Файл: Алгыев Куан Сяхетгулыевич Химияны аылшын тілінде оытуды ерекшелігі Дстрлі жне жаа технология сабатастыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 326

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқушыларды химияны көкейкесті мәселелермен қызықтыру, олардың танымдық белсенділігін арттыру, аналитикалық қабілетін таныту, жаһанданудағы проблемаларды терең түсіндіру арқылы және осыдан туындаған мәселелерді шешетін жол табуға, оны тұжырымдай білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Химияны терең ұғынып, оны білу экологиялық мәселелерді бодырмауға мүмкіндік береді. Соған байланысты қазіргі заманның қағидалары, заттардың химиялық эволюциямен процесін қозғау арқылы, химияны өнермен, әдебиетпен, ғылым тарихы және психологиямен байланыстыра білу қажеттілігі туындайды.[15] Сонымен қатар, қазіргі таңда химияны ағылшынша оқыту да химияны оқытуда қабылданған маңызды шешім.

Қазіргі кезде Қазақстанда білім беру саласында химия, биология, физика, информатика пән мұғалімдерін ағылшын тілін кіріктіріп оқыту курстары жүргізіліп жатыр.

Бұл курстың мақсаты - оқушының тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді ағылшын тілін бірдей меңгеруге үйрету. Бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға химия пәнінен көптеп қатысуда. Ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді. Осыған орай елімізде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер дайындалуда. 

Химияны ағылшыншы оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, басқа да ғылымдардың үйренуіне мүмкіндік береміз. Себебі, терминдерді жаттаған, қорытынды жасай алатын оқушы химияны басқа пәндермен салыстыру арқылы ғылымдардың бір-бірімен тығыз байланыста екенін байқап, терминдерді де байланыстыра алады. Жаратылыстану пәндері бір-бірімен өте тығыз байланыста яғни пәндерді ағылшынша оқытуда қиындықтың көп болмайтынын керісінше, оқушылардың ғылымға деген қызуғышылығын арттыра аламыз. Әлемдік жаңалықтарды, ғылыми мақалаларды, оқушыларға арналған видео роликтерді көру арқылы ойлау қабілеттері артатынын да атап айтсақ болады.

Қазіргі оқыту үдерісінде – жаратылыстану пәндерді ағылшын тілінде оқытып, ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін көтеруді қамтамасыз етуде.

Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан мағлұматтар алатынын түсіндім. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуынан көрінеді.


Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.

Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Химиялық элементтердің периодтық кестесі жөнінде жалпы түсінікті үш тілде жазу тапсырмаларын беруге болады.

Химиялық элементтерді қазақ-орыс-ағылшын атауларымен сәйкестендіру

Химиялық элемент таңбаларын кестеге толтыру.

Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық элементтерді үш тілде жазылу және айту оқушының сөз қорын қалыптастырады.

Қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде. Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Жалпы пәнді үш тілде оқыту қазіргі кезде көп қолдауға ие болып отыр.Бұл қажеттіліктен туындады.Көптеген қазақстан мектептерінде пәндерді ағылшын тілінде жүргізу жүзеге асырылуда. Осының барлығын негізге ала отырып химия пәнін үш тілді үндестіре оқытудың маңызы да зор.


1.4 Химия пәнін үйретуде әлемдегі озық тәжірибелердің Еліміздің білім беру жүйесіндегі орны

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді. Химия, биология және физика пән бірлестігі жаңа оқу жылын «Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып физика, химия, биология сабақтарында оқушы біліктілігін дамыту» тақырыбымен бастады. Мақсаты: оқушылардың физика, химия, биология сабақтарына деген қызығушылығын ояту, сабақта жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып, оқушының біліктілігін дамыту.


Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.[16]

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кең қолданысқа түсіп келе жатқан технологиялардың бірі модульдық технология. Модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің , ұйымның анықтылығын, біршама дербес бөлігі. Ол іс- әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидиктикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу апараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Модульдык технологияның тиімділігі бағдарлама құрамына енетін модульдердің сапасына және әр модуль бойынша қойылатын мақсатқа байланысты. Мақсат дегеніміз- мұғалім мен оқушы іс- әрекеттің белсенділігін арттыру арқылы жететін алдын –ала жоспарланған нақты нәтиже. Модульды оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі , оның тиімділігі –болашақ нәтиженің жоспарлануында және соғанжету үшін екі жақты тең белсенді әрекеттің жүргізілуінде . Сонымен қатар , модульдік технологияның сабақтағы ерекшелігі- сабақ мазмұнының психологиялық сипатта болуына баса көңіл бөлу. Психологиялық таным процестерін қалыптастырумен қатар, шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Модульді оқыту сабағы жеке блоктардан тұрады. Бұл жүйеде нәтижеге бағытталған білім берудің жүзеге асуы сатылап жүреді.[17] Модульдік технологияда сабақ жоспарын құрғанда келесі блоктарға жіктеп құруға болады





Модульдық оқытудағы мақсат:

Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын оңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.

Бастапқы ғылыми идеялары:

  1. Модульдік оқыту іс- әрекет принципіне негізделген: оқушының кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылауын және бақылау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті процесін қамтамасыз етеді.

  2. Модульдік технология дамыта оқыту технологиясына неізделген: егер оқушы тапсыоманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса (дем беру, бағыт көрсету), онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне сетігін тигізеді, өйткені ол ертеңгі күні басқалардың көмегімен орындаған тапсырманы өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да оқушы актуальді даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.

Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетін әр түрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда) ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

  1. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған. Бағдарламалы оқытудыңиыгадай белгілері: іс-әрекеттегі нақтылық, логика, белсенділік пен оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды), өзін-өзі бақылау модульдік оқытуға тән.

  2. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландырады, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.

Модульдік технологияның принциптері:

  • Модульділігі;

  • Ерекшеленген элементтерді мазмұннан бөлу;

  • Динамикалығы;

  • Білімнің ұтымдылығы және шапшаңдығы, олардың жүйелігі;

  • Икемділігі

Модульдық оқытудағы мақсат:

Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын оңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.

Бастапқы ғылыми идеялары: