Файл: Алгыев Куан Сяхетгулыевич Химияны аылшын тілінде оытуды ерекшелігі Дстрлі жне жаа технология сабатастыы.docx
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 327
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Оқушылар табысты оқу үшін мұғалімдер білім беру бағдарламасы, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесін өзара үйлестіруді іске асыру маңызды.
Мақсаттың қолжетімділігі дегеніміз – мақсат мазмұнының ықшам, нақты болуы; бір тақырыпқа берілген оқу мақсатының бір тоқсанда, тіпті оқушы мектеп қабырғасын аяқтағанға дейін бірнеше рет қайталанып келуі. Бұл оқушының бір сабақта жете алмаған оқу мақсатына келесі сабақтарда қол жеткізуіне мүмкіндік береді, әрі оқушының оқуға деген оң мотивациясына ықпал етеді, өз-өзіне деген сенімін нығайтады.
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.
Химия пәніне байланысты ғылыми тілді қолдану оқушылардың ықшам және түсінікті сөйлеу дағдыларын дамытуға, химиялық үдерістер мен тетіктерді сипаттау үшін тілдік құралдарды тиімді таңдап пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттарының жүйесі білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады.
Қорыта айтқанда жаңартылған оқу бағдарламасын қолдану барысында оқушылардың пәнге ынтасы, белсенділігі артып, іздемпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттерін дамытамыз. Сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдыланырын одан әрі жетілдіреміз, алған білімдерін өмірде тиімді қолдану арқылы функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашамыз. Олай болса, білімді дәл осылай қолдану арқылы оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береміз.Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек.
2.3 Химияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі
Қазақстанда білім беру жүйесінің басты мақсаты – халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау, яғни адамды үздіксіз білім алуға үйрету. Қазіргі заманнның талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп, әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін еөрсету үшін педагог мамандарымыздың білім – білігі жоғары, ақпаратттық технологиялардан хабардар һәм инновациялық оқытудың амал – әдістерін меңгерген болуы шарт. Оқытудың инновациялық технологияларын сабақта пайдалану заман талабы болып отыр. Оқыту технологиясы – ғылымды, оқыту процесінде қолданылатынәдіс – тәсілдер мен қағидалар, оқытудың тиімді жолдарын зерттейді. Оқу процесін тенологияландару дегеніміз – білім беру бағытына сай оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру. Бұл жаңа технологиялар шығармашылық қабілеттің шыңдалуына себеп болады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. [33]Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет», — деген.
Қазіргі мұғалім:
— педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;
— педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
— жаңа ойлау жүйесін меңгере алатын;
— оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
— білім, шебер, әскер болуы тиіс;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрыңғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
— дүниетаным қабілеті жоғары;
— дарынды, өнертапқыш;
— іздемпаз, талантты;
— өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек;
Қойылған мақсаттар мен күтілген нәтижелерге жету жолдарын қамтамасыз ету мәселесі бағдарламада көрсетілген. Тиімді оқу технологиясын таңдау ұзтаздың шеберлігіне байланысты.
Инновациялық-педагогикалық технологиялардың бірі ақпараттық технолгия. Ақпараттық технологиялар – ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың, пайдаланудың әдістері мен құралдары.[34]
Жаратылыстану бағытындағы пәндері оқытуда ақпарттық технология төмендегідей мүмкіндік береді:
-
Аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етеді; -
Оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан – жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады; -
Қарапайым жағдайларда қиындық туғызатын заңдылықтарды көрсетуге болады; -
Күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады; -
Оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады; -
Оқушыларға өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасауға үйретуге болады; -
Тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асырылады; -
Оқушының жеке жас ерекшеліктеріне сай жағдай жасалады; -
Ақпараттық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауына ықпал жасалады;
Бағдарламалық өнімдерді пайдалану бірнеше оқыту ұстанымдарын (ғылымилық, белсенділік, өзіндік, көрнекілік) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесімен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылық көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол бағыт – бағдар берушінің функциясын атқарады. Жаңа электрондық оқулықтарды, виртуалды химиялық лабораторияда қолдануда интернет, компьютерді білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Компьютерлік технология мұғалімге оқыту қызметін түрлендіруге мүмкіндік туғызады:
-
Оқушылардың білімін тексеру; -
Көрнекіліктер таңдау; -
Сұрақтарға жауаптар дайындау; -
Есептердің шешу жолдарын көрсету; -
Прктикалық жұмыстар жүргізу.
Сабақтың бірсарындылығы оқушыны тез шаршатады. Сондықтанқандай да сабақ үстіндегі оқыту мен іс – әрекет формаларын түрлендіріп отырған жөн.[35]Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жодарын зерделеу – мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымы, бір заттың басқа затқа айнплуын ) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-
Мультимедия (видео, аудио, қондырғылар мен теледидарды, электрондық оқулықтарды); -
Зертханалық тәжірибелер; -
Компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); -
Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, дерек қоры); -
Интернет және т.б көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәлімерттерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Ақпарттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.
Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. [36]
Тақырып бойынша бақылау мен диагностикалау формаларымен танысытру. Осыеың барлығы қызығушылық ахуалын туғызу, білімнің маңызды екенін түсіну үшін жасалады. Тақырыпты слайд түрінде дайындау уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге, материалды құрастыруға, ал анимациялау оқушыларға оңай, тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.
Тәжірибелік сабақ. Мұндай сабақты өткізуде де АКТ-ның рөлі ерекше. Себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбір тәжірибелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін вертуалды лабораторияны пайдалануға болады.
Бекіту кезеңі. Көп жағдайда бекіту сұрақ – жауап арқылы жүргізіледі. Берілетін сұрақтарды, танымдық деңгейлік тапсырмаларды слайд түрінде дайындап, орындауына уақыт беріледі. Өзін – өзі тексеру мақсатында келесі слайдқа дұрыс жауаптары жазылады. Мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді.
Қайталау сабағы. Мұндай сабақтарда мұғалімге ақпарттың көптігі проблема туғызады. Өйткені тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу, толықтыру, кемшіліктерді жою өзіндік шеберлікті қажет етеді. Осы тұрғыда мультимедиалық прзентация, компьютерлік бағдарламамен құрастырылған тест, оқушы білімін есепке алуда үлкен мүмкіндіктер ашады.
Оқушы білімін бақылау сабағы. Бақылау жұмыстарының бірнеше нұсқасы оқушыларға интерактивті тақтада ұсынылады. Оқушы қалауы бойынша нұсқаны таңдап, өз бетінше орындайды. Нұсқаның көптігі білімді бақылауда «бағаның» объективті және шынайы болуына септігін тигізеді.
Білімді дәстүрлі бақылаумен бағалаудан компьтермен бағалаудың артықшылықтары бар:
-
Бағалаудың объективтілігі артады, -
Оқушы өз қателіктерін көреді; -
Баға жұмыстың соңында ғана емес, әр тапсырма немесе сұрақтан кейін де көрсетіледі; -
Бағалауға аз уақыт кетеді.[37]
Қорыта келгенде ақпарат құралдарын және ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың бірнеше артықшылығы бар:
— оқушылардың танымдық мүмкіншілігін өсіреді;
— оқу үрдісінде оқушының қатысуы оның ойлау қабілеті мен ынтасын арттырады;
— оқушы өмірдегі химиялық құбылыстарды, процестерді өзінше бағалауға бейімдейді;