Файл: Алгыев Куан Сяхетгулыевич Химияны аылшын тілінде оытуды ерекшелігі Дстрлі жне жаа технология сабатастыы.docx
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 328
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зияткерлік мектерде үш тілде оқытудың әдіс – тәсілдері:
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар тілді дамытуды қамтиды, яғни тілдік емес пән мұғалім тек пәннің мазмұнына ғана жауап бермейді, сонымен қатар, сол пән арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады.Екі мақсатқа бірдей жетуге болады: пән екінші немесе үшінші тіл арқылы оқытылады және де пәндерді меңгеру арқылы ғылыми тіл дамиды.[25]
CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқа оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзжетткізуге болады. Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі мұғалімнен сабақтың өтілуіне байланысты жаңа тәсілді талап етеді.
CLIL әдістемесін әртүрлі жастағы оқушыларға олардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау арқылы қолдануды жүргізуге болады.
CLIL принциптері мен қызметі:[26]
Екінші тілді оқыту төрт дағдыға негізделеді :
-
Тыңдалым -
Оқылым -
Жазалым -
Айталым
Мұғалім оқу материалын берерде, жұмысты ұйымдастырғанда түрлі формаларды қолдануы, оқушының шығармашылық және жеке іс-әрекетіне назар аударуы қажет. Бұл оқушының пәнді оқуына деген қызығушылығы мен ынтасын оятары сөзсіз.
Мұғалім кәсіби даму мақсатын оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру негізінде ала отырып, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру барысында әртүрлі формадағы тапсырмаларды дайындауды дағдыға айналдырады.
Әсіресе, карточкаға жазылған түрлі терминдерді сипаттау арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуы байқалады. Қандай да болмасын оқылып жатқан тақырыпқа байланысты тапсырма құрастыру кезінде әрдайым көмекші терминдер үлестіріліп немесе мұғалім қадағалап айтып отырса, оқушы жадында терминдердің жатталуы сөзсіз, әрі оқушы осы пән бойынша өз ойын академиялық тілмен жеткізетін болады.
Қазіргі таңда пән мен тілді кіріктіріп оқытуда көптеген стратегияларды ұсынуға болады. Солардың ішінде "Скаффолдинг" (мәтіндік тапсырманың бейімделу әдістері), Топтық оқыту (Теam teaching), Translanguage және т.б.
Пән мен тілді кірістіре (CLIL) кіріктіріп оқыту әдістемесі елімізге білімі мен мәдениеті дамыған елдердің тәжірибесінен өтіп келген әдістеме болып саналады. Білімі көшті бастап тұрған мемлекеттермен тәжірбие алмасу біздің ел үшін қазіргі жаһандану заманында бәсекеге түсу үшін ең қажетті мүмкіндіктердің бірі. Біздің елімізде енді тәжірибеден өтіп жатырса, басқа мемлекеттер бұл әдіске бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізіп, талдау, тұжырым жасап қойған. Талдау нәтижесі де бұл әдістеменің екі тілде сабақ беруде ең қажетті тәсіл екенін дәлелдеп отып. Мысал келтіріп өтсек.
2.2 Химия пәнін жаңартылған білім беру жағдайында оқыту әдістемесі
Қазіргі тұлға әр түрдегі және түрлі сападағы ақпараты артығымен мол ақпараттық қоғамда өмір сүруде. Осы жағдайда білім беру жүйесінің алдында құзырлы, белсенді және жеке шығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу міндеттері тұр.
Мұндай міндетті шешу педагогтан ерекше, басқа бағытты талап етеді. Мұғалім қазіргі кезеңде, оқушылар үшін жеке тұлғалық мәні бар нақты мәселелерді шешу шеңберінде, оларға мектепте іс-әрекет жасау тәжірибесін алуға мүмкіндіктер жасауда қабілетті болуы тиіс. Бұл жеке тұлғаның ойдағыдай әлеуметтенуіне ғана емес, сонымен қатар, өзінен өзі шыңдалуына да мүмкіндік туғызады, өйткені «білім құзырлығы, оқушының болашақтағы толыққанды өмірі үшін, оның іс-әрекетін моделдейді». Бұл болашақта оқушыға ақпараттық бiлiм беру кеңiстiгінде оның еркiн бейімделуіне, өмірлік мәселелердi еркiн шешіп, қажет нәтижеге қол жеткізуіне мүмкiндiк бередi. [27]
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірідеп жастарды тәулік сайын түрленген техноголиялық дәуірдің қарқынынан қаймықпай, білім кеңістігінде мемлекет ұсынған мүмкіндіктерден құр қалмай, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қауқарлы болуында деп атап өтті.[28]
Бұл, технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестікті артты.[29]
Демек, білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталады:
құндылықтар:
- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
- жауапкершілік;
- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
- өмір бойы оқуға дайын болу.
дағдылар:
- сын тұрғысынан ойлау;
- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
- проблемаларды шешу қабілеті;
- ғылыми-зерттеу дағдылары;
- қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
- жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
- АКТ саласындағы дағдылар.[30]
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған «Химия» пәнінің оқу бағдарламаларынан көруге болады.
Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің білім беру бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
«Химия» пәнін оқыту басымдықтары оқу үдерісі мен оның нәтижесіне бағытталған мұғалімнің тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – білім беру бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.
«Химия» пәнінің білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
Негізгі және жалпы орта білім деңгейлерінде «Химия» пәні бойынша оқу мақсаттары бес бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер аясында топтастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, осы пәндер бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. [30]
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің«Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.
Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді білім беру бағдарламасы төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
- оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
- спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
- оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның мақсаты: пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- мұғалімдердің пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
- пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
- пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
Одан күтілетін оқу нәтижелері:
- мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
- мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді.[31]
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:
-
қалыптастырушы бағалау -
жиынтық бағалау
Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндк береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір) оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты.[32]