Файл: 6_Лекционный комплекс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.11.2019

Просмотров: 2458

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жобаның ортақ тақырыбы мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі керек.

Жобаны жүргізуге уақытты қалай табуға болады. Ең алдымен, жоба формасында қайталауды, әсіресе оқу жылы соңында жалпылама қайталауды ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар, информатикада жобамен жұмыс жасаудың жаңа материалды оқумен қатар сәтті жүретін бөлімдер де бар. Мысалы, "есептерді компьютерде шешудің кезеңдері", "Үлгілеу және Есептеуіш эксперимент" және т.б..

Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі. Ең дұрысы, егер оқушылар есептің қойылымын анықтауды өз бетінше жүргізсе. Ол үшін мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті.

Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барысында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты өткізу формасы классикалық семинар болу міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп беру қарастырылса, онда оған қойылатын талаптар алдын ала құрылады. Жобалардың көпшілік алдында қорғалуы емтиханды өткізу формасы да болуы мүмкін.

Ұзақ жоба үшін ортақ баға келесі локальды бағалардың қосындысынан шығады: жобалық жұмыстың сапасы, жазбаша есеп берудің сапасы, көпшілік алдында қорғаудың бағасы.

Оқушылардың көпшілігіне мұндай жұмыс формасы ұнайды, ол оқушылардың мотивациясын және алған бағаларының сапасын арттырады.

Орындалған жобалардың кейбір тақырыптары: «кішкентай жолдастарға арналған компьютерлік оқулық» (мақсаты – жай ғана оқу бағдарламасына сәйкес жазу емес, сондай-ақ басқалар үшін де маңызды өнім құру ), "Әлеуметтік сауалнама" (үлкен ақпарат көлемін өңдеу есептерін шығару кезінде информатиканың әдістерін қолдану), "Болашақтың компьютері" (мини-жобаның «Компьютерлік көрме» ойынымен үйлесімділік мысалы)».

Жобалар әдісі оқытудың топтық формаларымен сәйкес келеді, бұл әдіс әрқашан қандай да бір мәселенің шешімін болжайды.

Информатикадағы жобалар әдісі есептің шешімін табудың жүйелік тәсілінің дағдыларын қалыптастырумен, жұмыс үрдісі кезінде тәуелсіздігінің артуымен және мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас стилін орнатумен сипатталады.

Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:

  1. Демонстрациялық жобалау;

  2. Зерттеушілік жобалау;

  3. Шығармашылық жобалау;

  4. Рольді – ойындық жобалау;

  5. Ақпараттық жобалау;

  6. Үйретуші жобалау;

  7. Моножобалау;

  8. Пәнаралық жобалау;

  9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;

  10. Қысқа мерзімді жобалау;

  11. Ойын жобалауы.


Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық бұл - жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін емес.

Жобалау мен басқару. Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді. Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім алу үрдісін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түрде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады.

Жобалау мен даму. Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты, отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып табылады.

Жобалаудың құрылымы:

- нақты нәтиже шығару жобасы;

- нақты мәселенің талдауы;

- нақты уақыт белгілеу;

- жұмыс жүргізу жобасы;

- нәтиже шығару.

Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей:

- Оқыту жобасының классификациясын таңдау;

- Жоба презентациясын дайындау;

- Жобаға баға беру критериилерін айқындау;

- Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру;

- Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау.

Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері :

Іздеу кезеңі:

- Мәселені іздеу және талдау.
- Жоба тақырыбын таңдау.
- Кезеңдер  бойынша  жобалау іс-әрекетін жоспарлау.
- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.

Конструкторлық кезеңі:

- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.  
- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.
- Дайындау технологиясын таңдау.
- Экономикалық баға беру.
- Экологиялық сараптама жасау.
- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.

Технологиялық кезең:

- Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.
- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.
- Сапаға ағымдық бақылау жасау.
- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.

Қорытынды кезең:


- Жобаның орындалуының сапалық бағасы.
- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.
- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау).

Демонстрациялық жобалау – демонстрациялаушы жоба көп жағдайда оқушылардың фантазиясына байланысты құрылады. Оларды орындау нәтижесінде қандай да бір демонстрациялаушы бағдарлама алынуы керек. Мысал ретінде «Сағат», «Светофор», «Айналу денелері», «Сөзжұмбақ», «Фраза», «Караоке», «Жарнама», «Ауа райы», «Музыкалық үзіліс» және т.б. алуға болады.

Үйретуші жобалау – бұндай жобалау оқушыға жаңа білімдерді өз бетінше әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Мысалы «Рим цифрлары», «Жазба кітапшасы», «Тест», «Магиялық квадрат», «Көбейту кестесі», «Европа елдері» және т.б.

Қорыта айтатын болсақ, жобалау әдісі - бұл оқу жүйесі, оқу үрдісінің ұйымдастырылған моделі, ол оқушылардың интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін жаңа жобаларды құру үрдісінде шығармашылық қабілеттерін дамыту жолымен өзіндік тұлғаны жүзеге асыруға бағытталған.

Теориялық тұрғыдан жобалау - белгілі бір мәселенің өзгеруі, дамуы деп танимыз. Жобаның құрылымы мәселенің талдауынан басталып, оны шешіп нәтижесіне жету үшін жасалатын қадамдардың жобалауынан тұрады. Жобалау жұмысында ой өрісінің дамуы, критикалық ойлау, креативтілік, сонымен қатар мәселелерді шешу қабілеті пайда болады.

Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды.

Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері.

Информатика мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойылатын негізгі талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру - мұғалімнің жұмыстарының өнімділігін күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі сабақ ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады, ол үшін мынандай талаптарды естен шығармау қажет:

- мұғалімнен не талап етіледі;

- іске асырылу шаралары қалай және қандай жолмен мүмкін болады.

Педагогикалық әрекеттерге қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне (ғылыми принцип, мұғалімнің материалды жүйелі түрде бере алу принципі, оқытудағы көрнекілік принципі, информатика сабағындағы тәрбиелеу принципі) сәйкестігін талдамас бұрын мыналарға ерекше көңіл бөлу керек: информатика қарастыратын проблемалардың көптігі сонша ма, тіпті компьютерлік техниканы қарастырумен қатар, білімнің физика, химия, биология, әдебиет сияқты бөлімдерінің проблемаларын да қарастыруға тура келеді. Себебі, информатика - басқа білім салаларын интегралдайтын білімнің мүлдем жаңа саласы болып табылады.


Информатика - басқа пәндердің де дамытылуын қамтамасыз ете алатын іргелі, әрі маңызды пән. Ол басқа пәндерде берілетін білімді бір ортаға жинақтап. сұрыптап, оларға жаңа мән беріп, әлемдегі болып жатқан үрдістер мен құбылыстарды жаңаша жүйелі түрде оқып білуіне, терең түсінуіне мүмкіндік береді. Информатика пәні - жаңа деңгейдегі және сапасы жағынан өзгеше пән болуы тиіс. Басқаша айтсақ "информатика - компьютердің көмегімен ақпаратты өзгерту және қолдана алу үрдістерімен байланысты адамзат әрекеттерінің бір бөлігі" (профессор Н.М.Макарова).

Информатика пәні мұғалімдерінің педагогикалық әрекеттеріне қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне сәйкестілігі мыналардан түрады:

- мұғалімнің материалды берудегі ғылыми және жүйелілік принциптері;

- оқытудағы көрнекілік принциптері;

- информатика сабағындагы тәрбиелей оқытудың принциптері.

Дидактика принциптері – сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің және оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары. Кейбір принциптерді білу кейбір білмейтін принциптердің орнын оңай толтырады. (Гельвеций К.). Бұл принциптердің нақтылы ұғымының өрнектелуін информатиканы оқыту контексінде қарастырайық.

1) Ғылыми принцип бойынша (С.И. Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс): "Барлық хабарланатын оқу мәліметтері қазіргі алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктеріне толығымен сәйкес келуі керек", яғни, мұғалім берілетін (оқытылатын) материалдың дәлдігіне, шындылығына және нақтылығына ерекше көңіл бөлуі тиіс, материалдың мазмұнын, ғылыми ұғымдардың ұқыпты түрде іріктелуі қажет. Ғылыми принципін сақтау, білім беру мазмұнында осы облыстағы жаңа жетістіктерінің қамтылуын қажет етеді. Мысалы, «Электрондық кестелердің мүмкіндіктері» тақырыбын қарастырған кезде ғылыми принципін сақтау есебінде оқушыларды “Microsoft Exсel” бағдарламасымен іс жүзінде таныстыруға болады, себебі бұл бағдарлама қазіргі уақытта электрондық кестелер тобының ең кең қолданылатын әрі ең жетілдірілген түрі. Оқытудың ғылыми негізі сол сияқты оқыту әдістемесінің дәл бүгінгі таңда сәйкестігін де білдіреді. Бұл информатикаға қолданғанда ең алдымен модельдеу, оқушылардың зерттеу қызметін білдіреді. Оқу үрдісін ұйымдастырудың ғылыми негізінің тағы бір мысалы ретінде компьютерлік тестілеуді айтуға болады.

2) 0қудың жүйелілік принципі (М.И. Скаткиннің сөздері бойынша) "ұғымдар мен пән бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстылығын және өзара алмаса алуын құрастыра алуында", яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) оқушылар бұрын өтіп кеткен материалды терең түсінуінен.

3) Басқа пәндерден информатиканың өзгешілігі - ол білімнің жеңіл, жаттанды түрде ұғынылуын қабылдамайды. Яғни бұл жерде әрбір оқушының және тұтас сыныптың білімді белсенді және саналы түрде ұғыну принципінің маңызы зор. Бұл принципті іске асыру - оқыту барысында жекелік деңгейін арттыратын әдістерді қолданған кезде ғана мүмкін, мысал ретінде әрбір оқушының жеке өзі бір компыотерде жұмыс істеген кездерін келтіруге болады.


4) Оқытудың көрнекілік принципінің қағидасы бойынша білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының және көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тәжірибесі негізінде ғана қалыптасуы мүмкін, яғни объектілер мен құбылыстарды саналы түрде қабылдау - мектеп қабырғасындағы танымның бастапқы қадамы болып табылады. Информатикадан жаңадан беріп жүрген жас мамандарда сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар аз, сол себептен көбірек қолдануға тырысу керек.

5) Тізбектілік және циклділік принциптері. Тізбектілік оқу материалының ұғымдардың логикалық тізбегі немесе қайталау материалдың бекітілу ретінде жүрілетін және ешқандай шеңберлері болмайтын ағаш ретінде берілуін білдіреді. Информатикада тек қана тізбектілік принципін қолдану жеткіліксіз, тізбектілік циклділік формасында жүзеге асырылуға тиісті. Бұл ұғымдардың барлық жаңа контекстерімен байытылып қайталанатындығын білдіреді. Егер өзге пәндер үшін бұл қалаулы жол болса, информатика үшін бірден-бір мүмкін жол болып табылады. Ол бәрінен бұрын информатика мазмұнын сипаттайтын күшті ішкі пәнаралық байланыстан туындайды. Циклді формада материалды тізбектей беру мысалы ретінде информатиканың календарлық (күнтізбектік) жоспарының үзіндісін келтіруге болады:

1-ші мысал: 8 сынып. ЭЕМ құрылысы.

Компьютермен танысу. Мүмкіндіктерін көрсету. Құрылғыларының қызметі.

10 сынып. ЭЕМ аппараттық қамтылуы. Кеңейтілген түсінік.

2-ші мысал: 9 сынып.  Алгоритімдеу және бағдарламалау.

1-ші тақырып        Алгоритімдер типтері: сызықтық, тармақталған, циклдік.

2-ші тақырып        Циклдік алгоритімдерді бағдарламалау. Циклдер түрлері. Циклдерді құру операторлары.

6) Тәрбиелей оқыту принциптерідидактикадағы оқыту мен тәрбиелеудің арасындағы тығыз байланыстылықты қамтиды. Әдетте тәрбиелік әсер оқу үрдісі кезінде пайда болып, оқушының өзіндік қасиеттері дәл сол кезде қалыптасады. Бұл принцип дидактикалық барлық принциптерін біріктіреді. Принципті іске асыру -мұғалімнің өзінің жеке қасиеттеріне, жеке тұлғасының сапалылығына байланысты екендігі әр мұғалімнің есте сақтағаны дұрыс.

Осы айтылған принциптердің бәрін информатиканы оқытуда қолдану оны тереңірек түсініп, тек жеке сабақ емес, іргелі, басқа пәндерімен тығыз байланысты пән ретінде қалыптастырады. Қазіргі кезде информатика мұғалімі өз сабағына бұрынғыдай тек математика, физика мысалдарын ғана емес тарих, биология, анатомия сабақтарынан да суреттер, үзінділер, анимациялық (қозғалыстағы) элементтер келтіру арқылы компьютер ерекшелігінде және мысал ретінде қолданылған пән ерекшелігінде жақсы түсіндіруге болады.


Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту әдістерімен принциптері.

  2. Орта сыныптарда информатиканы оқыту әдістері.

  3. Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту әдістерін тиімді қолдану.