Файл: Дрісті мазмны Геоморфология туралы тсінік.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 327

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Дәрістің мазмұны

1.Геоморфология туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны

1.Литосфера туралы түсінік.

3.Рельефтің пайда болуының негізгі энергия көздері

Дәрістің мазмұны

1.Планетарлық рельефтің негізгі элементтері (материктер, мұхиттық ойпаттар)

2.Материктермен мұхиттардың орналасу заңдылықтары.

Дәрістің мазмұны

Дәрістің мазмұны

Дәрістің мазмұны

Дәрістің мазмұны

1.Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясы.

Дәрістің мазмұны

1.Жазықтар мен таулардағы мұзбен қардың рельеф түзуші ролі.

3.Мұз аккумуляциясы еріген мұз сулары жасаған рельеф формалары

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларын ата.

1.Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестері.

Мақсаты: Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестерімен танысу.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Термокарстының қалыптасуын түсіндір.

Практикалық сабақ мазмұны

Әдебиет:

Әдебиет:



Қалқыма көшкіндерге – ұсақ көшкіндер жатады, 30см-1,5м дейінгі қалыңдықтағы жыныстарды қамтиды. Дамуындағы басты ерекшелігі жер бетінің беткі борпылдақ жынысымен баурай еңістігің 15º және одан жоғары болуы. Сондықтан нәтижесінде баурайдың етегінде төбелі микрорельеф қалыптасады.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Көшкіннің морфологиялық құрлысын түсіндір.

Көшкін рельеф формаларын ата.

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9
12 дәріс

Тақырып: Гляциальды – нивальды рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Жазықтар мен таулардағы мұзбен қардың рельеф түзуші ролі.


2.Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формалары.

3.Мұз аккумуляциясы еріген мұз сулары жасаған рельеф формалары


Мақсаты:Қар мен мұздың рельеф түзуші ролін анықтау.

Тірек сөздер:нивальды, гляциальды, хионосфера, абляция, осцилляция.

Негізгі сұрақтар:Қар мен мұз рельефтің қандай формасын түзеді?

Хионосфера қабаты қандай қабат?

1.Мұздың әрекетінен қалыптасатын түрлі геоморфологиялық процестерді гляциальды деп атайды, ал қардың әрекетіне байланысты процесті нивальды деп атайды. Осы процесс үшін басты жағдай мұздану процесі. Мұздық ұзақ уақыт жинақталу нәтижесінде пайда болады және хионосфера қабатында орналасады. Хионосфера – (грек тілінен chion –қар, cphaira –шар) атмосфераның бір қабаты, мұнда қар түріндегі жауын-шашын басым болып, үнемі қар мен мұз сақталады. Хионосфераның құрлықпен қилысқан жері – қар сызығын қалыптастырады. Қар сызығы экватордан полюстерге қарай өзгереді.Мысалы: экваторда Килиманджаро тауында –5500м, тропиктік белдеудегі қар сызығының төменгі шекарасы 6700м, Франц-Иосиф жері аралдарында –50м, полюстерде – теңіз деңгейімен бірдей.

Хионосфераның жоғарғы шекарасы 8-10 км-ден аспайды. Табиғи мұздардың екі типі бар:1. су мұзы – мұхит пен құрлық суы қатқанда пайда болады; 2. қар мұзы – қардың метаморфоз процесіне ұшырау әсерінен пайда болады. Қар бірнеше рет еріп, қайта қатуы нәтижесінде қиыршық қарға айналады. Оны фирн деп атайды. Осыдан әрі қарай мұз бөлшектері бір-біріне жабысып глетчерге айналады немесе оны құрлық мұздығы деп те атайды. Мұздық деп – атмосфералық жауын-шашыннан пайда болған мұз жиынтығын айтады. Мұздықтарды 2 негізгі типке бөледі:таулық және жабын. Таулық мұздықтар – тау бөктерінде, шыңдарында тараған. Таулық мұздықтардың қозғалысы ауырлық күшіне байланысты жоғарыдан төмен қарай баураймен жылжиды. Жабын мұздықтар – біонеше млн. км² ауданды алып жатады. Жабын мұздығының орталық бөлігі қалың болып келеді. Жабын мұздығының жалғасы ретінде ығып жүрген шельф мұздықтарын жатқызуға болады. Мысалы:Антарктида. Қазіргі кездегі мұздықтардың барлық типі 16млн.км² ауданды немесе құрлық бетінің 11% алады.

2. Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларына кар, карлинг, қой маңдай тастар, бұйра тастар, трогтар, цирктер жатады.

Кар – тау баурайларында кресло тәрізді аязды жел үрлеу нәтижесінде қалыптасатын рельеф формасы. Кардың қалыптасуы баурайда қардың жинақталып, кейін фирнге айналуынан болады. Кардың интенсивтілігі тау жынысының литологиялық құрамына байланысты. Карлар бір-бірімен жақын орналасып, біртіндеп кейін қосылады. Оларды фирн немесе кар даласы деп атайды. Кар даласында үгілмей қалған ұшты пирамидалы шыңдар пайда болады, оларды карлинг деп атайды. Мұздық әсерінен кристальды жыныстардан тұратын тау жынысы формасын өзгерткен түрге айналады. Оны қой маңдай тастар деп атайды. Мұндай баурайдың мұздыққа қараған жағы жайпақ, қажалған, керісінше қарам-қарсы жағы тік, бұдыр болып келеді. Қой маңдай тас ұзындығы бірнеше метрден бірнеше жүздеген метрге дейін, биіктігі 5 метрге жетеді.

Қар мен мұздың қиратушы әрекетіне қосымша судың қатысуымен жүретін рельеф формасының күрделі түрін түзетін астау тәрізді мұздық аңғар - трог (неміс сөзі астау мағынасын береді) қалыптасады. Мұздық жоқ кезінде трогпен өзендер ағады. Трог өзіндік көлденең қима құрлысына ие. Трог – көлденең қимасында формасы астау тәріздес болып келетін тік беткейлі, ойыс түпті аңғар.

3. Мұздың қиратушы әрекетінен кейін төселме бетте шеткі мореналардың жинақталуынан рельеф беті кедір - бұдырлы болады. Мұздықтардың еруінен аккумуляциялық формалар қалыптасады. Мұз аккумуляциялары жасаған рельеф формаларына мореналық төбелер, друмлиндер, кам, оз, аңғарлық қиыршық тасты алаңдар, қиыршық тасты жазықтар жатады. Мореналық жазықтарда төбелер арсында ең көп кездесетін форма камдар. Камдар – ассиметриялы, үсті тегіс емес күмбездер. Олардың биіктігі 10-20метр, құм қиыршық малта тастан түзілген. Камның пайда болу себебі: мореналар шөккен кезде, мұз ыдырап, мореналық материалдар күмбезге айналады. Аккумулятивті мұздық рельефтің келесі формасы – оздар. Оздар - сопақ, бөгетке ұқсас тар жалдар тәрізді. Олардың ұзындықтары бірнеше ондық километрге (30-40 км), ендері бірнеше ондаған метрге кейде 100 метрге дейін, биіктіктері 5-80 метрге дейін болады. Көлденең қимасы симметриялы, баурайы тік 40º бұрыш болып келеді. Оздар немесе сельга бұрынғы дәуірдегі мұздықтың қозғалған бағытында ирек сызық секілді созылып жатқан жіңішке бел немесе қырқа. Оздар құм, гравий және тас қабаттардан құралады. Оздардың жинақталған жерін озды далалар деп атайды. Мұздықтардың әрекетіне байланысты түзілген тағы да бір рельеф формасы – друмлиндер. Друмлиндер – ішкі ядросы флювиогляциялық құмдардан, сыртқы беті мореналық шөгінділерден немесе бұрынғы жыныстардан құралған ұзынша төбелер. Биіктігі 20-45 метр, ұзындығы 40-2500метрге дейін, ені 150-400 метрге дейін барады. Друмлиндер ескі мұздықтар дамыған облыстарда, көбінесе жазықтарда, тау етектеріндегі аудандарда кездеседі. Мысалы:Эстония, Кола, АҚШ, Ирландия. Друмлин беті моренадан, ортасы ядросы негізгі жыныстан тұрады.
Зандр – мореналық материалдың еріген сумен жуылып қайта шөккен материалдармен жабылған мұздықтардың шеті мен етегінде кездесетін жазық. Ежелгі мұздық суларының құм, тас шөгінділерінен құралған. Мысалы: Солтүстік теңіз жағалауы, Солтүстік Америкада кездеседі.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларын ата.


Мұз аккумуляциялары жасаған рельеф формаларын ата.

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8
13 дәріс

Тақырып: Тоң рельефі

Дәрістің мазмұны

1.Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестері.


2.Рельефтің солифлюкциялық формасы.

Мақсаты: Көп жылдық тоң жағдайында рельеф пайда болу процестерімен танысу.


Тірек сөздер:солифлюкция, термокарст, гидролакколит.

Негізгі сұрақтар:Тоң рельефінің таралуы қандай жерлерде болады?

Солифлюкция дегеніміз не?

1.Тоң рельефінің қалыптасуы топырақтың немесе грунттың 0º-тан төмен жағдайда судың қатуымен байланысты түзіледі. Қысқы теріс температура таралған аудандарда маусымдық тоң қалыптасады. Құрлықтың 25% ауданын тоң алып жатыр. Ондай аудандарда топырақтың астында орналасқан грунттар қазіргі климаттық жағдайда да ешқашан ерімейді. Тоң басқан ең үлкен аудандар Канада және бұрынғы Кеңес одағы террриториясында орналасқан. (КСРО-ның 50% территориясын алған). Россияда тоңның ең көп тараған аудандарына Орта Сібір үстірті, Колыма-Лена-Вилюй ойпаты, Алтай-Саян таулы ауданы жатады. Тонның қалыңдығы бірнеше метрден 100-деген метрге дейін жетеді. Мысалы: Якутияда 1000 метрге дейін. Жазда тоңның сыртқы қабаты ериді, қыста қайта қатады. Судың бірнеше рет 1 фаза жағдайынан 2 фаза жағдайына ауысқандықтан тоңның беті тұрақсыз жылжымалы болады. Осы процесс нәтижесінде грунт қозғалып түрлі рельеф формалары пайда болады. Мұндай рельеф маусымдық тоң тараған аудандарда кездеседі. Маусымдарға байланысты біресе қататын, біресе еритін мәңгі тоңның қабатын әрекеттік қабат деп атайды. Оның қалыңдығы 1-4 метрге дейін өзгереді.

2.Тоң рельефінің формалары тоң бетінде орналасқан суларға байланысты. Қатқан қабат бетінде еріген және жаңбыр сулары бет жақтағы грунтқа сіңіп, оны ауырлатып, баурайдың бетімен қозғалта алады. Бұл процесс баурай еңістігі 3-5º болған жағдайда байқалады. Оны солифлюкция деп атайды. Солифлюкция деп - жоғары ендіктерде мәңгі тоңдардың жер бетіне жақын орналасуының және биік таулардағы мұздықтардың әсерінен суға күшті қаныққан жер қабықтың сырғанап төмен түсуін айтады. Қозғалу жылдамдығы жылына бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін, ал жылдам өтетін апатты жағдайларда сағатына жүздеген метрге жетеді. Солифлюкция нәтижесінде пайда болған рельефті солифлюкциялық рельеф формалары деп атайды. Денудациялық процесс нәтижесінде жердің кедір-бұдыры тегістеліп, жазықтар пайда болады. Денудациялық формалар мұздың еруімен немесе өзгеруімен байланысты жүреді. Сондықтан ондай формаларды