ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 317
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
1.Геоморфология туралы түсінік.
3.Рельефтің пайда болуының негізгі энергия көздері
1.Планетарлық рельефтің негізгі элементтері (материктер, мұхиттық ойпаттар)
2.Материктермен мұхиттардың орналасу заңдылықтары.
1.Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясы.
1.Жазықтар мен таулардағы мұзбен қардың рельеф түзуші ролі.
3.Мұз аккумуляциясы еріген мұз сулары жасаған рельеф формалары
Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларын ата.
1.Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестері.
Мақсаты: Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестерімен танысу.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Термокарстының қалыптасуын түсіндір.
Г е о м о р ф о л о г и я
5.ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ.
№ 1 дәріс
Тақырып: Кіріспе
Дәрістің мазмұны
1.Геоморфология туралы түсінік.
2.Геоморфологияның ғылым ретінде қалыптасуы.
Мақсаты:Геоморфология ғылымының зерттеу объектісімен танысу.
Тірек сөздер: литосфера, геоморфология,
Негізгі сұрақтар: Геоморфология дегенді қалай түсінесің?
Геоморфология пәнінің геология пәнінен айырмашылығы қандай?
Геоморфология – (грек сөзі гео-жер, морфо - пішін, логос –ілім) жер бедері туралы ғылым. Ол теңіз, мұхит суы астындағы және жер бетіндегі бедер пішіндерінің құрлымын (морфологиясын), өлшемдерін (морфометриясын), жасын және түзілу тарихымен қазіргі динамикасын, таралу заңдылықтарын зерттейді.
Геоморфологияның негізгі нысаны – жер бетінің қазіргі бедері мен оның даму тарихы. Жер бетінің бедері – ол әртүрлі пішіндердің жиынтығы, ол таулар, жазықтар, қыртаттар мен шатқалдар, төбелер т.б. Оларға үнемі табиғаттағы сыртқы (экзогендік) және ішкі (эндогендік) күштер әсерлерін тигізіп отырады, сондықтан бедер пішіндерін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамы мен қасиеттерін және оған әсер ететін геологиялық процестерді біліп алып, зерттеу қажет.
Геоморфологияның негізгі міндеті – рельефтің географиялық компоненттерінің бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы, рельеф өзі ғана өзгеріп қоймай ол табиғатқа, оның дамуына да әсер етеді. Жер қыртысы атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан геоморфология геология, тектоника, климатология, геоботаника, топырақтану т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
Геоморфология “жалпы” және “региональдық” болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология – рельефтің пайда болуы мен даму заңдылықтарын барлық геоморфологиялық комплекс тұрғысынан кең көлемде қарайды. Региональдық геоморфология – нақты аймақтар бедерін құрлықтың, мұхиттың т.б. рельефтің құрлымын зерттейді.
Геоморфологияның мақсаты:
1 - жер бедерін жан-жақты зерттеу және оның пішіндерін талдау
2 – бедер пішіндерінің морфологиялық жиынтығын, олардың өзара байланысын анықтау
3 – бедер жасауға қатысқан эндогендік және экзогендік геологиялық процестерді анықтау және географиялық факторлардың әсерін айқындау, яғни жер бедерінің генезисін анықтап, классификациялау
4 – жер бедерінің даму тарихын анықтау
5 – жер бедерінің практикалық мәнін бағалау, оның дамуын болжау.
Геоморфологиялық карта – жер бетінің рельефінің оның морфологиясы, пайда болуы және жасы бойынша сипатталатын карта. Геоморфолгиялық картаның мынадай түрлері бар:
1.жалпы геоморфолгиялық карта – кең мазмұнды болады.
2.жеке геоморфологиялық карта – жеке белгілер бойынша жасалады.
3.арнаулы геоморфологиялық карта – арнаулы ғылыми және шаруашылық міндеттерді (жол құрлысы, кен байлығын іздеу, гидротехникалық құрлыста, т.б.) шешу үшін қолданады.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Геоморфологияның мақсатымен міндеті қандай?
Геоморфологияның қандай салалары бар?
Геоморфологиялық карта нені зерттейді?
Ұсынылған әдебиеттер:1,2,7.9
№ 2 дәріс
Тақырып: Литосфера жер бетінің рельефі
Дәрістің мазмұны
1.Литосфера туралы түсінік.
2.Рельеф, рельеф формалары, рельеф типтері ұғымдары.
3.Рельефтің пайда болуының негізгі энергия көздері
Мақсаты: Литосфералық түсінікті кеңейту, рельеф формаларын, типтерін анықтау.
Тірек сөздер: ашық, тұйық, оң және теріс формалар.
Негізгі сұрақтар:Литосфера деп нені айтады?
Рельеф дегеніміз не және оның қандай формалары бар?
Рельеф пайда болуының қандай негізгі процестерін білесің?
1.Литосфера – жердің қатты тас қабығы (гректің lithos-тас, sphaira –шар деген сөздерінен шыққан), географиялық қабық компоненттерінің бірі. Литосфера жер қабығын зерттеп қана қоймайды, ол мантиядан астеносфераға дейінгі қабатты да қамтиды. Литосфераны жер денесінің қатты бөлігі ретінде оның заттық құрамын, құрлысын, шығу тегін және дамуын геология зерттейді, ал жердің сыртқы қабығын географиялық қабықтың компоненті физикалық география зерттейді.
2.Рельеф – жер бетінің горизонтальды вертикальды тілімделген формалары, яғни қыраттар мен ойпаттар, таулармен жазықтар жиынтығы. Рельеф формаларын оң және теріс деп бөледі. Теңіз деңгейінен жоғары орналасқан рельеф формалары оң, ал теңіз деңгейінен төмен орналасқан рельеф формаларын теріс деп атайды. Бұдан басқа рельеф формаларын ашық және тұйық деп те бөледі. Әрбір аймақтың рельеф формасы геологиялық құрлысына, эндогендік және экзогендік процестердің басым болуына, оның ұзақ уақыт әсер етуіне байланысты бедер пішіндерінің мөлшеріне қарай төмендегідей формаларға бөлінеді:
1.Планетарлық формаларға аудандары бірнеше жүздеген мың және бірнеше миллиондаған шаршы километр территорияны алатын қыртыстарды жатқызады. Мысалы: жер беті ауданы – 510 млн.км²; материктер, мұхит түбі бедері т.б..
2.Мегаформалар ауданы бірнеше жүздеген және ондаған шаршы километр территоияны қамтиды. Мысалы: Гималай, Каспий маңы ойпаты, Кариб теңізі т.б..
3.Макроформалар мегаформаның құрамдас бөлігі, ауданы бірнеше ондаған мың немесе одан да кіші территориялар, оған таулы аймақтың жеке қыраттары, ойыс жерлер жатады. Мысалы: Іле Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатау, Ыстық көл ойысы.
4.Мезоформалар ауданы бірнеше шаршы километрден бірнеше ондық шаршы километрге дейін жетеді. Бұларға жоталар, бұлақ бойы, жыралар, сайлар т.б. жатады.
5.Микроформаларға ұсақ, кішігірім кедір- бұдырлы пішіндер жатады. Мысалы: карст варонкасы, эрозиялық жыра, ұсақ құм төбелер.
6.Наноформаларға өте ұсақ қыртыстар жатады. Мысалы: кеміргіштер індері, төбешіктер, шоқалақтар, жануарлардың іздері.
3.Рельеф (жер бедері) – жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімденген формалары, яғни қыраттар мен ойпаттар, таулар мен жазықтар жиынтығы. Ол эндогендік және экзогендік процестердің әрекеттерімен түзіліп, өзгеріп отырады. Эндогендік процесс – жердің мантия қабатының ішкі күштері салдарынан туатын процестер. Эндогендік процестерге тау жарылу, жер сілкіну, вулкан атқылау сияқты тектоникалық құбылыстар жатады. Экзогендік процесс – жер бетінде жер қыртысының беткі қабаттарында өтіп жататын алуан түрлі процестер. Экзогендік процестер күн энергиясынан қуат алады: бұған тау жыныстарының үгілуі, жел, су, мұздық, су толқыны, адам әрекеті жатады. Эндогенді күштердің әсерінен жердің бір шеті көтеріледі, екінші жері төмен түседі, ал экзогенді күштер тауларды мүжиді, ойыс жерлерді тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және әр жерде әртүрлі уақытта болады. Рельефтің қай бағытта дамуы (төменнен жоғары немесе керісінше) оның түріне, ерекшелігіне сол жердің қасиетіне байланысты. Рельеф түзуші факторларға эндогенді және экзогенді факторлардан басқа тау жыныстарының заттық құрамы, геологиялық құрлымы, климаттық жағдайда өз әсерін тигізеді. Тау жыныстарының заттық құрамына беріктілік, өткізгіштік, бұзылушылық, тотығу қасаиеттеріне қарай бөлінеді.Мысалы: тау жыныстары желге төзімді болғанымен, тұрақты су ағындарына төзімді емес. Бұзылу интенсивтілігі жыныстың физикалық-химиялық қасиетіне және физико-географиялық жағдайына байланысты жүреді. Мысалы: өткізгіштік дәрежесі (бос, кеуекті, жарықты болуы).Геологиялық құрлымының типтері денудациялық (сыртқы күштер әсерінен),горизонтальды (платформаның жоғарғы шөгінділеріне байланысты), моноклинальды жатыс (төзімді және төзімсіз қабаттардың кезектесуі) деп ажыратылады.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Рельеф формаларының қандай түрлерін білесің?
Рельефтің алып жатқан мөлшеріне байланысты бөлінуі?
Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9
№3 дәріс
Тақырып: Планетарлық рельеф
Дәрістің мазмұны
1.Планетарлық рельефтің негізгі элементтері (материктер, мұхиттық ойпаттар)
2.Материктермен мұхиттардың орналасу заңдылықтары.
3.Материктер мен мұхиттар аудандарының ара қатынас заңдылықтары.
Мақсаты:Планетарлық рельефпен танысу, оның элементтерінің орналасу заңдылығын білу.
Тірек сөздер:материктік, мұхиттық қабық, гипсографиялық қисық сызық, изостазия.
Негізгі сұрақтар:Материктік қабық құрлысы қандай?
Мұхиттық қабықтың құрлысының ерекшелігі қандай?
1.Планетарлық рельеф – Жердің ішкі күштері мен космостық күштердің әсерінен пайда болған планеталық масштабта тараған ең үлкен қыртыстар немесе геотектуралар. Сейсмикалық тереңдік бұрғылау нәтижесінде жер қыртысының материкпен мұхит астында құрлысы әртүрлі екендігі анықталды. Сондықтан жер қыртысын материктік және мұхиттық тип деп екіге бөледі.
Материктікқабық типі өте үлкен қалыңдықпен сипатталады, оның орташа қалыңдығы 35км.,тау астында 70км.. Материктік қабық 3 қабаттан тұрады: беткіқабаты – шөгінді қабат әртүрлі жыныстардан қалыптасқан, оның қалыңдығы 20 км. аралығында болады; оның астында гранит қабаты орналасады, ол қатты кристалданған жыныстардан түзілген, қалыңдығы 30-35 км.; гранит қабатынан мантияға дейін базальт қабаты орналасады, базальттың жыныстық құрамы белгісіз, қалыңдығы 15-20 км..
Мұхиттыққабық материктік қабықтан шұғыл ерекшеленеді, мұхит түбіндегі оның қалыңдығы 5-10 км. аралығында. Құрлысының өзіндік ерекшелігі бар: мұхиттық қабықта гранит қабаты болмайды, шөгінді қабат бірнеше метрден бірнеше километр аралығында; оның астында базальт лавасымен шөгіндіден тұратын ауыспалы қабат орналасады, бұл қабатта сейсмикалық толқындар үлкен жылдамдықпен тарала алады; ауыспалы қабат астында қалыңдығы 4-7 км-ге жететін базальт қабаты орналасады, ол габро, норит, базальт жыныстарынан құралған.
2.Планетарлық рельеф формалары белгілі реттілікпен орналасады: орталық жоталар, мұхит қазан шұңқырлары, терең шұңғымалар, арал доғалар, шеткі теңіздер, материк. Осы рельеф фориаларын 2 топқа бөлеміз: тұрақты және тұрақсыз. Тұрақты формаларға: орталық жоталар, мұхит қазан шұңқырлары, материктер; тұрақсыз формаларға: арал доғалар, терең шұңғымалар, шеткі теңіздер.
3.Жердің планетарлық рельефінде басты геотектуралары материктер мен мұхиттар аудандарының арасында мынадай арақатынас заңдылықтары бар: