Файл: Саба крнекілігі ауіпсіздік ережесі жазылан плакаттар. Слайд шоу.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 443
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.
Сабақ мақсаты: а) Ақпарат тасуыштар жөнінде түсінік беру. Дискжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру.
Б) Ақпарат тасуыштардың қолданылу мақсатын, түрлерін, негізгі параметрлерін түсіндіру.
В) Оқушыларды құрылғылармен жете таныстырып, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Плакаттар
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.
Сұрақтар:
-
Маустар қалайша жіктеледі? -
Трекбол деген не? -
Пенмаус деген не? -
Компьютерлік ойындарда қандай манипуляторлар қолданылады? -
Графикалық ақпараттарды компьютер жадына енгізу үшін не қолданылады? -
Принтердің қандай түрлері бар?
Жаңа сабақ Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.
Сендер өткен сабақтан білесіңдер компьютер жады не үшін қолданылады? Әрине ақпаратты сақтау үшін. Компьютер жады екіге бөлінеді. Сыртқы және ішкі. Сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға, ал ішкі жады уақытша сақтауға қолданылады. Ішкі жадының өзі жедел (ЖЖҚ) және тұрақты (ТЖҚ) болып бөлінеді. Жедел жадыдағы ақпарат компьютер өшкендк тазарып отырады. Ал ТЖҚ-дағы ақпарат өзгертілмейді және үстіне жазылмайды. Онда прораммалық және анықтамалық ақпараттар компьютерді шығарған жерде жазылып жіберіледі.
Ал сыртқы жады мынадай тасуыштарда орналасады: магниттік дис, магнитттік таспа, лазерлік диск.
Магниті дискілерге қатқыл диск (винчестер) мен иілгіш диск (дискета) жатады.
Схема тақтада көрнекі түрде ілінеді.
Сұрақ: Адамның ішкі және сыртқы жадын компьютер жадымен салыстырып оқушылардан айтып шығу сұралады.
Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер).
Иілгіш диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагнитттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған.
Құрылымы: Тығыздығы жоғары идентификатор, Жазудан қорғау терезесі (ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан сақтауға арналған) , Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі (қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін),
Дискет таңбашасы (дискет мазмұнын жазып қоюға арналған).
Иілгіш дискіден оқу және жазу үшін дискжетек қолданылады. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге тасужәне сақтау үшін қолданылады. Қазіргі кезде үшдюймді дискжетектер 1,44/2,88 МБ жазуға мүмкіндік береді. Дискетаны бірінші рет қолданар алдында оны форматтау керек. Бұл арнайы программа көмегімен орындалады. Кейбір өндірушілер дискетті форматтап шығарады.
Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер - бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу-жазу механизмінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы.Қатқыл магнитті дискілерде бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті юастиектер мен дискілердің механикалық түсйісуі мүмкін емес. Жинақтауыштың электромагниттік бөлігі шаң тимеуі үшін, герметикалық корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылған және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.
Магнитті дискіде ақпараттар магниттік бетке, концентрлік шеңбер тәрізді жолдарға орналасады.
Яғни жолшықтар дегеніміз – бұл концентрлі шеңберлер, онда ақпарат орналасады.
Радиусы бірдей жолшықтар дискінің екі жағында орналсады да, цилиндр деп аталатын деректер аймағын құрайды.
Жол нөлден бастап нөмірленеді. Әр жолда ақпарат порция түрінде сақталады. Әр жолдағы порция саны бірдей болады. Әр түрлі жолдардағы бірдей нөмірлі мәліметтер жиыны сектор деп аталады.
Компакт – дискілер – металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небары 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 700 МБ ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін қорғайтын арнайы қаығы жоқ, сондықтан оларды арнайы орауышта сақтайды.
Оның негізгі бөлігі шағылдырушы қабат, оның асты түссіз пластикпен жабылған, желіді қабат үстіне жабылып оған түрлі-түсті суретпен түссіз пластик жабылған.
Компакт дискілердегі ақпаратты оқу үшін арнаййы дискжетектер CD-ROM қолданылады. Олар сонымен бірге аудио компакт дискілерді де ойната алады. Қазіргі таңда тек оқып қана қоймай лазерлік дискілерге жаза алатын да дискжетектер қолданылады.
Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға кесте мен кроссворд беріледі.
Компьютердің жад құрылғысының әрқайсысы қолданылуы мүмкін жерге «+» таңбасын қой.
Жад құрылғысы | Компьютерде қолданылуы мүмкін | ||
Жазу үшін | Оқу үшін | Ақпаратты компьютерден компьютерге тасу үшін | |
Жедел жад | + | + | |
Қатқыл диск | + | + | |
Дискет | + | + | + |
ТЖҚ-ның микросхемасы | | + | |
Компакт-диск | + | + | |
Кроссворд
| | | | | | | | 1 | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | в | | | | | | | | | | | |
| | | | 3 | | 2 | д | и | с | п | л | е | й | | | | | | |
| | | | ж | | | | н | | | | | 4 | | | | | | |
| | | | а | | | | ч | | | | | ж | | | | | | |
| | | 5 | д | и | с | к | е | т | а | 6 | | о | | | | | | |
| | | | | | | | с | | | к | | л | | | | | | |
| | | | 7 | б | а | й | т | | | о | 8 | ш | и | н | а | | | |
| | | | | | 10 | | е | | | н | | ы | | | | | | |
| | | | | 9 | п | е | р | н | е | т | а | қ | т | а | | | | |
| | | | 11 | | р | | | | | р | | | | 13 | | | | |
| | | | т | | и | | 12 | п | р | о | ц | е | с | с | о | р | | |
| | 14 | | р | | н | | | | | л | | | | е | | | | |
| | п | | е | | т | | | | | л | | 15 | с | к | а | н | е | р |
16 | д | и | с | к | ж | е | т | е | к | | е | | | | т | | | | |
| | к | | б | | р | | | | | р | | | | о | | | | |
| | с | | о | | | | | | | | | | | р | | | | |
| | е | | л | | | | | | | | | | | | | | | |
| | л | | | | | | | | | | | | | | | | | |
| | ь | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Тігінен:
1. Қатқыл диск
3. Ақпаратты сақтайтын құрылғы.
4. Бір шеңберде орналасқан және байтарды сақтауға арналған диск бөлігі.
6. Компьютердің бөлек құрылғыларының арасында деректер беруді бақылайтын микросхема.
10. Басу құрылғысы.
11. Қол манипуляторы.
13. Әр түрлі жолшықтағы бірдей номерлері бар деректер жиыны.
14. Монитор экранындағы бір нүкте.
Көлденеңінен:
2. Компьютердің экранына ақпарат шығару құрылғысы.
5. Иілгіш диск.
7. Сегіз биттен тұратын топ.
8. Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын негізгі кеңарна (магистраль).
9. Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы.
12. Компьютер «миы».
15. Компьютер жадына графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
16. Иілгіш дискілермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Классы: | | | | |
Күні: | | | | |
Тақырыбы: Windows басқару элементтері. Жұмыс столы. Маус типті манипулятор. Windows оқулығы. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. Пуск батырмасының функциялары.
Сабақ мақсаты: а) Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс столымен, обьектілер мен басқару элементтерімен таныстыру.
Б) Есептер тақтасын, бас менюді жұмыста қолдануға үйрету. Маус манипуляторын меңгерту.
В) Компьютерді сауатты қолдануға, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Плакаттар
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.
Сұрақтар:
-
Компьютер жады не үшін қажет? -
Ішкі жад қалай жіктеледі? -
Сыртқы жад не үшін керек? -
Қандай магнитті дискілерді білесің? -
Иілгіш дискінің құрылысы мен арналуы қандай? -
Қатқыл дискінің құрылысы мен арналуы қандай? -
Жолшық дегеніміз не? -
Цилиндр дегеніміз не? -
Сектор дегеніміз не? -
Дискжетек қандай құрылғы? -
Лазерлік дискіден оқу үшін қандай диискжетек қолданылады?
Жаңа сабақ: Windows басқару элементтері. Жұмыс столы. Маус типті манипулятор. Windows оқулығы. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. Пуск батырмасының функциялары.
Windows типті ОЖ-сін оқып үйренуді бастаймыз.
Алдымен ОЖ-нің негізгі міндеттерін еске түсірелік.
-
Барлық құрылғылардың жұмысын басқару -
Барлық программаларды іске қосу. -
Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынасты ұйымдастыру.
Компьютермен жұмыс істеу – оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады.
Алдымен ОЖ-мен жұмыс бастау үшін компьютерді іске қосу керек.
Компьютерді іске қосу үшін:
Іске қосу батырмасын басамыз. Компьютердің құрылғыларының жұмысқа қабілеттіліг тексеріліп, алғашқы жүктеу процесі өтеді. ОЖ-ге белгілі бір қолданушы атымен кіреміз. Енді осыдан кейін ғана компьютер жұмыс жасауға дайын болады.
Компьютермен жұмысты аяқтау үшін:
Жұмыс жасап тұрған барлық программаларды жабамыз. Пуск-Выключить компьютер командасын орындаймыз. Компьютер автоматты түрде сөнеді.
Ескерту: компьютерді сөнгеннен соң қайта қосу үшін немесе керісінше жағдайда кем дегенде 1 минут уақыт өтуі тиіс.
Windows типті ОЖ – графикалық жүйе, болып табылатындықтан, оның негізгі обьектілері терезе мен белгіше түрінде бейнеленеді.
Мұнда обьектілер негізінен маус арқылы басқарылады. Маус көмегімен обьектілерді жылжытуға, көшіруге, қосуға, созуға, ашуға, жабуға .т.с.с. әрекеттерді жасауға болады.
Бұл әрекетреді жасау үшін маусты басқаруды үйрену керек. Маустың сол жақ батырмасы негізгі, оң жағы қосымша батырма.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 14