінде білім алуға мотив қалыптасатынын білдіреді.

Болашақты ұғынуы. Білім алушы білімнің аралық және соңғы мақсатын түсінуге ынталы. Оқушылар танымдық және практикалық әрекетте оқыту нәтижесін көрсете білуі шарт.

Икемділік принципі:Білім алушының жеке қажеттілігіне бағдарланған оқу мазмұны мен оны меңгеруге оңтайланған модуль құру. Соның нәтижесінде білім берудің дараланған түрін қолдануға болады.

Жан-жақты методикалық кеңес беру принципі. Оқушы пәнді және қоршаған ортаны тану үшін өз бетімен біліктілігін жетілдіру қажет. Оқушының мүмкіндігі мен оқытушының шеберлігінің арасында бұл принцип ұстанымдары елеулі нәтиже береді.

Паритеттілік принципі.Білім алушы педагогикалық процесте белсенділік көрсетуі, ал мұғалім оқытуды басқаруы өзара тығыз байланысып, оқу процесін оқушының өзі басқаруын талап етеді.[18]

Бағдарламалап оқыту XX ғасырдың 50-жылдары АҚШ-та педагоги, психология және кибернетика тоғысында іске асады. Бағдарламалап оқытудың негізін қалаушы психолог Б.Ф. Скмнер болып саналады және ол оқытудың осы технологиясының алдына екі маңызды талап қойды:

  • Білімді бақылауды қойып, өзін –өзі бақылауға үйрету;

  • Педагогикалық жүйені өзін –өзі оқытуға көшіру;

Бағдарламалап оқытуда үш түрлі бағдарлама бар:

  • Сызықтық;

  • Тармақталған;

  • Қиыстырылған (аралас, бейімделген)

Сызықтық бағдарлама деп логикалық өзара байланысқан ақпараттың меңгеруге жататын тиісті бөлігінің бірізділігін айтады.

Тармақталған бағдарлама сызықты бағдарламаға негізделген. Бұл оқудың дербестігін қамтамасыз етеді. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, онда оның дұрыстығына шешім алған соң, бағдарламаның екінші қадамына өтуге нұсқау алады.

Бағдарламаланған оқу құралымен жұмыс уақыты 20-25 минут, ал бағдарламаланған бақылау болса 5-10 миеут уақыт алады. Мұнда тапсырмалар оқушылардың өз қолында қалады, сондықтан бақылау нәтижесін өздері тез тексеріп, талдау жасауға мүмкіндік алады. Осындай бақылауды әр пәннен өткізуге болады. Соның нәтижесінде оқушылардың сабаққа дайындығын, өзіндік жұмысты орындау деңгейін айқындауға мүмкіндік туады.



Сонымен бағдарламалап оқытуды білімдендірудің басқа түрлері мен формалары және әдістерімен үйлестіре жүргізу – оқущылардың өзіндік және бақылау жұмыстарын жүргізуде өте тиімді әдіс.

Химияны оқыту барысында мультимедиялық құралдар химиялық процестер мен нысандарды оқушылардың қабылдауына тиімді, мысалы, химиялық реакциялар механизімінің диеамикасын, химиялық өндірістегі технологиялық процестерді және т.б.[19]

Дамыта оқыту технологиясы. Ерте кезден- ақ ақыл – ой белсенділігі пәндердің, құбылыстардың, процестердің мәніне терең енуіне, есте қалдыруына мүмкіндік беретіні белгілі болды. Сократтың дискуссиясының өзіне тән ерекшелігі- әңгімелесушіге проблемалық сұрақ қою.

Ресейде дамыта оқыту технологиясы бірінші болып Л.С. Выготский ұсынды. Өзінің жұмыстарында ол оқыту мен дамытуды бір- біріне байланысты процесс ретінде қарастыру керектігін және негізгі міндетті оқытуға беру керектігін атап өтті. Қазіргі кезде Д.В. Эльконин және В.В. Давыдов жасаған дамыта оқытудың дидактикалық жүйесі белгілі. Барлық дамыта оқыту теориялары оқыту процесіндегі оқушылардың ойларын белсендіруге бағытталады.

Топтап оқыту технологиясы.Топтап оқыту технологиясының негізін 1918 жылы А.Г. Ривин салған, теориялық негізін жасаған В.К. Дьяченко. В.К. Дьяченконың айтуынша осы технологияның құрылымы әр түрлі формада болуы мүмкін: топ, жұп және дербес. Мұнда топтап оқыту басым болады. Топтап оқыту тәсілін сынып-сабақ, дәріс-семинар, деңгейлеп оқыту, дидактикалық ойындар, жобалау әдісіжәне т.б, яғни оқу процесінің барлық түрінде қолдануға болады. Топтап оқытудың тағы бір ұтымды жері, мұнда дербес оқытумен де , ұжымдық оқытумен де ұштасып жатыр. Екі озық технологияның элементтерін әр уақытта іске асыруға болады.

Топтап оқыту технологиясының мақсаты:

  • Оқу процесінің белсенділігін қамтамасыз ету;

  • Пән мазмұнын жоғары деңгейде меңгеруге жету.

Демек, бұл технологияның концептуалдық негіздерін былай тұжырымдауға болады:

  • Топтағы оқушылар өз ара білімдерін байытады;

  • Оқу-танымдық процесті белсендіру үшін бірге атқаратын іс-әрекетті ұйымдастырады.

  • Іс-әрекет тәсілін нығайтады;

  • Өзара тәуелділік қатынаста болады.[20]

Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жеке тұлғаға бағдарлап оқытуда дифференциялау проблемасы маңызды. Мұнда оқытуды әр оқушыға арнап жеке жоспар түрінде жүргізу емес, атап айтқанда, дифференциялауды принцип ретінде қарастыру.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты-әрбір оқушының өзінің даму деңгейіне байланысты оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.


Деңгейлеп оқыту технологиясыеың ғылыми-теориялық негіздері:

  1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

  2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі даму деңгейіндегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Деңгейлеп оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

  4. Оқушының жеке тәжірбиесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін:

  • Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне;

  • Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілеті, ойлау, қабылдау, зейін ерекшеліктеріне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);

  • Пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білім мен іс- әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.[21]



ІІ. Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары

2.1 Пән мен тілді кірістіре (CLIL) кіріктіріп оқыту әдістемесі

СLIL (Content and Language Integrated Learning) - кіріктірілген бағдарлама арқылы екінші тілді меңгеру. Қазіргі уақытта көптілділікті қалыптастыру мен оны іске асырудың негізгі құралы болып табылады Бұл терминді ең алғаш рет Дэвид Маршем енгізген болатын. Бұл екі жақты мақсатты көздейді: біріншісі – оқу пәнін меңгеру; екіншісі – шетел тілін (екінші тіл ретінде) меңгеру.

Бүгінгі күні кіріктірілген оқу бағдарламасын Қазақстанда бірқатар мектептер қолданып отыр. Нақтырақ айтсақ, кейбір мектептерде Қазақстан тарихы, география, құқық негіздері пәндері қазақ тілінде, ал математика, биология, информатика, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылып жүр. Әрине, әдістің тиімділігін бірден айту қиынға соғады, себебі бұл бір емес, бірнеше жылдың жемісі. Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, өз мәдениетін бағалап, басқа мәдениеттерді құрметтеуге үйретеді. .[22]

CLIL технологиясы – пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. «CLIL» терминінің қолданыста жүргеніне айтарлықтай уақыт болмағанымен (1994 жылы), ол жаңа құбылыс болып табылмайды. Адам баласы көп тілді қоғамда өмір сүріп келеді. Көп тілді меңгеру қоғамда өмір сүру құралы болып табылады. Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады. CLIL әдісі тілге бағытталмаған пәндердер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады.[23]


CLIL әдісін еліміздің көптеген білім ордалары оқыту үрдісінде қолданып жатыр. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де бұл әдісті кеңінен қолданылуда. Өйткені, кейбір пәндер оқушылардың ана тілінде жүргізілмейді. Сондықтан пәнді оқытудағы тіл – екінші тіл болып табылады. Оқушы осы тілде пәнді түсіне отырып, өз ойын екінші тілде жеткізе білуі қажет. Осы орайда CLIL әдісінің мақсатын атап өтсек.
CLIL әдісінің мақсаты:

  • Оқытушының сөйлеуін азайтып, керісінше студенттердің бір-бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

  • Пәнге байланысты студенттерге жаңа ұғымдар мен идеяларды таныстыру;

  • Студенттердің пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз ету;

  • Студенттердің екінші тілде сөйлеу сенімділігін арттыру;

  • Сабақта пән мазмұнын алдыңғы қатарға қою;

  • Сабақты екінші тіл оқу жоспарына сәйкес студенттердің қабілетіне орай жоспарлау;

  • Студенттердің түрлі ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар беру.[24]